КӘсіптік практика баҒдарламасыныҢ мазмҰны

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті

кӘсіптік практика баҒдарламасыныҢ мазмҰны - student2.ru

«БЕКІТЕМІН»

ГжМГІИ директоры

Е.Т.Бесимбаев

Ж

КӘСІПТІК ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫ

оқу-өндірістік практикасы бойынша

5В070600-Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау мамандығына арналған

Геология және мұнай-газ ісі институты

Мұнай және газ геологиясы кафедрасы

Екінші курс

Төртінші семестр

Алматы, 2013

Бағдарлама мұнай және газ геологиясы кафедрасында талқыланды

« ____ » __________________ 2013 ж. № ____хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________________ Г.Ж. Жолтаев

Геология және мұнай-газ ісі институтының Ғылыми-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«_____» _____________2013ж

ГжМГІИ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы:

______________________

Құрастырғандар: профессор Г.Ж.Жолтаев

доцент С.Г.Нұрсұлтанова

аға оқытушы Ермекбаева Г.

КӘСІПТІК ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе

2. Практиканың мақсаты мен міндеті

3. Жалпы мәліметтер

4. Практика мазмұны

5. Есептің мазмұны мен құрамы

6. Есепті рәсімдеуге қойылатын талаптар

7. Әдебиеттер тізімі

ОҚУ-ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Практиканың мақсаты-студенттердің «Кәсіпшілік мұнай-газ геологиясы» курсы бойынша алған теориялық білімдерін нығайту және тереңдету, сондай-ақ ұйымдағы практикалық тәсілдерді және арнайы кәсіптік зерттеулердің техникасы мен әдістемесін иемдену болып табылады.

Кәсіптік практиканы студент өндірісте өтуі тиіс. Бұл практиканы бағдарлама талаптарының орындалуын қамтамасыз ете алмайтын мұнай барлау экспедициясында, іздеу және геологиялық-түсіру партиялары мен экспедицияларында өтуге рұқсат етілмейді. Практиканы бір өндірісте екі немесе одан да көп студент болып өту рұқсат етіледі, егер де өндірісте бірнеше (екіден көп) жеке өндірістік аумақтар болса.

Өндірістік практика студенттің кәсіптік өндірістік жұмысқа коллекторлар мен аумақтық техник, мұнай өндіру бойынша операторлар және ұңғыманы зерттеу бойынша операторлар ретінде жеке қатысуымен (штаттық лауазымда) жүзеге асырылады.

Практикада жүргенде студент кәсіпорынның тәртібіне толықтай бағынуға және оған тапсырылған өндірістік және қоғамдық жұмыстарды орындауға міндетті.

Студент практика өтетін жерге келгенде, өндірістің геологиялық бөліміне баруы тиіс және кәсіпорын атынан тағайындалған практика жетекшісінен кеңес алу қажет. Студенттің өндірістік практикасының басқарылуы кәсіпорынның геологиялық бөлімі тарапынан жүзеге асырылады. Практиканың жетекшісі ретінде жоғары білікті инженер тағайындалады, оның міндеті осы бағдарламаның студентімен жұмыстың орындалуын бақылау және қолғабыс ету болып табылады. Практиканың аяқталуынан 1 апта бұрын студент жетекшісіне практиканың есебін көрсету керек және одан мінездеме мен жұмысы туралы жазбаша пікір алуы қажет.

Студент практика өтетін орыннан барлау жұмыстарының нәтижелерімен, кәсіптің жылдық (тоқсандық) есептерімен танысуы керек және өзі тапсырма алған, болашақта кәсіптік жобаның негізіне тиесілі болатын обьектілер бойынша нақты геологиялық кәсіпшілік мәліметтерді жинауы қажет.

Студент күнделікті жұмысты және жеке қадағалауларды практикаға кетер алдында кафедрадан алған күнделікке жазып отыруы керек.

Өндірістік практика барысында студент міндетті:

1. Өндірістің даму перспективасына көңіл аудара отырып кәсіптік жұмыстың жобасы мен құрылымымен танысу;

2. Кенорынның геологиялық құрылысын және Жер қойнауындағы мұнай мен газдың жиналу шартын зерттеу, өнімді горизонттарды зерттеу әдістемесімен танысу,өнімді горизонттардың құрылысының,олардың кеуектілігінің, өткізгіштігінің,гидроөтімділігі,пьезоөтімділігі сипаттамасы болатын арнайы карталарды,схемаларды,корреляцияларды және басқа да құжаттарды құруға қатысу;

3. Мұнай және газ ұңғымаларының зерттелу әдістерімен, аспап жұмысының принципі мен құрылысымен танысу,бұл ретте: зерттеу нәтижелерін өңдеп үйрену;

4. Өндіруді қарқындату мақсатында қабатқа әсер ету әдістерімен және өндіру процесінің геологиялық құжаттамасымен, кәсіпшілік есептеменің түрімен танысу; өндірісте (немесе аумақта) қолданылатын біртұтас кенорынның және жекеленген мұнайгазды горизонттардың өндіру жүйесін олардың геологиялық негізіне көңіл аудара отырып зерттеу;

5.Жер қойнауын қорғау және қауіпсіздік техникасының сұрақтарымен танысу.

Студент күнделікке жазбаларды осы аталған пунктердің орындалу мөлшеріне сәйкес жасау керек.

Практиканың аяқталуынан 1 апта бұрын студент есептеме жасайды, онда өндіріс атынан практика жетекшісі тарапынан қол койылып және баға қойылады. Есептеме көлемі 20-30 бет мәтіннен (қағаз пішіні А4), қажетті графикалық мәліметтер мен суреттерден тұрады.

ЕСЕПТІҢ ҮЛГІЛІК ЖОБАСЫ

КІРІСПЕ

Студенттің жұмыс орыны.Студент өзі жеке не орындады және ол қандай операцияларға қатысты (көлемі 3-5 бет).

I Бөлім. Жұмыс ауданы туралы жалпы мәліметтер.

Бұл бөлімде жобаланған аумақтың әкімшілік-географиялық жағдайы белгіленеді, жақын елді мекендер,жөндеу базасы және жабдықтау,аудандық және облыстық орталықтар,олардың жұмыс обьектісінен алынуы, жол желісі, жобалық жұмыстың жүргізілуін қамтамасыз ететін транспорт түрлері,орогидрография туралы қысқаша мәліметтер (ауданның бедері,оның бөлінуі,салыстырмалы және абсолютті көтерілуі,гидрожелінің сипаттамасы,техникалық және ауыз сумен қамтамасыз ету көздері, және сазды ерітіндіні дайындауға арналған саз), климаттың жалпы сипаттамасы (желдің бағытынан басым болатын қыс және жаз мезгілдерінің орта айлық және максималды температуралары, жауын-шашынның жылдық мөлшері, жылу беру маусымының ұзақтығы), өсімдік және жануарлар әлемі көрсетіледі. Бөлім соңында халқы туралы мәліметтер, олардың тығыздығы, айналысатын кәсіптерінің түрлері, ауданның қысқаша экономикалық сипаттамасы келтіріледі. Бұл бөлімнің графикалық мәліметі ретінде аудандық және облыстық орталықтар, жол және озендік желі, жобаланған аумақ салынған шолу картасы болып табылады.

Бөлімнің көлемі қолжазба мәтінінің (2-3 беті)

II Бөлім. Ауданның геологиялық-геофизикалық зерттелуі.

Хронологиялық реттілікте жобаланған жұмыс аумағы мен ауданның қысқаша геологиялық-геофизикалық зерттелу тарихы ондағы мұнай мен газға қолайлы құрылымдардың ашылған сәтінен бастап сипатталады. Құрылымды алғаш кім, қашан, қандай әдіспен (геологиялық түсірілім, құрылымдық-іздеу бұрғылауы, сейсмобарлау т.б) ашқаны, және одан қандай геологиялық-геофизикалық мәліметтер алынғаны көрсетіледі. Ондағы бұрынғы және қазіргі уақытқа дейінгі геологиялық-геофизикалық жұмыстар (талдап тексеру жұмыстары) туралы мәліметтер келтіріледі. Бөлім соңында мұнай мен газға іздеу-барлау ұңғымаларын қоюға құрылымның даярлығын, іздеу (барлау), бұрғыланған немесе қазіргі уақытта бұрғыланып жатқан ұңғымалардың санын, олармен қандай стратиграфиялық кешендер ашылып және зерттелгенін, мұнай мен газдың айқындалуы туралы қысқаша мәліметтер көрсетіледі.

Бөлімнің көлемі қолжазба мәтінінің (2-3 беті)

III Бөлім. Литологиялық-стратиграфиялық сипаттама

Бөлімде ауданның қимасын құрайтын түзілімдердің литологиялық-стратиграфиялық сипаттамасы (көнесінен жасына дейін) келтіріледі. Сипаттаманы жобаның мақсатты тапсырмасымен ерте анықталған (тереңдік жобалық ұңғыма) жобаланған горизонттың түзілімдері болатын көне білінімдерден бастау керек.

Жеке стратиграфиялық кешендердің литологиялық сипаттамасы жікқабатқа дейін мына сұлба бойынша жүргізіледі: топ–жүйе–бөлім–жікқабат (мысалы: мезозой тобы–юра жүйесі–орта бөлім–бат жікқабаты). Жікқабаттардың литологиялық сипаттамасының соңында (бөлім мен жүйенің жеке жағдайында) олардың қалыңдықтары келтіріледі.

Стратиграфияның мәтіндік сипаттамасы ГТЖ-ғы геологиялық бөлімінің графикалық суретіне сәйкес жазылуы керек. Бөлімнің көлемі жобаның мақсатты тапсырмасына байланысты болып келеді (жобалық горизонттың, жобаланған ұңғыманың тереңдігі), бірақ қолжазба мәтінінің 6-8 бетінен аспауы керек. Ауданның литологиялық-стратиграфиялық қимасы беріледі.

IV Бөлім. Тектоника

Бұл бөлімнің басында жобаланған ауданның (құрылымның) аймақтық тектоникалық жағдайы көрсетіледі және жобаланып отырған обьект орналасқан I және II реттегі құрылымдық элементтерге қысқаша сипаттама беріледі. Содан кейін беріліп отырған құрылымдық карта және геологиялық-геофизикалық профиль бойынша жобаланған құрылымның құрылысы туралы егжей-тегжейлі сипаттау керек. Сипаттамада құрылымның түрі (атниклиналь, брахиантиклиналь, тұзкүмбезді құрылым және т.б), созылымы, соңғы тұйықталған изогипс бойынша өлшемі, амплитудасы, қабат,қанаттары және периклиналь құрылыстары көрсетіледі. Сондай-ақ құрылым шегіндегі тектоникалық бұзылыстар , (әсіресе, қатты тектоникалық бұзылыстар болған жағдайда) олардың типі, созылымы, құлау бұрыштары және лықсымалардың жазықтықтары сипатталады, жекеленген блоктар мен жазықтарға бөлінген қатпарлардың бөлінімдері көрсетіледі.

Бөлімнің көрсету графигі ретінде бұрғыланған,бұрғыланып жатқан және жобалық барлау ұңғымалары,геофизикалық немесе геологиялық профильдер салынған өнімді горизонт бойынша құрылымдық карталар, уақыт бойынша қималар, корреляциялық сұлбалар алынады.

V Бөлім. Мұнайгаздылық

Бөлімде жалпы түрде ауданның және аумақтың мұнайгаздылығы қысқаша баяндалады, жобаланып отырған обьектіге іргелес жатқан танымал кенорындар туралы мәліметтер келтіріледі, аймақтық мұнайгаздылы кешендер, кеніш түрлері және мұнайгаздылы горизонттардың коллекторлары, көлбеу жатысының тереңдігі көрсетіледі, мұнай мен газдың физико-химиялық қасиеттері туралы қысқаша мәліметтер келтіріледі. Бөлімнің соңында бұрынғы келтірілген мәліметтер мен жобаланған ауданда нақты ашылған мұнайгаздылықтың тура белгісі негізінде, сондай-ақ көршілес мұнайлы және газдылы кенорындармен салыстыру негізінде жобаланған ауданның мұнайгаздылығының алдағы перспективалары туралы түсініктер беріледі.

Кенорынның геологиялық құрылысы (көлемі 5-8 бет). Қиманың қысқаша литологиялық-стратиграфиялық сипаттамасы және кенорынның тектоникалық құрылысы. Мұнай мен газ жатысының шарттары.

Өнімді горизонттың геологиялық кәсіпшілік сипаттамасы (көлемі 8-10 бет). Студент таңдаған өнімді горизонттың құрылысы, оның стратиграфиялық жағдайы: горизонт пен коллектордың литологиялық құрамы: кеуектілігі, өткізгіштігі, жарылымдылығы, коллектордың мұнай мен газға қанықтылығы (кесте түрінде); кеніш жұмысының тәртібі; қабаттық және беткейлік шарттарда осы горизонттан алынған мұнай, газ және судың физико-химиялық сипаттамасы егжей-тегжейлі сипатталады. Бөлім құрылымдық карталармен, толық геологиялық профильмен, мұнай мен газға қаныққан тиімді қалыңдықтар картасымен, кеуектілікпен, құмтастылығымен т.б. суреттеледі.

Кенорынды пайдаланудың геологиялық бақылаулары көлемі (5-10 бет). Мұнайлылық, газдылық, пьезометриялық бақылау және айдау ұңғымаларын зерттеу. Өндірісте қолданылатын ұңғымалардың зерттелу әдістеріне және зерттеу әдістерінің нәтижелерін өңдеу әдістеріне қысқаша сипаттама беріледі. Түптік және қабаттық қысым мен температураны, мұнай,газ, судың дебитін өлшеу. Өнімділік коэффициентін орнату және газдық факторды анықтау. Міндетті түрде индекаторлық қисықтықты, қысымды қалпына келтіру қисықтығын, бірнеше ұңғыма бойынша динамограммаларды, сұлбаларды және фотографиялық түсірілімдерді қосымша енгізу керек.

Мұнайлы (газды) горизонтты ( қабатты) пайдалануды бақылау. Қабат жұмысының тәртібіне, мұнай мен газ дебитінің уақыт бойынша өзгерісіне, пайдалану барысында қабат қысымының өзгерісіне түсінік беріледі. Өндірісте қолданылатын өндіру интенсификациясының әдістеріне геологиялық түсінік беріледі. Көрсету графигі ретінде кенорынның зерттелуіне байланысты изопахит картасы, изобар картасы, өндіру графиктері т.б. қолданылады.

VI Бөлім. Гидрогеология

Бұл бөлімде барлау ұңғымаларымен ашылуы жобаланып отырған ауданның немесе аумақтың шөгінді тыс қимасының барлық сулы кешендері ( төменнен жоғары) сипатталады.

Әрбір сулы кешеннің сипаттамасы мына сұлба бойынша жүргізіледі: стратиграфиялық және суды кіріктіруші таужыныстар мен суды өткізбейтін таужыныстардың литологиялық сипаттамасы, су типі мен минерализациясы, олардың тәуліктік дебиті және сулы горизонттардың жатыс тереңдігі. Ауыз және техникалық сумен қамтамасыз етуге арналған обьект ретінде ащы және тұщы суы бар сулы горизонттарға ерекше көңіл аудару керек.

Бөлімнің көлемі 2 бет қолжазба мәтіні.

Есептің соңында алфавиттік реттілікпен жасалған пайдаланылған мәлімет қорлары мен әдебиеттер тізімі жазылады.

Сонымен қатар міндетті түрде мәтіндік (кестелер) және графикалық (фототүсірілім, суреттер және т.б.) қосымшалардың тізімін жасау керек. Әрбір қосымша нөмірленуі керек.

Барлық келтірілген мәліметтерді студент өзімен бірге әкелуі тиіс немесе бекітілген тәртіп бойынша өндірістің геологиялық бөлімі арқылы институттың мекен-жайына жіберуі керек.

Практикадан келген соң студент есепті және барлық жинаған мәліметтерді кафедраға әкелуі керек, оқу басталған соң, он күндік мерзім ішінде комиссия алдында егер қажет болған жағдайда (мұғалімдердің басқаруымен) қорғайды.

Жинақталған мәліметтер кейіннен «Мұнайгаз кәсіпшілік геология және қорды есептеу» пәні бойынша курстық жобаны жасауға қолданылады. Есеппен бірге күнделік, иемденген квалификациясы көрсетілген жұмыс орнынан өндірістік-қоғамдық сипаттама және студент жұмысы туралы пікір көрсетіледі. Күнделік практиканың өндірістегі жетекшісімен қол қойылуы керек.

Дебиеттер тізімі

1. Бакиров А.А. и др."Теоретические основы и методы поисков и разведки скоплений нефти и газа". Учебник. 3-е издaние.М., Высшая школа, 1987.

2. Аксёнов А.А. и др. Современная методика поисков месторождений нефти и газа. М., Наука, 1981.

3. Бакиров А.А. и др. Системные исследования при прогнозировании нефтегазоносности недр. М., Недра, 1986.

4. Брод И.О. Методика поисков залежей нефти и газа. М., МГУ.1956.

5. Бaкиров А.А. и дp. Геологические условия формирования и размещения зон нефтегазонакопления. М., Недра,1982.

6. Гришин Ф.А. Промышленная оценка месторождений нефти и газа.

М., Heдpa, 1975.

7. Зыкин М.Я. и др. Методика ускоренной разведки газовых месторождений. М.,Недра, 1984.

8. Арабаджи А.С. и др. Математические методы, ЭВМ в поисково-разведочных работах. М., Heдpa, 1988.

9. Белов Е.В., Шмайс И.И. Методическое руководство к учебным играм по курсу «Теоретические основы и методы поисков и разведки нефтяных и газовых месторождений.» КазПТИ, .Алма-Ата, 1980.

10. Бакиров А.А. и др. Методические указания к лабораторным за­нятиям по курсу «Теоретические основы и методы поисков и разведки скоплений нефти газа». МИНХ и ГП, М., 1983.

11. Шмайс И.И., Гайковой П.Т. Методическое руководство для составления курсового проекта по курсу "Теоретические основы и методы поисков и разведки нефтяных и газовых месторожде­ний". КазПТИ, Алма-Ата, 1984.

12. Шмайс И.И., Гайковой П. Т. Методические указания по составлению курсового проекта "Теоретические основы и методы поисков и разведки нефти и газа". КазПТИ, Алма-Ата,. 1988.

13. Шмайс И.И. Учебное пособие. Перспективы нефтегазоносности больших глубин. КазПТИ, Алма-Ата, 1989.

14. Жолтаев Г. Ж., Шмайс И.И.,Гайковой П.Т. Методические указа­ния для составления дипломного проекта по спец.0805. КазПТИ, Алма-Ата, 1990.

15. Жолтаев Г.Ж., Парагульгов Т.Х. «Геология нефтегазоносных областей Казахстана» (Геология и нефтегазоносность Южно-Торгайской впадины). Учебное пособие. Алматы, 1998.

16. М.М Иванова, И.П. Чоловский Нефтегазопромысловая геология. М.:Недра, 2000г.

17. Ш.К. Гиматудинов., Физика нефтяного и газового пласта.М., «Недра» 1986г.

18. Э.С. Воцалевский, З.Е.Булекбаев, Б.А. Искужиев, С.М.Камалов, М.Н. Коростыжевский, Б.М.Куандыков, Н.Е. Куантаев, О.Н.Марченко, Н.Г.Матлошинский, А.Ш. Нажметдинов, Г.П.Филипьев, И.В.Шабатин Р.С.Шахабаев, К.С.Шудабаев., Справочник «Месторождения нефти и газа Казахстана» Алматы Минеральные ресурсы Казахстана, 1999г.

19. Н.Е.Быков, М.И.Максимов, А.Я. Фурсов., Справочник по нефтепромысловой гелогии., Москва «Недра»,1981г.

20. Форест Грей., Добыча нефти М., ЗАО «Олимп-Бизнес» 2001г.

21. Г.Ж. Жолтаев, С.Г. Нурсултанова, Г.Е. Ермекбаева., Геологические основы разработки месторождений нефти и газа (Методические указания к лабораторным работам) Алматы КазНТУ,2003г.

22. И. П. Чоловский. Спутник нефтегазопромыслового геолога, справочник. – М., Недра, 1989.

23. И. Г. Пермяков, Е. А. Щерик. Общая нефтяная и нефтепромысловая геология . – М., Недра, 1964.

24. М. И. Максимов. Геологические основы разработки нефтяных месторождений. – М., Недра, 1975.

25. Габриэлянц Г.А. Геология, поиски и разведка нефтяных и газовых месторождений. М.: Недра, 2000

26. Краткая энциклопедия нефтегазовой геологии/ под ред. Р.И. Вяхирева, М., изд-во Академия горных наук, 1998

27. Словарь по геологии нефти и газа. Л., Недра, 1988

28. Л.К. Киинов., Разработка месторождений парафинистых и вязких нефтей в Западном Казахстане., М., ВНИИОЭНГ,1996г.

29. А.С. Айдарбеков., Теории и практика разработки нефтяного месторождения Кумколь.- Алматы: «Ғылым»»,1999г.

30. Классификация запасов месторождений, перспективных и прогнозных ресурсов нефти и природного углеводородного газа Республики Казахстан. Министерство энергетики и прогнозных ресурсов РК 1997г.

31. Постановление Правительства Республики Казахстан «Об утверждении единых правил разработки нефтяных и газовых месторождений Республики Казахстан» от 18 июня 1996г.,№745., Минеральные ресурсы Казахстана №13-14 (34-35) 16 октября 1996г.

32. Жолтаев Г.Ж. Парагульгов Т.Х. Геология нефтегазоносных областей Казахстана (Геология и нефтегазоносность Южно-Торгайской впадины). Учебное пособие. Алматы ИИА «Айкос», 1998

33. Нефтяная энциклопедия Казахстана. Казмунайгаз, 2005

34. Марабаев Ж.И., Жолтаев Г.Ж. и др. Геологическое строение и перспективы нефтегазоносности Северного и Среднего Каспия. – А., Казмунайгаз, 2005 г.

Аламтор ресурсы

1. Научная библиотека Российского государственного университета нефти и газа им. И.М. Губкина – www.gubkin.ru

2. Научная библиотека МГУ – www.lib.msu.su

3. Геология нефти и газа – www.geoinform.ru

4. Geological Society of America Bulletin – www/ geosociety.org/pubs/journals.ru

Наши рекомендации