Кәспорынның қаржы ресурстары

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.

Нарықтық экономикада қаржы жайын ойластыру кәсіпорын іс-әрекетінің бастапқы бастау шегі мен соңғы нәтижесі болып табылады. Әрбір шаруашылық шеңдігі оны іске асыруға қажетті қаржы ресурсын тартудан басталады.

Аржы ресурстары дегеніміз, жалпы алғанда, – бұл кәсіпорынның қарамағындағы және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға бағытталады.

Кәсіпорынның қаржы ресурсы—бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген қайта жаңғыртуды қамтамасыз етуге арналған ақша қаражаттарының табыстары және амортизациялар, сыртқы табысдер мен кідіртілген төлемдер түріндегі бір бөлігі.

Кәсіпорын қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету – бұл өндіріс барысын қаржыландыру нысандарының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы болып табылады. Бір сөзбен айтқанда кәсіпорынның қаржы ресурстарының көздерін қалыптастыру деп кәсіпорын капиталының қалыптасу процесін айтады.

Шығу тегіне қарай қаржы ресурстары ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған) қаражаттар болып бөлінеді.

З кезегінде ішкі (меншікті) ресурстар таза пайда және амортизация түрінде, сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлері, салық органдары, бюджеттен тыс мекемелер алдындағы міндеттемелер түрінде болады.

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тартуының ішкі және сыртқы көздері болады.

Ішкі қаржы ресурстары. Таза пайда кәсіпорынның жалпы түскен табыс сомасынан шығындар мен міндетті төлемдерді (салықтар, алымдар, айыппұлдар, өсімақы, пайыздар және т.б. міндетті төлемдер) алып тастағанда қалатын табысын білдіреді. Таза пайда кәсіпорынның қарамағында және ол басқарушы органдарының шешімімен жұмсалады. Амортизация- кәсіпорынның негізгі және басқа да айналымсыз қорлары тозуының ақшалай көрінісі. Өз табиғатына қарап амортизация ешқашан да табыс түрінде болмайды, ал кәсіпорынның ішкі қаржы ресурстары құрамына мынадай екі себепке байланысты кіреді: 1) есептеліп жатқан амортизация кәсіпорынның қаражат құрамынан алынып тасталмайды; 2) амортизациялық төлем аударылып отырған жабдықтар немесе өзге де нысандардың қызмет ету мерзімі ішінде жинақталған амортизациялық аударымдар негізгі капитал істен шыққанға дейін уақытша бос ақшалай қаражат болып табылады.

Ішкі қаржыландыру көздері дегеніміз – бұл кәсіпорын қызметі барысында қалыптасатын меншікті қаражаттардан қалыптасады. Бұлардың қатарына кәсіпкерліктен алынған табыс, амортизациялық аударымдар, кәсіпорынның активтерін сатудан немесе қажетсіз мүлікті, қосалқы бөлшектерді сатудан түскен қаражаттарды жатқызуға болады.

Ішкі қаржыландыру көздерінің құрамында табыстың маңызы ерекше. Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды. Нарықтық экономикада табыс — өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.

Ішкі қаржыландыру көздерімен қатар кәсіпорындар сыртқы қаражат көздерін тартуға да мүмкіндіктері бар.

Сыртқы қаржы ресурстары. Сыртқы қаржыландыру көздері дегеніміз өндіріске қажетті қаржы ресурстарының сыртқы инвесторлар мен кредиторлар салымдары есебінен қалыптасуын білдіреді.

1. Негізгі қыз – меттен түсетін пайда 2.Ғылыми-зерт - теу жұмыстарын орындағаннан түсетін пайда және басқадай мақсатты табыс 3.Қаржы опера – цияларынан түсетін пайда 4.Шаруашылық тәсілімен орындалған құ рылыс-монтаж жұмыстарынан түсетін пайда 5.Өткізуден тыс табыс
Меншікті қаржылар есебі құрылатын
Кәспорынның қаржы ресурстары - student2.ru

Сурет 29 - Қаржы ресурстарының құрамы

Сыртқы қаражат көздерін тартудың негізгі нысандары – құнды қағаздар эмиссиясы, банктік несиелер тарту, коммерциялық несиелер тарту, лизингтік және факторингтік операциялар, қайтарымсыз және демеушілік қаржылық көмектер алу және басқалар болып табылады.

Сыртқы қаржы ресурстары да екі топқа бөлінеді—тартылған және несиеге алынған. Бұлайша бөлу, ең алдымен осы кәсіпорынды дамытуға сырттан қатысушылардың салым капиталының түріне байланысты (кәсіпкерлік немесе несиелік капитал). Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымының нәтижесінде тартылған меншікті қаражаттары және несиелік капитал пайда болады.

Тартылған қаржы ресурстары—кәсіпорын құрылған сәтінде жинақтылып, бүкіл қызмет ету барысында кәсіпорынның қарамағында болатын қаржы ресурстарының негізгі бір бөлігі. Оны кәсіпорынның жарғылық капиталы деп атау қабылданған. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық түріне қарай оның жарғылық капиталы акция жасап шығарып, оны сату есебінен (қарапайым, ерекше немесе аралас), жарғылық капиталға салынған пайлық, үлестік және т.б. салымдардан түзіледі. Кәсіпорынның жұмыс істеу уақыты ішінде жарғылық капитал бөлінуі, кемуі, артуы да мүмкін.

Несиелік қаржы ресурстары көбінесе мына түрлерде кездеседі:

· банктік несие мен басқа да несиелер;

· кәсіпорын облигацияларын шығару және сату;

· нарықтың өзге банктік емес субъектілерінен алынған қарыздар.

Аржы ресурстарының сыртқы көздеріне тоқталатын болсақ, кәсіпорындар үшін қаражаттар тартудың алуан түрін таңдауға мүмкіндіктері бар. Сыртқы қаражат көздерінің құрылымында құнды қағаздар эмиссиясы кеңінен қолданылады. Құнды қағаздар эмиссиясының мақсаты – қажетті қаражаттарды барынша аз уақыт ішінде тарту болып табылады. Құнды қағаздардың бастапқы және қосымша эмиссиялары болады. Бастапқы эмиссия кәсіпорын құрылар кезде орын алады. Қосымша эмиссия қаржылық қиындықтарға душар болып, қосымша қаражаттарға мұқтаж болған жағдайда жүзеге асырылады.

Кәсіпорындар өз қызметін қаржыландыру үшін құнды қағаздардың көптеген түрлерін шығара алады (облигациялар, акциялар, опциондар, фьючерстер, варранттар), алайда солардың ішіндегі ең кеңінен қолданылатыны – бұл акциялар мен облигациялар.

Акция – бұл оның иегеріне (акционерге) дивиденд түрінде кәсіпорын табысына және жойылар кезінде кәсіпорын мүлкіне құқық беретін құнды қағаз. Акциялар кәсіпорын құрылар кезде шығарылады, сондай-ақ меншікті капиталды ұлғайту туралы шешім қабылданған жағдайда қосымша акциялар шығарылуы мүмкін.

Облигация – бұл қарыздық құнды қағаз болып табылады. Қосымша қаражаттар қажет болған жағдайда кәсіпорындар облигациялар шығару арқылы белгілі бір мерзімге және пайыздық төлемдер төлеу негізінде несие беруші тұлғалардың қаражаттарын тарта алады.

Кәсіпорындардың ақша қаражаттарына мұқтаждығы банктік несиелер арқылы да қанағаттандырыла алады. Несиелеу кәсіпкерлікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етудің негізгі нысандарының бірі болып табылады. Банктік несие дегеніміз – бұл кәсіпорындарға белгілі бір мерзімге арнайы пайыздық мөлшерлемелер бойынша мақсатты қолдануға банктердің берген қаражаттары болып табылады. Әдетте несиені кепілдендіру нысаны оның құнын анықтайды – несиені кепілдендіруге берілген мүлік неғұрлым сенімді (өтімді) болса, соғұрлым несиенің құны да төмен болады, демек кәсіпорын несие бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелерге үміт арта алады.

Кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптастырудың тағы да бір нысаны – коммерциялық несиелер тарту. Коммерциялық несиелеу деп, жалпы алғанда, кәсіпорындардың бір-бірін өзара несиелеуін айтуға болады. Тауарды сатып алу барысында сатып алушы кәсіпорын өндіруші кәсіпорынмен есеп айырысу мерзімін белгілі бір уақытқа кейін қалдырады, өз кезегінде сатушы кәсіпорын көрсеткен қызметі үшін мәмілеге пайыздық үстеме ақы қосуға құқығы бар. Демек, коммерциялық несие – тауар нысанындағы несие болып табылады.

Коммерциялық несиені қолданудың бірқатар артықшылықтары бар: тауардың сатылуын жылдамдатады; айналым қаражаттарының айналымдылығын арттыруға септігін тигізеді; банктік несиелермен салыстырғанда қарыз алушы кәсіпорын үшін арзан қаражат көзі болып табылады; кәсіпорындарға бір-біріне қаржылық жәрдем көрсетуге септігін тигізеді. Көптеген шағын кәсіпорындар үшін коммерциялық несиелер қаржыландырудың бірден-бір көзі болып табылады.

Азіргі таңда кең етек жайып келе жатқан қаржыландырудың тиімді көзі – лизингтік несиелер. Лизинг дегеніміз – бұл мүлікті сатып алумен және оны белгілі бір мерзімге ақылы негізде жалға берумен және лизинг алушы тұлғаның мүлікті толық өтеу мүмкіндігімен байланысты инвестициялық қызмет түрі болып табылады. Лизинг өндірістік құралдарға инвестициялар салуды ұзақ мерзімді қаржыландырудың тиімді нысаны болып табылады. Лизинг кәсіпорынға өзінің ақша айналымында өзге бір кәсіпорынның қаражаттарын ұзақ мерзім ішінде қолдануға мүмкіндік береді. Лизинг кәсіпорынды техникалық қайта құру әрекеттерінде ерекше роль атқарады.

Кәсіпкерлік қызметті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етудің тағы бір жолы – факторингтік операциялар болып табылады. Факторинг – тауарды сату және сатып алу барысында кәсіпорындар арасында пайда болған, алайда әлі өтелмеген дебиторлық қарызды талап ету құқығын факторингтік компанияға немесе банктің факторингтік бөлімшесіне ұсынумен байланысты қатынастар болып табылады. Факторингтік компания кәсіпорынды қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіп, оның балансындағы дебиторлық қарызды өндіріп алу құқығын өз қолына алады. Сәйкесінше, факторингтік компания өз қызметі үшін кәсіпорыннан пайыздық төлемдер талап етеді.

Факторингтік операциялар есеп айырысуды жылдамдатуға, кәсіпорынның айналым қаражаттарын үнемдеуге, сондай-ақ ағымды активтердің айналымдылығын арттыруға септігін тигізеді. Факторингтік қызметтер, бірінші кезекте, дебиторлық қарыздың уақтылы өтелмеуіне байланысты қаржылық қиындықтарға жиі кездесетін шағын кәсіпорындар үшін өте қолайлы. Осылайша, факторингтің кәсіпорындар үшін бірқатар артықшылықтары бар.

Кесте 23 — Кәсіпорынның қаржы ресурстары

Қаржы ресурстары Қаржы ресурстарын құру көздері Ескерту
1.Меншікті капитал 1.1 Амортизация 1.2 Жалпы табыс 1.2.1 өнім өткізуден түскен кіріс 1.2.2 Басқа да өткізуден болған кіріс 1.2.3 өткізуден тыс операциялардың сальдосы 1.2.4 Резервтік қор 1.3 Жөндеу қоры 1.4 Басқалары 2. Қарызға алынған капитал 2.1. Банк несиелері 2.2 Банктік емес мекемелердің несиелері 2.3 Бюджеттен алынған несиелер 2.5 Кредиторлық қарыздар 2.6 Басқалары 3. Тартылған ресурстар 3.1 Инвестициялық қызметтерден алынған қаржылар 3.2 Құнды қағаздардың эмиссиясынан алынған қаржылар 3.5 Франчайзинг, селенг, жалгерлік бойынша түскен төлемдер 4. Бюджеттен алынған субсидиялар мен басқа қорлардан түсімдер өнім өткізуден түскен түсім өнім өткізуден түскен түсім Басқа өткізулерден түскен түсім өткізуден тыс кірістер Таза табыс өнімнің өзіндік құны Сәйкес кредиторлардың несие ресурстары -//- -//- -//- Сәйкес инвесторлардың қаржылары -// -//- Бюджеттік қаржыландыру қаржылары Егер амортизациялық қор құрылмаса, амортизация пайдадан көрініс табады Жарғылық қордан 15% мөлшерінде Соның ішінде – лизинг Соның ішінде мерзімі кейінге қалдырылған салықтар Соның ішінде қайырымдылық, спонсорлық көмек, және бюджеттен төленетін дотациялар мен субвенциялар

.

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын 23 кестеде көруге болады. Қаржы ресурстары меншікті капиталдан,қарызға алынған капиталдан, тартылған ресурстардан, сонымен қатар бюджеттен алынған субсидиялар мен басқа қорлардан түсімдерден құралады.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары (ішкі де, сыртқы да) кәсіпорынның қарамағында болған уақытына қарай қысқамерзімді (бір жылға дейін), ұзақмерзімді (бір жылдан артық) болып бөлінеді. Дегенмен, мұндай бөліп- ажырату шартты түрде ғана болады, ал уақыт аралығының ауқымы тек бір елдің қаржылық заңнамасына, қаржылық есеп беру ережелеріне, сондай-ақ ұлттық дәстүрлеріне де тәуелді болады.

Аржы ресурстары кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызметтері барысында қолданылады. Олар үнемі қозғалыста болады, сол себепті өзгеріп отырады.

Наши рекомендации