Студент - болашаҚ басшы, істі Ұйымдастырушы

«Қоғам» ұғымы біздің ойымызға алдымен «Қызыл Крест-Қызыл Жарты Ай қоғамы», «Кітап сүюшілер қоғамы» сияқты адамдардың топтасып, белгілі бір пайдалы іс тындыруға бағытталған ұйымдарын еске түсіреді. Қоғам сөзі бұдан ауқымды және күрделі мағынада да қолданылады. Мысалы, Қазақстан қоғамы дегенде, біз өзіміз азаматы болып табылатын мемлекетті, оның халқын ойға аламыз. Әр жеке адам қоғаммен ондаған, жүздеген арналар арқылы байланыс жасайды. Бір мезгілде адам бірнеше – отбасы, еңбек, кәсіподақ, саяси партия, балабақша, мектеп, университет, футбол командасы, тұрғын үй-құрылыс кооперативі сияқты бірлесумен байланыста болуы мүмкін. Қоғамдық қатынастар материалдық және рухани қатынастарға жіктеледі. Қоғам тіршілігіне қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Өйткені ол қоршаған ортамен тығыз байланыста өмір сүреді. Материалдық игіліктерді өндіруі, адам қоғамының өмір сүруі мен дамуы үш бағыттан тұрады: адам мен адамдар арасындағы; қоғам мен қоғам арасындағы; қоғам мен табиғат арасындағы. Азаматтардың маңызды құқықтарының бірі – көркемдік, ғылыми және техникалық шығармашылық еңбекпен айналысу. Мемлекет студенттердің және азаматтардың рухани шығармашылыққа ұмтылуын қолдап отырады. Жоғары оқу орындарын бітіргендер болашақта Қазақстан Республикасының өркендеуі мен гүлденуі үшін алған білімдерін әр түрлі салаларда, кәсіпорындар мен ұйымдарда тәжірибе жүзінде жүзеге асырады.

Студент болашақта жеке кәсіпкер, мемлекет қайраткері, ғалым, тәжірибелі маман, ұжымда үлгілі, Отанына жанашыр, қоғамға сыйлы азамат болады. Өйткені білім алған азаматтар ғана мемлекеттің басқару ұйымдарында, мекемелерінде жұмыс істей алады.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.

2. Мәтін бойынша 10 зат есімді тауып, мағыналық түрлерін ажыратыңыз.

3. Студент жастардың Қазақстанның гүлденуіне қосар үлесі қандай?

Сіздің пікіріңіз.

4. Мәтіннен сын есімнің сапалық және қатыстық түрлерін табыңыз.

Сын есімнің шырайларын айтыңыз.

6. Мына сын есімдерді күшейтпелі шырайда жазыңыз: үлгілі, тәжірибелі,

жанашыр.

ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ

«Нұр Отан» партиясы жастарға елімізді дамытудың маңызды стратегиялық ресурстарының бірі ретінде қарайды және олардың саяси өмірге белсенді қатысуына мүдделі. Партияның «Жас Отан» Жастар қанаты еліміздің өмірінде саяси және әлеуметтік-экономикалық негізгі бағыттары бойынша және жастар бастамаларын алға жылжыту орталығы болып табылады.

Мыналарды іске асыру қажет деп есептейміз:

– бюджеттен қаржыландыру мен қамтамасыз етілетін «Жастар саясаты туралы» заңды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу және қабылдау;

– әлеуметтік жастар инфрақұрылымдармен (аула клубтары, спорт залдары, стадиондар, фитнес-орталықтары және жастардың өзге де демалыс нысандары) қамтамасыз етудің мемлекеттік стандарттарын әзірлеп, қабылдау және соларға сәйкес инфрақұрылымдар құрылысы бойынша мемлекеттік және аймақтық инвестициялық бағдарламалар дайындау;

– жастардың кәсіпкерлігін қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу;

– белсенді жас азаматтарды мемлекеттік қызметке іріктеу, оқыту және өсіру арқылы, үкіметтік емес жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету арқылы мемлекетті басқаруға жастардың қатысуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

– мемлекеттік гранттар есебінен оқитындар үшін мемлекеттік үлестіру жүйесін енгізу және кепілденген әлеуметтік пакет (әлеуметтік немесе ипотекалық баспана, көтермелеу қаражаты т.б.) берілетін жас мамандардың мәртебесін заңнамалық тұрғыда айқындау;

– жас мамандардың бір немесе одан артық бала тууына байланысты тұрғын тұрғын үй несиелерін өтеу үшін оларға мемлекеттік дотациялар беру;

– жастар мен жасөспірімдер арасында есірткі мен алкогольді таратуды алдын алуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды қатаң бақылауға алу.

Тапсырмалар:

1. Мәтіннен жаңа сөздерді аударыңдар.

2. Мәтінді оқып, аударыңдар.

  1. Сіз Қазақстанның болашағы үшін не істейсіз? Ситуативтік тапсырма.
  2. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, сөйлемдер кұрастырыңдар.

Аралық тест

СОӨЖ: Тапсырмалар:

1. Жатақханадағы өмір. Болашақтың жатақханасы.

2. Студент – болашақ басшы, істі ұйымдастырушы, мемлекет

қайраткері». Сұхбат

3. Пікір алысу. «Студенттік өмір – ең қызықты шақ».

СӨЖ: Аралық тест. «Студент – болашақ басшы, істі ұйымдастырушы, мемлекет қайраткері» тақырыбына әңгіме. «Жастар – Қазақстанның болашағы» тақырыбына эссе жазу.

Наши рекомендации