Аржылық - экономикалық дағдарыс және оның Қазахстанның қаржылық және экономикалық жүйесіне әсері 3 страница

Қаржылық менеджменттің негізгі көрсеткіштерінің маңызы: экономикалық пайда, экономикалық қосылған құн, экономикалық пайдалылық (рентабелдік), таза келтірілген құн, нарықтық қосылған құн. Экономикалық пайда дегеніміз - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" " Экономикалық пайда - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" . Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жат-қызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай арт-ты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табы-лады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның ендірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің мен-шікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бүл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.Пайда есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйым-дар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызме-тін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынн... ың активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. Экономикалық қосылған құн көрсеткіші – капиталды тарту бойынша барлық шығындарды шегергендегі компанияның салықтан кейінгі экономикалық пайда көрсеткіші. Бұл көрсеткіш – компания құны мен акционерлердің жағдайын қалыптасу (жағымды мән жағдайында немесе жою көрсеткіші)Экономикалық қосылған құн жеке топтар немесе бөлімшелердің қосылған құнын құру рөлін анықтайтын құрамдастарға бөлінетіндіктен, ол компанияда жасылынған жұмыс үшін дифференциылданған сыйақылар үшін арнайы қағидаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Экономикалық қосылған құн, егерде белгілі бір кезеңде өндірілген өнімнің (дайын өнімдер қоры және аяқталмаған өндірісті қосқанда) құнынан өндіріске қолданған материал қаражаттарының (шикізат, энергия және т.б.) және басқа кәсіпорындардың көрсеткен қызметінің құнын алып тастағандағы нәтижесі – шындығында шикізатқа, энергияға және т.б. құнына эконономикалық қосылған құн болып шығады.Экономикалық қосылған құнның көлемі кәсіпорын әрекетінің ауқымын және оның ұлттық байлықты қалыптастыруға қосқан үлесін көрсетеді. Экономикалық қосылған құннан қосылған құн салығын шегеру арқылы келесі көрсеткіштерді құрастыруға көшеміз.Активтердің экономикалық рентабелділігі немесе кәсіпорынның бүкіл капиталының экономикалық рентабелділігі, оның меншікті және қарыз қаражатының сомасы. Біз салым және шығын тиімділігін сипаттаушы өндіріс рентабелділігінің жалпы формуласына негізделген, жалпы көрсеткіштерді қолданамыз:(өндіріс нәтижесі / шығын және салым) * 100Біз бұл формуланың алымына инвестицияны пайдаланудың нетто нәтижесін қоямыз, ал бөліміне кәсіпорын активтері балансындағы шығындармен салым қаражаттарынескеріп,активтеркөлемінқоямыз:ЭР=(ИПНН/Актив)*100=((БП+өнімнің өзіндік құнына жатқызатын несие проценті)/актив)*100Актив пен пассивтің тең болуына байланысты, ол меншікті және қарыз қаражаттарының жиынтығынкөрсетеді:ЭР=(ИПНН/Актив)*100=(ИПНН/Пассив)*100=(ИПНН/(меншікті қаражат+қарыз қаражат))*100=(ИПНН/кәсіпорынның жинақы капиталы)*100ЭР – кәсіпорын үшін өте маңызды көрсеткіш, өйткені экономикалық рентабелділіктің жеткілікті деңгейі қазіргі және келешектегі табыстың кепіл. Экономикалық рентабелділіктің негізгі элементтерінің анықталуы. Экономикалық рентабелділік формуласын айналым/айналым=1 көбейту арқылы ЭР өзгертеміз. Мұндай, операциядан рентабелділік көлемі өзгермейді, бірақ рентабелділіктің екі маңызды элементтері пайда болады: коммерциялық маржа (КМ) және трансформациялық коэффициент (ТК):ЭР=(ИПНН/Актив)*(айналым/айналым)*100=(ИПНН/айналым)*100*(айналым/актив)= КМ*100*ТКЭкономикалық қосылған құн көрсеткіші – капиталды тарту бойынша барлық шығындарды шегергендегі компанияның салықтан кейінгі экономикалық пайда көрсеткіші. Бұл көрсеткіш – компания құны мен акционерлердің жағдайын қалыптасу (жағымды мән жағдайында немесе жою көрсеткіші)Экономикалық қосылған құн жеке топтар немесе бөлімшелердің қосылған құнын құру рөлін анықтайтын құрамдастарға бөлінетіндіктен, ол компанияда жасылынған жұмыс үшін дифференциылданған сыйақылар үшін арнайы қағидаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Экономикалық қосылған құн, егерде белгілі бір кезеңде өндірілген өнімнің (дайын өнімдер қоры және аяқталмаған өндірісті қосқанда) құнынан өндіріске қолданған материал қаражаттарының (шикізат, энергия және т.б.) және басқа кәсіпорындардың көрсеткен қызметінің құнын алып тастағандағы нәтижесі – шындығында шикізатқа, энергияға және т.б. құнына эконономикалық қосылған құн болып шығады.Экономикалық қосылған құнның көлемі кәсіпорын әрекетінің ауқымын және оның ұлттық байлықты қалыптастыруға қосқан үлесін көрсетеді. Экономикалық қосылған құннан қосылған құн салығын шегеру арқылы келесі көрсеткіштерді құрастыруға көшеміз.ЭҚҚ тұжырымдамасы компанияның қызметін бағалаудың түрлері модельдерін біріктіруге мүмкіндік беретіндіктен, ЭҚҚ-ды ұзақ мерзімге қолдануға мүмкіндік береді. Ол үшін рыноктық қосылған құны – рыноктық қосылған құнды қолдансақ болады. Ольсен моделі бойынша ЭҚҚ – капиталдың рыноктық құны мен оны алғашқы инвестициялаған кездегі капитал арасындағы айырмасы арқылы анықтайды. Ол тек активтерге орналастырылған инвестициялардың қосылған құнын ғана қоймай, сондай-ақ болашақ жобалардың қосылған құнында есептеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда, экономикалық пайданың болжанған мәнін бағалау сәйкестікте компанияны бағалауға алып келеді, V=БК+РҚҚ; БК:қарастырылып отырған кезеңнің басындағы бағаланған капитал; РҚҚ- рыноктық қосылған құн; меншікті капиталын бағалау МК= V-ҚК; ҚК-қарыз капиталы.РҚҚ рыноктық құн және компания капиталына инвестицияланған баланстық құн арасын айырмасы арқылы анықталады: РҚҚ=Борыштың рыноктық құны+Рынокты капиталдандыру-Жиынтық капитал. Берілген көрсеткіштерді есептеуде, есептеу әдістерінде жіберілген, қателіктерді жөндеу үшін жиынтықты капиталдың балансын бағалауға түзетулер енгізілген жөн. Корпорациялық қаржылардың рыноктық қосылған құны теориясының айқындамасы барлық болашақ инвестициялардың дисконтталған құнын көрсетеді. Сондықтан бұл көрсеткіш компания боырышының рынлктық құнын және рыноктық капиталдандыруды қарастырушы, құндылықты құрудың ең бір нақтылы белгісі. Біздің пікірімізше РҚҚ, компанияның құнын қамтып көрсеткенімен барлық деңгейдегі қабылданған шешімдердің тиімділігін көрсетпейді, сондықтан уәждеменің құралы бола алмайды. Бұл рыноктық капиталдануға көптеген сыртқы факторлардың ықпал етуімен байланысты. Олардың бір бөлігі компания менеджментімен бақыланбайды. Сонымен бірге егерде берілген көрсеткіштер негізінде компания жұмысын бағалаған жайда, акциялардың бағамдық құнына қысқа мерзімді ықпал етуші, бірақ ұзақ мерзімді болашақта құндылықты талқандауға шешім қабылдануы мүмкін.

Қаржылық менеджменттің тұжырымдамалары Қаржы менеджменті кәсіпорындар мен ұйымдардың нақты және қаржы активтерін қалыптастыру және пайдалану нәтижесінде туындайтын ақшаағымының қозғалысы жөнінде басқарушылық шешімдерін қабылдау меноларды жүзеге асыру қағидалары мен әдістерінің жүйесін сипаттайтын ғылым.Ол қаржының қазіргі теориясының негізінде жасалған және қаржынарығындағы дамудың бағыт-бағдарын зерттеуде қолданылатын төмендегітұжырымдарға сүйенеді: идеальды капитал нарығының тұжырымы;дисконтталған ақша ағымының тұжырымы; капитал құрылымының (Модильяни-Миллер) тұжырымы; дивидендтер теориясы (Модильяни-Миллер);қоржын (портфель) теориясы және қаржы активтерінің табыстылығын

бағалау моделі;опциондардың баға белгілеу теориясы; нарықтың тиімділігі гипотезасы;агенттік қатынастар тқжырымы және т.б.Күнделікті іс-тәжірибеде қаржы менеджментінің төмендегі 4 негізгі тұжырымықолданылады:1. Ақшаның уақыттағы құны тұжырымы, яғни қаржы нарығындағы пайданыңнормасын есепке алғанда (әдетте несие пайызының нормасы), ақшаның құныуақыт жөнінен өзгеріп отырады. Бұл тұжырымға сәйкес белгілі бір сомадағыақшаның құны уақыттың әр кезеңінде әр түрлі болады, яғни қазіргі кезеңдегіақшаның құны әдетте уақыттың болашақ кезеңдегі құнынан жоғары болады.2. Инфляция факторын есепке алу тұжырымы инфляцияға байланысты ақша қаражаттарының құнсыздануынан болатын табысты жоғалтулардың орнынтолтыруда активтермен ақша ағымының құнын нақты көрсетуге негізделеді.3.Тәуекел факторын есепке алу тұжырымы кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне ықпал ететін жағымсыз қаржы салдарын мейлінше азайтуға, қаржылық операциялардың табыстылығын қамтамасыз ету үшін оныңдеңгейін объективті бағалауға негізделеді.4. Өтімділік факторын бағалау тұжырымы инвестицияланатын объектінің табыстылығын қамтамасыз ету үшін оның тімділік деңгейін объективті бағалауға негізделеді.Қаржы менеджментінің негізгі санаттарына тоқталайық.Қаржы ресурстары деп кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерін орындауға және ұдайы өндіріс шығындарын өтеуге арналған табыстар мен сыртқы ақша түсімдері нысандағы ақша құралдарының бір бөлігін айтады. Қаржыресурстары өзінің қалыптасуына қарай ішкі (меншікті) және сыртқы(тартылған), ал кәсіпорынның иелігінде болу уақытына байланысты қысқа жәнеұзақ мерзімді болып бөлінеді.Капитал – кәсіпорынның айналымына салынған және осы айналымнан табыс әкелетін қаржы ресурстарының бір бөлігі. Егер кәсіпорын капиталының мөлшері қаржы ресурстарының көлеміне жақындаса, онда кәсіпорынның тиімді жұмыс жасағандығы. Капитал кәсіпорынға тиістілігіне қарай: меншікті (өз меншігіндегі) және қарызға алынған (заемдық) болып бөлінеді.Меншікті капитал – бұл кәсіпорынның активтерін құру үшін пайдаланатын меншік құқығындағы ақша құралдарының құны. Қарыз капиталы қайтарымдылық шартымен тартылған ақша құралдары мен басқа да мүліктік құндылықтарды білдіреді.Капитал өндірісте пайдалану сипатына қарай: негізгі және айналым капиталыболып бөлінеді.Негізгі капитал – бұл кәсіпорынның айналымнан тыс активтерінің барлықтүрлеріне салынған капиталының бір бөлігі. Айналым капиталы – айналымактивтеріне салынған капитал. Кәсіпорын капиталының қызмет етуі негізгі үшсатыдан тұратын айналыс процесімен сипатталады. Бірінші сатыда – капитал ақшалай нысанда операциялық активтерге инвестицияланады; екінші сатыда –өндіріс процесінде капитал тауарлы нысанға айналады; ал үшінші сатыда –тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудың негізінде тауарлы капитал ақшақұралдарына ауысады.

Қаржылық орнықтылық пен орнықсыздық факторларының жіктелуі. Компания қаржысын басқарудың мақсаты – компанияның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтығын қамтамасыз ету және қолдау. Өзінің кең мағынасында қаржылық тұрақтылық дегеніміз ұдайы өндірісті кеңейту үшін қажетті табыс ала отырып және төлемдер бойынша барлық міндеттемелерді өтей отырып кәсіпорынның қызмет ету қабілеті болып табылады. Бұл мағынада шаруашылық субъектісі қаржылық тұрақты болып табылады, егер: активтердің табыстылығы банктік несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемеден төмен болмаса; меншікті капиталдық табыстылығы активтердің рентабельділігінен төмен болмаса; түсімдер мен төлемдер тең болса немесе орта мерзімдегі таза ақша ағыны оң нәтижелі болса; компанияның ондірістік патенциялын қамтамасыз ету үшін таза табыс пен амортизациялық аударымдар жеткілікті болса. Қаржылық тұрақтылық интегралды шаруашылық субъект қызметінің жағдайы мен нәтижелерін қорытындылаушы көрсеткіш болып табылады. Қаржылық тұрақты болу үшін қадағалануы тиіс шарттар жүйесін қалптастыруға болады. Бұл ең алдымен практикалық жағынан маңызды, өйткені мұңсыз қаржылық талдау да, қаржылық жоспарлау да, жалпы қаржылық бсқару да өзінің бағытынан, тіпті мағынасынан да айырылады. Алайда, қаржылық жағдайды және қызмет нәтижелерін сипаттайтын нақты көрсеткіштерді немен салыстыруға болады, қандай жағдай «қолайлы» болып саналады? Кәсіпорын тұрақтылығы мен бизнестің потенциалды тиімділігі көбінесе ағымдағы активтерді басқару тиімділігіне, қанша және нақты қандай айналым құралдарының қолданылуына, запастардың мөлшері мен активтердің ақшалай түрлеріне байланысты. Қаржылық ресурстардың құрамы мен құрылымы, оларды басқаруда дұрыс стратегия мен тактика таңдау. Кәсіпорында неғұрлым өзінің қаржылық ресурстары, одан бұрын пайдасы көп болса, соғұрлым ол кәсіпорын өзін тыныш сезіне алады. Бұл жағдайда тек пайданың жалпы көлемі ғана емес, сонымен қатар оның жұмсалу бағытының құрылымы және ең бастысы өндірісті ұлғайтуға бағытталған бөлігі, содан соң бөліну саясатының бағасы мен пайданы қолдану кәсіпорынның қаржылық орнықтылығына анализ жүргізу барысында алға қойылады. Пайданы екі бағытта қолдануға анализ жасау өте маңызды екенін айта кеткен жөн: Біріншіден, ағымдағы қаржылық қызметке – айналым құралдарының құралынуына, төлемқабілеттіліктің нығаюына, өтімділіктің ұлғаяына және т.б.; Екіншіден, капиталдық шығындар мен бағалы қағаздарды инвестициялауға. Ішкі анықтаушы факторлар: өндірілетін өнім құрылымы, оның жалпы төлемқабілетті сұраныстағы үлесі; шаруашылық субъектісінің қызметінің саласы; жарғылық капиталдың төленген мөлшері; ақшалай табыстармен салыстырғанда игерілмеген қаражаттардың мөлшері мен құрылымы; мүліктік жағдайы мен қаржылық ресурстар, запастар мен резервтерді қоса алғанда, олардың құрамы мен құрылымы. Сыртқы ортаның негізгі факторларын 4 топқа бөліп қарастыруға болады: құқықтық және саяси факторлар. экономикалық факторлар; әлеуметтік және мәдени факторлар; технологиялық факторлар. Факторларды 2 топқа бөлуге болады: кәсіпорын қызметіне байланысты емес (сыртқы факторлар немесе экзогендік): Жалпы экономикалық факторлар: ұлттық табыс мөлшерінің төмендеуі; инфляция деңгейі; төлем айналымының тежелуі; салық жұйесінің тұрақсыздығы; басқаратын заңнаманың тұрақсыздығы; қоғамның шынайы табыс деңгейінің төмендеуі; жұмыссыздық деңгейі. Нарықтық факторлар: ішкі нарық сыйымдылығының төмендеуі; нарықтағы монополияның ұлғаюы; сұраныстың төмендеуі; ұсыныстың ұлғаюы; қор нарығының белсенділігінің төмендеуі; валюталық нарықтың тұрақсыздығы; Басқа да факторлар: саяситұрақсыздық; демографиялық жағдай; табиғи апаттар және т.б. Кәсіпорын қызметіне байланысты (ішкі немесе эндогендік) факторлар: Қаржылық орнықсыздық пен төлемқабілетсіздікке сыртқы факторлардан бәрінен бұрын экономикалық (баға деңгейі, өндірістің жалпы төмендеуі, төлемеу салдарынан дағдарыс, қарыз болған тұлғалардың банкрот болуы), саяси (қоғамдағы саяси тұрақсыздық, экспорт пен импорт шарттары); ғылым мен техниканың даму деңгейі (технологияның ескіруі, ғылыми өндіріске капитал салымының жеткіліксіздігі).

Қаржылық тәуекелдерді төмендету әдістері.Тәуекел дегеніміз- мүмкін болатын қауіпті шығындары. Қаржылық менеджерге тәуекелдік- бұл қолайсыз мүмкіндігі. Тәуекелдік –бұл экономикалық әдреже, ол болатын немесе болмайтын оқиғаны көрсетеді. Оқиға брлатын кезде, 3экономикалық нәтиже болуы мүмкін: -Жарамсыз

-Нөлдік –ұнамды. Кәсіпорынның қаржылық тәуекел-бұл иеленушілер мен менеджерлерінің қабылдаған альтернативті қаржылық шешімінің нәтижесі. Қаржылық тұрақтылықтың төмендету тәуекелі. Осы тәуекел кәсіпорынның оң және теріс ақша ағымларының көлемі бойынша балансталумен тудыратын, капитал құрылымының жіктелуімен генерцияланады. Тәуекелдің осы түрі қауіпті дәрежесі бойынша қаржылық тәуекел құрамында жүргізуші ролді ойнайды. Қаржы тәуекелінің бастапқы кезең деңгейін төмендету амалдары. Бірінші сатыда-қарастыратын қаржылық тәуекелдерінің басқарк деңгейін қарастырады, Екінші сатыда-қарастырылатын тәуекелдерді сақтандару компанияларға жіберу мүмкіндігін қарастырады. Үшінші сатыда-жеке қаржылық тәекелдер деңгейін төмендету қамтамасызететін кәсіпорынның ішкі қаржылық мүмкіндіктері бағаланды. Қаржылық тәуекелдің бастапқы деңгейін бағалануға негізінде, оны төмендеті мүмкіндігін туекелді шешімді қабылдау процесі екі баламаға келеді. Қаржылық тәуекелді қабылдау және оны болдырмау.

Қаржының ерекшелік белгілерімен атқаратын қызметтері. Әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы бар осы заманғы мемлекеттерде қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да – ақша, табыс (пайда), өзіндік құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын (тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін анықтау, өндірісті ынталандыру, кәсіпорындар қызметінің нәтижелерін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан өзінің айрықшалықты белгілері бойынша айырмашылығы бар.

Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі суб- ъектілері арасындағы ақшалай және тек ақшалай қатынастарды ғана білдіреді. Сондықтан қар­жы­лық­ қа­ты­нас­тар­дың­ ақ­ша­лай си­па­ты­ – ­қар­жы­ның­ ма­ңыз­ды­ бел­гі­сі. Қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты мен ұдайы өндірістік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені бұл белгілер бағағада, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.

Қаржылық қатынастар өзінің негізінде ұдай­ыөн­ді­ріс­тік қатынастар болып табылады. Қар­жы­лық­ қа­ты­нас­тар­дың­ ұдай­ы өн­ді­ріс­тік­ си­па­ты ­эко­но­ми­ка­лық­ ка­те­го­рия­ ре­тін­де­ олар­дың­­ ай­рық­ша­ бел­гі­сі болып табылады.

Қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты мен ұдайы өндірістік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені бұл белгілер бағағада, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.

Наши рекомендации