Негізгі қорларды бағалау
Көлік құрылысы кәсіп орындарының негізгі қорлары
1. Негізгі қорлардың (классификациясы) жіктелуі және құрылымы.
2. Негізгі қорларды бағалау.
3. Негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуы.
4. Негізгі қорлардың амортизациясы.
5. Негізгі қорларды пайдалану пайдалану көрсеткіштері.
Негізгі қорлардың жіктелуі
Негізгі қорлар- кәсіпорынның өнім өндіруге , жұмыс орындауда немесе қызмет көрсетуде қолданылатын еңбек құралы.
Құрылыс кәсіпорындары- күрделі ұйымдастырылған құрылыс: оның мүліктері материалдық өндірісте (негізгі және көмекші өндіріс), сондай-ақ өндірістік емес сферада ,ортада (т.б. шаруашылықтарды) пайдаланады. Негізгі өндірістік қорлар ұзақ мерзімде, табиғи жүріс сақтайтын және өзінің құнын, барлық пайдалану мерзімінде құрылыс өніміне дүркін- дүркін белгілі мөлшерде бірте –бірте ауыстырылып пайданылады. Осы мезгіл өткен кезде негізгі өндірістік қорлар құны және табиғи заттың түрі қалпына келтіруі тиіс.
Негізгі қорлар |
Меншігіндегі (өз баласындағы) |
Қатыстырылған (арендалған) |
Өндіріске белгіленген |
өндіріске емес |
Активті (құрылыс және қуаттар машиналары және құралдар) |
Пассивті (қосымша өндіріс пайдаланатын құрылыс үйлері, эстакада, жолдар) |
басы артық қор |
Тоқтатылып қойылған қорлар |
Пайдаланудағы қорлар (іске қосылған құралдары, пайдаланып есептеп шығаруға дайындалған қорлар) |
7.1 сурет. Негізгі қорларды жіктеу (классификациялау)
Уақытша ғимарат және құрылыстар өзінің материалдық түрімен негізгі қорларға ұқсас, бірақ экономикалық мазмұны бойынша айналым қорына жатады, өйткені бір құрылыс объектісі салынған циклда пайдаланған соң толық тозады. Жоспарлау және есептеу тәжірибесінде олар титулдық және титулдық емес болып бөлінеді.
Титулдыққа көмекші пайдаланатын өндіріс ғимараты, көлік құрылысы сумен,энергиямен және жылумен қамтамасыз ету, тұрғын үй, мәдени- тұрмыстық және әкімшілік ғимараты т.б. уақытша кшігірім объектілер жатады.
Олар уақытша ғимарат пен құрылысқа бөлінген күрделі қаржы лимитінен бөлінеді прорабтар және мастерлер кеңсесі, кіріп- шығу және қарауылдық күрпелер, қақпалар, құрылыстық ағаштар, сатылар мен басқыштар, төсеніштер т.б. уақытша құрылыстары титулдық еместерге жатады. Оларды салуға құрылыс шағына мекемелерінің қосымша шығындарына қосылады.
Негізгі қорларды бағалау
Құрылыста, ұлттық экономиканың басқа салалары сияқты негізгі қорларды есепке алу және бағалау табиғи көрсеткіштермен және құндылық түрде жүргізіледі.
Негізгі қорларды есептеудің мұндай түрі, мерзімді өткізілетін инвентаризация және объектілердің паспортында көрсетілген негізгі қорларға сәйкес жүргізіледі.
Паспорт көрсеткіштерінде объектілердің негізгі қорларының сатып алынған немесе салынған уақытша, оның техникалық көрсеткіштері сипаттамасын, техникалық қызмет көрсету туралы деректкрін, жөндеу, модернизациялау, реконструкциялау т.б. белгіленіп қойылады.
Көбінесе негізгі қорлардың табиғи көрсеткіштері ретінде: құрылыс мекемелерінің балансындағы ғимарат және құрылыстың жалпы және пайдалы аумағы: құрылыс машиналарының жекелеген түрлері және өлшем түрлері бойынша саны және жалпы қуаты: олардың орташа жекелеген қуаты, сондай-ақ машиналардың техникалық және эксплуатициялық өнімділігі көрсеткіштері пайдаланылады.
Алғашқы құн құрылыс мекемесінің машиналарды, құралдарды сатып алуға немесе ғимараттар, құрылыстарды тұрғызудың нақты нақты шығындарын көрсетеді.
Алғышқа толық құн мына формуламен анықталады:
;
мұндағы: -объектінің негізгі қорларының алғашқы толық құны;
-объектінің негізгі қорларының құны немесе төленген салық мөлшерін шегергендегі ғимарат, құрылыс сметасының құны;
-объектінің негізгі қорларын тасымалдау құны;
– объектінің негізгі қорларын монтаждау, демонтаждау және жөндеу құны.
Негізгі қорлардың алғашқы құны – құрылыс мекеменің балансы бойынша кірістіріледі және жойылғанша есепте тұрады, сондықтан оны баланс құны деп атайды. Баланс құны амортизациялық аударылымды және негізгі қорларды пайдалану ұтымдылығын (эффектілігін) білдіретін көрсеткіштерді есептеуге қолданылады.
Қалпына келтіру құны , қазіргі мезгілдегі ,яғни ағымдағы жылғы баға мен жағдайына келтірілген белгілі объектінің негізгі қорларын қалпына келтіру шығындар сомасын көрсетеді. Негізгі қорлардың алғашқы және қалпына келтіру құндары бойынша бағалаумен қатар, оларды бағалаудың қалдық құны қолданылады. Алғашқы қалдық құны( ) немесе қалдық қалпына келтіру құны ( ) құрылыс өнімі құнына әлі аударылмаған негізгі қорлардың құныны білдіреді және негізгі қорлардың қай бөлігі тозған және құрылыс монтаж жұмыстарының өзіндік құнында есепке алынғанын анықтауға мүмкіндік береді. Қалдық құн бағалау кезінде негізгі қорлардың нақты құнын бейнелейді және құрылыс мекемесінің негізгі қорларының сапалы жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Қалдық құн келесі формуламен анықталынады:
; ;
мұндағы, Фпл – негізгі қорлардың толық алғашқы құны;
Фв-объектінің негізгі қорларының қалпына келтіру құны;
Ип– негізгі қорлардың бастапқы бағадағы тозуы;
Ив – негізгі қорлардың қалпына келтіру құны бағасы бойынша тозуы.