ЫлмыстыҚ іс бойынша Қортындысы
Ақтау қалалық сотының __27.03.2015 жылғы үкім___________ _ _________________
Төрағалық етуші_ ________________________________________________________
Тұлға жөнінде мәліметтер (туған жылы, азаматтығы, жұмыс орны, соттылығының болуы ) | ҚР ҚК бабы бойынша сотталған (дар) | Мемлекеттік айыптаушының ұстанымы | Сотпен тағайындалған жаза |
Аты-жөні | ҚР ҚК-нің 345 бабы 1 бөлігі | ҚР ҚК-нің 345 бабы 1 бөлігіне дәрежелеп, ҚР ҚК-нің 68 бабына сай қысқартуды | ҚР ҚК-нің 345 бабы 1 бөлігіне дәрежелеп, ҚР ҚК-нің 68 бабына сай қысқартылды |
1.Іс жүргізу мерзімдерінің сақталуын қадағалау:
1) Іс қозғау мерзімі ____27.02.2015ж.__________________________________________
2) Қамауға алу (бұлтартпау шарасы) және ҚР ҚІЖК 132 бабы тәртібінде шара қолдану мерзімі ______
3. Сотқа жіберу, мерзімі және сотқа түсу мерзімі _08.03.2015ж.______________________
4. ҚР ҚК-нің 345 бабы 1 бөлігі
5. алдын-ала тыңдау өткізілді ___________________________________________________
6. басты сот талқылауы тағайындалды (кейінге қалдырылды)
_____________
7. Істі қарау мерзімі 19.03.2015ж._______________________________________________
8. Іс бойынша өндіріс тоқтатылды (мерзімі, ҚР ҚІЖК бабы) ________________________
9. Өндірісті қайта жаңғырту мерзімі _____________________________________________
10. Істі зерттеген орган және ӘПБ ЖжТИБ инспекторы Д.Султанов 5 материалдық шығынды өтеуі бойынша қадағалау
1) келтірілген материальдық шығынның мөлшері - _____________________________
2) тергеу кезінде өтелді -________________________________________________________
3) үкім бойынша өндірілді - ____________________________________________
4) мемлекеттік айыптаушының талабы____________________________________________
6. Істі қарау кезінде анықталған тергеу кемшіліктері, оның ішінде ҚР ҚІЖК нормаларының бұзылуы_____ _____________
мемлекеттік айыптаушының айыптан бас тартуы (ҚК бабы, мәні) ______________________________________________
5. мемлекеттік айыптаушының үкіммен келісетіндігі жөніндегі орытындысы_____________________________________келісемін_______________________
6. іс ____1____ томда _________________________________________________
1) наразылық (мерзімі, ) _____________________________________________
______________________________
2) апелляциялық тәртіпте істің қаралған мерзімі мен нәтижесі _____________ _____________
Мемлекеттік айыптаушы___________/Т.А.Ж./
Ақтау қаласы прокуратурасы бөлім бастығы___________/Т.А.Ж./
«КЕЛІСЕМІН»
Ақтау қаласы прокурорының
орынбасары әділет кеңесшісі___________/Т.А.Ж./
қосымша-10
Қ А У Л Ы
қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулыны бұзып,
қылмыстық iс қозғау туралы
Ақтау қаласы 15 тамыз 2004 жыл Ақтау қаласы прокурорының
міндетін атқарушы аға əділет
кеңесшісі _________
азаматша Г. Даулетованың арызы бойынша
қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы
№60 материалды қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы М
15 шілде 2004 жылы Ақтау қаласының тұрғыны Гүлжан Даулетова 2004 жылдың шілде айының 14-нен 15-не қараған түнi сағат 02 шамасында жұмыстан қайтып келе жатқан кезде өзiне таныс емес екi жас жiгiт кездесiп, қараңғы жерге сүйреп, өлтiремiз деп қорқытып, күш көрсетiп, қолындағы сумкасын тартып алып, ішіндегі əмияннан 25000 теңге ақшасын, Нокиа маркалы ұялы телефонын алып, оқиға болған жерден қашып кеткен адамдарды анықтап, жауапқа тартуды сұрап арызданған.
26 шілде 2004 жылы Мұнайлы аудандық IIБ-ң тергеушiсi полиция лейтенанты С. Маметов қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулы қабылдаған.
Бұл қаулы заңсыз, төмендегi негiзде бұзылуға жатады. Тексеру жұмысы өте үстiртiн жүргiзiлiп, ҚР ҚIЖК-ң 24-бабының талаптары өрескел бұзылып, азаматша Г. Даулетова ның арызында көрсетiлген мəн-жайды толық, объективтi түрде тексеруге шара алынбаған. Сот-дəрiгерлiк сараптаманың қорытындысы бойынша азамат ша Г. Даулетованың денесiне дене жарақаттары түскен. Киiмдерi үстiртiн қаралған, олар бойынша сараптама тағайындалмаған. Оқиға болған жер дұрыс анықталмай, үстiртiн қаралып, ол жерде түсіп қалған косметикалық заттары, басқа да дəлелдi заттар iзделiнiп, алынбаған. Жəбiрленушiнiң берген жауабындағы мəн-жайлар толық тексерiлмеген.
Прокуратура тарапынан жүргiзiлген тексеру кезiнде азаматша Г. Даулетова өзiнiң алғашқы берген жауаптарын бекiтiп, өзiн тонаған адамдарды көрсе тани алатындығын, олардың бiреуiнiң атын естiп қалғанын, оның бетiн тырнап, шаштарынан жұлғанын жəне өзi айғайлаған кезде, сол маңайдағы бiр үйдiң итi қатты үрiп, үй иелерi шам жаққандарын көрсеттi. Жəбiрленушiнi оқиғадан кейiн үйіне жеткiзген такси жүргiзушiсi анықталып, сұралмаған. Жинақталған материал бойынша азаматша Г. Даулетованың өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетіп, жеке мүлкін ұрлаумен ұштасқан шабуыл жасаған белгiсiз екi адамның iс-əрекетiнде ҚР ҚК-ң 179-бабының 2-бөлігінің «а»- т армақшасында көрсетiлген қылмыстың құрамы бар.Осы негiзде, ҚР ҚIЖК-ң 190-бабының 2-тармақшасын басшылыққа алып,
ҚАУЛЫ ЕТТIМ
1. Мұнайлы аудандық IIБ-ң тергеушiсi полиция лейтенанты С. Маметовтың азаматша Г. Даулетованың арызы бойынша қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулысын бұзуға;
2. Азаматша Г. Даулетованың арызы бойынша жинақталған материал бойынша ҚР ҚК-ң 179-бабының 2-бөлімінің «а»-тармақшасымен қылмыстық iс қозғауға;
3. Бұл қылмыстық iстi алдын ала тергеу жұмысын жүргiзу үшін Мұнайлы аудандық IIБ-на жолдауға;
4. Алынған шешiм бойынша арыз иесіне хабарлауға.