Кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері

Кіріспе

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:

· Шаруашылық серiктестiк;

· Акционерлiк қоғам;

· Өндiрiстiк кооператив;

· Шаруа қожалықтары;

· Жеке (дара) кәсіпкерлік.

Жоғарыда аталған ұйымдық-құқықтық нысандардың барлығы біздің нарықтық экономикадағы ҚР үшін инновациялық шаруашылық нысандары болып табылады. Өйткені жоспарлы экономикада меншіктің барлығы мемлекет қарамағында болды. Ал нарықтық экономикаға көшу барысында кәсіпорындарды жекешелендіру операцияларының арқасында кәсіпорындардың жаңа ұйымдық-құқықтық нысандары қалыптаса бастады.

Енді нарықтық экономикадағы ҚР кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын ҚР-ның Азаматтық Кодексіне (жалпы бөлім) суйене отырып талдайық.

ҚР АК 21 бабына сәйкес заңды тұлға деп сотта жауапкер және талапкер бола алатын , мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды (авторское права, тауар белгісі) жүзеге асыра алатын және оларға ие бола алатын, өзінде шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруында оқшауланған мүлкі (иелік жасай алмайды) болатын және өзінің міндіттемелері бойынша осы мүлікпен жауап беретін ұйым танылады. Заңды тұлғалардың жеке балансы немесе сметасы болуы керек. Заңды тұлға деп міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан танылады. Заңды тұлғаның ұйымдық – құқықтық формасын белгілейтін атауы болады. Ұйымдық – құқықтық формасына байланысты заңды тұлға жарғы немесе құрылтайшылардың келісім-шарттары негізінде әрекет етеді.

Кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері

Кәсіпкерлердің құқықтары дегенде, біз жеке және кәсіпкерлік ұйымдардың құқықтарын түсінеміз. Кәсіпкерлердің құқықтары заңдармен белгіленеді. Кәсіпкерлердің азаматтық құқықтары мен міндеттері:

- заңда қарастырылған келісім-шарттар мен мәмілелерден (айырбас шарты, факторинг шарты, франчайзинг шарты және т.б.),

- заңда қарастырылмаған бірақ заңға қайшы келмейтін келісім-шарттар мен мәмілелерден,

- азаматтық құқықтық міндеттерін белгілейтін сот шешімдерінен,

- заңмен жол берілетін мүлікке ие болу нәтижесінде,

- ғылыми, мәдени, әдеби, туындылар құру нәтижесінде,

- өзге тұлғаға зиян келтіру нәтижесінде,

- азаматтардың және заңды тұлғалардың өзге әрекеті нәтижесінде туындайды.

Қолданыстағы заңнамада кәсіпкер келесідей құқықтарға ие:

- заң рұқсат беретін кәсіпкерліктің кез-келген түрімен айналысуға,

- кез-келген ұйымдық – құқықтық формадағы жеке кәсіппен айналысуға,

- кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға қажет өз қарамағында кез-келген мүлікке ие болуы (мүліктің көлемі заңмен шектелмейді),

- өз бизнесін жеке жоспарлауға тауарды тұтынушыларды таңдауға,

- өндірістің барлық факторларын тасымалдаушыларды таңдауға,

- заңға сәйкес кәсіпкерлік келісім-шарттарды жүргізуге жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақы мөлшерін бекітуге,

- қосымша материалдық көмек көрсетуге (бірақ бұл құқықтар құрылтайшылар құжаттарында көрсетілуі қажет және еңбек заңына қайшы келмеуі тиіс),

- жалдамалы жұмысшыларға қосымша демалыс беруге,

- жұмысшыларды еңбек заңына сәйкес келісім-шарт арқылы жұмысқа тартуға,

- сыртқы экономикалық, сыртқы сауда әрекетімен айналысуға,

- кез-келген банкте есеп-шот ашуға,

- тауар өндіруге,

- қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алуға,

- зейнетақы, медециналық және әлеуметтік сақтандыруға,

- мемлекеттік билік органдарының заңсыз шешімдеріне өзінің заңды құқығын қорғауға құқылы.

ҚР Салық кодексінің бірініші бөліміне сәйкес кәсіпкер салықтөлеуші ретінде келесідей құқықтарға ие:

- тіркелген жеріне байланысты салық органдарынан қолданыстағы салықтар және жиындар туралы тегін ақпарат алуға,

- салық органдарынан салық туралы заңдардың қолданылуы туралы жазбаша түсініктемелер алуға,

- салық туралы заңдарда бекітілгендей белгілі бір жағдайда салық жеңілдіктерін қолдануға,

- салық кредитін кейінге қлдыруға, ұзатуға болады,

- салық органдарының басшыларынан салық туралы заңдарды орындауды талап ете алады,

- салық заңына сәйкес келмейтін заңдарды орындамауға,

- салық органдарының қызметкерлерінің шешімдеріне белгіленген тәртіпте шағымдануға,

- салық құпиясын сақтауды талап ете алады,

- салық органдары қызметкерлерінің заңға қайшы келетін шешімдеріне белгіленген тәртіпте шығын көлемін қайтаруды талап ете алады.

Ал жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде жоғарыда аталып өткен құқықтармен қатар келесідей құқықтарға ие бола алады:

- толық серіктестердің қатысушысы бола алады,

- акционерлік қоғамның атқарушы органы бола алады (АҚ келісілген шарт бойынша),

- белгіленген тәртіпте арбитраждық (шаруашылық істерді) басқарушы бола алады (ішкі, сыртқы, конкурстық),

- бағалы қағаздар нарығында брокер бола алады,

- аудиторлық (тексеру) әрекетпен айналысу.

Кәсіпкердің міндеттері. Шаруашылық субъекті ретінде кәсіпкердің міндеттері азаматтық заңнамада бекітілген. Кәсіпкердің негізгі міндеттері:

- белгіліленген уақытта салық органдарында тіркеуде немесе бюджеттік емес өкілетті мемелекеттік органдарда тіркелу керек,

- заңда бекітілгендей салық көлемін уақытысында төлеуге,

- салық органдарына табыс, өзге құжаттар мен мәліметтерді уақытысында өткізуге, яғни осы мәліметтерден олар салықты өзге міндетті төлемдерді санай алады,

- бухгалтерлік есеп жүргізуге, заңға және нормативті актілерге сәйкес қаржылық-шаруашылық әрекеттің есебін жүргізуге (олардың сақтау мерзімі 4 жыл),

- белгіленген тәртіпте заң бекіткен әрекеттің кез-келген түріне лицензия алуға,

- қолданыстағы стандартар мен сертификатқа сәйкес қызмет көрсетуге, тауар шығаруға,

- өзінің әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға, халықтың денсаулығы мен өміріне зиян келтірмеуге,

- жалдамалы жұмысшыларға санитарлы-гигиеналық және еңбек қауіпсіздігіне қажетті жвғдвй туғызуға,

- белгіленген тәртіпте кәсіби ұйымдармен келісім-шарт жүргізуге және оларды уақытысында орындауға,

- тауар нарығында монополиялық әрекетке жол бермеуге, жосықсыз бәсекеге, нарықтаға орнымен теріс пайдалануға болмайды,

- монополиялық жоғары немесе монополиялық төмен бағаларды орнатуға болмайды, бағаны реттеу туралы заңдарды қадағалауға,

- белгіленген тәртіпте кіріс пен шығындардың, өндіріс шығындарын және тауар (жұмыс, қызмет) жүзеге асыруға кеткен шығындардың есебін жүргізуге,

- азаматтық заңдарға сәйкес мәмілелерді орындауға, кәсіпкерлік келісіс-шарттарға отыруға және оларды орындауға,

- өзінің тауарына сәйкес келмейтін жарнаманы беруге болмайды,

- белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарға қаржылық-шаруашылық әрекеттің нәтижелері туралы толық көлемде статистикалық есеп беріп тұруға міндетті.

Кәсіпкерлер азаматтық, арбитраждық, әкімшілік, қылмыстық заңдарға сәйкес өзге де міндеттерді орындау қажет.

Наши рекомендации