СабаҚ жоспарыныҢ Үлгісі
ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ
Тараудың тақырыбы және жалпы мақсаты: | |||||||
№ | 1.Тақырыбы және оқу мақсаты | 2.Табыс критерийлері Барлығы: Көпшілігі: Кейбірі: | 3.Оқытудағы кедергілерді жоюға арналған интерактивті тапсырмалар (барлық оқушы бірлесіп жасайтын жұмыс түрлері: топтық, жұптық т.б.) | 4.Бағалау: оқыту үшін бағалау (әрбір тапсырмаға арналған бағалау) | 5. Барлық оқушылардың сабаққа толық қамтылуы (Тапсырмаларға бәрі қатысуы үшін мұғалім не жасамақ?) | 6. Оқушылардың жоғары деңгейде ойлауын дамытуға және өз бетінше жеке дамуына мүмкіндік беру(түсіну, қолдану, талдау, бағалау, жасау деңгейін анықтау үшін) | 7.Ресурстар (осы сабақта қолданылатын құралдар мен әдебиеттер) |
1. | ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Мақсаты: ХХ ғ басындағы Қазақстан экономикасының дамуын қазіргі экономикамен салыстыру | Б: тақырыпты оқып анықтайды. К: тақырыпты оқып түсінеді ойын ашық жеткізе біледі. К: Ел экономикасы ның дамуына өз идеяларын жеткізе алады | Топтық жұмыс,макет жасау,постер қорғау. 1. орысшаруалары - ның жаппай қоныс аудару себептері. 2. Столыпиннің 1906 жылғы аграрлық реформасы. 3.Қоныс аударушы-лар мен жергілікті қазақтардың арасындағы байланыс | Бағдаршам арқылы топтың бағалануы | Топтық жұмысқа араласа алмай отырған оқушыларды анықтау, соған сәйкес жүктеме ұсыну. | Критерий бойынша эссе жазу.(жалған ақпарат болмау керек, нақты мәлімет, 50 сөзден аспау керек.) | Маркер, А3 қағаз, жіп, слайд,түрлі түсті қағаз |
2. | Қазақстан Ресейдегі 1905 – 1907 жж революция кезінде. Мақсаты: тақырып толық түсіну, ойларын жетілдіру. | Б: мәтінді оқып түсінеді. К: Негізгі тақырыпты ашады К: өзекті мәселелер мен құжаттар мен жұмыс жасай біледі. | Жұппен жұмыс Үш топқа тапсырмалар беріледі. 1.Патша үкіметінің қазақстандағы отаршылдық саясатының күшейе түсуі. 2. Қазақ зиялыларының көшбасшылары революция кезінде және одан кейінгі жылдары қандай қызмет атқарды? 3.Мемлекеттік Думада қандай мәселелерді көтерді? | Жеке жұмысты: Критерий арқылы өзін – өзі бағалау. | Өз ойын жеткізе алмаған оқушыларға кіріктірілген сұрақ беру. 1. Орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы. 2.Қазақстанда жұмысшы қозғалысының белең алуына не себеп болды? 3. Ресейдегі ең жоғарғы заң шығарушы орган. | Түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, сәйкестендіру (әр оқушыға) | Интерактивті тақта, ватман, түрлі түсті қаламдар стикерлер |
3. | Қазақтардың петициялық қозғалысы Мақсаты: Қазақстандағы петициялық қозғалыстың мәні мен мағынасын түсіну. | Б: Тақырыптар жайлы жалпы мағлұмат біледі Тақырыпты оқып түсінеді Тақырып бойынша сұрақтар дайындайды К: сұрақтар қоя алады және жауап береді К: күрделі тапсырмаларды нақты орындайды | Топтық жұмыс 1 топ Қазақстанда петициялық қозға – лыстың болуына қан- дай оқиғалар себеп болды? 2топ Петицияны жазғандар сайлау жүйесін қайта құру жөнінде қандай пікірлер айтты? 3топ Халыққа білім беру және қазақ тілін қолдану жөнінде қандай талаптар қойды? | Екі жұлдыз бір тілек | Өз ойын жеткізе алмаған оқушыларға кіріктірілген сұрақтар беру. 1. Қарқаралы петициясына қай жерде қол қойылды? 2.Петицияда жер мәселесі жайлы не айтылды? 3. Сот ісін жолға қоюда не істеу керектігі айтылды? | Түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, сәйкестендіру (әр оқушыға) | Маркер, А3 қағаз, слайд,түрлі түсті қағаз |
4. | Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі. Саяси топтардың құрылуы. Мақсаты: Тақырыптың мәнін терең ұғыну. | Б: Барлығы тақырыпты оқып түсінеді. К: оқиды, түсінеді, ойын еркін жеткізеді. К: Ізденеді, өз көзқарасын білдіре алады | Топтық жұмыс постер, тірек сызба 1.Қазақтың ұлттық зиялы қауымы қызметі туралы айтып беріңдер 2. Қазақстандағы алғашқыбасылымдар 3.Ә.Бөкейхановтың сенімді серіктері . | Бағалау парағы арқылы топтың бағалануы | Топтық жұмысқа араласа алмай отырған оқушыларды анықтау, соған сәйкес кіріктірілген сұрақтар беру. | Жеке жұмыс (бір тақырыпқа арналған тест жұмысы) | Маркер, А3 қағаз, слайд,түрлі түсті қағаз |
Мұндағы № тарауда берілген сағат саны (бұл сағат саны егер мұғалім қандай да бір оқыту әдісіне қатысты зерттеу сұрағы төңірегінде іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу кезінде сәйкесінше өзгеруі мүмкін)
САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Сынып: | 8 «Ә» | ||||||
Пәні: | Қазақстан тарихы | ||||||
Сабақтың тақырыбы: | Қазақтардың петициялық қозғалысы | ||||||
Оқу мақсаты: | Мақсаты:Қазақстандағы петициялық қозғалыстың мәні мен мағынасын түсінеді. | ||||||
Табыс критерийлері | |||||||
Барлық оқушылар: | Көпшілік оқушылар: | Жекелеген оқушылар: | |||||
а) Тақырыптар жайлы мағлұмат біледі ә) Тақырыпты оқып түсінеді б) Тақырып бойынша сұрақтар дайындайды | а) жоспар құра алады ә) ойын ашық жеткізе алады б) тақырыптың негізгі мәнін аша алады в) сұрақтарға нақты жауап береді. | а) мәтінді сахыналайды ә) тарихи сынақ хат жазады б) өз идеясын жеткізеді және дәлелдейді | |||||
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Мақсаты | Мұғалім не істейді | Оқушылар не істейді | Бағалау ресурс | |
3 мин | Ұйымдастыру | қималарды құрастыру | Сыныпты топтастыру | 3 топқа бөліп тапсырма береді | 3 топқа топтасады | қима қағаз | |
7 мин | Үй жұмысы | Үй жұмысын тексеру (Сынық вагон әдісі) | Үй тапсырмасына қаншалықты даярлығын тексеру | үлестірмені таратып, сұрақ қою | үлестірмедегі сұраққа жауап береді | Үлестірме қағаз | |
15 мин | Топпен жұмыс | 1.Қазақтың ұлттық зиялы қауымы көшбасшыларының қызметі туралы айтып беріңдер 2. Қазақстандағы алғашқыбасылымдар 3.Ә.Бөкейхановтың сенімді серіктері туралы не берілген тапсырмаға бағыт-бағдар беру білесіңдер? | Жаңа тақырыпты меңгерту қызығушылықтарын арттыру. | Сырттай қадағалайды, бақылайды, түрткі сұрақтар береді. 1. 1. Қарқаралы петициясына қай жерде қол қойылды? 2.Петицияда жер мәселесі жайлы не айтылды? 3. Сот ісін жолға қоюда не істеу керектігі айтылды? | Диалогтық әңгімеге түседі, талқылайды. | Қолдау, қолпаштау, мадақтау. | |
3 мин | Сергіту сәті (видео арқылы) | Қимылдарды қайталау | Оқушылардың көңіл күйін көтеру | Сергіту сәтіне қатысады | Барлығы да қимылдарды қайталайды | Компютер,интер белсенді тақта, видео | |
7 мин | Қорытынды | сұрақ-жауап арқылы тестке жауап береді | тақырып бойынша білімдерін тексеру | тақырыпқа арналған тестті тақтада көрсетеді | әр бала тестке жауап береді | критерий арқылы өзін-өзі бағалау | |
5 мин | Бағалау | өзін-өзі тексеру | өзінің білім дәрежесін | «критерий арқылы» бағалау | өзін-өзі бағалайды | ||
2 мин | Үй тапсырмасын беру | 280-281-беттердегі құжатпен жұмыс. ("Ұлы мәртебелі патша ағзамға...») | алған білімдерін бекіту | берілген тапсырмаға бағыт-бағдар беру | үй тапсыр-н күнделікке жазып алу. | ||
3 мин | Қорытынды | Кері байланыс стикерлер беріледі, соған сабақтан не үйренгенін, болмаса түсінбеген жерлерін, сұрақтары болса жазады | Ұсыныстарын білу, өз ойларын толық жеткізуге үйрету | Стикерлер тарату | мақсатқа қаншалықты жеткендігін біледі. Сабақтан не үйренгендерін қағазға түсіреді | Стикер | |
Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар: | |||||||
Не сәтті болды? | |||||||
Не сәтті болмады? | |||||||
Нені жақсартуға болады? | |||||||
Мен өз дағдыларымды нені дамыта алдым? | Топтастыру , бағалау, | ||||||
Нені өзгертуге болады? | |||||||
Мұндағы № тарауда берілген сағат саны (бұл сағат саны егер мұғалім қандай да бір оқыту әдісіне қатысты зерттеу сұрағы төңірегінде іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу кезінде сәйкесінше өзгеруі мүмкін)
Орта мерзімді жоспарлау:Тәжірибем кезінде 4 тізбектелген сабағымды 8 «Ә» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен өткізуді жоспарладым. Орта мерзімді жоспарлауда «ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы », «Қазақстан Ресейдегі 1905 – 1907 жж революция кезінде», « Қазақтардың петициялық қозғалысы», «Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі «Саяси топтардың құрылуы» тақырыптарын алдым. Осы сабақтарымда жеті модульді орынды қолдануға тырысамын. Сабақтарымда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын Ұқсастық пен даралық, Ыстық орындық, Қарлы кесек, Кубизм, «Дәмханада» әдістерін сабақта қолдану өте ыңғайлы, себебі оқушының ой әрекетін белсенді етеді, талқылауға қатысады, идеялар мен мәліметтерді біріктіреді, өздерінің сұрақтарын қоя алады, өз пікірлерін құрастырып сын тұрғысынан икемді ойлай алады. Сергіту сәттерінде «ән салу», «қаңқа биі» пайдаланып және әр сабақтың соңында кері байланыс жасата отырып сергіту сәттерін міндетті түрде жас ерекшелігіне байланысты қолданамын, себебі балалардың көңіл - күйін көтеріп тұруына, физиологиялық дамуына, денсаулығына, оқу мотивациясының дамуына, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға көмектесетін бірден - бір таптырмайтын құрал. Кері байланыс жасау мұғалімнің келесі күнге жоспар жасауына үлкен көмегін тигізеді себебі кері байланыс жасауда оқушылар өздері ізденіп, өздерін – өздері бағалай алады.Сабақ барысында топтық, жұптық жұмыстарда Жақын Арада Даму Аймағы теориясын жүзеге асырамын. Топтық жұмыстың тиімділігі оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді, тапсырмаларды орындау, білім беру міндеттерін шешуге жәрдемдесіп, әр түрлі көзқарасты ұғынуға, оларды құрметтеуге, басқаша көзқарас оқуда позитивтік жағдай жасауға мүмкіндік беріп, өз беделін, өзіне сенімін сезінетін тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі. Сабақ үсті өзара пікірлесіп, ұйымдасып, тапсырмаларды орындау, қорғау кезінде топтағы көшбасшылық қабілетібар оқушыны байқауға болады. Топтық, жұптық жұмыстарында бірлесе отырып мәтінді оқып түсініп бір біріне ойларын жеткізеді өз ойларын топтық ортаға салып талқылайды, оқиғаның өзектілігін ашуға бағытталған тақырыптар беру барсында оқушылардың деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмалар беруге тырысамын. Себебі оқушылар өздері бір-біріне жаңа материалды меңгерте отырып, түсіндіреді.
Қайталау сабағында түрлі деңгейлік тапсырмаларды беруге тырысамын. Сабақтарымда сыни тұрғысынан ойлау технологиясының ойлан тап, жұптас, ортаға сал, білемін, білгім келеді, үйренгенім, сұрақ қоя білуді үйрету стратегияларын тиімді пайдалана отырып, әр баланың сыни тұрғыдан ойлануына мүмкіндік жасаймын. Талқылау кезінде « Сәйкестендіру», «Өрмекшінің торы», «Ия Жоқ», « Қарлы кесек», ойын элементтерін қолданамын. Ойын элементтері баланың сабаққа ынтасын аударуға, қабылдауын жетілдіруге, білімді толық игеруге, жылдамдыққа, үйреніп білім сапасының артуына ықпал етеді. Диалогтік оқыту арқылы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін жүзеге асырамын.
Диалогты оқытудытаңдаудағы себебім менің пәнім тарих болғандықтан баланың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден – бір тиімді тәсілі деп ойлаймын. Жұптық жұмыс ретінде алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытып отырады. Сонымен қатар сыни тұрғыдан еркін ойлау қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді. Сабақтан кейін бірлесе отырып, сабағымызды талдау барысында диалогты оқытуды жақсарту үшін сабағымызда күнделікті диалогты пайдалану арқылы және баланы сабақта да, сабақтан тыс кезінде сөйлескен кезде де сыни тұрғыда ойлауына ықпал ететіндей сұрақтар қойып отыру керек. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Тарих сабағын өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беруде мына технологияларды пайдаланамын теледидар бағдарламалары, ғаламтор ресурстары, ұялы телефондар, компютер, интерактивті тақта, электронды оқулық.
Ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдану оқушыларды еркін ойлауға мүмкіндік береді, өз білімін өмірде пайдалана біледі, логикалық ой – өрісін дамытады, жан – жақты білім алады, сабақтың мәнін терең ашуға көмектеседі, оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады, жеке тұлғаның сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі, тіл байлығын дамытады, өз ойын жеткізуге жан – жақты ізденуге үйретіп шығармашылық белсенділігін арттырады. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқушылардың жеке жұмыс жасау барысында дарынды және талантты балаларды бақылап, оларды дамыту мақсатында түрлі тапсырмалар қолданамын. Мысалы: РАФТ, эссе, «артығын тап», «сәйкесін тап», тірек сөздер, «дискуссиялық өрнек» келісемін келіспеймін, осындай тапсырмалар арқылы дарынды оқушылардың өзіне де, өзгеге де баға бере білуіне, сыни тұрғыдан ойлауына бағыт бағдар беруге болады.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында формативті бағалау түрін қолданамын. Соның ішінде: бағдаршамның үш көзі, смайлик арқылы, қолдап қолпаштау арқылы бағалаймын, бес саусақ әдісі арқылы. Шульманайтуы бойынша мұғалімнің үш көмекшісі бас, қол, жүрек, егерде шын ниетімен мұғалім оқушыны марапаттап, қолдап, қолпаштап жатса бала бәрінде сезеді. «Оқуды және оқыту үшін бағалау» модулінің негізгі мән мағынасы бағалау, соның ішіндегі оқыту үшін бағалау оқушылардың өзін – өзі реттеу, күшті әрі әлсіз жақтарын анықтау, өзін – өзі бағалау жоспарлау дағдыларының қалыптасуына, шығармашылық жұмыстарын талдау арқылы топта және жұптасып бағалауға дағдыланады, өзге топты, немесе өзге оқушыны бағалауда жауапкершілікпен қарауға машықтанады, бағалауда әділ бағалау, өз дәлелдерін ретімен анық көрсету біліктерін қалыптастырады. Әр оқушы өзін – өзі бағалау арқылы келесі сабақта өзін реттеуге дағдыланып, кемшіліктерін түзетіп, жақсы қырынан танытуға ынталанады. Бағалауда критерилер арқылы топтар өзара бір-бірін бағалап, мұғалімнің көмегімен бағасы қойылады деген ойдамын. Жеке жұмыста, мысалы тест жұмыстарын орындау барысында 8-10 дұрыс жауап берсе – «5», 7-5 дұрыс жауапқа «4», 3- 4 дұрыс жауапқа «3» , 2-1 дұрыс жауапқа «2» деген бағалау критерийларын ұсынамын. Өз – өздерін, бірін – бірі бағалау арқылы оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалау модулін қолданбақшымын. Әр сабақтың соңында кері байланыс жазғызу арқылы осы сабақтың қандай деңгейде өткенін біле отырып, келесі күнгі сабағымның қалай өтілу керектігін де ойластырамын. Кері байланыстың тиімділігі. Кері байланыс жасау мұғалімнің келесі күнге жоспар жасауына үлкен көмегін тигізеді, кері байланыс оқушыны кез – келген ортада ойын ашық та айшықты жеткізе алатын, өздігінен қорытынды шығарып, кез келген дүниенің маңызы мен ерекшеліктерін іздейтін тұлға ретінде қалыптастыратын бірден – бір әдістің түрі. Топтық кері байланыс сұрақтары да өз тиімділігін көрсетеді мысалы: Жұмыс барысында топтағы қарым қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті? Топтағы қарым – қатынасымыз қай дәрежеде көбірек іске асты. Осы әдісті қолдану барысында көздеген мақсаттарымызға қол жеткізіп, болашақта зор жетістіктерге қол жеткізе беретінімізге сенімдімін. Тақырыпты қорытындылау мақсатында өлең құрастыру,шығармашылық жұмыстар арқылы дарындылық қабілетін анықтауға септігін тигізетініне сенімдімін. Менің орта мерзімді жоспарлау бойынша түйгенім оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқыту теориясының тиімділігін пайдалануды түрлі әдістерін пайдалану арқылы, оқушы ынтасының артқандығын, бір – біріне сыни көзбен қарауға үйренгендігі, білім сапасының артатынын, өз деңгейлері арқылы нәтижеге қол жеткізетінін, өз пікірлерін дәлелдеуге, қорытынды жасауға, өз ойларын нақты және оны керекті жерде қолдана алатындарына сенемін.
Қысқа мерзімді жоспарлау: Өз тәжірибемде 8 «Ә» сыныбына Қазақстан тарихынан «Қазақтардың петициялық қозғалысы»тақырыбына жоспарладым.Қысқа мерзімді жоспарлау барысында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін қандай жұмыс түрін пайдаланатынымды ойластырдым .Негізгі мақсатым: тақырыптың мән-мағынасын ашу. Оқушылардың қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту. Өзінің және өзгенің даралығын бағалауға баулу. Нәтижесінде өз ойларын жеткізе біледі, бағалайды, мәтінмен жұмыс жасайды, оқиғаға өзіндік баға береді. Топта жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады.
Үй тапсырмасын сұрау барысында «Сынық вагон» әдісін қолданамын мен осы әдіс арқылы диалогтік оқытудың әдіс-тәсілдерін жүзеге асырамын. Ең әуелі «сарапшылар» тобы сайланады. Ол топ негізінен мәтінді тиянақты оқып, мазмұнын толық білетін, өздеріне аса сенімді 3 оқушыдан құралады. Олардың міндеттері басқа оқушыларды сұраққа жауап берілуін мұқият тыңдау, «вагондарды» бір – біріне «тіркеу», сынық вагонды анықтау. Қалған оқушыларға реттік нөмер таратылып беріледі. Бірінші нөмерлі оқушы (бірінші вагон) сұраққа жауап беруді бастайды. Сарапшылар ол оқушыны кез – келген жерден тоқтатып келесі оқушыға (вагонға) сұрақ қоюды бұйырады. Осылайша жалғаса береді. Ал сұраққа жауап бере алмаған оқушы «сынық вагон » болып есептеледі, «рельстен» тақта алдынан шығарылады. Ең соңынан сарапшылар «сынық вагондарға» жөнделуіне мүмкіндік береді. Әдістің тиімділігі сабаққа дайындалмай келген оқушыны мұғалім, сен қалыпсың ғой, онда келесі вагондардың жүруіне кедергі жасамай, рельстен шыға ғой деген ескерту арқылы тақта алдына ұрысып емес, енді қалғандарың мұқият тыңдап тұрсаңдар, жөнделуге мүмкіндік аласың деп сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырамын. Оқушыларды қима суреттер арқылы 3 топқа бөлемін. Топтық жұмыста оқушылар тақырыпқа байланысты қосымша материалдар іздене отырып постер, сызба жасау арқылы ізденімпаз белсенділігін арттырады. Топта мәселені бір - біріне баяндау барысында диалог әдісі жүргізілетінін байқаймын. Негізгі мақсатым: тақырыптың мән-мағынасын ашу. Оқушылардың қиялын арттырып, қызығушылығын дамыту үшін мен мынадай тапсырмалар ұсынамын қиялдау арқылы суреттер салғызу, логикалық ойлауын жетілдіретін тапсырмалар беру мысалы: ребустар, сөз жұмбақ, анаграммалар беру. Нәтижесінде өз ойларын жеткізе біледі, жауапкершілігі артады,басқаларды тыңдай біледі, өзін – өзі бағалайды, мәтінмен жұмыс жасайды, оқиғаға өзіндік баға береді. Сабақта сыни тұрғысынан ойлау технологиясында « Ыстық орындық», «Болжау», «Кубизм» стратегияларын тиімді пайдалана отырып, әр баланың сыни тұрғыдан ойлануына мүмкіндік жасаймын. Сонымен, сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу үдерісінде қолданғанда мотивацияның артуы, ойлаудың белсенді болуы, оқушылардың білігі мен біліктілігінің жан – жақты дамуы, логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгереді. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде оқушыларды қабілеттері жандана түседі.
Сонымен қатар сабағымда АКТ-ны жүзеге асыру барысындаоқушылар «Қазақтардың петициялық қозғалысы» тақырыбына байланысты ұялы телефондары арқылы мәлімет жинап сабаққа қолдандырамын қолдану барысында өз ойын толық жеткізеді, жан – жақты ізденеді, ұжымдық іс – әрекетке тәрбиелейді.Топтық жұмыстарын қорғау барысында мына нәрсеге мән беретіндігін айта кетемін. Әр оқушы идея авторы, әрі суретшісі, әрі қорғаушының рөлін атқарушы болады. Жұмыс кезеңін үш кезеңге бөлемін Идеяны ойлап табу, Оны жүзеге асыру, қорғау. Әр оқушы критерий арқылы өзін-өзі бағалайды. Осы кезеңдердеоқу үшін бағалау мен оқуды бағалау модулінқолдану арқылы әділ бағалаймын деп ойлаймын. Себебі: сабаққа оқушылардың барлығы АКТ-ны қолданып барлығы ізденіс үстінде болады. Оқушылар топта мәселені бір - біріне баяндау барысында диалог әдісі жүргізілетінін байқаймын. Қосымша сұрақтар мен шығармашылық тапсырма әңгіме құрастыру, сурет салу, арқылы дарынды, талантты және жас ерекшеліктерін байқаймын. Қысқа мерзімді жоспарды меңгеріп, іс-тәжірибеде қолдана алуым мұғалімнің көшбасшылығына жатса, топтағы оқушылардың белсенділігі, тың ойларын айта білуі, қорғау барысында оқытудағы басқару және көшбасшылық модулі жүзеге асады деп ойлаймын.
Бағалауда критериалды бағалау арқылы топтар өзара бір-бірін бағалап, мұғалімнің көмегімен бағасы қойылады осы арқылы оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалаумодулі жүзеге асады.
Әр сабақтың соңында кері байланыс жасатамын оқушылар шеңбер құрып бүгінгі сабақтан алған білімдерін саралайды. Осы сабақтың қандай деңгейде өткенін біле отырып, келесі күнгі сабағымның қалай өтілу керектігін де ойластырамын.
Менің қысқа мерзімді жоспарлау бойынша түйгенім ХХІ ғасыр оқушысы қандай болуы тиіс? Ол әлемдік өркениетке сай сапалы білім алушы, үнемі даму үстінде болатын жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті болуы тиіс. Оқушылардың білім сапасының артатынын, өз деңгейлері арқылы нәтижеге қол жеткізетінін, өз пікірлерін дәлелдеуге, қорытынды жасуға, өз ойларын нақты және оны керекті жерде қолданалатынына сенімім мол.