Дәріс сабақтарының тақырыптық-күнтізбелік жоспары
Пән оқытылып болғаннан кейін студенттер алатын білім мен дағдылар.
Бұл пәнді оқу барысында білімгерлер саяси ғылымның негізгі түсініктерімен танысады және кәзіргі саяси жағдайға дұрыс баға беріп,саяси процесске теориялық білімдердерін пайдалана отыра қатысады.
- пән толық аяқталғаннан кейін студенттер саясат дегеніміз не, оны жүргізетін кімдер, саясат қандай заңдылықтармен жүргізіледі, саяси институттар мен ұйымдардың ролі мен маңызы, қоғамдық өзгерістер, олардың жіктелуі туралы мәліметтерді толық меңгеріп шығады;
- саяси өмірдің күрделі проблемаларымен кезігіп, оларға төтеп беруге, өз әрекетіңізді жоспарлап, дұрыс шешімдер қабылдауға үйренесіздер;
- саясаттың мәні, мүмкіндіктерін, шекараларын, келешегін және негізгі түрлерін түсінеді;
- саяси биліктің мәнін, жүйесін, көздері мен функцияларын ұғым қалыптастырады;саяси процестердің мәнін және саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың олардағы рөлін, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы саяси процестерді түсінеді;
- жоғары оқу курсына саясаттанудың енуі жалпы саяси, эмпирикалық бағыттар негізінде қоғамдық және саяси-әлеуметтік оқиғаларды зерттеуді қалыптастырады, соның нәтижесінде студенттердің саяси мінез-құлқын және мәдениетін жетілдіреді. студенттерге әлемдік саясат туралы бағыт бағдар алады;
-қазақстандағы саяси өмірді зерттеуге және ол туралы пікір айта білуге үйренеді;
Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ерекшелігін, саясаттың қоғамдық өмірдегі маңызын, гуманитарлық ғылымдардың мемлекет азаматын қалыптастырудағы орнын және тұлғаның қоғамдағы саяси рөлінің қажеттілігін білетін болады.
Саясат теориясын, саяси ғылым мәселелерін, саясаттанудың қолданбалы әдістерін меңгере отырып, саяси оқиға туралы өзіндік пікір қалыптастыруға үйренеді.
Саясатқа, қоғамдық дамуға және халықаралық қатынастарға болжам жасауға байланысты көзқарас қалыптастырып, оны дәлелдеп, саяси жүйелерге салыстырмалы сараптама жасауға және зерттеулер мен бақылау жасауға тәжірибелік дағды қалыптастырады.
Кез-келген маманның азамат ретінде мемлекеттің саяси жүйесін, оның шешім қабылдау ерекшеліктерін, билік тармақтары мен халықтың қарым қатынасының әр түрлілігін білуі шарт, сондықтан саясат түсінігін, оның механизмдерін, ерекшеліктерін, түрлерін білу маңызды. Саясаттану пәні студенттердің азамат ретінде қоғамдық-саяси процестерге талдау жасауға, баға беруде, олардың ең бастысы, саяси мәдениетін қалыптасуына бағытталған.
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) | 1-8 аптадағы бағалау мөлшері | 9-15 аптадағы бағалау мөлшері | Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері | Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
Ағымдық бақылау | Әрбір бағалауға 100 баллдан | Апта сайын (бірінші аптадан басқа) | ||
СӨЖ | Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан | 4,7,11, 14 апталарда | ||
Аралық бақылау | Әр аралық бақылауға 100 баллдан | 8 және 15 аптада | ||
Кіру рұқсатының рейтенгісі | R1 | 8 апта | ||
Кіру рұқсатының рейтенгісінің | R2 | 15 апта | ||
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі | R= (R1 + R2)/2 | 15 апта | ||
Емтихан | Е | 16-19 апта | ||
Қорытынды баға | І = R*0.6+E*0.4 |
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға | Бағаның цифрлік эквиваленті | Пайыздық мөлшері | Дәстүрлі түрде бағалау |
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
C | 2.0 | 65-69 | |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 50-54 | ||
F | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
Баға қоюдын критерилері
Бақылау түрі | Максимальдық баға | Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл практикалық сабақтың орындалуы дәріс сабағындағы белсеңділігі ОСӨЖ тапсырмаларын орындау | Әр аптада | |
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 | СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес | |
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 | СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес | |
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 | СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес | |
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 | СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес | |
Аралық бақылау 1: Тест сұрақтарына жауап берү | 8апта | |
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 | 15 апта |
*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген
Дәріс сабақтарының тақырыптық-күнтізбелік жоспары
№ | Мазмұны | Сағат саны | Апта |
1 Модуль «Саясат – қоғамдық құбылыс ретінде» | |||
1 Дәріс. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде | 1 апта | ||
1 Тәжірибелік сағат. Саясат табиғаты. Саясаттанудың негізгі парадигмалары | |||
1 ОСӨЖ . Саясаттанудың басқа да қоғамдық ғылымдармен арақатынасы. 2. Саясаттанудың қызметі. | |||
2. Дәріс. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері | 2 апта | ||
2. Тәжірибелік сағат. Саяси ілімдер тарихы | |||
2. ОСӨЖ. 1. XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. 2. Қазіргі заманғы Қазақстандағы саяси ой. | |||
3. Дәріс. Қоғамдық өмір құрылымындағы саясат | 3 апта | ||
3. Тәжірибелік сағат. Саясаттың негізгі түрлері | |||
3. Қоғамды модернизациялау кезеңіндегі егеменді Қазақстан Республикасының саясаты. | |||
4. Дәріс. Билік – саяси феномен ретінде | 4 апта | ||
4. Тәжірибелік сағат. Басқарудағы билік формалары | |||
4. ОСӨЖ. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік | |||
1 СӨЖ 1. Дәстүрлі қоғам, өтпелі қоғам, қазіргі заманғы қоғам. Қазіргі заманға өтудің алғышарттары. 2. ҚР Конституциясындағы «Қазақстан Республикасындағы билік бөлінісі мен тепе-теңдік және тежемелік жүйе» (СӨЖ тапсырмасының ТКЖ қараңыз) | |||
2 Модуль «Адам еркіндігі және құқық» | |||
5. Дәріс. Саясат субъектілері | 5 апта | ||
5. Тәжірибелік сағат. Саяси лидерлік. Саяси элита | |||
5. ОСӨЖ. Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымы | |||
6. Дәріс. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер | 6 апта | ||
6. Тәжірибелік сағат. Демократия теориялары | |||
6. ОСӨЖ. Қазақстандағы саяси режим, оның эволюциясы | |||
7. Дәріс. Сайлаулар мен сайлау жүйелері | 7 апта | ||
7. Тәжірибелік сағат. Сайлау құқығы және қағидалары | |||
7. ОСӨЖ. Қазақстан Республикасындағы сайлау және сайлау жүйелері | |||
2 СӨЖ 1. Саяси лидердің немесе саяси элитаның кейпі 2. Саяси режимдерді салыстыру 3. В. Парето, Г. Моска және Р. Миллстың элита теорияларының негізгі қағидалары. ҚР саяси элитаның түрі (СӨЖ тапсырмасының ТКЖ қараңыз) | |||
3 Модуль. «Саясат институттары» | |||
8. Дәріс. Мемлекет және азаматтық қоғам | 8 апта | ||
8. Тәжірибелік сағат. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам | |||
8. ОСӨЖ. Қазақстанда азаматтық қоғам мен мемлекеттің қарым-қатынас формалары | |||
1 Аралық бақылау (коллоквиум) | |||
9. Дәріс. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық- саяси қозғалыстар мен ұйымдар | 9 апта | ||
9. Тәжірибелік сағат. Партиялық жүйелер, олардың жіктелуі | |||
9. ОСӨЖ. Қазақстан Республикасындағы көппартиялық: мәселелер мен даму үрдістері | |||
10. Дәріс. Саяси даму мен модернизация | 10 апта | ||
10. Тәжірибелік сағат. Модернизацияның әлеуметтік факторлары | |||
10. ОСӨЖ. Қазақстан Республиасындағы саяси модернизация | |||
11. Дәріс. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар | 11 апта | ||
11. Тәжірибелік сабақ. Саяси конфликтілердің жіктелуі және қызметі | |||
11. ОСӨЖ. Қазақстанда саяси конфликтілердің алдын-алу амалдары мен жолдары | |||
3 СӨЖ 1. Мүдделі топтар мен саяси партиялар 2. Қазақстан Республикасының посткеңестік кеңістіктегі жанжалдарды реттеу бойынша сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын ашу 3. У. Растоу және С. Хантингтонның модернизация концепцияларының ерекшеліктері. Қазақстандағы модернизация түрі 4. Унитарлы және федеративті мемлекеттердің конституциялық белгілері. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері (СӨЖ тапсырмасының ТКЖ қараңыз) | |||
4 Модуль «Әлемдік саясат және жаһандану» | |||
12. Дәріс. Саяси мәдениет пен саяси идеология | 12 апта | ||
12. Тәжірибелік сабақ. Саяси мәдениет теориялары | |||
12. ОСӨЖ. Қазіргі заманның негізгі саяси идеологиялары | |||
13. Дәріс. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар | 13 апта | ||
13. Тәжірибелік сабақ. Сыртқы саясаттың әдістері. Саясат пен дипломатия | |||
13. ОСӨЖ. Әлемдік саяси процесстегі халықаралық ұйымдар | |||
14. Дәріс. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. ҚР сыртқы саясатының негізгі басымдықтары | 14 апта | ||
14. Тәжірибелік сабақ. Республиканың әскери доктринасы. Сыртқы саясаттың бейбіт бағыты | |||
14. ОСӨЖ. Болашақтағы Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттары | |||
4 СӨЖ 1. «Лоббизм және жемқорлық: екі құбылыстың шегі қай жерде өтеді»? 2. «Егер де мен президент болсам» ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлау алды сөзін әзірлеу 3. ҚР 2007 ж. конституциялық реформаның негізгі қағидалары және жүзеге асырылуы (СӨЖ тапсырмасының ТКЖ қараңыз) | |||
15. Дәріс. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы | 15 апта | ||
15. Тәжірибелік сабақ. Стратегия 2050 – ҚР жаңа саяси бағыты | |||
15. ОСӨЖ. ҚР Мемлекеттік жастар саясаты, оны жүзеге асырудың ерекшеліктері | |||
2 Аралық бақылау (Коллоквиум) 2 | |||
Емтихан 1 | |||
Барлығы: дәріс: 20 Тәжірибелік сабақ: 15 СӨЖ (сонымен бірге ОСӨЖ) 30 |