Картадағы жер бедерін бейнелеу

Жер бетінің бедері табиғаттың жер беті көрнісінің маңызды бөлігі. XVIII ғасырдың ортасына дейін жер бедерінің жоғарғы нүктесі туралы мәлімет болмағандықтан оны картаға нобаймен, сурет түрінде төбешік сияқт бейнеленеді. Содан кейін, яғни мензула мен барометр дүниеге келіп, топографиялық түсіру қолға алынған соң жер бетінің бедерін картаға түсіру ғылыми жолға түсті.

Жер бедерін кескіндеудің ең қарапайым жолы ең жоғарғы нүктеге белгі соғу әдісі. Жердің биік нүктесін картада санмен белгілеу. Қазіргі уақытта бұл әдіс теңіз түбінің бедерін анықтау үшін навигациялық карталар жасауда қолданылады.

Қазіргі заманда жалпы географиялық карта жасап оған жер бедерін (рельеф) түсіру үшін төмендегідей талап қажет:

- Жекелеген нүктелердің картадағы орнын анықтау

- Ылди,құлама тік жардың бағытын білу. Бұл жағдайда ең жақсы әдіс көлденең сызық (горизонтальный) арқылы белгілеп жер бедерінің биіктігін анықтайды.

- Көлденең сызық (горизонталь) әдісі.

Бұл әдіс топографиялық карталарда кеңінен қолданылады.Бұл жағдайда картадағы жекелеген нүктелердің биіктігін анықтап,тік жар мен ылдидың бағытын білген жөн.Сонымен бірге, аталған көлденең сызық берілген жердің жалпы мәліметін береді. Көлденең сызық арқылы жер бедерін «оқу» ең белгілі тәжірибеде жекелеген жағдайда, әсіресе жер бедері көмескі бейнеленсе көлденең сызық арқылы бедерді анықтау бірден қиындық туғызады.

Бұл көлденең сызық әдісінің кемшілігі деуге болады.Жер келдік бедерін көлденең сызық арқылы бейнелеп, оны жақсы көрсету үшін, жер бетінің биіктігін өлшейтін аспап арқылы өлшем жүргізіп, сызықтардың арасына әр түрлі бояумен бояу керек. Бояу қою болған сайын, немесе ашық болса, сол арқылы бедер айқындалады. Осы әдіс карталардағы жер бедерін анықтауға жиі қолданады. Үш бояудан тұратын гипсометрикалық шкала өте қарапайым кең тараған әдіс.Жер бетінен айрықша көрсету үшін суды көк бояумен бояйды. Су тереңдеген сайын бояу қоюлана береді.Келтірілген жері қоңыр қызылмен боялады. Биіктеген сайын бояудың түсі айқындала береді.

Гипсометрикалық бояу жер бетінің биіктігін және жермен ылдидың бағытын анықтайды. Бұл әдісті қолданғанда жер тігінен анық көрінгені дұрыс. Ылдидағы айырмашылық картада толық сызықпен бейнеленеді. Құлама тік жар еңісі үлкен болған сайын сызық қалыңдай береді. Сызықтың штрих қалыңдығы және оның ара қашықтығы арнайы штрихтың шкаласымен алынады. Жер бедерін штрихпен кескіндеу рельефтің жалпы кескінін береді. Ылдидың бағытын, тік жардың да бейнесі анықталады. Алайда бұл әдістің кешілігі де жетерлік. Ең бастысы осы арқылы жер бетінің биік нүктесін дәл анықтау мүмкін емес. Бұл әдісті қолданғанда белгілер нүктелер жазылады. Алайда карта арқылы басқа нүктелердің биіктігін анықтауға болмайды. Осы кемшілікті жою үшін, кейде қиыстыру (комбинирование) әдісі қолданылады: бедер (рельеф) көлденең сызықпен(горизонтальный) кескінделіп, аралықтар түрлі сызықпен (штрих) толтырылады.

Оның сыртында, штрихтар пішінді (контур) жабады, яғни картада берілген түсіндірме белгілерді, жазуларды жабады десек болады қателеспейміз. Дегенмен, бұл әдіс қиындығын және көп тер төгуду қажет етеді.

Бояу және қарындашпен өңдеу әдісі. Сұйық бояумен өңдеген штриховка сияқылды, оралма тік жарлар құрылымы азайған сайын, ашық боямен бірте –бірте өңделеді. Тік жарды қабырғасынан кескіндегенде, жарық көзін ескере отырып, оны картада ашық бояумен қалдырады. Көлдеу мен ылдиды көлеңкелегеннен гөрі одан ашықтау болады. Картаға көлеңкелі түсіргенде, оны тушпен немесе қарындашпен бояйды. Ерітілген тушпен немесе боямен өрнектелсе оны жуу (отмывка) дейді. Туш қарындашпен (тушевка) өңдеу әдісі деп аталады.

Аталған екі әдістің бір –бірінен айырмашылығы жоқ. Бұл әдіс көлденең сызықпен (горизонтальный) бейнелеу әдісімен қолданады. Жер бедерін түсірудегі осы уақыттағы ең жақсы тәсілдердің бірі. Сонымен бірге бұл тәсілді арнайы және ептеп ауылшаруашылық карталарын жасауда пайдалануға болады. Түрлі сызық (штриховка), бояу (отмывка) және қарындашпен өңдеу (тушевка) әтсілдері жер бедерін кескіндеудің әсемде, әдемі әдістеріне жатады. Жер бедерінің түрлі қалтарыс, қырат, сай, сілемдерін көзге қалай көрінсе солай мүмкіндік мол.

Болашақ жер бедерін (рельеф) кескіндеудің тәсілдері.

Бұл тәсілмен жер бедері арнайы шартты белгімен кескінделеді. Осы белгілер жер бетінің көрінісін ландшафын көрсетеді. Сөз болып отырған кескін, жер бедерінен жалпы мағлұмат бергенімен биік, қырат, таулы, жердің мәліметін бермейді.

Наши рекомендации