Азақстандағы 1916 ж ұлт азаттық қозғалыс

1916 жылы көтерілістің шығу себептері.Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. маусымдың 25 армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы Ұлт – азаттық қозғалыс осы ұлан – ғайыр өлкені мекендеуші халықтар өміріндегі асулы кезең болды . Көтерілістің жаппай бұқаралық сипат алуы , қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтуы , қозғалыс барысында жалпы ұлттық ұрандар көтерілуі және жергілікті халық мүдделерінің ортақтығы елде револяциялық дағдарыстың одан әрі өрлеуіне , халық бұхарасының патша өкіметін қыспаққа алуын күшейтуге әкеліп соқты . 1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ халқынан тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 млн десиятинаға теңелді . Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі , соғыс кесапаты – халық бұхарасының қайыршылануы , қымбатшылық , ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті өлке халқының әртүрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды . Соғыс Ресей империясында пісіп – жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей дағдарыс үрдісін тездетті . Қазақстанның , Орта Азияның барлық дерлік аудандарын қамтыған . 1916 жылғы Ұлт – азаттық көтеріліс соның жарқын көріністерінің бірі болды. Қазақстандағы көтеріліс 1916 жылы 25 маусымдағы патша жарлығы жарияланғаннан кейін басталды, шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты . 1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық және тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай – ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.

1916 жылғы көтеріліс ерекшеліктерінің бірі күреске төменгі топтардың көтерілуі болғаны мәлім. Ауыл мен қыстақтың жоғары үстем топтары айлакерлік жасады, өйткені олар ішінара болыс, старшын, жергілікті апаратының қызметкелері және тағы басқа ретінде басқару жүйесіне тартылған болатын.

1916 жылғы 25 маусымдағы патшаның «соғысып жатқан аудандарға қорғаныстар мен әскери қатынастар орнату жөніндегі жұмыстар үшін», яғни қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан бұратана халықты алу туралы жарлығы шықты. Қазақстан мен Орта Азиядан қара жұмысқа 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамның алынуы көзделді.Бұған жауап ретінде бүкіл Қазақстанды қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс басталды.Көтерілістің қозғаушы күші - қазақ жұмысшылары мен қолонершілері.Қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының көзқарасы (Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсыновт.б.):

- қарсыласпай бұйрықты орындау;

- соғыс аяқталған соң, қазақ ұлттық автономиясын ұстау;

- қару-жарағы мықты патша армиясымен қарсыласпай, олардың жазалау шараларынан халықты аман сақтап қалу;

- патша үкіметімен барлық жағдайды ымыра арқылы жүзеге асыру т.б.

Революцияшыл-демократияшыл зиялылардың ірі тобы бұл көтерілісті қолдап, көтеріліске қатысты. Олар: Ә. Жангелдин, Т. Бокин, Т. Рысқұлов, Ө. Майкөтов, С. Сейфуллин, С. Мендешев, Б. Алманов т.б.

Ақпан төңкерісі

1917 жылы 27 ақпанда Ресейде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы болды. Монархия құлап, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы куанышпен қабылдады. Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері бұл жағдайды ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп куанышпен қарсы алды.Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы нәтижесінде Ресейде қос (екі) үкімет билікке келді.

1. Уақытша үкімет;

2. Жұмысшы, солдаттардан құрылған Кеңесі үкіметі

1917 жылы наурыз және сәуір айларында Семей, Верный, Омбы, Ташкент, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Петропавл т.б. жерлерде жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңестері құрылды.1917 жылы Қазақстанда Уақытша үкімет органдары да құрылды. Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин іастаған болыневиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы -Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады.

Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін тарады.Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа хал^іқтардың еңбекші бүқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік куйзелістен шығумен Шрге отаршылдықтың бұғауынан босаныи, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917ж. қазая&ан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.

Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімёт билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлквн әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын.Ә. Бөкейханов Торғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М. Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет орғандарының комиссары болып істеді.Уақытша үкімет ұлтаралық келісім орнату, халыққа әлеуметтік кемек көрсету туралы шараларды жүзеге асыра бастады.Уақытша үкімет 1917 жылы 5 мамырда тыл жұмысына алынған бұратаналарды Отанына қайтару туралы шешім қабылдайды. Алайда тыл жұмысындағылар ауыр жағдайға байланысты ереуілге шықты. 1917 жылы Верныйда тыл жұмысынан оралғандар «Қара жұмысшылар одағын» құрды. Тыл жұмысында болғандар Петропавлда «арбакештер одағын» құрды. Ал кеңес үкіметі жұмысшыларға сегіз сағаттық еңбек күнін енгізді және кедей шаруаларға жер бөліп берді. Соған байланысты кеңес үкіметі халықтың қолдауына ие болды. Ескі мемлекеттік аппаратты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жүмысына белсене қатысуына жағдай жасады;

-шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;

-ерлер. мен әйелдер теңдігі шке асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;

-төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция қүрылды;

-кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;

-заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;

-кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жүмыс істей бастады;

-облыстық кеңестер жанынан үлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар қүрылды;

-жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай казак-орыстардың, патша шшеундаерінің иелігінде болып келген, сондай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.1918ж. көктемде Түркістан автономиялнқ Кеңестік Социалистік Республикасы қүрылды. Оның қүрамында Қазақстанның оңгүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей Ордасы Астрахань губерниясы қарамағына кірді.Қазан төңкерісінен кейін көп f ақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі қүлатылған қанаушйы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды.

1918 ж. 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевхе бүлік шығарды.

Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады.

Ж Қазан төңкерісі

Петроградтағы Қазан төңкерісі. 1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.

Оның себептері:

1) Монархияның ауыр мұрасы

2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.

3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.

Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. 1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды. Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған. Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді.

1917 жылы 25 қазанда Ресей империясының астанасы Петроград қаласында Қазан төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі Кеңестердің қолына көшті. Қазан төңкерісінің идеологы, яғни басшысы В.И. Ульянов (Ленин) болды.Қазан төңкерісінен кейін билікті қолына алған Кеңестер «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» қабылдады. Осыдан кейін Кеңестердің «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі жарияланды. Аталған үндеуде халықтардың діни сенімдері мен ұлттық мүдделеріне ешкім тиіспейтіні, барлық халықтың құқықтары бірдей болатыны туралы айтылған.1917-1918 жылдары Қазақстанда Кеңестер өкіметі кейбір өңірлерде күрес нәтижесінде, ал енді бір жерлерде бейбіт түрде орнады.Бейбіт жолмен орнаған өңірлерде жұмысшылар мен солдаттар көп еді. Сондықтан бейбіт жолмен орнаған болатын. Ал қарулы қақтығыспен орнаған себебі ол жерлерде уақытша өкіметті жақтаушылар, яғни қолдаушылардың болуынан еді.1917 жылы 30 қазанда Перовскіде, 1917 жылы қарашада Шымкентте, Түркістанда бейбіт түрде Кеңестер билігі орнады.

1917 жылы 1 қарашада 4 кунге созылған шайқас негізінде Ташкентте ,Торғай облысында, 1917 жылы 25 желтоксанда Қостанайда, 1918 жылы 8 қаңтарда Ақтөбеде, 1918 жылы қаңтарда Торғай, Ырғыз уездерінде, 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда ,1918 жылы 2 қаңтарда Атбасарда,1918 жылы 18 қаңтарда Өскеменде,1918 жылы 19 қаңтарда Павлодарда ,1918 жылы 17 ақпанда Семейде,1918 жылы наурыз айында Жетісу облысының барлық өлкесінде Кеңестер билігі қаулы қақтығыспен орнады

Наши рекомендации