Сақтардың қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көрші елдермен қарым-қатынасы.

Сақтар.Б.з.д. 1 мың. ортасынан бастап Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар «сақ» атауымен белгілі. Жазба деректердің мәліметі бойынша олар Қазақстанның барлық этникалық территориясында қоныстанып, бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте тиграхауда сақтары (грек деректерінде массагеттер, дон тайпалары), Бактрия мен Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақтары.

2. Сақтардың рухани және материалдық мәдениеті.

Жетісу жерінде сақ дәуірінің керемет бір ескерткіші – Есік қорғаны. Ол Алматының шығысында, км. жерде Іле Алатауының бөктерінде орналасқан. Қорғанның диаметрі 60 м. биіктігі 6 м. Үйілген топырақтың астында екі бейіт бар – 1-і орталық, 2-сі жанынан табылған. Орталық мүрде тоналған, ал жанындағы аман. Тянь-Шань қарағайларын сүргілеп, қима моланың көлемі 2,9 м., тереңдігі 1,5. Еденінде жақсылап 10 тақтай төселген. Анықталғандай, мәйіт жатқан еденінің үстінде көрпе жайылып, алтын қаптамалармен безендірілген. Оның үстінде басын батысқа қаратып, бай киімдерін киіп, қару асынып мәйіт жатты. Антропологтардың айтуынша, өлген адамның жасы 17-18-де , бойы 165 см.

Қазір көп ғалымдар оларды иран тілдес дейді. Дәлелдеулер көрсеткендей, көне көшпелілер Қазақстанның қазіргі жергілікті халқының ата-бабасы бола алмайды. Бірақ, б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғғ. жерленген адамдардың бас сүйегін зерттеген антропологтар оларда монголоидты нәсілдің араласқанын байқайды. Монголоидты элементтердің таралуы индоевропалық тілдің емес, түрік тілінің таралуымен байланысты болды. Археологиялық мәліметтерге қарағанда, Қазақстан тайпаларында күн мен отқа табыну болған, ол жөнінде антикалық та, ерте деректер де толық дәлел. Сонымен қатар бұрыннан қалған антимизм, тотемизм, магия сияқты нанымдар да орын алған.

3. Хунну және ғұндар мемлекеті.Хунну мемлекетінің құрылуы. Ғұндар жазба деректерде алғашқы рет б.з.д. 822 аталады, ол кезде олар Қытайға үлкен жорық жасаған. Б.з.д. ІІІ ғ. ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай императоры Ұлы Қорған салдырды. Бұл кезде ғұндар туысқан рулардың одағы ретінде қалыптасып, оны сайлаған көсем басқарды. Б.з.д. 209 ж. Туман атты көсемнің баласы Моде өзін «сенгер» деп жариялап (сенгир-ұлы) Ғұн мемлекет құру барысында қызмет ете бастады.

Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з.д. ІІ ғ. Қазақстан территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан және қангар тайпалары ІІІ ғасыр бойы көшіп, Иран, Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айырылып, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимиляцияға түсті осыдан жаңа этнос пайда болды, енді біз оны Хунну емес Ғұн дейміз. Оларды осылай батыс деректері де атайды.

Үйсіндердің мемлекеті. Б.з.д. 1 мың аяғында Жетісу, Тянь-Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол Қытай деректерінде «Үйсін елі» деп аталды. Алғашында үйсіндер Данхэ өзенінің бойында мекендеген, б.з.д. ІІІ ғ. Юечжи тайпаларының қыспағынан Монғолияға көшіп баруға мәжбүр болды, ал мұнда Хұндардан соққы алғаннан кейін Жетісу мен Жоңғарияға келді. Үйсін мемлекетінің басында «Күнби» титулы бар билеушісі тұрды.

Үйсін мемлекеті құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол одан тез босанып осы аймақта ең күшті мемлекттердің біріне айналды.

Ү ғ. басында үйсін атауы деректерден кездеспейді. Айта кетуі керек, «Үйсін» этнонимі бүгінгі күнге дейін жетті. Қазақтардың Ұлы жүзінің бір руы «Үйсін» деп аталды.

Кангюй мемлекеті. Кангюй атауы (Қытайша Канцзюй) алғашқы рет деректерде б.з.д. ІІ ғ. кездеседі. Б.з.д. 138 ж. Қытай императоры Уди Чжан-Цянь бастаған сауда елшілігін батыс елдеріне жібереді. Ол елшілік тек 13 жылдан кейін қайтып келеді. Оның жазбаларында бұған дейін Қытайға мәлім болмаған мемлекеттер сиппатталған. Солардың ішінде Чжан Цянь билеушісінің ордасында болған Кангюй мемлекеті де бар.

Кангюй халқының этникалық сипаты әлі де болса күрделі сұрақ, толық зерттелмеген. Қангюйлер қай тілде сөйлеген туралы әлі де тұтас пікір жоқ. А.М.Бернштамның пікірінше, Кангюйлер түркі тілдес болған. Басқа зерттеушілер оларды солтүстік Иран малшы тайпалары, б.з.д. І ғ. ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпаларының келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен дейді.

Сұрақтар:

1. Сақ тайпалары туралы жазба тарихи деректерге толық сипаттама беріңіз (антикалық, ежелгі парсылық, т.б.).

2. Үйсін, қаңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік-саяси және шаруашылық дамуына салыстырмалық тұжырым беріңіз.

3. Б.э.д. VII-VI ғғ. Орта Азия, Қазақстан және Сібір тайпаларында қолданбалы өнер түрінде “аң стилі” үлгісінде суреттеу неге басым болды?

4.Қаңлы, Үйсін, Ғұн мемлекеттерінің соғыс жүйесі.

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 1 том. Алматы, 1996.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

4. Акишев К.А. Древнее золото Казахстана. А., 1983.

5. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. А., 1963.

6. Байпаков К.М. История древнего Казахстана. А., 1996.

7.Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К. Археология Казахстана. А., 2005.

8.Бернштам А.Н. Очерки истории гуннов. Л., 1951.

12.Қытай деректеріндегі Қазақстан тарихы. 4 томдық. 1-том. А., 2007.

Қосымша әдебиеттер:

1. Агапов П., Қадырбаев А. Сокровища древнего Казахстана. А., 1979.

2. Акишев А.К. Искусство и мифология саков. А., 1983.

3. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. А., 1973.

4. Акишев К.А. Древники кочевники и мировая цивилизация: генезис, проблемы, перспективы.// Вестник АН КазССР. 1991, №10.

5. Акишев К.А. Курган Иссык. М., 1978.

6. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. М., 1950.

7. Вишневская О.А. Культура сакских племен низовьев Сырдарьи в VII-V вв. до н. э. М., 1973.

8. Геродот. История в девяти книгах / Перевод и примечания Г.А. Стратиновского. М., 1972.

9. Кюнер Н.В. Китайские известия о народах Южной Сибири, Центральной Азии и Дальнего Востока. М., 1961.

10. Миняев С.С. Сюнну // Исчезнувшие народы. М., 1988.

11. Смирнов К.Ф. Сарматы на Илеке. М., 1978.

12. Страбон. География в 17 книгах. Л., 1964.

Наши рекомендации