Кіріспе. Еңбек қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері.

Түсіндірме жазба

«Еңбек қорғау» пәнінің мақсаты: қауіпсіздіктің, зиянсыздықтың негіздерін және жұмыскердің максимум өнімділігін қамтамасыз етудің еңбек жағдайларын бағалаудың теориялық және практикалық негіздерін меңгерген жас мамандарды даярлау.

«Еңбек қорғау» пәнінің міндеттері: жұмыс істеушілерге қолайлық пен олардың жұмысқа қабілеттілігін бір мезгілде қамтамасыз етумен, олардың зақымдануын немесе ауыруын минимум ықтималдыққа келтіруден тұрады.Берілген пәнді зерделеу кезінде 5В050900-«Қаржы», 5В050600-«Экономика»,5В051000 -«Мемлекеттік және жергілікті басқару»5В050800-«Есеп және аудит» мамандығының Мемлекеттік стандартына сәйкес студенттің:өндірісте еңбек қорғауды, еңбек қорғаудың санитарлық-гигиеналық негіздері бойынша, еңбек қорғаудың әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша басқару жүйесін, негізгі зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың сипаттамасын, олардың адам ағзасына әсер ету ерекшеліктерін және оларды бақылау әдістерін білуі керек;

өндірістік жарақаттанушылықты, апаттарды, өрттерді, жарылыстар мен басқа төтенше жағдайларды ескерту бойынша нақты инженерлік міндеттерді шешуді; өндірістің қауіпті және зиянды факторларынан қорғау тәсілдері мен құралдарын апаттардың салдарын жою кезінде қолдануды; жарақаттанушылық пен кәсіптік ауруларды болдырмау мақсатында өндірісте мүмкін болатын қауіптіліктер мен зияндылықтарды алдын ала көру және дер кезінде ескертуді жасай білуі керек;

өндірістегі еңбекті бағалау мақсатында қауіпсіздік аспаптары мен құрылғыларын пайдалану, қауіпті және зиянды өндірістік факторларды өлшеу және бақылау үшін аспаптарды, аппаратура мен жабдықтарды қолдану әдістерінің практикалық дағдылары болуы керек;

еңбек қорғау саласында заңды және нормативтік-құқықтық база мәселелерінде;

өнеркәсіптік кәсіпорындарында еңбек қорғауды басқару жүйесінің күйін талдау мәселелерінде;

жұмыс істеушілерді қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғаудың өнеркәсіптік тәсілдері мен техникалық құралдарын қолдану мәселелерінде;

кәсіпорындағы өндірістік жарақаттанушылықты және кәсіптік ауруларды талдау кезінде;

кәсіпорындардағы еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі жағдайының әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін бағалау мәселелерінде құзыретті болу керек.

Мазмұны

Кіріспе

«Еңбек қорғау» пəнi. «Еңбекті қорғаудың» нормативті –құқықтық жəне ұйымдық негіздері

Өндірістік қауіпсіздіктер жəне сəтсіз оқиғалар. Сəтсіз оқиғаларды тізімдеу жəне тексеру

Еңбектің өндірістік санитариясы жəне гигиенасы

Желдету, оның түрлері

Өндірістік діріл мен шудың адам ағзасына əсері

Өндірістік шаңның адам ағзасына əсері

Өндірістік жарық. Өндірістік бөлмелерді жарықтандыру

Электрлік токтың адам организміне əсері жəне электрлік токпен зақымданудың негізгі түрлері

Өрт қауіпсіздігінің негіздері

Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету түрлері

Практикалық сабақтар тақырыптарының үлгілі тізбесі

Ұсынылған әдебиеттер

ОҚУ БАҒДАРЛАМА

Жоғары кәсіптік білім

Бакалавриат

Кіріспе. Еңбек қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері.

Еңбек қорғаудағы құрама бөліктер, ғылыми-әдістемелік принциптер, мағыналар, терминдер мен анықтамалар.

Қауіпсіздік жүйелері. Халықаралық еңбекті ұйымдастыру конвенциялары және ҚР халықаралық жоспар келісімдерін іске асырудағы ролі. ҚР еңбек қорғау саласындағы ұлттық саясаты. Еңбек қорғау бойынша негізгі заңды актілер және нормативтік құжаттар. Еңбек қорғауды басқару жүйесі. Басқару органдарының негізгі қызметтері мен міндеттері. Еңбек қорғау бойынша мемлекеттік бақылау, ведомстволық және қоғамдық бақылау органдары. Кәсіпорында еңбек қорғау жағдайын бақылау және қоғамдық бақылау органдары. Кәсіпорында еңбек қорғау жағдайын бақылау және қадағалау қызметін ұйымдастыру. Еңбек етудің қауіпсіз жағдайларын қамтапмасыз ету бойынша кәсіпорындардың әкімшілік-техникалық персоналының міндеттері. Еңбек қорғау бойынша шараларды жоспарлау және қаржыландыру. Кәсіпорынның әкікмшілігі мен кәсіподақ комитеті арасындағы ұжымдық келісім.

Еңбек қорғау заңды, еңбек қорғау бойынша ережелер мен нұсқауларды бұзғаны үшін жауаптылық. Еңбек етудің қауіпсіз тәсілдеріне үйрету. Келеңсіз оқиғалар мен апаттарды тергеу және есепке алу. Жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулар туралы ұғымдар. Өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік ауруларды талдау әдістері. Өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік ауыру бойынша есеп беру. Еңбек қорғау жағдайын бағалау критерийлері. Еңбек қорғауды насихаттау.

Наши рекомендации