Міндеттемелердің түсінігі, жіктелуі

Қаржылық есеп берудің негізгі элементінің бірі-шаруашылық субьектіде қолданылатын міндеттемелер ретінде арнайы бақылау мен аудитте жиі кездесетін жағдайларды қарастырамыз. Бақылау-талдау қызметінің басқа аймақтары мен аспектілерінде қолданылатын арнайы бақылау мен аудитке келсек,ол осы кітаптың кейінгі бөлімдерінде қарастырылатын жекелеген нәтижелерді,жаңа іздестіру зерттеулерін талап етеді.

Міндеттемелер- бұл ұйымның осы есепті уақытында бар нақты берешегі оны өтеу үшін қарсы жақтың наразылығын қанағаттандыруда ресурсың жылыстауы түріндегі экономикалық пайданың кемуіне алып келеді.

Міндеттемелер - өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижелері болып табылады және қысқа мерзімді(ағымдағы)және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Міндеттемелер егер ұйымның қалыпты операциялық циклы кезінде төлеу балансынан кейін 12 ай ішінде жүргізіледі деп болжанса,ағымдағы мерзімді деп жіктелуі тиіс.Барлық басқа міндеттемелер ұзақ мерзімді деп жіктеледі. Шаруашылық субьекті есептеушінің қабылданған есеп саясаты мен қолданылатын нысанына қарай әртүрлі талдамалық есеп-карточкалары ,ведомостар журнал және т.б.регистрін қолдана алады.Жан-жақты ойластырылған жіне жақсы қойылған талдамалық есеп тексерушіге кәсіпорын міндеттемелері үшін ішкі бақылау жүйесі жағдайына дұрыс баға беруге көмектеседі. Ағымдағы міндеттемелерге банктің қысқа мерзімді қарыздары,шаруашылық субьектінің кредиторлық берешегі жатады. Банктің қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аса уақытқа қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес беріледі, мысалы, жөнелтілген тауарлардың нақтылы құжат айналымы уақытына тең,бірақ 30 күннен аспайды. Қысқа мерзімді несиелерді алу және өтеумен байланысты есеп шоттық-несиелік операциялар 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар» және 4010-«Ұзақ мерзімді банктік қарыздар» шоттарында есепке лынады

Яғни бұл белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы [1,429б.].

Міндеттемелер кәсіпорында жасалынған әр түрлі келісімдердің нәтижесінде туындайды және алынған тауарлы-материалдық құндылықтар немесе пайдаланылған қызметтер үшін келешекте жасалынатын төлемдердің заңды негізі болып табылады.

Міндеттемелер төмендегі үш белгісі бойынша анықталады:

- кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті;

- міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі;

- міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті.

Міндеттемелер өтелу мерзіміне байланысты екі түрге бөлінеді:

1) Ұзақ мерзімді міндеттемелер

2) Ағымдағы міндеттемелер [2,71б.].

3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар» мен 4010 «Ұзақ мерзімді банктік қарыздар» шотының аналитикалық есебі. Қысқа мерзімді қарыздар коммерциялық несие векселі мен қарыздық міндеттемелердің «серіктестік»кредиті сипатына жиі көрінеді. Баланста алынған қысқа мерзімді қарыздардың дұрыс бейнелеуін тексере келе, аудитормынаны белгілеуі тиіс:

- қарыз қандай мақсатқа пайдаланылған, бұл мақсаттар несие алу келісімшарттарындағы шарттарға сәйкес пе?

- шаруашылық субьекті басшылығы қамтамасыздандыру құрамына немесе қарыз кепілдігіне енгенін;

- қарызды төлеу толықтығы мен өз уақыттылығы(банк көшірмелері бойынша)

- несиеге төленген пайыздың бекітілген келісімшартпен дұрыстығы;

- қарыз субьектілерінің алыну заңдылығымен негізділігі, сондай-ақ оларды өтеудің толықтығы мен өз уақыттылығы;

- жинақтамалы және талдамалы есептің 3010 «Қысқа мерзімді банк қарыздары» жазбасының №4журнал-ордер мен бухгалтерлік баланстағы жазбаларына сәйкестігі.

Бақылауды тиімді ұйымдастыру кредиторлар мен айырысу жағдайында және есеп айырысу тәртібіне,тапсырылған сұрыпталым мен сапада өнім жеткізу бойынша міндететмелерді орындауға төлем тәртібін сақтау жауапкершілігін көтеруге және соңында шаруашылық субьектінің қаржылық жағдайын жақсартуға қабілеттілікті бекітуге көмектеседі. Аудитордың субьектінің кредиторлық берешегін тексерген кездегі басты мақсаты-оның баланста бейнеленген көлемінің нақтылығы мен дәлдігін белгілеу болып табылады.Ол үшін оған баланстық мәліметтерде жазғандарды Бас кітаппен, журнал-ордермен, ведомостылармен және басқа да есептік регистрлермен салыстыру қажет. Бухгалтерлік баланстың «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінде «Ұзақ мерзімді қарыздардың ағымдағы бөлімі» бабы келтірілген. Аудитор оны тексерген кезде ұзақ мерзімді несие талдамалық есебінің мәліметтеріні бойынша қарыздарды төлеу уақыты мен осы бап бойынша негізділігін көрсетеді.

Қысқа мерзімді міндеттемелересепті кезең (бір жыл) ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылады деп күтілетін ағымдағы міндеттемелер болып табылады.

Оларға мыналар жатады:

- қысқа мерзімді несиелер және овердрафт;

- ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі;

- кредиторлық борыштар:

- төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;

- сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар;

- салық міндеттемелері;

- төленуге тиісті дивидендтер;

- негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктері арасындағы борыштар;

- акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына борыштары;

- өзге де кредиторлық борыштар;

- төленуге тиісті есептелінген шығыстар;

- алдағы кезең табыстары;

- күтпеген жағдайлар бойынша есептелінген төлемдер.

Қысқа мерзімді міндеттемелерге келесілер кіреді:

- қысқа мерзімді несиелер және овердрафт;

- ұзақ мерзімді несиенің ағымдағы бөлігі;

- кредиторлық қарыздар:

- төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;

- сатып алушылардан және тапсырыс берушілерден алынған аванстар;

- салық бойынша қарыздар;

- төленуге дивидендтер;

- негізгі шаруашылық серіктестікпен оның еншілес серіктестері арасындағы қарыз;

- акционерлік қоғамның қызметкер тұлғаларының қарызы;

- басқа да кредиторлық қарыздар.

- төленуге тиісті есептелген шығындар;

- алдағы кезең табыстары;

- көрілмейтін жағдайлар бойынша есептелген төлемдер [3,277б.].

Төленетін шоттар – жабдықтаушылармен есеп айырысу шоты. Кәдімгі қызмет барасында пайда болатын қайталанатын сауда міндеттемелері үшін қолданады.

Шаруашылық жүргізуші субьект есеп саясатына сәйкес, әртүрлі аналитакалық есеп регистрлері-карточкалар, ведомостар, журналдар және т.б.қолдануына болады. Нақты қарастырылған аналитикалық есеп кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерге жүргізілетін ішкі бақылау жүйесін дұрыс бағалау тексерушілерге көмектеседі.

Қысқа мерзімді қарыздардың алынуы және қайтарылуына байланысты операциялар 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар» шотында жүреді. Бұл пассивтік шот болып табылады және оның қалдығы есеп беру кезеңінің қайтарылмаған қарызын көрсетеді. Субьект несиені алған жағдайда дебеттелетін шоттар:1040,1050,1060, ал кредиттелетін шот 3010.

Несенің қайтарылу жағдайында аталған 3010 шот дебеттеліп,

1040,1050,1060 шоттары кредиттеледі. Қысқа мерзімді қарыздардың аналитикалық есебі қарыздарды берген банктердің түрлері бойынша жүргізіледі. Аудиторға мыналарды тексеру керек:

1) қарыз үшін төленген пайыздардың дұрыстығын және оларды кезеңдік шығыстарға дұрыс апарылатындығын;

2) 3010 шот бойынша №4 журнал-ордер, баланстағы синтетикалық және аналитикалық есептің дұрыстығын;

3) «Ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігі» деген бабының көрсеткіштері баланстағы «Қысқа мерзімді міндеттемелер»бөліміне кіргізілуін тексеру;

4) осы бап бойынша қарыздардың қайтару мерзімінің орындалуын, көрсетілген сомалардың нақтылығын тексеру;

5) «Овердрафт» бабы бойынша көрсеткіштердің дұрыс анықталуын және уақтылы төленбеген банк қарыздары бөлек есептелінуі керектігін;

6) 3010 шотының аналитикалық есебінің мәліметтерін тексеру;

7) вексельге коммерциялық несие және қарыздық міндеттемелерге жататын серіктестік несие түрінде ұсынылған банк мекемелерінен алынған қысқа мерзімді қарыздардың есептесуінің жағдайын тексеру;

8) шығарылған облигацияларды қайтару және үйлестіріп тарату, вексельдердің берілуі және төленуі, қызметкерлер үшін алынған заемдарды және т.б.байланысты операциялар 3050 «Басқа да қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» шотымен тексеріледі [4,60б.].

Жүргізілген тексерулердің нәтижесі кәсіпорында қысқа мерзімді қарыздардың аналиткалық есебінің жүргізілмейтінін немесе оның нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді. Сол себепті жұмыс уақытын үнемдеу мақсатында аудиторға - банкілік және банк мекемелерінен тыс қарыздар бойынша пайыздардың есептелуінің дұрыстығы дер кезінде әрқашанда тексеріле бермейді. Осыған ұқсас жағдайларға байланысты аудиторға негізгі белгілері бойынша барлық несиелік шараларды топтастырып, содан кейін банк қарыздары бойынша пайыздардың есептелуінің дұрыстығы және олардың кәсіпорын балансында дұрыс көрсетілуін тексеру керек.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер – есеп беру мерзімінен кейінгі жыл ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылуы (өтелуі) жоспарланбайтын кәсіпорынның міндеттемелері.

Төленуге тиісті шоттар тауарды жөнелтушіге, қызмет көрсетушіге кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелері болып табылады. Олардың сомасы, әдетте, аналитикалық есеп регистрлерінде тіркелген төленуге тиісті шоттармен дәлелденеді.

Кейбір жағдайларда кредиторлық борышты қамтамасыз ету мақсатында кредиторға вексель берілуі мүмкін. Қысқа мерзімді төленуге тиісті вексельдер деп заңнамалық нысанда бекітілген бір тараптың (эмитент, вексель берушінің) екінші тарапқа (вексельді ұстаушыға) берген шартсыз жазбаша борыштық ақшалай міндеттемесі. Төленуге тиісті вексель пайыздық және пайыздық емес болуы мүмкін. Пайыздық вексельде пайыздық ставка көрсетіледі. Бұл ставка бекітілген пайыздық ставка деп аталады. Пайызсыз вексельдерде нақты пайыз көрсетілмейді, оның орнына жанама түрде шынайы пайыздық ставка немесе пайыздық кіріс деп аталатын пайыз нормасы көрсетіледі.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады:

- банктердің ұзақ мерзімді қарыздар

- банктен тыс ұзақ мерзімдік қарыздар

- мерзімі шегерілген корпоративтіқ табыс салығы.

Банктердің және банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары 1жылдан астам мерзімге, әдепте, жаңа техниканы енгізу шығындарына, өндірісті кеңейтуге,оны қайта құруға, қымбат бағалы жабдықты алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға беріледі.

Қарыздарды алу және өтеу бойынша операциялардың арнайы аудитін өткізу үшін келесі көрсетілген шоттар. 3010 «Қасқа мерзімді банк қарыздары», және 3500 бөлімшенің «Басқа да қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер», 3050 «Басқа да қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» қолданылды.

Оларға «Ұзақ мерзімді банктің қарыздар» мен «Қысқа мерзімді банктік қарыздар» аралық шоттар 1040 - "Карт-шоттарындағы ақша қаражаты"; 1050 - "Сақтандыру шоттарындағы ақша қаражаты "; 1060 - "Басқа да ақша қаражаттар" және басқа шоттармен корреспонденцияда алынған қарыздар сомалары несие бойынша, ал дебет бойынша- ақша есебі жүргізілетін шоттармен корреспонденцияда өтелген қарыздар соммасы беріледі.

Қарыздарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк ережелерімен және қарыз алушы ұйым мен банк арасындағы несиелік шарттармен реттеледі. Бұл мақсат үшін несиелік шарт рәсімделеді, онда несиелеу обьектісі, қарыз беру мен қайтару мерзімдері пйыздық мөлшерлемелер, оларды төлеу тәртібі, тараптардың қарызды берумен өтеу жөніндегі міндеттемелерді, құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдай көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексерген де, аудитор бәрінен бұрын баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағы қалдықтың бас кітаптың жоғарыда аталған шоттарының журнал ордердің мәліметтеріне қарап сәйкестігін анықтауға тиіс.

Алайда мұны бірден жасауға болмайды, өйткені баланста синтетикалық шоттардың қалдықтары емес, аналитикалық есептің мәліметтері келтіріледе. Басқаша айтсақ, баланстың «Қамтамасыз етілген қарыздар», «Қамтамасыз етілмеген қарыздар» және «Ұйымдардың бір-біріне және еншілес ұйымдарға беретін қарыздары», бабтары аналитикалық есеп мәліметтер негізінде толтырылуы тиіс. Сондықтан аудитор синтетикалық есептің аналитикалыққа сәйкес болуына баса назар аударуына тиіс.

Атап айтатын жайт 4010, 4020, 4030 шоттары бойынша аналитикалық есеп мерзімінде өтелмеген қарыздар, оларды берген банк түрленрі бойынша: қарыз берушілер мен қарызды өтеу мерзімі бойынша иәліметтер банк көшірмелері мен расталуы тиіс. Қарыздарды банктер тиісті қамтамасыз етуге немесе кепілдікке және белгілі бір мақсаттарға беруге тиісті болғандықтан, Біріншіден кәсіпорын басшысын қамтамасыз ету құрамына кіруін немесе кепілдікті, екіншіден қарызды мақсатты пайдалану тексеру керек. Үшіншіден, олардан ынталандыруды толықтығы мен уақыттылығына ерекше назар аудару қажет. Бұл үшін банк көшірмелерін тексеру керек. Қайтару мерзімі бұзылғанда мұнын себебін анықтау талабы етіледі.

Басқа кәсіпорындармен ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыздарды тексергенде, аудитор қарыз берушілермен мәліметтерді салыстыру нәтижелерімен анықтауға тиісті, қайтарылмаған қарыздың қаржы қалдықтарының дұрыстығын айқындауға тиісті [5].

Аудитор бір мезгілде басқа кәсіпорындардан қарыз алудың негізділігімен эаңдылығында, сондай ақ оларды өтеудің толықтығымен мерзімділігін тексеруі тиіс.Сонымен қатар аудитор қарыз дәне алынған несие үшін пайыз төлеудің дұрыстығын тексеріп, сондай ақ кәсіпорынның өтелмеген қарыз қалдықтарымен бірге осы қарыз үшін банке тиесілі пайызды көрсету жайлы шешім қабылдағанын анықтауы тиіс. Пайыздар соммасы банктердің қарыздары жөніндегі пайыздарды төлеу бойынша, шығыстар есебінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденциясында ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі шоттарышың кредиті бойынша көрсетіледі.

Тексеру кезінде аудитор берешек кәсіпорынға берілген вексельдермен қамтамасыз етілгенін, ұзақ мерзімді қарыздар шотынан есептен шығарылмайтынын, вексельдік операциялар есебі ережелеріне сәйкес ескерілетін назарда ұстауға тиіс.

Олардың кейбірін қарастырайық:

1) есепті кезең ішіндегі салықтық төлем міндеттемелер тәсілімен салықтық әсер есебі негізінде анықталады. Бұл тәсілде табыс салығы кіріс алу барысында заңды тұлға шеккен шығыс ретінде қарастырылады және табыс пайда болған кезеңге есептеледі;

2) есепті кезеңде пайда болған уақытша айырманың салықтық әсері салықтық төлемге кіргізіледі және бухгалтерлік баланста «Кейінгіге қалдырылған салықтар» бабы бойынша көрсетіледі;

3) бап бойынша кезең басы мен соңындағы қалдықтардың анықтығын айқындау үшін Бас кітаптың 4310 «Кейінгіге қалтырылған корпорациялық табыс салығы» шотынын және 5 журнал ордердің осы шотының мәліметтері мен салыстыруы керек

4) 4310 шот кредиті бойынша мыналар көрсетіледі
7710 «Корпоративттк табыс салығы бойынша шығыстар» шоты мен бірге корреспонденцияда болашақта төлеуге тиісті салықтар сомасы.
Дебет 7710 Кредит 4310 шотынын салықтық мөлшерлемесіне ұлғаюына байланысты түзету енгізу• Дебет 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалау резерві» шоты Кредиті 4310 «Кейінгіге қалтылылған корпоративтік табыс салығы» шотының салықтық есептегі өсімінің артуы кезіндегі активтерді қайта бағалауға байланысты әлеуметтік салықтық әсер сомасы

5) 4310 шот дебеті бойынша мыналар көрсетіледі;

Уақытша айырмалардың пайда болуы мен жойылуы нәтижесінде төленуге тиісті немесе 3110 «Төленетін корпоративтік табыс салығы» және 7710 «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар» шоттары мен бірге корреспонденцияда зиянды өтеу нәтижесінде есептке жатқызылатын салықтар сомасы

Салықтық мөлшерлемесінің 4310 шоты кредиті 7710 шотынын кемуіне байланысты түзету енгізу• 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалау резерві» түсетін қосымша төленбеген капитал шоттары мен корреспондеция бухгалтерлік есептегі өсімнен салықтық есептесулердегі қайта бағалау сомасы [6].

Наши рекомендации