Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
Нарық қатынастарының қазіргі кезеңінде отандық кәсіпорындардың көріп отырған қиындықтары мен қаржы тапшылықтарына қарамай-ақ, нарықтағы орындарын бекітуге, өз бизнесіне тұрақты нысан беруге деген талпынысын байқаймыз. Бұл шиеленіскен бәсеке жағдайында өміршеңдікке ұмтылуды қажет ететін уақыт талабы.
Дағдарыстық жағдайлар көптеген себептердің әсерінен пайда болады. Олардың ішінде, табиғат апаттарын, экологиялық, қаржы, азаматтық немесе құқықтық дағдарыстар атап айтылып жүр. Бұл тізімді ары қарай жалғастыруға болады, бірақ шет елдердегі, айрықша, біздің елдегі дағдарыстардың басты себебі-қанағаттанарлықсыз менеджмент. Қазіргі қазақстандық жағдайлар мамандарға дағдарыстардың түрлерін тәжірибеде зерттеуге мүмкіндік туғызады. Әр дағдарыстың өзіндік ерекшелігі бар болғандықтан, олармен күресудің бірдей жолы жоқ. Дегенмен, әлемдік тәжірибеде дағдарыстарға дайын болу жағдайында қолданылатын іс-шаралардың қалыптасқан жүйесі бар. Ол жоспарлау құралдарының көмегімен жүзеге асады. Болуы мүмкін дағдарыстық құбылыстарды жоспарлау- сын сәтінде жасалатын қадамдардың механикалық бір ізділігін алдын ала анықтау және ұйымға тез әрі тиімді әрекет жасау үрдісін қамтиды.
Шарықтаған бәсекелестік жағдайында, нарықта өз орнын табу үшін уақыт талабы отандық экономикалық кызметте келесідей шешімдерде дұрыс жауап іздеуді талап етеді:
· шаруашылық механизмдерінің қызмет етуінің өзгеруі;
· басқару шешімдерін қабылдау шарттарының өзгеруі;
· жаңа жағдайлардағы кәсіпорынның стратегиясын жасау және жүзеге асыру;
· басқарудың жаңа мүмкіндіктерін белсенді пайдалану;
· шаруашылық жүргізуде барлық заңды әдістерді пайдалану.
Осы жағдайда дағдарысқа қарсы басқарудың концепциясын анықтап алу маңызды болып табылады. Осы мәселе бойынша зерттеулері бар көптеген авторлардың пікірі бойынша, дағдарысқа қарсы шараларды нарықта қызмет етуші кәсіпорынның қаржылық нәтижелері өте нашар болған жағдайда ғана пайдалану қажет. Бұл — теріс көзқарас, себебі басты мақсат дағдарыстың алдын-алу болғандықтан, біздің ойымызша, дағдарысқа қарсы басқаруда ең бастысы -қаржылық киындықтар тұрақты, күнделікті сипат алмайтын жағдайларды қамтамасыз ету.
Экономикалық әдебиеттерде дағдарысқа қарсы басқарудың көптеген анықтамалары бар.
Кейбір авторлар дағдарысқа қарсы басқарудың «нақты бір борышқор кәсіпорында қолданатын дағдарысқа қарсы нысандар мен әдістердің жиынтығы» деп түсінеді. Дағдарысқа қарсы басқару микроэкономикалық категория болып табылады және кәсіпорынның жойылуы мен қайта жандануы кезіндегі өндірістік қатынастарды қамтиды.
Ресейлік экономист- ғалым Э.А.Уткин дағдарысқа қарсы басқару дегенде, ресейлік кәсіпорынның нарықтық қызметінде мүмкін қиыншылықтардың болмауына, оның өз жеке қаржыларына негізделген, кеңейтілген, ұдайы өндіріске, тұрақтылыққа бағытталған басқаруды түсінеді.
Профессор Э.М.Коротков былай жазады: «дағдарысқа қарсы басқару -дағдарысты алдын-ала көре білуге көзделген басқару, оның белгілерін, залалдарын азайту шаралары талдап, оны ары қарай дамуға пайдалану».
Келесі авторлар тобы дағдарысқа қарсы менеджментті қазіргі менеджменттің барлық әлеуетін пайдаланып, бизнестегі қолайсыз жағдайларды жою немесе алдын-алуға бағытталған кешенді,жүйелі басқару деп қарастырады. Олардың пікірінше, кәсіпорында арнайы бағдарлама жасалып, жүзеге асырылуы қажет, бағдарлама уақытша қиындықтарды жойып, өзіндік ресурстарды пайдалана отырып, нарықтық позицияны сақтауы қажет.
Батыс Еуропалық экономистер дағдарысқа қарсы басқару деп, «негізгі мәселе нарықта өз орнын сақтап қалу болатын, кәсіпорын қызметіне қауіп төндіретін жағдайдан өтуге қажетті кызметті» айтады. Бұл қызмет келесі түрде сипатталады: «кәсіпорынға қауіп төндіретін жағдайдан өту үшін қажетгі әдістер мен тәсілдерді интенсивті қолдануды арттыру».
Бірақ та, Хаберландтың ойынша, барлық назар жедел, қысқа мерзімді мәселелерге, қатал және тез шешуші шаралармен байланысты мәселелерге ауады. Дағдарыстың еркін және оңтайлы жақтарын атап өткісі келетін авторлар, дағдарысқа қарсы басқаруды керісінше, «жақындап келе жатқан қиын кезеңді алдын-ала біліп, даму бағытын өзгертуге мүмкіндік береді деп анықтайды».
Қазақстандық экономист-ғалымдар дағдарысқа қарсы басқаруды -кәсіпорындағы базистік, өзгермелі шамаларды сақтап қалуға бағытталған шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру деп анықтайды. Сонымен қатар, Қазақстанда қалыптасқан кейбір көзқарастарға сәйкес, дағдарысқа қарсы басқару банкроттығының функциясы немесе міндетті қосымшасы болып табылады. Көптеген елдердегі нарықтык экономиканың қалыптасуы мен даму тарихы, оның қызмет ету үрдісінің бірқалыпсыздығын, өнім өндіру мен өткізу көлемінің ауытқуын, өндірістің төмен құлдырауларын ашып көрсетеді. Бүл — дағдарыстық жай деп қарастырылып, жалпы заңдылық болып табылады. Осы айтылған зандылық кәсіпорынның өміршеңдік циклімен тығыз байланысты.
Отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың зерттеулерін қорытындылай келе, біз «кәсіпорынның экономикалық кауіпсіздігін камтамасыз ету» түсінігіне дағдарысқа қарсы тұрғысынан тоқталуды үйғардық.
Біздің көзқарасымыз бойынша, «Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету-кәсіпорынның күнделікті өмірінде қолданылып, стратегиялық сипат алатын, менеджменттің бар мүмкін болатын әлеуетін кешенді, жүйелік негізде қолданып, уақытша қиыншылықтарды жеңетін және нарықтағы өз орындарын бекітіп, ары қарай дамытуға арналған дағдарысқа карсы басқару іс-шараларының жиынтығы».
Осы тұрғыдан алғанда, дағдарысқа қарсы басқару экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде, дағдарыс жағдайында ғана емес, кәсіпорын қызметінің даму жағдайында да қолданылатын шаралар ретінде көрінеді.
Экономикалык қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайында уақытша қиыншылықтан өту үшін беріліп, нақты жасалған еңбек ынталандырылады, сәйкесінше, сыйақының жаңа түрлері мен басқарудың жаңа стильдері пайда болады.
Дағдарысты қабылдаудың екі концепциясы бар:
1. Дағдарысқа деген қатынас — қолда барды сақтап қалуға бағытталған. Мұнда дағдарыс кауіп және тосқауыл деп қабылданып, қатысушы тұлғалар немесе ұжым үшін тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі болады. Осының нәтижесінде, жауапты тұлғалар дағдарысты теріс қабылдап,
дағдарысқа дейінгі қалыпқа жету шараларын жүзеге асырады.
2. Дағдарысқа деген қатынас — жаңашылдыққа бағытталған. Бұл
жағдайда дағдарыс кәсіпорынның эволюциялық даму үрдісіндегі
жаңартуға деген қажеттілік деп қарастырады. Мұнда дағдарыс,
белгілі бір иррационалдық немесе дұрыс емес жасалған мақсаттар,
ережелерден тазартудың әдісі болып табылады. Осының нәтижесінде,
дағдарысты туғызған, бұрынғы жағдайды өзгертуге әкелген талаптар
ұтымды шешіммен қарастырылады. Мұнда негізге дағдарыспен күрес
емес, өзіндік құрылымды жаңа қатынастарға сәйкес өзгерту алынады.
Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету төмендегі белгілермен сипатталады: экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мақсаты кез келген экономикалық, саяси және әлеуметтік құбылуларда нарықта тұрақты бекіну және компанияның тұрақты қаржыларын қамтамасыз ету. Сәйкесінше ол әрі жоспарлы және жан-жақты міндеттерді шеше алуы керек; оның шеңберінде кәсіпорынның (тек уақытша қаржы қиындықтарын ғана емес) ағымдағы міндеттерін шешуге, ерекше жағдайларға сай келетін басқару құралдары қолданылады; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәні -жағдайларға байланысты әр түрлі іс-әрекеттерді ескеретін, сыртқы ортада болған шамалы өзгерістерге жедел немесе пәрменді әсер ету үшін, алдын-ала дайындалған басқару шешімдерінің балама нұсқалары; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізінде — кәсіпорынның іс-әрекетінің барлық салалары мен бөлімшелерінде үнемі және тізбектей жаңашылдықтар енгізу үрдісі; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіпорын қандай қиын шаруашылық жағдайға тап болмасын, бұл қиындықтардан кәсіпорынды ең аз шығындармен шығара алатын , қаржылық және басқару механизмдерін іске қосуға негізделеді.
Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару механизмі келесі негізгі элементтерден тұруы мүмкін:
1. Қаржы жағдайының диагностикасы;
2. Кәсіпорынның бизнесін бағалау;
3. Маркетинг;
4. Ұйымдастырушы — өндірістік менеджмент;
5. Персоналды басқару;
6. Қаржылық менеджмент;
7. Инвестициялық саясат;
8. Дағдарысқа карсы бизнес-жоспарлау;
9. Бизнесреинжиниринг үрдісі;
10.Кәсіпорынның таратылуын ұйымдастыру.
Кәсіпорындағы экономикалық кауіпсіздікті қамтамасыз ету оның құрылған мезетінен басталады. Дәл осы мезетте кәсіпкерлік қызметті жүргізуші, таңдалған миссиялы фмрманың қызмет ету үрдісі барысында, мүмкін болатын потенциалды мүмкіндіктер мен қауіп-катерлерді анықтайтын факторларды тереңінен зерттеу және болашақ фирманың бағытын, яғни қызмет саласын бір жағынан, өзінің жеке мүдделері мен мақсаттарына, екіншіден, оның объективті пайда болатын үлкен қауіптерді кейін қайтарудың потенциалды мүмкіндіктеріне сәйкес анықтау болып табылады.
Кәсіпорынның әр түрлі қызмет саласымен байланысты факторлар кәсіпорынның құлдырауына өз әсерлерін тигізуі мүмкін, сонымен қатар әсер ету тізбесі өте күрделі және шытырман болуы мүмкін, сондықтан экономикалық қатердің алғашқы себебін не болғанын нақты айтуға болмайды.
Фирманы құру бастамасынан-ақ, фирманың экономикалық қорғау (қауіпсіздік) жүйесін құру туралы сөз қозғау қажет. Егер кәсіпорынның сәтсіздігінің негізгі сипаты оның төлем қабілетсіздігі болса, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде негізгі рөл қаржылық менеджментке беріледі. Сөз жоқ, бұл экономикалық құралдың мүмкіндіктері үлкен, бірақ шексіз емес, Қаржылық менеджменттің нәтижелері кәсіпорынның барлық нарықтық қызметінің нәтижесі, барлық ұжымның сапалы жүмыс жасауының нәтижесі болып табылады.
Осылайша, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмін калыптастыру мәселесі тәжірибелік жағынан өте қиын және әдістемелік жағынан толықтыруды талап етеді. Ол, біздің экономикалық өндірістік нақты сектордың дамуын анықтайтын өзекті мәселе болып отыр.