Бандитизмнің субъективті жағы

Субъективті жақ- бұл кез-келген қылмыстың қажетті элементі болып табылады. Ол қылмыс жасаған түлғаның жасаған қоғамға қауіпті әрекетінің қасақаналық немесе абайсыздық формасы арасында психикалық қатынастарында көрініс табады. Қылмыстың субъективті жағының белгісі болып (оның құрамы) оның ниеттерінің мойындауының барысында қалыптасатын оның мақсаттары мен эмоцияларынан туындайтын кінә болып табылады. Бандитизмге қатысушылардың кінәсінің мазмұны мен мәні қандай?

«Бандитизм бұл қасақана жасалатын қылмыс. Бұндай қорытынды жасау келесі жағдайлардан туындайды:

Біріншіден: баңдитизмнің бастапқы белгісі болып, банданың болуы, қатысушылықтың ең қауіпті формасы. Ал, қатысушылық кінәнің тек қана қасақана формасында болады. Бүл ереже заңда нақты белгіленген және теорияда сот практикасында мойындалған жағдай болып табылады.

Екіншіден: Қылмыстық кодекстің 237 бабының диспозициясында заң шығарушы банданы ұйымдастырудың арнайы мақсатта болатындығын көрсеткен, бұл қылмыстың, яғни бандитизмнің жасалу механизмі кінәнің қасақаналық формасында ғана орын алады.

Зандағы қасақаналықгың анықтамасы өзіне үш міндетті элементті кіргізеді:

а) Тұлғаның өзінің жасап отырған әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін сезінуі;

ә) Өзінің жасап отырған әрекеттерінің коғамға қауіпті салдарын көре білуі;

б) Осы әрекеттердің болуына ерік беруі және саналы түрде жол беруі. Бастапқы екі элемент адамның психикасында танушылық сипатта болады және ойлау қабілеттілігінде көрініс табады. Сондықтан, бүларды жалпы ұғым-интелектуалдық кезең атауына біріктіреді. Интелектуалдық кезең қасақаналықтың мазмұнын анықгайды, яғни жағдайлардың көлемі сипатының адамның танымында қалыптасуын білдіреді. Үшінші элемент ерік аясына жатады, сондықтан ол ерік кезеңін құрайды. Ерік кезеңі қасақаналықтың бағытында көрініс табады. Интеллектуалдық сәт пен ерік сәтінің әртүрлі үйлестіктері кінәлінің психикасында жасап отырған қылмысына қатысты қасақаналықтың тікелей және жанама түрлерін бөліп шығаруға жағдай туғызады. Бірақ, бұндай жалпы формада, қасақаналықтың формасы тек қана жеке әрекет ететін түлғаға қолданылады. Бандитизмді субъективті жағынан саралау үшін бұл жеткіліксіз. Интеллектуалдық және еріктілік аясының әр қатысушылардың арасындағы шекара біршама ауқымды.

Бірігушілік объективті тұрғыдан әрбір қатысушы арасындағы әрекеттің байланысы келген қорытындының сипаттауы бірнеше жағдай арқылы түсіндіріледі.

Біріншіден: қылмыс қорытындысының әр қатысушыға жалпылығы; Екіншіден: осы қорытынды әрбір қатысушылардың арасындағы әрекеттердің негізделуі;

үшіншіден: қатысушы әрекетінің баска қатысушылардың әрекетіне негіздеуі болып табылады. Сондықган, ұйымдастырушының түсінігінде оның бірнеше адамды олардың күшін біріктіріп, қаруланған бандалық шабуыл жасау үшін банда құрып, оның, яғни ұйымдастырушының түсінігінде салдарын түсінуі көрініс табуы қажет. Банданың әрбір мүшесі шабуыл жасауға бағытталған, тұрақгы қаруланған бандалық топ екенін ұғынуы субъективті жақтың міндетті белгісі болып табылады. Банданың мүшесі болып табылмайтын түлға, бірақ осы бандалық топпен шабуыл жасауға қатысуы, бандалық топ мүшелерінің шабуыл жасауы және оның сол қатысушылармен бірге шабуыл жасауға қатысуын түсінуі қажет. Түлғаның түсінуінде қылмыстық кодекстің нақты бабының диспозициясында көрсетілген қылмыс құрамының басқа да объективтік белгілері көрсетілуі тиіс. Қылмыстық кодекстің 237 бабының құрамында ондай белгілердің бірі ретінде банданың қаруланғандығы және қылмыс жасау әдістерін атап көрсетсек болады. Банданың қаруланғандығы- бандитизмнің ең басты белгілерінің бірі болып табылады. Жасаған әрекеттерді саралау кезінде ол тікелей өз ықпалын жасайды. Банданың ұйымдастырушы және қатысушылары, шабуыл жасауға қатысушылардың біреуінде қарудың барлығын және оның қолдану мүмкіндігін ұғынып хабардар болуы тиіс. Бұндай фактіні анықтамау сот практикасында басқа қылмыспен, басқа баппен саралануына алып келеді. Қазіргі кезде осындай жағдайларды анықгауда құқық қорғау органдары біршама қиындықтарға ұшырауда. Оған негіз әр бандалық топта екі-үш қарудың болуы негіз болады.

Банданың әр қатысушысының қызметі субъективті тұрғыдан қасақаналық сипатта болады. Бандитизмге бұл ереженің қолданылуы, әрбір бандаға қатысушы адам, банда мүшелерінің басқа қатысушыларының жалпы бірігушілік қызметінің белгілі мақсаттарға жетуіне байланысты түсінуі негізінде жүзеге асырылады. Банда шабуыл жасау арқылы құрылып әрекет ететіндіктен бірнеше адамның бірігуі, олардың бір мақсатты көздейтіндігі, саналы түрдегі сипатта болмауы мүмкін емес. Логикалық түрғыдан әрекеттерінің сипатын түсінбей белгілі алдына қойған мақсаттарға ұмтылуы мүмкін емес. Осы мақсаттарды нақгы қаруланған топтарға бірігуі арқылы көрініс табады. Банда мүшесінің қасақаналық мазмұнын фактілік және заңдық тұрғыдан мойындауына қоғамдық қауіпті салдарын көре білуі қіреді. Көре білу бұл- адамның болашақта жасайтын әрекеттерінің адамның ойлау қабілеттігінде жиынтықтарды айтуымызға болады. Қылмыс салдарын қасақана деп ойлау үшін нақты келтірілген зиян салдарының заңдық белгілері адамның алдын-ала ойлаған салдарымен байланысты болуы қажет. Бұл талап жауаптылыққа тартудың міндетті шарты болып табылады.

Адамның жасаған іс әрекетінің салдары қылмыстық-құқықтық маңызы бар салдарынан көрініс табады. Заң шығарушы қылмыс құрамын ойлап шығару барысында қылмыстың құқықтық мақсаттардан тәуелді белгілі әрекеттер жасауға тыйым салады, яғни қатысушының көре білуінің сипаты мен көлемін анықтау үшін ең алдымен заң шығарушы қаңдай салдарды, қандай нормаларды бандитизмге байланысты көңіл бөлініп отыр, соны анықгап алған жөн. Бандитизм құрамын зандық құрылысын келте қылмыстардың қатарына жатқызады және бұл қылмысты аяқталған деп

Наши рекомендации