XXI ғасырдағы еуразияшылдық : бүгіні мен болашағы
Еуразия идеясын ХХІ ғасырда жаңаша саралау
Қазақстан интенсивті саяси үнқатысу және тығыз экономикалық ынтымақтастық ұстанып келеді. Қазақстан сондай-ақ ШЫҰ және АӨСШК шеңберлерінде тығыз іс-қимыл танытуда. 2009 жылдан бастап Қазақстан, Беларусь және Ресей Біртұтас экономикалық кеңістігін қалыптастырудың барлық заңгерлік мәселелерін пысықтау жұмыстарын жүргізіп келеді.
2012 жылдың 1 қаңтарынан Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың практикалық кезеңі басталды. Бірте-бірте үш елдің экономикалық саясатын үйлестірудің тетіктері, қызметтердің, капиталдар мен еңбек ресурстарының, біріздендірілген заңнамалардың трансшекаралық еркін қозғалысын қамтамасыз ету шындыққа айналды. Бизнестің ұлттық субъектілері БЭК-ке қатысушы әрбір мемлекеттің инфрақұрылымдарына теңдей қол жеткізу мүмкіндігін иеленді. Болашақта біртұтас көліктік, энергетикалық және ақпараттық жүйе қалыптасады.
ХХІ жүзжылдықта Еуразиялық одақты жаһандық дамудың нақты бақыланған трендтерінен тыс қалыптасқан жаһандық күштердің табысты орталығы ретінде көз алдыңа елестету мүмкін емес. Үстіміздегі жүзжылдықта аймақтану жалпыәлемдік үрдіске
айналды. Еуропалық одақ таяудағы жылдарда құрамына Хорватияны, болашақта Сербия мен Черногорияны және басқа елдерді қосу есебінен одан әрі кеңеюді жоспарлап отыр.
2010 жылғы ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясында біртұтас және бөлінбейтін Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік кеңістігін құру мақсаты белгіленді. Сондықтан бүгінде ХХІ ғасырдағы алыс болашаққа, мүмкін тіпті, одан кейінгі ғасырларға бағдарланған еуразиялық интеграция идеясын жаңаша саралау көкейкесті болып табылады.
Еуразиялық одақ: болашақтың стратегиясы
Еуразиялық одақ – бүгінгі күн мен болашақтың күрделі сынақтарымен өлшенетін мегажоба. Ол қалыптасуы тарихтағы ең күшті жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстар ықпалымен басталған жаңа әлемдік архитектураның органикалық бөлшегі болудың барлық мүмкіндіктеріне ие.
Әлем жаңа технологиялық төңкеріс табалдырығында тұр. Бүгінде Қазақстан үдемелі индустриялық-инновациялық даму жолын бетке алды. Біз болашақ ұлттық инновациялық экономиканың негізі ретінде заманауи өндірістік күштердің жаңа құрылымын құрудамыз. Мұндай міндеттер Ресейдің, ТМД-ның өзге де елдерінің алдында тұр.
Сондықтан біздің Біртұтас экономикалық кеңістігіміз инновациялар мен қуатты технологиялық серпінділіктің аумағы болуының маңызы зор. Бұл үшін біздің елдерімізді дамытудың модернизациялық және инновациялық ортақ алгоритмін түзу қажет.
Кеден одағы елдерінің үштігі пішінінде Еуразиялық сауда-өндірістік палатасын құру орынды. Олардың офистері Астанада орналаса алар еді. «Еуразия-24» тәуліктік жаңалықтар арнасын құру жөніндегі жұмыстарды бастау қажет. Бұл біздің елдеріміздің азаматтарын интеграцияның басымдықтары мен барысы туралы объективті және толық ақпараттандыру тұрғысынан маңызды.
ХХІ ғасырдың екінші онжылдығының басында еуразиялық интеграция идеясы Біртұтас экономикалық кеңістіктің нақты келбетін иеленіп келеді. Ол біздің елдеріміз бен халықтарымызды өркендеу мен игілікке бастайтын сенімді жол ретінде өзінің тарихи болашағын дәлелдей алды. Шешуші саяси шешімдер қабылданды.
73. Еуразиялық одақ әлемдік даму үрдісі мен жаһандану жұйесі аясында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ) құру туралы шартқа сәйкес құрылды. ЕурАзЭҚ-ты құру туралы шартта бұрын Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы 1999 жылғы [26 ақпандағы шартта айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тығыз және тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымдамасы негізге алынған. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың ұйымдастыру-құқықтық құралдары және жасалған халықаралық шарттардың бір мезгілде және бірдей орындалуының тетіктері, қабылданған шешімдерді іске асыруды бақылау жүйесін енгізу көзделген. ЕурАзЭҚ-ны құру туралы шартта Кеден одағы шеңберінде бұрын қабылданған шарттар мен шешімдердің сабақтастығы қамтамасыз етілген, олардың ішіндегі айқындаушылары мыналар болып табылады: Кеден одағы туралы келісім; 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кеден одағына қосылуы туралы келісім; 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономкалық және гуманитарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы шарт; 1997 жылғы 22 қарашадағы Кеден одағын қалыптастыру кезінде тарифтік емес реттеудің
бірыңғай шаралары туралы келісім; «Қарапайым адамдарға қарай он қарапайым қадам» мәлімдемесі.
ЕурАзЭҚ мақсаты мен міндеттері: Еркін сауда режимін толық көлемде ресімдеуді аяқтау, біртұтас кеден тарифін және тарифтік емес реттеудің біртұтас шаралары жүйесін қалыптастыру; мүше мемлекеттердің ДСҰ-мен және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара қарым-қатынасындағы келісілген ұстанымын тұжырымдау; Қоғамдастықтың сыртқы шекараларында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандамен және кедендік құқық бұзушылықтың өзге де түрлерімен күрес; экономикалардың келісілген құрылымдық қайта құруын жүргізу; бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, әлеуметтік-экономикалық даму; көліктік қызмет көрсетулердің ортақ рыногын және біртұтас көлік жүйесін қалыптастыру; ортақ энергетика рыногын қалыптастыру; білімнің ұлттық жүйелерін үйлесімдендіру, ғылым мен мәдениетті дамыту; Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің азаматтарына оның барлық аумағында білім және дәрігерлік көмек алуда тең құқық беру; ЕурАзЭҚ шеңберінде жасалған шарттар бойынша мемлекетішілік рәсімдерді орындау мерзімдерін үйлестіру; Қоғамдастық шеңберінде ортақ құқықтық кеңістік құру мақсатында қатысушы мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің өзара ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады.