Тутанхамон қабірінің құпиясы

Ең сұмдығы, пирамида қуыстарының, бөлмелерінің құпиясын ашқан ғалымдар, зерттеушілер, археологтар бірінен соң бірі қайтыс бола берген. Әуелде тас мүсінде вирус бар деп саналғанмен, соңынан эпидемиологтар, дәрігерлер ешқандай вирус таба алмаған. Сөйтіп, түсініксіз опатқа «перғауынның қарғысы, кегі» деген ат берілген.Ежелгі перғауындар жайлы сөз болғанда Тутанхамон қабірінің құпиясын ашқан Говард Картердің экспедициясына тоқталмай өту мүмкін емес. Ұзыннан-ұзақ созылған дәліз, көп есіктер. Говард ең негізгі есікті ашып, бөлмеге енгенше көп сандалды. Қолындағы шырақпен арлы-берлі ұзақ жүрді. Әрбір есікті ашқан сайын көзге түсетіні тас еден, тас қабырға, бос бөлме... Кенет ауыр есікті күшпен итеріп ашқан Говард табалдырықта тұрып қалды. Сөйтті де тез ішке еніп кетті. Баспалдақтан түсіп келе жатқан Лорд Карнарвон мен Эвелин Герберт «Сіз бір нәрсе көрдіңіз бе? Неге үнсіз қалдыңыз?» деп жарыса сұрады.

— Иә, – деп жауап берді Говард қуанышпен, — шынында да ғажайып дүниелерге тап болдым.

Картер тапқан саф алтыннан жасалынған дүниелер, бастан-аяқ алтынмен апталған Тутанхамон мен оның әйелі Анхесенепаамонның және балаларының денесі табылған бұл қабір 3300 жыл бойы жұмбақ болып келген. Осынау ұшан-теңіз байлық келе-келе ұлы өнер туындысына айналды.Картер сол кезде өзінің үлкен жаңалық ашқанын білмеді. Бұл оның ең соңғы экспедициясы еді және аталған сапар оны шексіз атақ-даңққа бөлеп кетті. Алайда, Тутанхамон қабірін қазып, ондағы мол қазынаны мұрағатқа өткізіп, абыройы асқақтаған Говард Картер ... екі аяғынан бірдей айрылып, мүгедектер арбасына таңылып қалды. Терісі түгелдей зақымданып, шашы мен тырнақтары да өз-өзінен түсе бастады. Ағзасы жартылай уланған Говард тек дәрі-дәрмектің көмегімен ғана тірі жүрді. Қалған өмірі нақ тамұқтың өзіне айналғандай еді...Ежелгі перғауындардан қалған мына бір сөз кімнің де болсын үрейін ұшырары сөзсіз: «Кімде-кім мәңгілік тыныштығымызды бұзар болса, оның жазасы тек өлім!»

II.Қазақстанның көрікті жерлері

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды. Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.

Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай, көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.

Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен (Жаңақорған т.б.), климатпен емдейтін болып үшке бөлінеді.

Минералды сумен емдейтін санаторийлерге Түркісіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға болады. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийлерге Шортанды, Мойылды, Атырау, Жаңақорған санаторийлері жатады. Қазақстанның санаторий-курорттарында климатпен емдеудің бірнеше түрлері: гелиотерапия - күн сәулесімен емдеу, аэротерапия - ауамен емдеу, мезгіл-мезгіл таза ауада болу (терренкур), жаяу туризмге шығу т.б. емдеу әдістері қолданылады.

Кербез Көкше

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы. Иісі қазақтың жер жәннаты. Осынау кербез өңірдің әр тасы киелі, әр пұшпағы қымбат. Аты аңызға айналған, талай ақын таңқалған, дүлдүл жырын арнаған Оқжетпеске қиялың жетсе де, жанарың жетпес. Қараған көз қанша аймаласа да құмары қанбас, сұлу сырдың сүлейі Мағжан, кестелі сөздің зергері Сәкен айтып тауыса алмаған көріктің, міне осы.

Сол биікке көк аспан іңкәр болса, тәкәппар Оқжетпес етегіндегі Айнакөлге қарап өз көркіне өзі құмартады. Күміс көл айнала сұлулыққа әсем жарасып, сылқ-сылқ күледі. Мөлдіреген жанары, періште көңілі кіршіксіз.

Сарыарқаның сайын даласында отау тіккен Бурабай жұмақты қиялынан іздеген қазаққа туған топырағынан табылған жерұйық. Жасыл желек, саф алтын, кербез тау қам көңілдің жұбанышы, үкілі үміттің жебеушісі, сұлулыққа іңкәр жүректің сезім тербер бесігі.

"Шеш көңілімнің жұмбағын" деп қылықты назданған Жұмбақ тас көл бетінде жеңіл жүзгендей. Ғасырларды сұқтандырған, дәуірлерді тамсандырған ерекше көрініс, өз алдына құпия әлем. Сол әлемге атам қазақтың ұлы тарихы тұнған. Көкшенің көркіне, хор қызындай жасанған келбетіне қарап аршылғың келеді, көлеңке атаулыдан арылғың келеді. Судан сапырылысқан заманның аласапыранында бір сәт дамылдағың келеді. Көкшені берген, көріктіңді берген жаратқанға мың да бір алғысыңды ағыңнан жарыла айтқың келеді. Ару Көкшедей ажарлы болғың келеді.

Алакөл

Алакөл- Семей, Талдықорған облыстарының аралығындағы Балқаш-Алакөл қазан шұңқырында, теңіз деңгейінен 343 м биіктікте жатқан ағынсыз, тұзды көл. Көлемі - 2650 шаршы шақырым. Ұзындығы 104 шақырым, ені 52 шақырым. Орташа тереңдігі - 22 метр. Көлдің дәл ортасында үлкен және кіші Арал төбе бар. Алакөлге Үржар, Қатынсу, Емел өзендері құяды.

Алакөлде ақ пен көк кезек-кезек алмасып жатады. Ақ жері - жылы, көгілдір тұсы - салқындау. Алакөл аталуы да осыдан. Бірақ негізінен көл жанға жайлы, жып-жылы. Жылы болғандықтан да жұп-жұмсақ.

Алакөлден сазан, көкбас, алабұға балықтары ауланады. Суы тұзды, денсаулыққа пайдасы зор. Мың да бір дертке шипа.

Ел болашағы - білікті маман қолында. Өз пікіріңізді білдіріңіз. Қарсыласу немесе келісу мәндегі сөйлемдерді пайдалана отырып, пікіріңізді дәлелдеңіз

Біз жоғары білікті маман болсақ және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлесімізді қоссақ дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен аспирантура толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады.

Қазіргі заман талайына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан жылға көбейтіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді.

Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаздығын, кез келген ортаға бейімділігін аскерсек, қай заманда болмасын олар қоғамның үлкен қорғаушы күші.

Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандықтарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек.

Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.

Иә, еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында. Оған Сіздің қосар үлесіңіз қандай? Әңгіме өзіңізде!

Ініңізге қазақтың күй өнері туралы мәлімет жинау тапсырылған. Көмектесіңіз. Күй өнерінің тарихы, атақты күйшілер, олардың күйлері туралы баяндаңыз.

Күй

«Жауын» қолға түсірген түрікпеннің жас батыры көңілі шалқып, дутарын қолына алады да түрікпеннің бір күйін безілдете жөнеледі. Тұтқын қазақ күйшінің жанындағы түрікпен шалына қарап, байлаулы қолын шештіруін өтінеді. Ауыл ақсақалы тұтқынның қолын шештіреді. Тұтқын қазақ саусақтарын ашып-жұмып, қолы аздап жазылған соң жас батырға қарап үн-түнсіз “дутарыңды бере тұр” дегендей қолын созады. Тұтқынның бұл қылығына таң қалған түрікпен батыры “не істер екен” дегендей қазаққа дутарын ұсынады.

Тұтқын қазақ дутарды қолына алды да, оның құлақ күйін келтіріп алып, сәл бөгеліп қазақтың бір күйін төгілте жөнелді. Салалы саусақтары жорғалай майпаңдап, құрақ мойын дутардың сағағында бұлдырай жөнелді. Түрікпеннің жас батыры манағы жауығуды түгел ұмыттырып, күй ырғағымен теңселе бастайды. Тұтқын қазақтан мұндай өнерді күтпеген үй-ішіндегілер аң-таң, әлгі тартылған күйден кейін оның құдіретті әсерінен айыға алмай, біраз үнсіз отырып қалады. Біраздан соң түрікпен ақсақалы тұтқынға өзгеше ризашылықпен қарап тіл қатады:

– Жігітім, әлгі тартқаның Абылдың күйі емес пе? – деп сұрайды күйшіден.

– Ия, ақсақал, соның күйі.

– Күйді Абылдың өзінен үйрендің бе?

– Егер мен Абылдың өзі болсам қайтесіз?! – дейді күйші.

– Не дейді? Сен Абылдың өзісің бе?

Тұтқын қазақ үнсіз басын изейді. Түрікпен ақсақал жас батырға “Сен кімді тұтқындағаныңды білесің бе?” дегендей жақтырмай қарайды. Абыл Тарақ ұлының күйшілік атағы көрші түрікпен еліне мәлім болған кезі екен (Абыл – артына бірнеше күй қалдырған, тарихта болған адам. Ол 19 ғасырдың аяқ кезінде дүние салған).

– Жә, қазан асыңдар! Егер Вели Абылды ұрымен шатастырып осында айдап әкелмесе, оның күйін өзінен ести алар ма едік, - дейді қария.

Жаңа ғана Абылға “қазақ ұрысы” деп, өштене, жауыға қараған түрікпендер құрметті қонағы келгендей мәре-сәре болады, одан кешірім сұрайды. Тұтқын бұл елдің қонағына айналады. Күй құдіреті – жауыққан түрікпен мен қазақты осылайша табыстырады.

Наши рекомендации