Кәсіпкерліктің объектілері мен субъектілері, жүзеге асыру шарттары.

ҚР «Кәсіпкерлік» кодексінің 23-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілеріне:

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Осы кодексітің 24-бабына сәйкес:

1. Жұмыскерлердің жылдық орташа санына және жылдық орташа кіріске қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатқызылады:

- шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері;

- орта кәсіпкерлік субъектілері;

- ірі кәсіпкерлік субъектілері.

Кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы толық және анық ақпарат беруге;

4) қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау үшін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға не хабарлама жіберуге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға;

6) табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға;

7) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың және қызметті жүзеге асыру процесінде оларды басқарудың тиімділігін арттыруға;

Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.

Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:

1. Новаторлық қызметі. Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.

2. Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді.

3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді.

4. Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап, қорытындысына не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі қажет.

1. Экономикалық жағдайлар: Нарыққа тауар, қызметтер ұсы-ну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек.

2. Әлеуметтік жағдайлар. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалып-тастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты. Әрбір кәсіпкер әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау.

3. Құқықтық жағдайлар. Кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республика-сының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар.

Наши рекомендации