Ылыми-зерттеу жҰмыстарыныҢ сатылары жӘне Ғылыми зерттеудіҢ баҒыттары
Зерттеудің мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының сатыларын жаттау.
Ғылыми зерттеудің мақсаты-жан-жақты, яғни құбылыс немесе процесті, объектіні дұрыс (нақты) оқыту; ғылымдағы тану тәсілдерін және принциптерін игеру негізінде олардың құрылымын, байланысын және қатынасын оқыту; сонымен қатар адамзат қорытындысы үшін ӛндіріске қажеттіні ӛңдіру және оны қабылдау.
Кез келген ғылыми зерттеу өзінің объект және затынан тұрады. Ғылыми зерттеудің объектісі материальдық немесе идеальды жүйе болып табылады. Зат – ол жүйенің құрылысы, яғни жүйе іші немесе жүйе сырты элементтерінің өзара әсерлесу заңдылығы және әртүрлі қасиеттер, сапалар және т.б. даму заңдылықтары.
Ғылыми зерттеулер ауылшаруашылығы үшін маңыздылық дәрежесі және жалпы ӛндірістік байланысы түрлері бойынша бӛлінеді. (классификациясы). Сонымен қатар мақсаты бойынша; зерттеуді жүру ұзақтығы және қаржыландыру көздері бойынша да жіктеледі. Тұтас ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде жаратылыстану, әлеуметтік және техникалық ғылым деп үлкен үш топқа бөлуге болады. Бұлардың арасында қатаң шекара жоқ, бірқатар ғылыми пәндер аралық жағдайда қалыптасқан. Мысалы, техникалық ғылым мен әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде – техникалық эстетика, жаратылыстану ғылымы мен техникалық ғылымының түйіскен жерінде – астроботаника, ал жаратылыстану ғылымы мен әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде экономикалық ғылымдар қалыптасқан. Ғылымның ерекше маңызды рөл атқаратын салалары – математика, ақпараттану және басқару теориясы болып табылады. Ғылымның белгілі бір саласында дәстүрлі зерттеулер жүргізілуімен қатар, пәнаралық, кешенді зерттеулер жүргізу қазіргі ғылымның ерекше даму бағыты болып табылады. Мысалы, табиғатты қорғау мәселелерін зерттеуде осы бағыттың маңызы айқын болып отыр. Мұнда биология мен техникалық ғылымдар, жер туралы ғылым мен медицина, экономика мен социология түйісіп, мәселені бірге зерттеуде. Өзінің алған бағыты, тікелей өмірге қатынасына байланысты ғылымды іргелі және қолданбалы деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Іргелі ғылым саласының міндеті қоғамды, дүниені, табиғатты түсіндіретін заңдарды тану. Бұл заңдар мен құрылымдар «таза күйінде» зерттеледі, оларды тікелей пайдалану мүмкіншілігі шартты емес. Қолданбалы ғылымның тікелей мақсаты – іргелі ғылымның ашқан жаңалықтарын танымдық, әлеуметтік-практикалық мәселелерді шешуге қолдану болып табылады. Яғни оның міндеті – ақиқатты тану ғана емес, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыру. Қолданбалы ғылым теориялық та, практикалық та бағытта дамуы мүмкін. Мысалы, қазіргі физикада электрдинамика мен кванттық механика іргелі ғылым саласы, ал осыған қосымша нақтылы пәндік саланы тану үшін теориялық қолданбалы физиканың түрлі салалары (металл физикасы, шалаөткізгіштер физикасы, т.б.) қалыптасқан. Ал олардың нәтижесін одан әрі практикада қолдану үшін, әр түрлі практикалық қолданбалы ғылым (металтану, шалаөткізгіш технологиясы, т.б.) пайда болды, бұлар тікелей өндіріспен байланысты қалыптасқан. Барлық техникалық ғылымдар қолданбалы ғылым саласына жатады. Қазақстанда ғылымды ұйымдастыру алғашқыда әр түрлі ғылыми-зерттеу мекемелерінде және бірқатар жоғары оқу орындарында шашыраңқы күйде жүргізілді. 1945 ж. Қазақстан Ғылым академиясы құрылғаннан кейін, ғылыми-зерттеу институттарының бірыңғай тұтас жүйесі қалыптасты. Ғылым академиясы құрылғаннан бергі уақытта онда үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді; өндіріске құнды жаңалықтар енгізілді.
Жалпы өндірістік байланыс түрі бойынша ғылыми зерттеулер мына жұмыстарға бӛлінеді: жаңа технологиялық үрдістерді құру бағыттары, машиналар, конструкциялар, ӛндірістің тиімділігін арттыру, еңбек жағдайын жақсарту, жеке тұлғаны дамыту және т.б.
Мақсаты бойынша ғылыми зерттеу үш түрге бөлінеді: фундаменттік, негізгі және игеру.
Фундаменттік зерттеу- зерттеудің жаңа принциптерін құруға табиғатты және жаңа құбылысты ашу және оқуға бағытталады. Олардың мақсаты болып- адамзат тәжірибелік әрекетін қолдану мүмкіндігін және қоғамның ғылыми білімін кеңейту болып табылады.
Әдебиет:Грушко И. М., Сиденко В. М. Основы научных исследований. Харьков, 1983; Пальчевский Б. А. Научное исследование: объект, направление, метод. Львов, 1979.
Негізгі зерттеу- адамзат әрекетінің тәсілдері және жаңа байырғы заттарды құру үшін табиғат заңдарын қолдану тәсілдерін табуға бағытталады.
Мақсат- адамзат тәжірибелік әрекетіндегі, фундаменттік зерттеу қорытындысында алынған, ғылыми білімді қолдануды қалыптастыру. Негізгі зерттеу негізінде ғылыми түсініктен техникалық түсінік пайда болады. Негізгі зерттеу өз кезегінде: іздеу, ғылыми зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар болып бөлінеді.
Іздеу зерттеу жұмысы- фундаменттік зерттеу қорытындысында ұсынылған, жаңа техника және технология негізінің тәсілдерін құру жолдрын іздеуге, объектке әсер етуші факторларды құруға бағыттталады. Ғылыми-зерттеу жұмыстар қорытындысында жаңа технологиялар, тәжірибелі қондырғылар, құралдар және т.б. құрылады. Тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар мақсаты- конструкцияның логикалық негізін анықтайтын конструктивті сипаттамаларды таңдау болып табылады. Фундаменттік және негізгі зерттеу қорытындыларынан жаңа ғылыми және ғылыми-техникалық ақпараттар туындайды. Мұндай ақпараттарды ӛндірісті игеру үшін қажеттті формаға айналдыру үрдісін әдетте, игеру деп атайды. Ол жаңа техника, материал, технологияны құруға бағытталады. Игерудің соңғы мақсаты- зерттеу материалдарын дайындап, оларды қолдану болып табылады.
Ғылыми зерттеудің ауылшаруашыляығы үшін маңыздылық дәрежесі бойынша: мемлекеттік жоспар бойынша министрлер кеңесі; жалпығылыми- техникалық бағдарламалар; Республика жоспары; ғылым және техника бойынша Қазақстан мемлекеттік комитеті.
- ӛндіріс министрі және ведоство жоспары бойынша орындалатын жұмыстар;
- ғылыми-зерттеу мекемелер жоспары және инициативі бойынша орындалатын жұмыстар.
Ғылыми зерттеу жұмысы қаржылыандыру кӛзі бойынша: мемлекеттік, келісімшарт және қаржыландырусыз болып бӛлінеді. Мемлекеттік ғылыми зерттеуді мемлекет тарапынан қаржыландырады. Келісімшартты ғылыми зерттеулер белгілі бір мекеме арқылы келісім бойынша қаржыланады. Мұндай мекемелерге өндірістік және ғылыми-зерттеу мекемелері жатады. 30
Қаржыландырусыз зерттеулер белгілі бір бірлестікпен келісім бойынша жүзеге асады.
Әр ғылыми зерттеу жұмыстарын белгілі бір бағытта жүргізуге болады.
Ғылыми бағыт деп- зерттеу облысында жүретін ғылыми комплекс немесе ғылымның ӛзін айтады. Осыған байланысты оларды: техникалық, биологиялық, социольдық, физико-техникалық, тарихи және т.б. бағытта бӛледі. Техникалық бағытқа- техникалық термодинамика облысындағы зерттеуді жатқызуға болады; биологиялық бағытқа- биохимия немесе гендік инженерия және т.б. облысындағы зерттеуді жатқызады.
Сол сияқты, арнайы ғылым немесе арнайы ғылым заттары ғылым бағытының негізі болып табылады. Сонымен қатар зерттеудің арнайы тәсілдері және техникалық құрылыстар (мысалы: газтұрбалық құрылыс және т.б.) да жатады.
Ғылыми бағыттың құрылымды бірлігі болып комплесті мәселелер, мәселелер, тақырыптар және ғылыми сұрақтар табылады. Комплексті мәселелер- бірдей мақсатта бірлескен мәселелер бірлігін айтады. Мәселелер- қоғамдағы пайда болған теориялық және тәжірибелік есептер шешімдерін айтады. Социальды-психологиялық мәселелер позициясы- бұл білімге қоғамдық қажеттілік пен оны белгілі жолдармен алудағы қарама-қарсы байланыс және білім мен білімсіздің ӛзара байланысы. Мәселе адамзат тәжірибесі қиындықтарға кездескен жағдайда немесе мақсатқа жетуде «мүмкін емеске» тірелген кезде туады. Мәселелер: күрделі, ұлттық, региональдық, ӛндірістік, ӛндірісаралық болып келеді. Мысалы, қоршаған ортаны қорғау күрделі болып саналады, себебі оны шешу жалпыадамзат қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады. Аталғандардан басқа мәселелерді жалпы және арнайы болып бӛлінеді. Жалпы мәселеге жалпығылыми, жалпыхалықтық және т.б. жатады. Жалпыхалықтық мәселеге: машина жүйесі және энерго- және материалжинаушы технологиялық процестерді кіргізу; жоғарысапалы жалпы еңбекті кӛтеру және профессиональды шеберлік; елдің ауылшаруашылық комплексінің динамикалық және пропорциональды бірдей дамуын қамтамасыз ету және оның барлық звеноларының және т.б. тиімді ӛзараәсерлесуі.
Арнайы мәселелер белгілі бір ӛндіріс немесе мекемелер үшін сипатталады. Мысалы: кӛлік ӛндірісі үшін жағар майды үнемдеу және жанармайдың жаңа түрлерін табу болып табылады.
Ғылыми зерттеу тақырыптары- мәселелердің белгілі бір бӛлігі болып табылады. Зерттеу қорытындысында тақырып бойынша ғылыми сұрақтардың белгілі бір шеңберіне жауаптар алынады. Жауаптар қорытындыларды жалпылау жүйесі ғылыми мәселелердің шешімдерін береді.
Ғылыми сұрақтар деп- әдетте ғылыми зерттеу тақырыбына қатысты ұсақ ғылыми есептерді айтады.
Ғылыми зерттеу бағыттарына мысалдар:
1. Тарих ғылымдары: «Мәдени мұра» орталығы:
2. Педагогикалық ғылымдар: Ы.Алтынсарин ат. ҰБА ресурстық орталық:
3. Жаратылыстану ғылымдары: Аймақтық экология және табиғатты пайдалану мәселелері орталығы:
4. Филология ғылымдары: Тіл дамыту орталығы:
5. Экономикалық ғылымдар:
Экономикалық зерттеулер орталығы:
• Экономикалық қауіпсіздікті сақтау мен өндірістік үдерісті қадағалау мақсатында аймақта экономикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу;
• Экономика мәселелері бойынша инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру.
6. БҚМУ Жас ғалымдар кеңесі:
Ғылыми және қолданбалы зерттеулерді дамыту орталығы:
• Дарынды жастардың бастамаларын қолдау, қызығушылықтарын арттыру және олардың инновациялық іс-әрекеттері мен белсенділіктерін демеу;
• конференциялар, конкурстар, форумдар және түрлі деңгейдегі олимпиадалар өткізу;
• семинар-тренингтер, дәрістер, дөңгелек үстелдер өткізу.