Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі. БХФ

Өркениетті, капитализмнің осы мезгілдегі жоғарғы сатыда дамыған деп есептелетін елдердегі аудиттің ұйымдастыру және даму ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.

АҚШ-да аудиторлық қызметті негізінен төрт топқа бөлінген. Олар: Бас Есеп Қызметінің заң шығаратын өкіметтің бақылау қызметінің аудиторлары (аткаратын қызметі қонгресс үшін аудиторлық қызмет жүргізу, оны Бас бақылаушы басқарады, есепті тек Конгресс алдында береді ), Ішкі салық қызметі аудиторлары (федералдық салық заңдарының орындалуын бақылау), Ішкі аудит қызметкерлері (жекелеген Компаниялардың олардың басқару қызметіне аудит жүргізу мақсатында жалданылған қызметкерлер), дипломды қоғамдық бухгалтер (олардың негізгі қызметтері барлық жарияланып сатылатын компаниялардың жария ететін есептемелерін тексеру, негізінен ірі компаниялардың есебін тексереді).

АҚШ-да сонымен қатар компьютерлік аудиторлардың-аудиторларлық Ассоциациясы қызмет істейді.Ол ішкі және тәуелсіз компьютерлік аудит жүргізетін мамандар бірлестігі болғандықтан тек соларды қамтиды.

АҚШ тағы аудиторлық фирмалардың нақты анықталған міндеттері мен ұйымдастырылу ерекшеліктері бар.Оларға қойылатын мамандық талаптары жоғары. Аудиторлық фирмалардың көрсететін қызметтерінің түрлері: - айғақтығын анықтау, яғни ұсынылған тұжырымдардың нақтылығына пікір білдіру; - салық қызметтері, яғни корпоративтік және жеке тұлғаға салық декларацияларын дайындау; - шаруашылық әкімшілігіне (консультация) кеңес беру; - бухгалтерлік қызметтер қөрсету;

Аудиторлық фирмалар жеке адамның иелігінде, серіктестіктер түрінде, мамандық қоғамдастықтары ретінде құрылады.

ҰЛЫ БРИТАНИЯ.Аудиторлық қызметтің қортындысын пайдаланушылар мүддесін қорғаушылар, яғни аудит тексерген құжаттарды пайдаланушылар бірлестігін (ССАВ) (компаниясы) құрайды. Оның құрамына Уэьс пен Англияның, Шотландияның, Ирландияның ант берген бухгалтерлер институттары, ант берген сертифицияланған бухгалтерлер Ассоциациясы, басқару есебінің ант берген мамандар институты, сонымен қатар жарияланатын қаржы мен бухгалтериясының ант берген институты кіреді. Бірлестікте комитеттер құқында Методикалық кеңес жұмыс істейді.

ССАВ мүшелері методикалық кеңестің шығарған стандарттары мен ұсыныстарын пайдалану және таратуды өздерінің міндеттеріне алған.Методикалық кеңес 18 мүшеден тұрады. Оның 9 тәжрибелі аудиторлар болса, қалғандары бұл жұмыспен шұғылдануы міндетті емес. Сонымен қатар кеңеске дауыс беру құқы жоқ жеті мушеге дейін кіре алады.Англяда аудит стандарттары -аудит стандарттарының тұжырымдары деп аталады және халықаралық аудит стандарттарна сәйкестендіріліп жасалынады. 1854 жылы Шотландияның ант берген бухгалтерлер институты бірінші болып "ант берген бухгалтер" түсінігін өмірге әкелген. 1854 жылы Институттың дәрежесін ерекшелейтін Корольдың Дипломын алған. 1954 жылдан институттың барлық бітірушілері "ант берген бухгалтер" маманығы беріледі.

Ұлыбританияда Мемлекеттік аудит қызметі бар.Олар барлық мемлекеттік департаменттер шығындарын Парламенттің тапсыруымен тексереді. Жергілікті органдардың шығындарына аудит жүргізу Қаржы Комиссиясының құзіретіне берілген.

Сонымен қатар Парламентті салық төлеушілердің қаржыларын өкімет құрылымдарының, атқарушы органдардың қалай пайдаланылғаны туралы ақпараттпен қамтамасыз етіп отыратын және олардың қаржылық есептемесін тексеретін Ұлттық Аудит Басқармасы бар. Бұл орган өзінің көптен келе жатқан тарихымен әйгілі.1314 жылы бірінши Қазнаның Бас Ревизоры тағайындалса, 1559 жылы қаржы сотының Аудиторы қызметі енгізілген, ал 1866 жылы Қазна мен Аудит Басқармасы енгізіліп, бірінші рет Бас Ревизор мен Бас Аудитор тағайындалған.

ЯПОНИЯ. Қаржылық есеп пен есептемені анықтау үш заңның негізінде жүргізіледі.Олар: Сауда кодексі, Құнды қағаздар мен биржалық операциялар туралы Заң, Мекемелердің таза пайдасынан алынатын салық туралы Заң. 1948 жылдан бастап "Сертифициаланған қоғамдық бухгалтерлер" туралы Заңы қабылданған. Сертифициаланған қоғамдық бухгалтерлер японияда қоғам алдында үлкен жауапкершілік жүктелген. Олар жоғарғы әдептілік талаптарына сай, тәуелсіз, жоғарғы дәрежелі маман, конфеденциалдықты сақтау және ақпараттық техниканы жете меңгерген болуы керек..

Бухгалтерлердің Халықаралық Федерациясы (БХФ) халықаралық бухгалтерлік кəсіп ұйымы болып табылады. Негізі 1977 жылы салынған ұйым «қоғамдық мүдделерді қорғауды, бухгалтерлік кəсіптің орнын ғаламдық деңгейде күшейтуді жəне кəсіби стандарттарды əзірлеу мен енгізу, осы стандарттарды халықаралық деңгейде қолдануды алға жылжыту жəне кəсіби тəжірибе қажет болатын кезде қоғам мүдделерін қозғайтын мəселелер бойынша шығып сөйлеу жолымен халықаралық экономиканы дамытуға өз үлесін қосуды» өзінің міндеті етіп белгіледі.

БХФ реттеуші органдар, қызметшілер жəне еріктілер адалдық, анықтылықты сақтауға жəне тиісті тəжірибе алуға міндеттенеді. БХФ сонымен қатар кəсіби бухгалтерлердің БХФ Кəсіби Бухгалтерлердің Əдеп Кодексінде бейнеленген принциптерді орындауды міндеттенуге ұмтылады.

Негізгі қызмет

Наши рекомендации