Инвестиция түсінігі, түрлері және олардың жіктелуі

(Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кодексі)

Инвестициялар – лизинг шарты жасалған кезден бастап қаржы лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа. 1 бап)

Инвестициялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу жөнiндегi не кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi түзу немесе ұлғайту жөніндегі қызметi;

Инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;

Инвестиция түсінігі екі принциптік түсінікпен тығыз байланысты.

1.инвестициялық обьект 2. инвестициялық қимыл.

Инвестициялық обьект ретінде инвестиция бағытталған кез-келген кәсіпкерлік жұмыс обьектілерін қарастыра аламыз.

Инвестициялық обьект-инвестициялық жұмысты жүзеге асыру барысында бар бола алады және инвестордың алға қойған мақсаттарына жетуінің материалдық негізі б.т.

Инвестициялық қимыл-инвестордың инвестициялық обьекті таңдау және құру оны пайдалану және жабу жөніндегі, сондай-ақ қажет деп табылған қосымша салым салуды жүзеге асыру және сырттан қаржы тарту жөніндегі іс-әрекет.

Инвестициялық шешімдер инвестициялық мақсаттарына жету құралы болып табылады.Бұл көзқараспен қарағанда оптималды (тиімді) инвестициялық шешім инвестицияның алға қойған мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін ең маңызды деп аламыз.

Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады.

Жоспарлы экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес.

Күрделі салымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.

«Инвестиция» термині латынның іnvestіre - «жұмылдыру» сөзінен алынған. Инвестициялар – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне капитал жұмсау.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды роль атқаратын объективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғатына орай қазіргі тұтынудан бас тартып болашақта табыс алу болып түсініледі. Инвестициялық процесс кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын анықтаудан басталады.

Инвестициялық стратегия – ұзақмерзімді мақсаттардың жиынтығы және оларға жетуге тиімді жолдарын таңдау.

Инвестициялық стратегия ұзақмерзімді мақсаттарға бағытталу және ағымдық шаруышылық процесінде инвестициялық жобалармен бағдарламаларды таңдау барысында іске артады.

Инвестициялық қызметті белсендіру барысында және құқықтық инвестициялық нышанда болашақ либерлизациялауда бірқатар нормативтік құжаттар қабылданды. Үкімет саясатының шараларын тез іске еңгізу мақсатында құрылған ҚР инвестициялар жөніндегі Мемлекеттік Комитет өкілетті орган ретінде тікелей инвестицияларды мемлекет жағынан қолдайды.

ҚР заңдары «Инвестицияларды мемлекеттік қолдау», «Құнды қағаздар рыногы», «Инвестициялық қорлар туралы», заң, «Құнды қағаздарды тіркеудегі іс-әрекеттер» мемлекеттің ұлттық және халықаралық деңгейіндегі инвестициялық қатынастардың құқықтық реттеудің нормативтік-құқықтық актілерін толтырады және бүкіл инвестициялар түрлерінің келтіру және пайдалану мақсатындағы максималдық жағдайлар жасайды. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдау» заңы ҚР – ның кепілдіктермен және официалдық техникалық көмек көрсетуге байланысты тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау процесінде туындайтын қатынастарды реттейді. Қазақстандағы шетелдік инвесторлардың қызметі ұлттық заңдармен, халықаралық келісімдермен, оның ішінде күрделі салымдарды қорғау Қазақстанның екі жақтылы келісімдер арқылы қатысуымен реттеледі.

Мақсатына және мерзіміне қарай инвестициялар келесі топтарға бөлінеді:

- қоржынды – бағалы қағаздарды сатып алу және оларға басқару жүргізу.

- венчурлық – жаңа қызмет өрістеріне немесе жаңа өнімдерге жұмсалатын қаржы

- тура – шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жарғылық капиталына жасалынатын салымдар

- аннуитеттер – сақтандыру және зейнетақы қорларына жасалынатын салымдар.

Жалпы алғанда инвестициялар қоржынды және нақты болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар келесі түрде бөлінеді:

1) мүлікке – күрделі шығындар

2) материалдық емес (кадрларды даярлау, жарнама, зерттеулерге, құрастыруларға).

Формасына қарай инвестиция түрлері: ақшалай немесе оған эквивалентты қаржымен; жер қорымен; ғимараттармен, құрлыстармен, жабдықпен немесе басқа мүлікпен; ақшалай саналған мүлік құқықтарымен (патент, сауда маркалары, лицензия).

Инвестиция көздері:

1)кәсіпорынның өзіндік қаржысы (пайда, амортизация, сақтандыру қоры);

2)келтірілген қаржы (акция, облигация, бағалы қағаздар сату);

3)қарызды қаржы (несие, облигациялық қарыз, шетел банктердің, ұйымдардың несиелері, сақтандыру және зейнетақы қорларының несиелері);

4)жоғары тұрған холдингпен, қаржы-өнеркәсіптік топтармен берілетін қаржы;

5)мемлекеттік бюджет пен қаржы қорларынан тегін салымдар;

6)шетел инвестициялары.

Инвестициялау қағидалары:

1)«замазка» қағидасы. Инвестиция тиімділігін алдын-ала анықтау.

2)Адаптациялық шығындар қағидасы. Жаңа инвестициялық ортаға бейімделу шығындары.

3)Мультипликатор қағидасы. Салалардың байланысын ескеру.

4)Q қағидасы. Қатаң реттеу жүргізілмейтін кәсіпорындарда қолданылады. Инфляцияны, тәуекелді, қайтарып алу мерзімін және капитал салу шарттарын есебке алу.

Инвестицияларды жасау нәтижелері: экономикалық, техникалық, әлеуметтік, экологиялық саяси.

Күрделі шығындар - өндірістік қорлардың құнын өсіруге жіберілетін салым.

Күрделі шығын түрлері:

1)ескі – іс жүзінде істейтін негізгі қорлар құны (Ке).

2)жаңа – жаңа жабдықтың құны: бағасы, жеткізу және орнату құны, модернизация шығыны, жобалауға, құрылысқа және айналым қаржыны өзгертуге кеткен шығындар: Кқолд– қолданылған күрделі шығындар. Кқосж–Ке

Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:

1. Жұмсау мерзімі бойынша:

· қысқа мерзімді –бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы);

· ұзақ мерзімді –бір жылдан көп иемдену мерзімі;

· мерзімсіз инвестициялар.

Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар- бұл қосымша пайда алу мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсамалы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.

2. Тағайындалуы бойынша:

· қаржылық-құнды қағаздарға жұмсау;

· нақты (мүліктік жұмсау)- субьектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.

3. Шығу тегі бойынша- бірінші, екінші.

4. Болу формасы бойынша- құжаттық, құжатсыз.

5. Ұлттық тегі бойынша- отандық, шетелдік.

6. Қолдану түрі бойынша-инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.

7. Иемдену қатары бойынша- жеке, жалпы.

8. Шығарылым формасы бойынша- эмиссиондық, эмиссиондық емес.

9. Меншік формасы бойынша- мемлекеттік, корпоративтік.

10. Айналыс сипаты бойынша- нарықтық, нарықтық емес.

11. Тәуекелдік деңгейі бойынша- аз тәуекелдікпен, үлкен тәуекелдікпен.

12. Қолма-қол табыс бойынша- табыстық, табыссыз.

13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:

· борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;

· иелі үлестік (владельческие долевые)- нарықты субьектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;

· жеке жобалар (кенішті игеру).

14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша- мүліктік, міндеттік.

Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:

-тікелей- басқа субьектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;

-портфельдік- субьект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;

-венчурлік (тәуекелшіл)- жаңадан пайда болған субьектілердегі (мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар) тәуекелді және тез өтелімді инвестициялық салым ақшалар.

Наши рекомендации