Инвестициялық меншіктің кейінгі бағалануы
Нақтылық инвестиция дегеніміз шаруашылық субьектілеріндегі белгілі материалдық өндірістік қорлардың, активтердің өсуіне, дамуына жұмсау үшін салынатын салымдар болып табылады.
Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары.
Экономиканы тиімді басқару жүйесіне шет елдердің капиталын саналы тарту жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерешеліктерінің бірі –шетел инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.
Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес, жаңа әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктер, технологиялар енетін маңызды арна ретінде қажет.Олар ірі коммерциялық өміршең инвестициялау негізінде ұлттық шаруашылық субьектілерінің дамыған тауарлық қатынастарға бейімделу дәрежесін арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік туғызады.
Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен, тікелей өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын республикаға тарту бағдарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін, белгілі бір қағидаларды жетекшілікке алу қажет.
Бұл қағидалар:
- экономикалық мақсатқа сәйкестілік –ол сол немесе басқа әлеуметтік –экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер мен мүмкіндіктердің шектеулігін, шетел инвесторлары қатысуымен болатын инвестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын шешудің тығыз қажеттілігінен туындай отырып анықталады;
- шетел инвестицияларын тарту барысында өзара тиімділік қағидасы. Бірде бір мемлекет, бір де бір кәсіпкер өзіне пайдасыз болатын серітестікке кірмейді, республика экономикасын инвестицияламайды;
- экономикаға шетел инвестицияларына басымдылықтық салу қағидасы. Бұл Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдық пен инвестициялық саясатқа сәйкес оларды ең мәртебелі обьектілерге бағыттауды білдіреді;
- Республика үшін маңызды қағида болып, барынша аз коммерциялық тәуекел қағидасы болып табылады. Оны жүзеге асырудың негізі –осы процесті басқарудың толық құқылы органдарын, кәсіпорындарын жеткілікті хабардарлылығын қамтамасыз ету болып табылады;
- ең соңында, шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін барынша ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. әрбір елдің өзіне ғана тән көптеген ерекшеліктері бар: экономикалық, технологиялық, қаржылық және басқа да потенциалдарының жекелеген аспектілерінің жетілгендігінен немесе қалуымен ерекшеленеді.
Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік негізін құрайды. Оларды тарту елдің экономикасын жалпы алғанда және өтпелі кезеңде реформалауда басты сәт болып табылады, әсіресе, ол халық шаруашылығын реконструкциялау, құрылымын өзгерту, жаңаландыру мақсаттарына қызмет етеді.
Сатуға арналған айналымнан тыс активтерді бағалау.
Зақ мерзімді активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) бағалау
Йым сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату шығындарын шегере отырып, ең азқаржылық жағдай есебі немесе әділ құны бойынша бағалауға тиіс.
А Ұйым иелерге таратуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) оның қаржылық жағдай есебіқұнының және тарату[4] шығындарын шегергендегі әділ құнының ең азымен бағалайды.
16 Егер таяу арада сатып алынған актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретіндегі жіктеу талаптарына жауап берсе (11-тармақтықараңыз), онда 15 - тармақты қолдану активті (немесе шығаруға арналған топты) бастапқы таныған кезде, егер ол осылайша (мысалы, өзіндік құны бойынша) жіктелмеген болса, қаржылық жағдай есебі құнның және сату шығындарын шегергендегі әділ құнның ең азымен бағалауға әкеледі. Сөйтіп, егер актив (немесе шығаруға арналған топ) бизнесті біріктірудің бір бөлігі ретінде сатып алынса, онда ол сату шығындарын шегергендегі әділ құн бойынша бағалануға тиіс.
17 Сату бір жыл өткен соң орын алады деп күтілсе, онда ұйым сату шығындарын келтірілген құн бойынша өлшеуге тиіс. Сату шығындарының келтірілген құнын уақыт ағынымен кез келген ұлғайту пайданың немесе залалдың құрамында қаржыландыру шығындары ретінде көрсетілуге тиіс.
18 Активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде тікелей бастапқы жіктеу алдында активтің (немесе топтағы барлық активтер мен міндеттемелердің) қаржылық жағдай есебі құны қолданылып жүрген ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес бағалануы тиіс.
19 Шығаруға арналған топты бұдан әрі қайта бағалаған кезде осы Стандарттың бағалауға қоятын талаптарының қолданылу аясына кірмейтін, бірақ сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топқа кіретін кез келген активтің немесе міндеттеменің қаржылық жағдай есебі құны қолданылып жүрген ХҚЕС-қа (IFRS) сәйкес сату шығындарын шегергендегі шығаруға арналған топтың әділ құнын қайта бағаланғанға дейін бағалануға тиіс.