Тақырып 12 Коммерциялық банктiң қаржылық қызметi

Мақсаты: коммерциялық банктердiң негiзгi қаржылық қызметтерiмен танысу

Есебi:

¨ Берiлген тақырыптың негiзгi түсiнiктер мен терминдермен танысу;

¨ Лизинг, трасталық операциялар, факторинг, форфейтинг туралы түсiнiк алу;

¨ Осы операциялардың артықышылақтары мен кемшiлiктерiн және ерекшелiктерiн бiлу;

¨ Теориялық материалдарды тәжiрибеде қолдана бiлу;

Сұрақтар:

1.Лизинг: лизингтiң және лизингтiк операциялардың негiзi, элементтерi, түрлерiнiң классификациясы, лизингтiк операциялардың ұйымдастырылуы мен техникасы, лизингтiк келiсiм-шарттың мазмұны мен лизингтiк мәмiлелердiң тәуекелдерi.

2.Траст: негiзi, түрлерi, траст бөлiмдерiн ұйымдастыру.

3.Факторинг: негiзi, принциптерi, факторингтiк операциялардың түрлерi мен типтерi, факторингтiк келiсiмдердiң типтерi.

4.Форфейтинг: негiзi, механизмi, артықшылықтары.

Коммерциялық банктер белгiлi бiр кiрiстер әкелетiн делдалдық (комиссиялық) сыйақылар, алымдар алатын әртүрлi қызметтер көрсетедi. Соңғы жылдары банк қызметiнiң көлемi мен түрлерi өсе түскендiгi байқалады және бұл банктiң алатын пайдасының маңызды көзiне айналуды. Коммерциялық банктердiң қызметi жалгерлiк немесе лизинг (ағылшынша – leasing –жал) операцияларын қаржыландыруда кең даму ала түсуде.

Банктер өнеркәсiп кәсiпорындарына ұзақ мерзiмге машиналарды, көлiк құралдарын, өндiрiстiк мақсаттағы құрылыстарды жалға бередi және олармен лизингтiк келiсiмдер жасайды. Сөйтiп, көрсетiлген құралдарды сатып алуға кәсiпорындарға ссудалар бергеннiң орнына банк меншiк құқығын өзiнде қалдыра отырып, оларды өзi сатып алып және жалға бередi. Осыған орай банк ссудалық пайыз емес, жалгерлiк ақы (лизингтiк төлемдер) алады. Кәсiпорындар үшiн лизинг инвестицияларды қаржыландырудың өзгеше формасы болып саналады.

Әлемдiк тәжiрибеде “лизинг” терминi ұзақ мерзiмге пайдаланылатын тауарларды жалға беруге негiзделген әртүрлi тектегi келiсiмдердi белгiлеу үшiн пайдаланылады. Жалға беру шартында жасалған мерзiмдерге қатысты жалгерлiк операциялардың үш түрiнiң ара жiгi ажыратылады:

- қысқа мерзiмдiк жалға беру (рейтинг) – бiр күннен бiр жылға дейiн;

- орта мерзiмдiк жалға беру (хайринг) – бiр жылдан үш жылға дейiн;

- ұзақ мерзiмдiк жалға беру (лизинг) – үш жылдан 20 жылға дейiн және одан жоғары.

Лизингтiк операциялардың негiзгi элементтерi. Лизингтiк келiсiмдердiң негiзiн мыналар құрайды:

1. Келiсiм объектiсi;

2. Келiсiмдер субъектiсi (лизинг шартының тараптары);

3. Лизинг шартының мерзiмi (лизинг кезеңi));

4. Лизингтiк төлемдер;

5. Лизинг бойынша көрсетiлетiн қызметтер.

Лизинг объектiсi. Егер өндiрiстiк циклде жойылып кетпейтiн болса, кез келген материалдық құндылықтар лизингтiк келiсiмнiң объектiсi болуы мүмкiн. Жалға берiлетiн объектiнiң табиғаты бойынша лизинг қозғалатын және қозғалмайтын мүлiк болып ажыратылады.

Лизинг субъектiсi. Келiсiм объектiсiне қатынасы бар тараптар лизингтiк келiсiм субъектiсi болып саналады.

Лизинг мерзiмi. Лизинг мерзiмi ретiнде шартының қолданылатын (әрекет ететiн) мерзiмi түсiндiрiледi.

Лизинг құны. Лизингтiк операциялар жобасында лизинг берушiден есептелетiн лизинг төлемдердiң сомасын анықтау кезеңi неғұрлым күрделi. Кез келген лизингтiк төлемнiң құрамына мынадай негiзгi элементтер кiредi:

- Амортизация;

- Келiсiмдi жүзеге асыру үшiн лизинг берушi арқылы тартылатын ресурстарға жасалатын төлем;

- Көрсетiлетiн қызметтер үшiн (1-3 пайыз) лизинг берушiнiң кiрiсi кiретiн лизингтiк марожа;

- Лизинг берушi жауап беретiн, мөлшерi әртүрлi тәуекелдер деңгейiне қатысты тәуекел сыйақы.

Қаржылық лизингтiң келесiдей негiзгi белгiлерi болады:

- Үшiншi тараптың қатысуы (өндiрушiлер немесе келiсiм объектiсiнiң жабдықтаушысы);

- Жалға алудың негiзгi мерзiмi iшiнде, яғни жалға берушiнiң шығындарын өтеуге қажеттi мерзiмде шартты бұзудың мүмкiн еместiгi. Дегенмен келiсiмде лизинг туралы қосымша ескерiлетiн жағдайлар болады, құны маңызды түрде өседi;

- Қаржылық лизинг кезiндегi келiсiм объектiлерi, негiзiнен, құнның жоғарылығымен ерекшеленедi.

Траст – сенiм бiлдiрген тұлғалар құқығына клиенттердiң тапсыруы бойынша әрекет ететiн және негiзiнен меншiктi басқарумен байланысты операцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ басқа да қызмет түрлерiн көрсетудi орындайтын коммерциялық банктердiң бөлiмдерi.

Өнеркәсiбi дамыған елдерде қаржы активтерiнiң көбеюiмен коммерциялық банктер сенiм операцияларын ұлғайта түседi. Банктердiң бұл қызмет көрсету түрлерi сенiм хат бойынша жасалатын қатынастармен байланысты болады.

Банктер және тұлғалар, кәсiпорындар мен фирмалар, қайырымдық компаниялары (қорлар) мен өзге де мекемелер үшiн сенiм операцияларын орындайды. Сенiм операцияларын үш түрге бөлуге болады: мұрагерлiк басқару; сенiм хат бойынша қорғаншылыққа байланысты операцияларды орындау; агенттiк қызметтерi.

Факторинг (factoring) ағылшын сөзiнiң factor — комиссионер, агент, делдал түсiнiгiн бередi. Клиенттiң айналым капиталына несие берумен үйлесетiн сауда-делдалдық (комиссиялық) операциялардың бiр түрi болып саналады. Факторинг кез келген өзiнiң формасында тауарлар мен қызметтердi өткiзу процесiнде, яғни клиенттiң дебиторлық берешегiне инкасса қою кезiндегi өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы туындайтын төленбеген есеп айырысу құжаттарымен (шот-фактуралармен) байланысты болады..

Банктiң жабдықтаушыдан тиеп жөнелтiлген есеп-құжаттарын (шот-фактурасын) сатып алуды және жабдықтаушының өнiмдердi сатып алушыдан төлемдердi талап ету құқығын банкке беруi факторингтiк (факторлық) операциялардың негiщiне жатады. Сондықтан да факторингтiк операцияларды сондай-ақ жабдықтаушылардың сатуына несие беру немесе жабдықтаушыға факторингтiк несие беру деп атайды.

Коммерциялық банктер факторлық несиенi дамыта отырып, өзiнiң операцияларын кеңейтуге, пайда көлемiн ұлғайтуға және клиенттермен байланысты күшейтуге қосымша мүмкiндiктер алады.

Факторингтiң екi түрi өмiр сүредi: конвенциялық (ашық) және конфиденциалдық (жабық).

и означает вы­куп торговых задолженностей поставщика товаров (услуг) с приняти­ем на себя обязанностей по их взысканию и риска неплатежа.

Бақылау сұрақтары:

1. Лизингдегенiмiз не?

2. Лизингтiң негiзгi элементтерiн атаңыз.

3. Лизингтiң және лизингтiк операциялардың түрлерiн атаңыз.

4. Лизингтiк процесске сипаттама берiңiз.

5. Лизингтiк келiсiм-шарттың мазмұнына не кiредi?

6. Лизингтiк мәмiлелердiң тәуекелдерiн атаңыз.

7. Траст дегенiмiз не?

8. Трасттың түрлерiн атаңыз.

9. Траст бөлiмдерiнiң қызметтерiн сипаттаңыз.

10. Факторингке анықтама берiңiз.

11. Факторингтiк қызмет көрсетудiң принциптерiн атаңыз.

12. Факторингтiк операциялардың түрлерiн және факторингтiк келiсiмдердiң типтерiн атаңыз.

Әдебиет: 1(с.258-278,384-390), 2(с.455-477, 586-590,632-634), 3(с.228-260), 4(с.456-482), 7, 12,46(с.41-49)

Наши рекомендации