Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер.

Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.

Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.

Қазіргі жағдайда саяси мәд қалыптасуының барынша маңызды жолдары мынадай ; мақсаткерлік, рухани-идеологиялық, мемлекеттің білім беру ағарту қызметі, саяси партиялар, шіркеулер, мешіттер, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамды саяси ұйымдар, мен қозғалыстар. Достар арасында, отбасында,еңбек ұжымдарында. .т.с.с

27. Саяси мәдениеттің жіктелуі, түсінігі мен мәні.Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:

"патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;

"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;

"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.

Саяси ғылымда бұл тақырыптың маңызы зор. Ол анық саяси жүйенің сипатын, саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс әрекеттерінің ерекшеліктерін саяси үрдістердің даму жолын және бағытын түсінуге көмектеседі. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарының ұғынуға, саяси бағдар алуына тікелей әсер етеді.

Осы ұғымның саясаттануға енгеніне көп уақыт болған жоқ. Осы ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы – 60 жылдарының басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американдық зерттеушілер және оның шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар шығарды. Олар кейін «Саясат мәдениет» деген атаумен кең тарап кетті. Олардың ойынша саяси мәдениет – ол саяси жүйеге қатысушылардың индивидуалдық позициясы мен бағыт-бағдары. Саяси бағыт-бағдар мынадай элементтерімен толығады:

- танымдық бағыт-бағдар – саяси объектілер мен идеяларды тану мүмкіндігі;

- белсенді бағыт-бағдар – саяси объектілер қарым – қатынасындағы қарама-қайшылықтар т.б.;

- бағалаушылық бағыт-бағдары саяси жаңалықтар мен оқиғаларға баға беру пікірі;

Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын ешқандай ой-толғам болмаған деуге болмайды. Өйткені, антикалық ойшылдар Платон («Мемлекет», «Заңдар» деген еңбектерінде), Аристотель («саясат» деген еңбегінде), кейінірек Макиавелли, Бэкон, Ш. Монтескье т.б. ойшылдар бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде тәрбиеленген, арқилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бір ыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратындығын байқаған.

Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстық ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы «саяси мәдениет» деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы , фәлсафашы Иоганн Гердерді санайды.Бірақ олардың қай-қайсысы болмасын «саяси мәдениетті» саяси өмірдің белгілі бір өрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы ретінде қолданбады. Мұны жасаған жоғарыда аттары аталған американдық ғалымдар болды.

Саяси мәдениеттің мағынасын айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы білген жоқ. Бұл жөнінде де ғалымдар арасында келіспеушілік бар. Америкалық саясатшылар Г. Алмонд пен С. Верба саяси мәдениетті адамдардың психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны саяси қазыналардың,, нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы деп санайды.

28. Саяси әлеуметтанудің типтері. Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады: Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу; Қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау; Саяси мәденеиттің элементтерін өзгерту.

Адамның саяси әлеуметтенуі үхдіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік –саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады. Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, олардың өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.Саяси әлеуметтену саяси тәжірибені ашық және қосалқы түрінде жүргізуі мүмкін. Ашық түріне мәліметтердеі, сезімді, құндылықтарды тікелей беру жатады. Мысалы, қоғамдық пәндерді оқыту арқылы жастарды оқытып үйрету. Қосалқы түрінде саяси емес ережелерді саяси қатынастарға телу жатады. Мысалы, балалардың саяси билікке қатынасы жас кезінен қалыптасуы мүмкінСаяси әлеуметтену институттарына мыналар жатады: отбасы, білім жүйесі, ақпарат құралдары, мемлкет, партия, діни ұйымдар және жеке саяси оқиғалар.Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Америка ғалымдары Д.Истон мен Дж.Деннис 12 мың Америка балаларын сұрақ-жауап арқылы зерттеген. Соның нәтижесінде олардың саяси әлеуметтенуінің 4 кезеңінен көрсетеді: саясаттану, яғни балдырғанның ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғынуы; 2 жекелеу. Мұнда бала саяси билікті президент, полицеский тұлғасы арқылы жекелеп сезінуі;3дәріптеу, яғни саяси қайраткелерге тек жақсы қасиеттерді таңу;институционалдандыру, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, иесіз институттар арқылы (партия, парламент, әскер және т.б.) қабылдау.Саяси әлеуметтенуді келесі сатысы –мектеп. Бұл кезде жалпыға бірдей негізгі саяси қазыналар мен көзқарастарды оқушылар оқып біледі, алғашқы әлеуметтік тәжірибелер алады. Жастар ұйымдарына қатыса бастайды. Д.Истон мен Дж.Деннис зерттеген 12000 оқушының 95 пайызы «Америка — әлемдегі ең таңдаулы ел», «Америка жалауы – дүниедегі ең жақсы жалау» деген тұжырымдаманы мақұлдаған. Өйткені мұғалімдердің 99 пайызы оқушыларға күнде америка жалауын көрсетсе, 91 пайызы ол туға берілгендігін дәлелдеуді талап етіпті, 60 пайызы «Тамаша Америка» деген отан сүйгіш әнді орындатып отырған.Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 16-40 жастар аралығы. 16 жастан адам сайлауға қатыса бастайды, азамат атанады, іс-әрекетіне толық жауап береді. Көбісі жоғары оқу орнына түсіп, терең саяси білім алады. Саяси партияларға мүше болулары да мүмкін. Жастардың әлеуметтік мәртебесі өзгереді.Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 40-60 жастардағы аралық. Бұл – адамның есейген шағы. Адамдардың саяси іс-әркетіне өмір тәжірибесі, балалары мен немерелері, тұрақты көзқарастары әсер етеді.Ең соңына зейнеткерлердің саяси әлеуметтенуі. Олардың кейбіреулері қолдары босаған соң саяси мәселелермен белсенді айналыса бастайды. Қайсыбірі қоғамдық өмірге аз да болса қатысқанына риза болады, көңіліне медет табады.Саяси әлеуметтенуге ақпарат құралдары көп ықпал жасайды. Баспасөз, радио, теледидар, кино адамға тікелей ықпал етеді және саяси құндылықтарға деген қатынасын қалыптастарады, бір идеалды негіздеп, қорғап, екіншісіне тойтарыс береді, адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастарған қазыналары, алдыңғы ұрпақтың саяси тәжірибесін соңғы ұрпаққа жеткізіп, саяси тұлғаны тәрбиелейді.

29. Саяси жанжал. Жанжал — қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы қордаланған өткір проблемалардың, халықаралық кикілжіңдердің дер кезінде реттелмей, әр түрлі қақтығыстарға алып келуі. Көбінесе, қоғамдағы жанжал саяси, экономикалық дағдарыс кезінде, не жедел дамыған әлеуметтік өзгерістер барысында орын алады. Елдегі реформалар кезінде халықтың әр түрлі топтарының мүддесі есепке алынып отырмаса, ол да әлеуметтік қарама-қарсылықтарға алып келуі мүмкін. Қоғамда саяси мәдениет қалыптастыру, ортақ әлеуеттік құндылықтар мен нормаларды орнықтыру — жанжалды болдырмаудың негізгі жолы болып есептеледі. Әлеуметтік өзгерістердің қарқыны белгілі бір саяси, этнография, әлеуметтік топтардың мүддесіне сәйкес келмеген жағдайда оны саяси жолмен реттеп отыру қоғамның орнықты дамуының кепілі болып табылады. Әлемдік ауқымда, әр түрлі мемлекеттер мен геосаяси мүдделер арасындағы халықар. Жанжалдар дипломатиялық жолмен жоғары дәрежедегі келісімдер арқылы реттеліп отырады.Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын.
Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатындығы туралы өткен тарауларда айтқан болатынбыз. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап-тілектері, арман-аңсарлары, мұқтаж-қажеттіктері болады. Олар, сөз жоқ, сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар пайда болады. Олар дер кезінде шешілмесе, шиеленістерге, жанжалдарға айналады. Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Герак- лит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуыңда қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген — марксизм. Маркс пен Энгельс «Коммунистік партияның манифесінде»: «Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антатонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын» деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының зандылығы және қозғаушы күші деп есептеді.Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған.60 жылдары немістің әлеуметтанушысы Ральф Дарендорф «қоғамның дау-дамайлық үлгісін» алға тартты. Ол «Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер» деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құры- лымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан К. Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол берілмейді делінген.Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг «шиеленістің жалпы теориясын» жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.

. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген адам- дар қолдап, дау-дамайдың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетгі түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин-абхаз шиеленістері сияқты.Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді. Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Соңдықтан шиеленісті шешу керек. Бұрын одан екі жолмен құтылғысы келетін. Біріншісі, қоғамның «таза» даму қисынына сәйкес келмегенді өз арасынан аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді. Екіншісінде, керексіз жағдайды, құрылымды тура басып-жаншып құрту, жою арқылы құтылғысы келді. Екеуінде де қайшылық шешілген сияқты алдамшы түсінік туады. Ал, шын мәнінде, бұл ауруды ішке тыққанмен бірдей.Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар:

1. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.

2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі — келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн.Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне занды оппозицияның бар жоғына да байланысты. Бұрынғы Кеңес заманында көппартиялық пен оппозицияға қалыпты жағдайдан тыс, ерсі нәрсе сияқты қарайтын. Ал демократиялық елдерге олар қажетті шарт. Олар болмаса, билік органдарына сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр топтың талап-тілектері, көзқарастары ескеріледі. Соңдықтан ағылшын фәлсафашысы Джон Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса, диктатура калады деп тегін айтпаған.Дегенмен, шиеленіс болған соң одан қайткен күнде де шығу керек. Ол азаматтық келісім негізінде шешілуге тиіс. Оның екі жолы бар: Біріншісі — араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайын туғызу. Екіншісі — барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыру. Зорлық зорлықты тудырады. Сондықтан одан аулақ болып, өркениетті жол іздеген абзал. Америкалық саясатшы Г. Райфф әрбір есі дұрыс адам ортақ мүдделер тауып, шиеленістерді реттей, жөнге келтіре білуі керек деген. Батыстың тәжірибесі жеке адамның еркіндігіне, коғамның ашықтығына, заңның билігіне негізделеді. Біз үшін олардың бәрін толық орындай қою әлі қиын. Бірақ соған тырысқан жөн. Себебі, олар ел тағдыры үшін маңызды шарттар. Сонымен саяси шиеленістер қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың жекелеген түрі ғана қиратып, бүлдіруге әкеледі. Олай болмау үшін өсіп келе жатқан дау-дамай, кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген, одан да жақсысы олардың алдын алған ләзім. Оған саяси және қоғамдық өмірдің демократиялық жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Сондықган америкалык саясатшы Сеймур Липсет (1922 жылы туған) тұрақтылық пен демократияны медальдің екі жағы деп өте дұрыс санайды.

30. саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы - халықтың әл-ауқатын көтеру, елдің жоғары әлеуметтік-экономикалык дәрежеде дамуын камтамасыз ету. Оған қоса қоғамның саяси мәдениеті биік болса, билік басындағыларға, заң органдарына деген сенім арта, беки түседі. Ал олар жеткіліксіз болса, саяси жанжалдар мен дағдарыстардың өрбуіне әкеледі. Біраз жағдайда дау-жанжалдардың алдын алу үшін билік басындағылар әртүрлі әдіс-айлаларды пайдаланады. Мысалы, халык мүддесін қанағаттандыра алмаған жағдайда, сіздерді мынадай жарқын болашақ күтіп түр деп үміттендіреді, жұбатады. Бір үміттен кейін келесі үміттің оты жануы мүмкін. Ол үміт шиеленісті әлсіретуге әкеледі. Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар. 1. Дау-жанжалга бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді. 2. Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, "не істесең соны істе" деген сияқты, бәріне көніп жүре береді. 3. Саяси жанжалды мәмілеге келу арқыльі бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге ты- рысады. 4. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдісі. Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақта мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халыкаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық тәртібін және т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады.
31. Этносаяси жанжалдар. Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы даудамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси-әлеуметтік егес, дау-шарларға қарағанда ол өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе. Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте әр түрлі тілде сөйлейтіндердің (Бельгия, Швейцарияда), әр түрлі дінге сенетіндердің (Индиядағы сикхтар, мұсылмандар, индустар; Ливанда христиандар мен мұсылмандар), әртүрлі ұлттар (бұрынғы Кеңестер Одағында), әртүрлі нәсілдер (Оңтүстік Африка елдерінде) арасында болуы мүмкін. Әдетте мұндай кақтығыс әртүрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады. Өз ұлтының екілдері езгіге, қысымшылыққа түсіп отыр деп ұққан этнос халқының арасында үгіт жүргізіп, ұлттық ынтымақтастық білдіре бастайды. Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік-таптық сатына жоғары денгейде тұрады да өздерінен басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда артықшылықтармен, жеңілдіктермен пайдаланады. Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, ұлта- ралық жанжалдарға жол ашады. Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі – этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз ұлттың өкілдері өз алдына автономия алу, тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды: — автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету; — белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу; — өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу. Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі — түптеп келгенде езінің мемлекеттігін орнату. Мұндай ұлтаралык кақтығыстар қазіргі таңда жеткілікті. Мысалы, Солтүстік Ирландия мен Англия, фузиндер мен абхаздықтар, осетиндер мен ингуштар арасындағы, Таулы Карабахтағы, Молдавадағы және т.с.с. жанжалдар. Олардың негізінде жергілікті халықтан басқа ұлт өкілдерінің саяси және азаматтық құқықтарының қысымшылық көруі, ұлттық егемендік, ұлттық-мемлекеттік құрылым мәселелерінің және т.б. жатыр. Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептің бірі — этностың өз тілі, мәдениеті, діні, әдет-ғұрпының тағдырына қалыптан тыс, асыра қауіптенушілік. Оның болашағы қалай болады деп мазасыздану. Мысалы, біздің республикамызда 90 жылдардың орта кезінде орыс тілділер орыс тілінің мәртебесі женінде бірталай әңгіме көтерді. Оларға "Лад", "Русская община" ұйымдары, казактар дем беріп, кикілжің тудырды. Тіліміз, әдет-ғұрпымыз қысым көруде, орыстарды басқарушы қызметтерге аз алуда, олардың арасында жұмыссыздық көбеюде, соларға байланысты олар Қазақстаннан жаппай көшуге мәжбүр болуда деп байбалам салды. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік қазақ тілі мен орыс тілінің тең қолданылатындығы, өтпелі кезеңдегі жұмыссыздықтың көбеюі барлык ұлт өкілдеріне бірдей әсер етіп отырғандығы, басқарушы органдарға қызметке ұлтына, нәсіліне қарамай, тең қабылдануы және т.б. олардың қауіптерінің орынсыз екендігін дәлелдеді. Әдетте ұлттық идеяны көтеріп, этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары. Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланады. Сол үшін жылдар бойы жиналған кемшіліктерді дабыра етіп, аз ұлттардың сезімдерінде ойнап, наразылық тудырады. Қалай болғанда да ұлтаралық жанжалды өрістетпей, мәселені дер кезінде шешу қажет. Өйткені мұндай шиеленістер ұлғайып кетуге бейім келеді және ұзақ сипат алған дау-жанжалды тоқтату оңайға түспейді. Ол үшін мемлекет ұлтаралық саясатты ешқашан назардан тыс қалдырмауы тиіс. Бұл салада біздің елімізде бірталай іс істелуде. 1995 жылдың 1 наурызында Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ол республикадағы барлық ұлттық-мәдени орталыктарды қамтиды. Ассамблея елімізде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау, қоғамды біріктіру, нығайтуды қамтамасыз ету бағытында практикалық ұсыныстар жасайды. Ұлттық саясат саласындағы жаңа заң жобаларына қоғамдық сараптау жасайды. Мысалы, "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Мәдениет туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" және т.б. заң жобаларына қорытынды дайындап, Парламентке жіберді. Алайда экстремистік пиғылдағылар елімізде кездеседі. Мысалы, 1999 жылы Казимарчук деген содыр өз жақгастарымен Өскеменде төңкеріс ұйымдастырмақ болды. Оның сұрқия жоспарын қазақстандык арнаулы органдары дер кезінде ашып, ойындағысын жүзеге асыртпады. Егер бұл әрекет жүзеге аса қалса, Шығыс Қазақстандағы, тіпті еліміздің басқа өңірлеріндегі жағдай тұрақсызданатыны сөзсіз еді. Сондықтан барлық жұртшылық болып ондай әрекеттерге жол бермей, қазақстандық патриотизмді, ұлтжандылықты, отансүйгіштікті республика тұрғындарының бойларына сіңіріп, жеріміздің тұтастығын, еліміздің тыныштығын көздің қарашығындай сақтап, оның гүлденіп, көркеюі үшін оқуды үздік оқып, аянбай озық еңбек етуіміз керек.
32. Саяси процесс туралы ұғым Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол коғамның саяси жүйесінің уакыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудын өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т. с. с.

Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала — өте күрделі құбылыс. Онда әмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықган ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім кабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т. с. с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін артгыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жи- нақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.

Жалпы ұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат құралдары және т.б. қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекеттік билік институттары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын негізгі тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат-мұратын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселелері олардың іс-әрекетіне байланысты. Саяси субъектілердің өзара қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, т.т. да солардың іс-қимылдарымен айкындалады.

Ұсақ саяси қарарлар күн сайын шығып жатады десе де болады. Ал көпшілік жұртты қамтитын ірі саяси шешімдер, құжаттар (Конституция қабылдау, сайлау, референдум өткізу сияқты) қоғам өмірінде сирек кездеседі. Оларды дайындауға, өткізуге көптеген адамдар тартылып, үлкен оқиғаға, саяси белеске айналады. Сондықтан саяси процесс белес-белес, циклмен дамиды десе де болады. Ондай мәселелерді көбіне билік институттары іске асырады. Демократиялық елдерде саяси процесс әдетте сайлау цикліне байланысты қалыптасады. Бұрынғы Кеңес өкіметінде СОКП-ның съездері бүкіл саяси жұмысқа ырғақ беріп, цикл содан басталатын.

Саяси процесті ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т.т.) процестің теориясын немесе тұғырнамасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсаттандалады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орындау, жүзеге асырудың құралдары, тәсілдері қарастырылады. Қанша уақыттың көлемінде іске асыруға болады, қанша адам, кімдер катынасады т.т. ойластырылады. Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы керек. Саяси процестің әрбір кезеңі бақайшағына дейін мұқият тексерілгенінде ғана табысты болады.

Саяси процесс – күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, коғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.

Саяси жүйені тұтас алсак, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады.

1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап,қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін-өзіқалпына келтіретін жағдайға жетеді.

2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастар мен институттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс-қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді.

3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру.Қоғамдағы әр түрлі адамдардың, топтардың, таптардың, бірлестіктердің қажетгіктері, мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда қарама-қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялыққарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек. Бұл — саяси мәселе. Батыстың көптеген елдерінде биліктің әр тармағының (орталықтағы не жергілікті жердегі болсын) өз алдына бөлек сарапшы кеңесшілері, көмекші топтары және т.б. ақыл-кеңес беретінқұрылымдары болады. Олар арнайы ғылыми-талдау жұмыстарын жүргізіп, ең дұрыс, қолайлы шешімдерді қабылдауға жәрдемдеседі.

Мұнда шешім қабылдаушы саяси басқарушылар мен оны орындаушы бағыныштылардың арасында тығыз байланыс болуы керек. Бұрынғы Кеңес өкіметінде шешімді партияның бірінші хатшылары қабылдайтын. Олар ештеңеге жауап бермейтін. Жауапты партаппараттың айтқанын орындап, соның бұйрық, нұсқауларын, шешімдерін іске асырушы мемлекеттік органдар мекемелердің жауапты қызметкерлеріне артатын. Сондықтан ақылға сыйымсыз жағдай туған шешімді қабылдаушылар ештеңеге жауап бермейтін, ал жауап берушілер оны қабылдауға қатыспайтын. Мұның бәрі қандай нәтижеге әкелетіндігін өмір өзі көрсетті.

4. Саяси жүйенің жағдайымен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында шыға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты, жан сақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.Ол екі жолмен жүргізіледі. Біріншісі — мемлекеттік мекемелер, партия органдары, қоғамдық ұйымдар мен козғалыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау қызметтері, партиялық бақылау, ресми баспасөз органдары енеді. Бұл — саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет бабында атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін-өзі бақылауы. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Мұны "төменнен бакылау" десе де болады. Бұл үшін қоғам демократиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады, тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді.

Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге асырушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да білдіреді. Оны үшке бөлуге болады.

Саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі. Мұнда саяси процесс басқарушылар мен сайлаушылар, азаматтар мен мемлекет арасындағықалыптасқан қатынастарды сапа жағынан айтарлықтай өзгертпей, күнделікті орнына келтіріп, құр қайталайды. Яғни, мемлекет үйреншіктіқалпында, әдеттегі ырғағында қызметін жүргізе береді. Онда саяси субъектілердің іс-әрекетінде жанашылдык, өзгерістен гөрі дәстүр мен саяси сабақтастық басты рөл аткарады.

Саяси тәртіптің дамуы. Ел ішіндегі және халықаралық аренада саяси күштердің ара салмағында немесе әлеуметтік құрылымда өзгерістер болуы мүмкін. Басқарушы органдар өмірдің бұл жаңа талабын байқап, өз жұмысын соған орай бейімдейді. Саяси даму биліктің жоғарғы және төменгі сатыларының өзара әрекеттестігімен, сан қилы ағымдар мен үрдістердің күресімен қоса қабаттаса жүреді. Мұның бәрі әлеуметтік және саяси құбылыстарды сәйкестендіруге жәрдемдеседі.

Саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы. Бұл жағдайда саяси процестің даму бағыты саяси жүйенің тұтас өмір сүруіне келеңсіз әсерін тигізеді. Кірігу, жинақгалудың орнына саяси субъектілердің бөлшектену үрдісі басымдық алады. Билеуші тәртіптің ыдырауы күмән тудырмайды. Оның шешімдері басқару қабілетін жояды. Мұндай процеске Еуропа және Азия аймақгарындағы бұрынғы социалистік елдердің құлдырау, ыдырау тағдыры толық мысал бола алады. Билеушілер тобы өмірдің әлеуметтік-экономикалық және рухани талабына сай тиісті жауабын таба алмады.

Сонымен, саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардын, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, козғалысын айтады.

33. Саяси процестің жіктелуі.Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді. Сыртқы саяси процесс жөнінде кейін арнайы сөз болады. Ал ішкі саяси процесс азаматтардың саяси белсенділігінің институцияланған түрлерінен, олардың іс-әрекетінен, билік кұрылымының ұйымдасуынан және т.б. белгілі болады. Олар азаматтарды саяси іске тарту, жұмылдырудың амал-әрекеттерін, басқару түрлерін айкындайды. Саяси ұйымдардың жаңа талаптарға сай жұмысын, құрылымын өзгертіп, бейімделе, икемделе білуі оның әлеуметтік ортаға етер ыкпалының деңгейін керсетеді. Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөледі. Демократиялык, түрінде халық (тікелей немесе өкілдері арқылы) билейді. Антидемократиялык, процесте билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеуші партияның, әскери топтың қолында болады. Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Ашығында азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат-мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап-тілектерін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді. Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой-арманы мен санаспайды, стратегиялык мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі. Адамдардың барлық өмірі қатаң бақылаудың астына түсіп, еркіндіктері мен бостандықтары шектеледі. Саяси процеске қатысқысы келмесе де кейінгі зардабынан қорқып, күш, зорлықтың арқасында қатысуға, орталықтың ығына жүруге мәжбүр болады. Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің кызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі. Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсінбеушілік, кикілжіңдерді азаматтық ұйымдар өздері реттейді. Мемлекет олардың ісіне араласа бермейді. Жалпы халықтың хал-ахуалы жақсы елде кінды тәртіп орнайды. Көпшілік жұрт билік институттарының іс-қимылын қанағаттанғандықпен қабылдайды. Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыкқа тірелген шағында пайда болады. Оған халықаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзақ уақыт құлдырауы, көпшілік халыктың әл-ауқатының нашарлап, төмендеуі және т.с.с. әлеуметтік кикілжіндер себеп болады. Қайшылықтардың күшейіп, асқынуы, дер кезінде шешілмеуі көпшілік жұрттың наразылығын тудырады. Мұндайда саяси бағытгы өзгертуге тура келеді. Оны реформалық және революциялық жолмен жүзеге асыруға болады. Реформада жаңа заң актілері аркылы сол қоғамның шеңберінде өзгерістер енгізіледі. Онда алға койған мақсатқа ақырын, кейде бірнеше кезең аркылы жетеді, өзгерістер біртіндеп жасалады. Революция—қоғамдағы биліктің, саяси жүйенің толық, түбегейлі өзгеруі. Ол әлеуметтік-саяси өмірдің терең дағдарысынан туады. Мемлекет басындағы топтар өздігінен билікті бере қоймайтындықтан онда күштеу, зорлау кең орын алады. Бұл екі жолдың да өз жақтастары мен қарсыластары бар. Революциялық жолды басшылыққа алушылар — марксистер. "Саяси экономиясынына" деген кітапқа жазған алғы сөзінде К. Маркс былай деп көрсетті: өндіргіш күштер өз дамуының белгілі сатысында осы дамуына бұғау болатын өндірістік қатынастарға қайшы келеді. Сол кезде әлеуметтік революция заманы туады. Оның қолдаушылары реформа қоғамды ішінара, жарым-жартылай ғана өзгертеді, әлеуметтік шиеленісті уақытша бәсендетеді деп түсіндіреді. Әрине, билеуші топтың, таптың саясаты көпшілік жұрттың талап-тілегіне қайшы келіп, ерік, бостандығы тапталса, тығырықтан шығар баска жол болмаса, әлеуметтік революция болуы мүмкін. Бірақ оның елеулі кемшіліктері бар. Ең алдымен, ол жолда көптеген адам құрбан болады, ғасырлар бойы жиналған материалдық қазына-байлықтар, мәдени мұра, ескерткіштер қирайды. Қоғам өміріне қыруар шығын келеді. Біраз жағдайда оның немен бітуін де болжап айту қиын. Сондықтан адамзат қазір өзгерістерді біртіндеп жасағанды жөн көреді. Сонда қоғам дамуында бірнеше мүмкіншіліктен ең тәуірі іріктеліп, қателіктер асықпай түзетіліп, халықтың қалауынан өтеді. Саяси жүйеге ықпал жасау үшін көтеріліс те жасалады. Оны ұйымдастырушылар алдына белгілі бір мақсат қояды. Ол саяси немесе саясн емес те болуы мүмкін. Революциямен салыстырғанда онын көбіне ауқымы тарырақ, мақсаты нақтыланған болып келеді. Кейде саяси билікті қолға алу үшін қарулы көтеріліс ұйымдастырылуы мүмкін. Саяси өмірде бүлікшілік (бунт) те кездеседі. Ол саяси үстемдік етуші топтың, мемлекет органдарының шектен тыс іс-әрекетіне жауап ретінде тууы мүмкін. Көтеріліспен салыстырғанда ол ұйымдаспаған, стихиялы түрде келеді, анық-айқын мақсаты болмайды. Қатысушылар саны да азырақ, ұрандары не тым кең көлемді, не тым тар шеңберді қамтиды. Ол өзінің қызбалығымен, сезім әрекетіне бой алдырғыштығымен сипатталады. Бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекетін бүлік (путч) дейді. Оны көбіне әскери топ өз диктатурасын орнату үшін пайдалануға тырысады. Ол халықтан қолдау таппайды және оның жағдайды жақсы есептеп, терең ойланған бағдарламасы болмайды.

34. Саяси процеске қатысу түрлері Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.
Өкілдік органдар аркылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді.
Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі — институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді.
Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі — сайлауға қатынасу. Сайлау жүйелі, заң белгілеген уақытта өткізіледі. Президент, жоғары заң шығарушы органдардың мүшелері әдетте 4—6 жылға сайланады. Бұл мерзім үміткерге берген уәделерін орындауға және саяси басқарудың сабақтастығын жалғастыруға, тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті деп саналады. Жергілікті органдар қысқарақ мерзімге сайланады. Себебі, олардың алдында тұрған мәселелер жеңілірек шешіледі және қала немесе округте жағдай жылдамырақ өзгеріп тұрады. Кезекті сайлау күні заңшығарушы орган немесе мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді.

35. Саяси процесс және саяси әрекет саяси шешім. Саяси шешім - саясат саласында нақты нәтижеге қол жеткізу мақсатында саяси іс-қимылдарды жүзеге асыруға бағытталған қаулы. Саяси іс-әрекет субъектісімен қабылданады. Саяси шешім ғылыми негізделуі, уақыт талабына сай болуы керек.

Саяси шешім үрдіс ретінде бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді: дайындық, дайындау, қабылданған шешімді таңдау және жүзеге асыру, қол жеткізген нәтижелерге талдау жасау.

Дайындық кезеңінде саяси шешімді қабылдауға қажет уақыт, ресурс анықталады. Саяси шешімді дайындау кезеңінде мәселені талдауға көп көңіл бөлінеді. Мәселенің өзектілігі, шығу себептері, оның салдары, т.б.

Саяси шешімді таңдау кезеңі ақпаратты өңдеуге, оны таңдауды негіздеуге пайдаланылады. Жүзеге асыру кезеңі саяси шешімді жүзеге асыру іс-қимылдарынан, оны түсіндіру мен кедергілерден арылудан түрады. Қол жеткізген нәтижелерді талдау, бағалау соңғы кезең болып табылады. Саяси шешімді қабылдаудағы бұл сатылық оның тиімділігін арттырады

Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы.Саяси процестің құрылымы. Саяси процестің өмір сүруінің режимі. Саяси процесс сатылары. Саяси процесс типологиясы. Сыртқы және ішкі саяси процестер. Ашық және жасырын саяси процестер. Саяси процесс субъектілер қызметінің жиынтығы ретінде. Саяси қызмет сипаттамасы. Саяси әрекеттердің түрлері. Саяси жүріс-тұрысжәне формалары. Саяси шешім: дайындау, жете зерттеу және жүзеге асыру. Саяси бағытты анықтау мен іске асырудағы саяси институттардың рөлі. Қазақстан Республикасындағы саяси процестер.
Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т. с. с.

Наши рекомендации