Эвакуациялық шараларды жоспарлау

Халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау азаматтық қорғаныс қызметтерінің, барлық деңгейдегі эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары бастықтарының, төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалар (бөлімдер) бастықтарының аса маңызды міндеті болып табылады.

Эвакуациялық шараларды жоспарлау жоғары деңгейдегі бастықтарынан төменге қарай жүргізіледі: Республика – Облыс – Қала, аудан – қәсіпорын.

Облыста эвакуациялық шараларды жоспарлау әрбір қала мен облыстың әкімшілік орталығының қалалық ауданы үшін жүзеге асырылады. Көлікті, жолдарды, елді мекендер мен аумақтарды пайдалану мәселелері тиісті қызметтермен келісіледі.

Эвакуациялық шараларды орындаудың көлемі мен мерзімін, халықты бытыраңқы орналастыруды, бөлінетін көлікті және эвакуациялауды жүргізуге қажетті басқа да деректерді көрсете отырып, эвакуациялық жоспардан алынған үзінділер төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдеріне жеткізіледі. Азаматтық қорғаныс жоспарларында эвакуациялық шараларды әзірлейді, оларды ұйымдарға жеткізеді және олардың бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жоспарларын жасауды бақылауға алады.

Аудандар мен қалаларда, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында бытранқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қабылдау, орналастыру мен жабдықтау жөніндегі шаралар жоспарланады.

Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мәселері бойынша аудандардың, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс жоспарларымен келісіледі.

Мыналар жоспарлау үшін негізгі бастапқы мәліметтер болып табылады:

1) қалалар мен қауіпсіз аймақта тұратын, жұмылдыру қағазы бар және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақыруға жататын халықтың саны;

2) категорияланған қалаларда өзінің қызметін төтенше жағдай мен соғыс уақыты, қызметшілер және олардың отбасыларының жалпы саны, сондай-ақ неғұрлым жұмыс істеуші ауысым саны мен ауысымдардың жұмыс уақыты көрсетілген ұйымдар тізбесі;

3) өзінің қызметін төтенше жағдай мен соғыс уақыты жағдайында қауіпсіз аймаққа ауыстыратын ұйымдардың жұмысшыларының, қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің тізбесі;

4) студенттер, оқушылар, балалар санын, сондай-ақ оқытушылар құрамы мен қызмет көрсетуші персонал саны көрсетілген жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік-техникалық училищелердің, жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың, бала бақшалардың және ведомстволық балалар мекемелерінің саны;

5) категорияланған қалалар айналысындағы төтенше жағдайлар мен күшті қарулар болуы мүмкін аймақтар, осы аймақтарда тұратын халық саны;

6) бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыруға тиым салынған аудандар мен пункттер;

7) бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыру жөніндегі аудандар мен қалалардың мүмкіндіктері;

8) халықты орналастыратын аудандарда қорғаныс құрылыстарының (паналар, радиацияға қарсы бассауғалар, тау-кен орны, жерқабаттар мен жеркепелер), сондай-ақ сумен қамтамасыз ету көздерің болуы;

9) эвакуациялық тасымалдауға тартылатын көліктің мүмкіндігі;

10) жол торабы, оның жай-күні мен босату қабілеті;

11) халықты жаяу тәртіппен эвакуациялау үшін маршруттардың болуы және іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі;

12) бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау туралы халыққа хабарлауға, сондай-ақ эвакуациялық шараларды басқаруға арналған байланыс құралдары мен жүйелер;

13) халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жүргізуге әсер ететін жергілікті жағдайлар мен маусымдық климаттық ерекшіліктер;

14) көрші облыстардың келетін халық саны және олардың келу мерзімі.

Эвакуациялық шараларды жоспарлау үшін қажетті бастапқы мәліметтерді төтенше жағдай жөніндегі басқармалар мен бөлімдер, азаматтық қорғаныс қызметтері мен эвакуациялық комиссиялар, статистикалық, шаруашалық, көлік және басқа ұйымдар арқылы алады. Алынған мәліметтер жинақталып қорытылады және тиісті қызметтермен келісіледі.

Халықты бытыраңқы орналастыру және эвакуациялауды жоспарлау кезінде ұйымдардың өндірістік қызметі ескеріледі.

Категорияланған қалалар мен қауіпсіз аймақта төтенше жағдай мен соғыс уақытында өз қызметін тоқтатпауға тиіс ұйымдардың тізбесін орталық және жергілікті атқару органдары белгілейді.

Осы тізбенің үзінділері облыстар мен қалалардың төтенше жағдай жөніндегі басқармаларына жіберіледі.

Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау тәртібін және кезегін анықтау үшін қажетті шаралар күні бұрын жүзеге асырылады.

Төмендегі негізгі топтар бойынша халықты есепке алу жүргізіледі:

1) бірінші топ – соғыс кезінде қалада өз жұмысын тоқтатпайтын, сондай-ақ оның тіршілікке қабілетін қамтамасыз ететін ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері (бытыраңқы орналастыру);

2) екінші топ – соғыс кезінде өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіруші ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері, министрліктер мен агенттіктердің орталық аппараттарының қызметкерлері, соғыс уақытында өз қызметін тоқтатын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері. (эвакуация)

3) үшінші топ – жоғарғы оқу орындарының студенттері, орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік техникалық училищердің оқушылары, профессорлар мен оқытушылар және қызмет көрсетуші персонал, мектеп – интернаттардың оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйіндегі зейнеткерлер, қызмет көрсетуші персонал, жалғыз басты тұратын зейнеткерлер, жұмыссыздар. (жарым – жартылай эвакуация)

Наши рекомендации