Мемлекеттік қызметтің жіктелуі

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. 1. Саяси лауазымдарға:

- ҚР Президенті дайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;

ҚР Парламентінің палаталары және оның төрағалары, тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;

Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекуеттік саяси қызметшілер;

Орталық атқарушы органдар мен ведомстваларды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады;

ҚР жоғарғы Сотының аппаратын басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары жатады;

2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттар бойынша тізілімін уәкілетті органдар ұсынуы бойынша ҚР Президенті бекітеді.

Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің қызмет реестрі (тіркемесі) №31. 29.12.1999ж. шыққан ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген. Оларға жататындар: ПремерМинистр, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары; ҚР мемлекеттік хатшысы; Елдің Президент Әкімшілігінің басшысы және онын орынбасарлары; ПремерМинистрдің коселятиясының басшысы, оның бірінші орынбасары мен басқада орынбасарлары; Министрлер, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары (ішкі істер министрі жәнеқорғаныс министрі мен олардың орынебасарларынан басқа); Ұлттық Қауыпсіздік мәселесі бойынша Президенттің көмекшісі – мемлекеттің қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы; Конституциялық Кеңек Төрағасы мен мүшелері; Президентке тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары және орынбасарлары (ҚР Бас Пракуратурасын, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республика Президенті мен Республикалық гвардияның күзет қызметін қоспағанда); Орталық сайлау комиссиясы Төрағасы, Төраға орынбасары, хатшылары менмүшелері; республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасайтын республиканың есеп комитетінің Төрағасы мен орынбасарлары, мүшелері; Бағалы қағаздар жөніндегі Республиканың Ұлттық Комиссия Төрағасы мен атқарушы директорлары; Республикалық млауазымы бар қалалар, облыс әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасары; ҚР Төтенше жағдайлар елшісі мен құзіретті елшілері: Республика Президентінің кеңесшілері; Република Президентінің кнцелярия меңгерушісі мен оның орынбасарлары; Республика Президентінің арнайы өкілдері тағы басқа лауазым иелері кіреді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің саяси қызметшілерден айырмашылығы олар мемлекеттік органдарда қызметтік (құзіретін тұрақты кәспқойлық (профессиональной) негізде жүзеге асырады. Әкімшілік мемлекеттік қызметтер категорияларға бөлінеді. Категорияның А,В,С,D,Е деген топтары болады. А тобына – Республика Президентінің әкімшілігі (администрация) қызметі кіреді; В тобына – Парламент Палата аппаратының, Премер Министр Конселяриясы, Жоғарғы сот аппараты, ҚР Конселяриялық Кеңесі мен Президент істерін басқару аппараты қызметі кіреді; С тобына – Респудлика Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық атқарушы органдар (оған қоса үкімет құрамына кірмейтіндері де) және аумақтық аймақтық ведомствалар қызметтері кіреді; D тобына – облыс әкімі аппараты, сондай-ақ аудандық және облыстық, аудандық соттар аппараты қызметтері кіреді; Е тобына – жергілікті атқарушы органдар қызметтері кіреді.

3. Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттері.

Мемлекеттік қызметшінің:

- Республиканың азаматтарына ҚР Конституциясымен және Заңдарымен кепілдік берілген құқықтыры мен бостандықтарды пайдалануға;

- Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

- Белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен материалдар алуға;

- Лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

- Басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;

- Жеке басының қадыр-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар өзгеде лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;

- Өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне өзгеде негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне;

- Тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға;

өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз та нысуға, қажет болған жағдайда жеке түсіндірмелер беруге;

- Біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындалуы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға құқығы бар.

Мемлекеттік қызметшілердің міндеттері:

- Республиканың Конституциясы мен Заңдарын сақтауға;

- ҚР Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын беруге;

- Азаматтар мен заңды тұлғалар құқығының, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

- Өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға;

- Мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтауға;

- Өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға;

- Қызметтік әділет нормаларын сақтауға;

- Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігінің шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

- Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзгеде құпияны сақтауға оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейінде, заңмен белгіленген белгілі-бір уақыт ішінде, ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға;

- Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадыр-қасиетін қорғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етуге міндетті.

Мемлекеттік қызметшінің өкілді органның депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарыны ңмүшесі болуға; педыгоктық, ғылыми шығармашылықты қоспағанда басқада ақылы қызметпен айналысуға; кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, комметциялық ұйымды басқаруға; үшінші тұлғаның істері бойынша өзі қызмет істейтін және өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік органда болуға; өзінің қызметтік іс-әрекетін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралджарын қызметтік емес мақсатта пайдалануға; ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға; лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететін қызметті жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.

Наши рекомендации