Аржылық - экономикалық дағдарыс және оның Қазахстанның қаржылық және экономикалық жүйесіне әсері 1 страница

Қаржылық активтерді бағалаудың бағалық (негізгі) үлгісі. Қаржы активтерін бағалаудың негізгі моделі.Қандай тауар болмасын, бірнеше сипатқа ие болады: баға, нарықтық үлгі, тұтынушылық сапасы, төлем қабілеттілігі тауар сатушысына пайда әкеледі.Қаржылық актив, нарық капиталындағы қарапайым тауар болып табылады, сондай-ақ әртүрлі позициясымен ерекшеленеді. Бұл тауар сұраныстағы тауарға қарағанда көлемі бойынша аз келеді. Үш негізгі сипаты бойынша бөлсек: баға, құн, пайдасы. Оның пайдалылығы, кез-келген инвестордың қабылдаған шешімі бойынша, қаржылық активтің тұтыну мақсаты бойынша, жоспарланған экономикалық жағдайды бағалаумен анықталады. Осыған сәйкес, каржылық актив болмаса абсолюттік көрсеткіш немесе қатыстық көрсеткіш ретінде анықталады. Қаржылық актив 2 көрсеткішпен бағаланады:Баға және құны бойынша;Оның табыстылығы бойынша; Инвесторлардың шешімі бойынша, мысалы бірінші жағдайда мынадай болады. Қаржылық актив екі бір-бірімен байланысты абсолюттік сипатты құрайды: біріншіден, рынокқа шығаруға болатын анықталған ағымдағы бағаны (Pm), екіншіден теоретикалық немесе ішкі құнды (Vt).Қаржылық активтерді бағалаудың басты мақсаты– қаржылық рыноктағы кәсіпорын немесе корпорацияның инвестициялық стратегиясын орындалуы үшін ең, ұтымды мүмкінді табыстар мөлшерін болжау. Қарқынды инвестордың ойынша жекелеген қаржылық активтерді сату туралы шешім қабылдау. Егер бағалы қағаздардың нақтылы табыстылығы күткен табыстылығы кем болса, онда қаржы активтерін туралы шешім қабылданады. Соңынан қор портфеліне корректировка жасалынады, яғни басқа бағалы қағаздарды сатып алу арқылы.

Қаржы активтерінің табыстылығын бағалау моделі. Капитал рыногының желісі (линия)Қаржылық активтерінің табыстылығын бағалау моделі дегеніміз-кассадағы қаражат, банк депозиті, салым, чектер сақтандыру полюсі, бағалы қағаздарға салым, компанияның кредиті, өзге де кәсіпорындардың акциясына портфельдік салымдар және тағы басқа.Бағалы қағаздар рыногының линиясы –бағалы қағаздар және рыноктік тәуекелдерді сатып алудан түсетін кірісті күту графикалық бейнелеумен тікелей байланысты.Қаржылық активтерінің табыстылығын бағалау моделі дегеніміз-кассадағы қаражат, банк депозиті, салым, чектер сақтандыру полюсі, бағалы қағаздарға салым, компанияның кредиті, өзге де кәсіпорындардың акциясына портфельдік салымдар және тағы басқа.Капитал– пайда табу мақсатында өндіріске авансталған құн болып табылады.«Капитал» термині көбінесе кәсіпорын активтерін сипаттау үшін қолданады. Осы тұрғыдан ол негізгі және айналым капиталы болып ажыратылады.Батыс әдебиеттерінде «капитал» термині активтерді қаржыландыруға,соның ішінде ұзақ және қысқа мерзімді берешектерді , жай және артықшылықты акцияларға жұмсалатын қаражат көзі ретінде түсіндіріледі.Кәсіпкерлік капитал – өндірістің нақты, материалдық емес және қарыздық активтерін қалыптастыру және оны басқару болып табылады.Қарыз капиталы – бұл ақшалай сипаттағы, яғни несие формасында белгілі бір пайызбен қайтарылатын және кепілдемелермен қамтамасыз етілетін капитал. Капитал – экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың керекті элементі. Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи даму формаларына ие болған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), - табиғи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін – өнеркәсіптік.Капитал рыногының линиясы –бағалы қағаздар және рыноктік тәуекелдерді сатып алудан түсетін кірісті күту графикалық бейнелеумен тікелей байланысты.

Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі.Қандай тауар болмасын, бірнеше сипатқа ие болады: баға, нарықтық үлгі, тұтынушылық сапасы, төлем қабілеттілігі тауар сатушысына пайда әкеледі.Қаржылық актив, нарық капиталындағы қарапайым тауар болып табылады, сондай-ақ әртүрлі позициясымен ерекшеленеді. Бұл тауар сұраныстағы тауарға қарағанда көлемі бойынша аз келеді. Үш негізгі сипаты бойынша бөлсек: баға, құн, пайдасы. Оның пайдалылығы, кез-келген инвестордың қабылдаған шешімі бойынша, қаржылық активтің тұтыну мақсаты бойынша, жоспарланған экономикалық жағдайды бағалаумен анықталады. Осыған сәйкес, каржылық актив болмаса абсолюттік көрсеткіш немесе қатыстық көрсеткіш ретінде анықталады. Қаржылық актив 2 көрсеткішпен бағаланады:Баға және құны бойынша;Оның табыстылығы бойынша; Инвесторлардың шешімі бойынша, мысалы бірінші жағдайда мынадай болады. Қаржылық актив екі бір-бірімен байланысты абсолюттік сипатты құрайды: біріншіден, рынокқа шығаруға болатын анықталған ағымдағы бағаны (Pm), екіншіден теоретикалық немесе ішкі құнды (Vt).Қаржылық активтерді басқарудың басты мақсаты– қаржылық рыноктағы кәсіпорын немесе корпорацияның инвестициялық стратегиясын орындалуы үшін ең, ұтымды мүмкінді табыстар мөлшерін болжау. Қарқынды инвестордың ойынша жекелеген қаржылық активтерді сату туралы шешім қабылдау. Егер бағалы қағаздардың нақтылы табыстылығы күткен табыстылығы кем болса, онда қаржы активтерін туралы шешім қабылданады. Соңынан қор портфеліне корректировка жасалынады, яғни басқа бағалы қағаздарды сатып алу арқылы.

Қаржылық аппарат, оның құрамы және сипаттамасы. Қоғамда барлық қаржылық үдерістерді (операцияларды) жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржылық құқықтың нормаларын бас- шылыққа алып отыратын қаржылық аппараттың қызметін қам- тиды. Бақылау қаржылық ресурстарды пайдаланудың нақты нә- тижелерін жоспарлық көрсеткіштермен салыстыруға, қаржылық ресурстарды өсірудің резевртерін айқындауға, шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың объектілері мен субъектілері ажыратылады: объек­ті­лер ­ретінде қаржылық қатынастардың сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субъек­ті­лер болып табылады. Қаржылық қатынастардың сыныптамасына сәйкес олардың сфералары бойынша объектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қар­жылық­ ап­па­ра­т деп аталады.Қа­зақ­стан­ Рес­пуб­ли­ка­сы ­Пре­зи­ден­ті­не ­оның көптеген өкілеттіктерінің Парламентке өтуіне қарамастан көп жағдайда Пре­зи­дент ­ап­па­ра­ты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілеттік берілген:1) республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп берутәртібін айқындайды; 2) Республикалық бюджеттік комиссияны құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын айқындайды; 3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды; 4) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының қаржылық-кредиттік және салықтық- бюджеттік саясаттарының негізгі бағыттары айқындалады; 5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құ- рады және ол туралы қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді. 6) Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жос- парын бекітеді және Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес өзге де өкі- леттіктерді жүзеге асырады.

Қаржылық бақылау: ұйымдастыру, нысандарымен әдістерінің түрлері. Қаржылық бақылау–қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу жəнеоларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызметжəне қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудыңқаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқарусияқты басқа элементтеріментығыз байланысты жəне бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын жəне əдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.

Жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, жергілікті өкілдікті органдар (депутаттардың жиналыстары),жергілікті əкімшілік органдары. Бақылаудың бұл түрін Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.

Жалпымемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Ұлттық банкі жатады.

Қаржылық бақылау əр түрлі əдістермен (тəсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай əдістері пайдаланылады: тексеріс(барлыққұжаттарбойыншабарлықбөлімшелердіңқызметінтексеру),инспекция(кəсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру), қадағалау(кəсіпорында қаржылық қаражаттардың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру(құжаттаманы,есепке алуды жəне есептемені шоттық тексеру), қарап шығу,қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржылық-шаруашылықтыққызмет туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардыңақпараттарыжəне басқалары. Бұл əдістердің əрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген əдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды үстеме (ыңғайласпа) тексеру, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру жəне басқалары.

Аталған жалпы əдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің əдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады.

Алдын ала жəне ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі əдісі көзбен шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер,анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тыйым салу жəне тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.

Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше əдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс (ревизия). Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.

Есептемені шоттық тексеру – бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салықтық есеп-қисаптардың ақиқаттығын тексеру.

Тақырыптық тексеру – бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылыққаржылық жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру жəне т.б.

Камералық тексеру жергілікті орынға шықпай-ақ жүзеге асырылады жəне шаруашылық органның құжаттық тексеруінен бұрын болады.

Үстеме тексеру – тексеріліп отырған шаруашылық жүргізуші субъектінің əріптестерінде немесе клиенттерінде қаржылық-шаруашылықтық операциялардың нақтылы бейнелеп көрсетілуін тексеру арқылы бұл операциялардың растығын анықтау əдісі.

Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешелігі– оның ақшалай нысандажүзеге асырылатындығында. Оның объекті қаржылық ресурстарды, соның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлері мен буындарында табыстар мен қорланымдарды қалыптастыру үдерістері, ақшалай қорларды жасау жəне пайдалану болып табылады.

Алайда қаржылық бақылаудың объекті тек ақшалай қаражаттарды ғана тексерумен

шектелмейді. Қаржылық бақылаудың іс-əрекеті ақшалай қатынастардың кең тобына таралады, өйткені қаржы басқа құндық категориялармен: еңбекке ақы төлеумен, өнімнің өзіндік құнымен, табыспен, пайдамен, өндірістік қорлармен (негізгі, айналым қорларымен), күрделі жұмсалымдармен, инвестициялармен тығыз байланысты.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өкілеттігі шегінде бақылаудың төмендегідей түрлерінжүзеге асырады:

1) кешендік бақылау − бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мəселелер бойынша тексеру жəне бағалау;

2) тақырыптық бақылау − бақылау объектінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мəселелер бойынша тексеру жəне бағалау;

3) үстеме бақылау – тексеріліп отырған мəселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектімен өзара қатынастар мəселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы;

4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылауы.

Қаржылық басқару: қағидаттары, міндеттерімен элементтері. Қар­жылық ­бас­қа­ру– бұл қаржыға және шектес экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржылық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Бұл ретте белгілі бip нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде басқару қаржылық механизм арқылы оның әдістері, тұтқалары, ынталандырмалары мен санкциялары көмегімен жүзеге асырылады. Сөйтіп, қаржыны басқару – бұл тиісті қаржылық саясатқа жетудің мақсаты; қаржылық механизм бұл мақсатқа жетудің құралы; Қаржылық саясат – қаржыны басқарудың тиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.

Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістер, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.

Қаржыны басқарудың негізіне мына қа­ғи­дат­тарқойылған:

басқарудағы демократизм;

қаржылық мәселелерге саяси тәсілдеме;

басқаруда экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі;

басқарудың ғылымилығы;

орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудың келісімдігі;

басқарудағы жауапкершілік;

шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.

Қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді айырады: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, рет- теу, бақылау.

Қаржылық болжамдау мен жоспарлау, мақсат, міндеттері және қағидаттары. Қаржылық жоспарлау– бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі жəне əлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді жəне тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты əлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтеріне ақшамен қауыштырылған бөлудің қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігіне байланысты ақшалай нысанда жүзеге асырылады.Қаржылық жоспарлаудың мазмұныэкономикалық субъектілердің ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу жəне қайта бөлуді экономикалық үдерістермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді жəне осының негізінде орталықтандырылған жəне орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастыру жəне пайдалану.Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттеріқаржылық саясатпен айқындалады. Бұл:1) қаржылық ресурстарды қалыптастыру көздерін жəне олардың мөлшерін анықтау;2) орталықтандырылған жəне орталықтандырылмаған қорлар, ұлттық шаруашылықтың салалары жəне əкімшілік-аумақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімдерін белгілеу;3) ресурстарды пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау жəне қажетті резервтер жасау.Қаржылық болжау– мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дəлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) жəне ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржылық саясаттың тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты– болжанған кезеңдегі қаржылық ресурстардың шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін жəне пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржылық саясатты іске асырудың нысандары мен əдістерін белгілеуге мүмкіндік береді. Қаржылық болжау əр түрлі əдістердіқолдануды қажет етеді:-экономикалық үдерістерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық моделдерді жасау;-корреляциялық-регрессиялық талдау;-тікелей сараптамалық бағалау əдісі. Қаржылық жоспарлаудың əдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді: орталықтандырылған жəне орталықтандырылмаған тəсілдемелердің үйлесуі, бірлік, үздіксіздік.Бірінші қағидатқаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) – орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Бірлік қағидатықаржылық жоспарлаудың экономикалық жəне əлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тəуелділігінде көрініп білінеді. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері дəлелденіп анықталады, экономикалық жəне əлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі.Жоспарлаудың үздіксіздік қағидатыперспективалық жəне жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен жəне жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі əдістердіңкөмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар: Есеп-қисаптық-талдамалық əдіс. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері жəне оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі.Сараптық бағалаулар əдісіжоспарлау объектінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың – сарапшылардың тəжірибесін пайдалануды қажет етеді.Нормативтік əдіскесəйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.Баланстық əдісшығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жəнеқаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады.Бағдарламалық-мақсаттыəдісəр түрлі деңгейлерде – жалпыұлттық, салалық, бастапқы деңгейлерде жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар негізіндегі қаржылық болжау əдістерінің бірі ретінде рынок жағдайларында дамып отыр.Экономикалық-математикалық əдістерЭВМ-ді пайдалана отырып, есеп-қисаптардың көп нұсқалылығы жағдайларында ең жақсы шешімдерді таңдауүшін қолданылады.

Қаржылық жоспар. Сату көлемі көрсеткіштеріне байланыстылықты үйлесімділік әдісі негізінде болжау Қаржылық жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-тењдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлау — бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады.Жоспарлау:экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс бо­лып табылады және әдеттегідей уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;ә)статистикалық(өткенжылдардың шығыстарын қосып,өткенжылдардыңсанынабөледі);б) нөлдік база төсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктеріменүйлестіріледі).Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бµлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.Қаржылық болжау мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала кµре білу, қаржы жоспарларының кµрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан б±рын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының т±жырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты — болжанған кезендегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады.Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нусқамалық) жоспарлау пайдаланылады; Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкілшегі анықталады.Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қол-данылады. Оны жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасты.Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса манызды мына қағидаларға негізделген:орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене үштасуын білдіреді;Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысты және өзара тәуелділігінде көрініп білінеді;Жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық және жылдық (ағымдағы ) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлаудың олардың міндеттерін нақтылаумен қол жеткізеді.Қаржыны жоспарлау белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:Экстраполяция (немесе коэффициенттер) әдісі; Нормативтік әдісі;Математикалық, үлгілеу әдісі;Баланстық әдіс; Сараптық баѓалаулар єдісі. Ќаржылыќ жоспарлауда тарихи мына ұйымдыќ ќаѓидаттар ќалыптасады: ведомстволыќ, салалыќ, аумаќтыќ жєне предметтік-маќсатты. Қаржы жоспарларың жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді.Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі.

Наши рекомендации