Тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері

Түсініктеме

Көкөніс және бақша дақылдары зиянкестерінің түрлік құрамы сан алуан. Олардың аса қауыптілеріне мынадай көп қоректі зиянкестер жатады: шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың дернәсілдері, бұзаубас, кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары, шырыштар (ұлулар). Көкөніс дақылдарының бейімделген зиянкестеріне қатты қанаттылар, қабыршақ қанаттылар, тең қанаттылар, жартылай қатты қанаттылар, қос қанаттылар мен трипслердің түрлері жатады. Жабық жерде көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді.

Сәбіз шыбыны - Psila rosae L. (Diptera отряды, Psilidae тұқымдасы).

Шыбынның түсі қара, жылтыр, басы қоңырқай қызыл, төбесінде қара үшбұрышты дағы бар, мұртшалары мен аяқтары күрең қара түсті. Қанаттары түссіз, жасыл реңді болып келеді. Денесінің ұзындығы 4-5 мм. Дернәсілдері жұқа, жылтыр, қоңыр-сары түсті. Денесінің ұзындығы 7 мм .

тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru


Дернәсілдер топырақтың жоғарғы қабатында пупарийлерде (пілләда), кейде көкөніс қоймаларында тамыр-жемістерде қыстайды. Шыбындардың ұшу мезгілі шетен мен алма ағашының гүлдеуімен сәйкес келеді. Ересек шыбындар гүлдеп келе жатқан шатыргүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктердің шырынымен қоректенеді. Ұрғашы шыбын ұшып шыққан соң көп кешікпей жұмыртқа салуға кіріседі. Жұмыртқаларын 10 данадан және одан да көп мөлшерде топыраққа қоректік өсімдіктердің түбіне жақын жерге салады. Арада 4-17 күн өткен соң дернәсілдер жұмыртқадан шығып тамыр-жемістің ішкі етті бөлігімен қоректенеді. Зақымданған өсімдіктердің жапырақтары қызғылт түске боялады, ал дернәсілдер көп болғанда жапырақтар тез сарғайып қурап қалады. Дернәсілдің өсіп-жетілу мерзімі 20-25 күн. Бұдан кейін дернәсілдер топырақта қуыршақтанады да, 15-20 күннен кейін шыбынның екінші ұрпағы ұшып шығады. Олармен зақымданған сәбіз ащы, пайдалануға жарамсыз болып қалады. Сақтау кезінде тез бұзылады. Сәбіз шыбыны бір жылда 1-2 ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Ауыспалы егісті пайдалану. Арамшөптерді уақытылы отау және сәбіз өскіндерін сирету. Топыраққа сапалы түрде жүргізілген өңдеу жұмыстары көктемде шыбындардың ұшып шығуын қиындатады. Сәбіз жер бетіне көктеп шыққаннан кейін 2-3 апта өткен соң әр қайсысы 10 өсімдіктен құрайтын 10-12 үлгі алынады. Бір өсімдікте 3-4-тен көп жұмыртқа табылған жағдайда химиялық күресу шаралары қолданылады. Инсектицидтерді Â«Тізім...» бойынша қолданады.

Пияз шыбыны – Hylemyia antiqua Mg. (Diptera отряды, Muscidae тұқымдасы).ұзынша келген жолағы болады. Дернәсілдерінің ұзындығы 10 мм шамасында, түсі ақ, пішіні цилиндр тәрізді, бас жағы жіңішкерген.

тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru


Топырақта 10-20 см тереңдікте қуыршақтары қыстайды. Ұшып шыққаннан кейін (мамырдың екінші жартысында) ұрғашысы жұмыртқаларын жапырақтарға, бадананың қабықшасының астына және пияз бен сарымсақтың айналасындағы топырақ түйірлерінің астына салады. Жұмыртқадан 5-7 күннен кейін дернәсілдер шығып, баданаға түпше жағынан енеді. Дернәсілдер 15-25 күн қоректенгеннен кейін топырақта қуыршақтанады. Зақымданған баданалар тез шіриді, олардың жапырақтары сарғайып қурап қалады. Пияз шыбыны 1-3 ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен ара-қашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ- тен (1 өсімдікте 3 жұмыртқадан болса және пияз егістігінің 25% қоныстанылса немесе аулағышты 100 рет сілтегенде 50-80 данадан астам шыбын түссе) асып кетсе, онда химиялық өңдеу жүргізу қажет (Қосымша).

Пияздың ызылдақ шыбыны – Eumerus strigatus Fall. (Diptera отряды, Syrphidae тұқымдасы)

тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru


Шыбын жасыл-қола түстес. Құрсағының екі жағында үш-үштен ашық жартылай ай тәрізді дақтары болады. Оның ұзындығы 5-9 мм. Құрттары сұрғылт-сары, ұзындығы 7-11 мм. Денесінің артқы жағында қоңырқай түтік тәрізді өскіні бар, екі жағында бір-бірден ірі терісі болады.

Құрттар егістік танаптағы жуашықта немесе сақтау қоймаларында қыстайды. Шыбындардың ұшуы мамырдың ортасында байқалады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын жуашықтың үстіне, қабыршақтарының астына, жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады. Құрттар жуашық мойны мен жуашықтың өзіне кіріп, ішкі бөліктерін түгел жеп қояды. Зақымданудың салдарынан түтік тәрізді жапырақтар сарғаяды, ал пияз мойны шіріп кетеді. Одан кейін жуашық түгелдей шіриді де, едәуір зақымдануы нәтижесінде қара шіріген массаға айналады. 18-25 күннен кейін екінші ұрпақ шыбындары ұшып шығады. Көбінесе 2 ұрпақ дамиды.

Күресу шаралары. Пияз шыбынымен күресуге ұқсас.

Бақша бітесі – Aphis gossypii Glov. (Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Бұл жәндік қиярды, асқабақты, патиссонды, кәдіні зақымдайды. Бақша бітенің ұзындығы 1,2-2 мм, түсі сарыдан бастап қара-жасыл, тіпті қара болып келеді. Баланқұрттары сары және жасыл. Ересек бітелер немесе баланқұрттар арамшөптерде қыстайды. Көктемде 2° С температурада бітелер ұрықтанбаған күйінде көбейе бастайды, бастапқыда арамшөптермен қоректенеді, одан кейін екпе өсімдіктерге
көшеді. Ашық алаңда біте қиярда шілде-тамыз айларында, ал жабық алаңда – көктемде пайда болады. Бітелер тобы жапырақтардың төменгі бетінде, өскіндерінде, гүлдері мен түйіндерінде орнығады да, олардың бүрісуіне, қатпарлануына және кеуіп қалуына әкеп соқтырады. Кейде жапырақтар бетінде, бітелердің тәтті шырынына күйе саңырауқұлақтары орнығады.

тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Күресу шаралары. Арамшөптерді жүйелі түрде жойып отыру, себебі біте екпе дақылдарына тек арамшөптерден ғана көшеді. Түскен жапырақтардың астындағы қыстап жатқан қанқызын жинап, оларды жылыжайларға жіберу; сілті (10 л суға 200 г күл мен 50 г сабын араластырып) бүрку. Инсектицидтерді Â«Тізімге...» сәйкес қолдану.


Кәдімгі өрмекші кене – Tetranychus urticae Koch. (Arachnida класы, Acariformes отряды, Tetranychidae тұқымдасы)


тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Өрмекші кене өте ұсақ, ұзындығы 0,4-тен 0,6 мм дейін болады. Кененің денесі сопақша келген, оның түсі бозғылт сарыдан янтарь түске дейін немесе қызғылт реңкті жасыл түске айналады. Ересек дарақтарында 4 жұп аяқ, ал баланқұрттарда – 3 жұп аяқ болады.

Ұрықтанған аялдаушы ұрғашы жәндіктер өсімдік қалдықтарының астында, топырақ кесектерінің астында немесе құрылыс саңылауларында қыстайды. Ашық алаңда олар жыртылған жерлерде өліп қалады және кенелер жолдың житегінде, сондай-ақ ағаштар мен бұташықтар түбінде сақталады. Кене бәрінен де жаздың ыстық уақытында қарқынды түрде дамиды. Өрмекші кененің ұрғашысы өрмек астына жұмыртқа (140-600 дана) салады. Жұмыртқалары дөңгелек шыны тәрізді мөлдір, анықтап қарамаса, көрінбейді. Ұрықтың дамуына қарай жұмыртқалар көмескіленеді және құрттар шығар алдында інжу тәрізді түске енеді. Кенелер жапырақтың төменгі бетіне орнығады және өсімдіктің клетка шырынымен қоректенеді. Зақымданған жапырақтар түссізденеді де, қурап, түсіп қалады. Орныққан жері мен температуралық жағдайға байланысты зиянкес 6-дан 18-ге дейін ұрпақ бере алады, ал кененің бір ұрпағының дамуы 7-ден 20 күнге дейін уақыт алады.

Күресу шаралары. Кенемен аса көп зақымданатын дақылдарды (қияр) аз зақымданатын (қызанақ) және зақымданбайтын дақылдармен (гүлді қырыққабат) араластырып отырғызу қажет. Жабық алаңда қорғау шараларын бірлі-жарым дарақтар байқала бастағанда жүргізеді. Зиянкестің алғашқы ошағы біліне бастағанда, өсімдікке жыртқыш кенені – фитосейулюсті, яғни жыртқыштың 15-60 дарағын бір өсімдікке шаққанда жібереді, бірақ жыртқыш пен оның құрбанының арақатынасы 1:80 кем болмауы тиіс. Өрмекші кене өсімдіктерді жаппай басып кетсе, фитосейулюсті есеппен 50-100 дарағын 1м2 алаңға жібереді. Акарицидтермен өңдеу Â«Тізім...» регламенті бойынша жүргізіледі. Ашық алаңда өндірістік себу үшін өткен жылғы егістерден, жылыжайлардан, асқабақ дақылдарынан 1000 метрден аса ара қашықтықты сақтау қажет. Егін орағынан кейінгі егістердегі арамшөптер мен өсімдік қалдықтарын жою. Ашық алаң үшін ЭЗШ саны 10% отырғызылған өсімдіктер өрмекші кенесімен қоныстанылса және кененің даму дәрежесі 1 баллдан жоғары болса (кенелер тобы жапырақ бетін 25%-ке дейін алып жатады).тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru


тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Жылыжай аққанаты – Trialeurodes vaporarium Wstw. (Homoptera отряды, Aleyrodidae тұқымдасы). Қиярды, қызанақты, бұрышты, салат жапырақтарын,бүлдіргенді және басқа өсімдіктерді зақымдайды.


Ересек аққанаттың сары денесінің ұзындығы 1,5 мм дейін жетеді және көлемі жағынан бірдей болып келетін екі жұп аппақ қанаттары болады.Бір жастағы дернәсілдері мөлдір болып келеді және дамудың жалғыз-ақ жылжымалы сатысы болып табылады. Ересек дернәсілдері ұзындығы0,8-0,9 мм-ге дейін жетеді, ол ақшыл жасыл және қызыл көздері бар, үстін қысқа түктер басқан, денесінің шетінде 2 жіпшесі болады.

Ұрғашылары ақшыл жасыл кішкене жұмыртқаларын тобымен салады, жас жапырақтардың төменгі бетіне көбінесе дөңгелек түрінде10-20 данадан салады. Жұмыртқалары жапырпақ бетіне сабақшалар арқылы орнығады және бастапқы кезде өсімдіктен оларды көру мүмкін емес. 1-2 күннен соң жұмыртқалар қоңыр түске енеді. Ұрықтық даму 7-13 күн ішіндегі температураға байланысты жалғасады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдері, одан кейін ересек дарақтар өсімдік шырынымен қоректеніп, олардың өсуін қатты әлсіретеді. Қою шырынды (қанттанған) сұйықтықта күйе саңырауқұлақтар дамиды, олар жапырақтың фитосинтетикалық қызметін әлсіретеді. Сондай-ақ саңылаулары толықтай немесе жартылай балауызды сұйықтықпен жабылады. 7-15 тәуліктен кейін құрттар қозғалыссыз нимфаларға, 10-16 күннен кейін ересек жәндіктерге айналады. Жылыжайларда аққанат жыл бойы 10-15 ұрпақ беріп дами алады.

Күресу шаралары. Өткен жылғы егін орағынан кейін қалған барлық өсімдік қалдықтарын жою. Өсіп келе жатқан арамшөптерді жүйелі түрде жойып отыру. Аз зақымданатын дақылдарды (қызанақ) өсіру. Жылыжайлардың желдеткіштері мен есіктерін бір қабат дәкемен жабады, желімді торлар құрады. Ол үшін фанер кесіндісін алып, оны сары немесе ақ түске бояйды, бұлар жәндіктерді тартады және оларды вазелинмен, бал қосылған канифольмен немесе касторамен майлайды. Жәндіктер оған қонады да, жабысып қалады. Көшетте аққанат байқалған жағдайда 1:10 арақатысында энкарзиялар жібереді. Тіршілік кезеңінде Â«Тізімге...» сәйкес инсектицидтермен өңдеу жүргізеді.

Темекі трипсі – Thrips tabaci Lind. (Thysanoptera отряды, Thripidae тұқымдасы). Темекі өсімдіктерін, қозаны, қытай бұршағын, қиярды,

асқабақты, пиязды, картопты, сарымсақты, гүлді және басқа дақылдарды зақымдайды.

тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Ұсақ зиянкес (ұзындығы 1 мм шамасында) ақшыл сары немесе қара-қоңыр түстес. Дернәсілдері қанатсыз, ақшыл немесе жасыл-сары түсті болып келеді. Ұрғашылары ұсақ қоңырқай жұмыртқалар салады, оларды бір-бірден жапырақ ұлпасы қабықшаларының астына орналастырады. 3-5 күннен дернәсілдері шығып, жапырақтар мен гүлдердің шырынын сорып алады. Осының нәтижесінде өсімдік өспей қалады, жапырақтары солып қалады. Бітелер өсімдік қалдықтарында, пияздың құрғақ қабықшаларының астында, сондай-ақ топырақтың жоғарғы бетінде қыстайды. Бір ұрпақтың дамуына 15-30 күн қажет. Темекі бітесі вирустық ауруларды таратушы болып табылады.


тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Күресу шаралары. Дақылдарды кезектестіріп отырғызу және барлық өсімдік қалдықтарын жинау. Терең сүдігер жырту қажет. Пиязды егу алдында ыстық (45 °С) суда 10 минут бойы залалсыздандыру, кейін салқын суда суыту. Өскіндер айналасындағы топырақты жиі қопсытып отыру. Инсектицидтерді Â«Тізімге...» сәйкес қолдану. Егін орағынан кейін жылыжайларды өсімдік қалдықтарынан мұқият тазарту. Дезинсекциялау үшін 50г/м2 есеппен күкіртті 1-2 тәулік бойы 18˚С ауа температурасында жағу арқылы қолдануға болады.

1- тапсырма. Сәбіз шыбынының тіршілік оралымы мен зияндылығын зерделеу.

2- тапсырма. Пияздың қос қанаттылар отрядына жататын зиянкестерінің морфологиялық және биологиялық өзгешеліктері мен өсімдіктерді зақымдау белгілері зерттеп танысу.

3- тапсырма. 15-кестені толтыру.

15-кесте. Көкөніс дақылдарын зақымдайтын шыбын дернәсілдеріның айрықша белгілері

Зиянкес атауы Жүйелі орны Құрттарының сипаттамасы Зақымдау кезеңінің ұзақтығы Ауыз аппаратының типі және зақымдану сипаты
типі дене ұзындығы дене піші-ні түсі
Көктемгі қырыққабат шыбыны              
Жазғы қырыққабат шыбыны              
Сәбіз шыбыны              
Пияздың ызылдақ шыбыны              

5- тапсырма. Көкөніс дақылдарындағы сорғыш зиянкестердің сыртқы белгілерімен, даму кезеңдерімен танысу. Табиғатта сақталу тәсілі.

6- тапсырма. Өсімдіктердің зақымдану белгілерін қарастыру. Өрмекші кененің, жылыжай аққанаттысының, темекі бітесінің, бақша битінің өсімдіктерді зақымдау шеңберін атап көрсету.

6- тапсырма. Ашық және жабық алаңда көкөніс дақылдарын зиянкестерден қорғау тәсілдерімен танысу.

7- тапсырма. 16-кестені жазып толтыру.

16-кесте. Көкөніс дақылдары зиянкестерінің сипаттамасы.

Түрі, жүйелі орны Қысқа-ша биоло-гиясы Зақымданған дақыл, зияндылық кезеңі Зиянды-лығы, зақым-дау кезеңі Қыстау кезеңі, қыстау орны Күресу шаралары
алдын алу жою
             

Бақылау сұрақтары.

1. Қандай көп қоректі зиянкестер көкөніс дақылдарына зиян келтіреді?

2. Қандай арнаулы зиянкестер көкөніс дақылдарын зақымдайды?

3. Жабық алаңда көкөніс дақылдарын зақымдайтын зиянкестердің түрлерін атаңыз. Айырмашылығы неде?

4. Жабық алаң зиянкестерімен күресу үшін қандай биологиялық агенттер қолданылады?

5. Жылыжайлардағы зиянкестерге қарсы қандай препараттар қолдануға рұқсат етілген?

6. Көкөніс дақылдарындағы зиянкестерге қарсы қандай алдын алу шаралары қолданылады?

7. Көкөніс дақылдарындағы зиянкестерге қарсы қандай жою шаралары қолданылады?

8. Пияз шыбыны мен пияздың ызылдақ шыбыны арасындағы қандай айырмашылық бар?

9. «Пестицидтер тізіміндегі...» қандай препараттарды көкөніс дақылдарындағы зиянкестерге қарсы қолдануға болады?

14- тақырып ЖЕМІС ЖӘНЕ ЖИДЕК ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ

Түсініктеме

Қауіпті зиянкестер тізбесі кең ауқымды: алма құрттары, алма күйесі, жасыл алма бітесі, жеміс кенелері, егеуіші, қарақаттың мөлдір қанат көбелегі, бүлдірген кенесі және басқалары. Көп қоректік зиянкестердің біршама түрі белгілі, олардың ішінде шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың, зауза қоңыздың, бұзаубастың құрттары аса зияндылығымен ерекшеленеді. Жәндіктер мен кенелерден басқа жеміс және жидек дақылдары нематодалармен, ұлулармен, тышқан тәрізді кеміргіштермен де зақымдануы мүмкін.

Алма күйесі – Yponomeuta malinellus Zell. (Lepidoptera отряды, Yponomeutidae тұқымдасы).

тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Ұсақ көбелектер ақ түсті, қанатын жазғанда 18-20 мм дейін жетеді, алдыңғы қанаттарында үш қатар қара дақтар бар, артқы қанаттары сұр, ұзын шашағы бар. Жұлдызқұрты ақшыл-сары, арқасын бойлай екі қатар қара дақтары бар. Басы, дәнжарнағы мен аяқтары қара. Ересек жұлдызқұрттың ұзындығы шамамен 18 мм.

Бір жастағы көбелектер екі-үш жылдық өркендердегі дәнжарнақтардың астында қыстайды. Көктемде олар дәнжарнақтардың астынан шығады да, жас жапырақтарға еніп, шағын тесіктер түзеді. Алма гүлдеген кезде жұлдызқұрттар тесіктерден шығып, өрмек ұяларын түзеді және жапырақ жұмсағымен қоректенеді, тек жүйкелерін ғана қалдырады. Жұлдызқұрттың дамуы 40-45 күнге дейін созылады. Қоректеніп болған жұлдызқұрттар ұяларында өздеріне піллә жасайды және үлкен топтармен қуыршақтанады.

тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Қуыршақтану кезеңі 2-3 аптаға дейін созылады. Пайда бола бастаған көбелектер түнде ұшады, және 1-2 аптадан кейін бір қабықта тобымен 20-80 дана жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын көбелек кілегей сұйықтықпен қаптайды, олар кейін құрғап, қатып қалады. 2-3 аптадан соң жұлдызқұрттар шығып, дәнжарнақтың астында қыстап қалады. Алма күйесі бір ұрпақта дамиды.

Күресу шаралары. Шағын учаскелерде жұлдызқұрттарды өрмек ұяларымен қоса жинап, жою. Өлі қабықтарын тазартып, өртеу. Күзде немесе көктемде түскен жапырақтарды жинап алып, қордалайды; ерте көктемде ағаштардың бөрікбастарын төрт жағынан қарап, 0,5 м бұтақтарын зерттейді және қабығындағы алма күйесінің барлық қалқаншаларын санайды. ЭЗШ саны 2 м ағашта 2 қалқаншаны құрайды. Өңдеуді Â«Тізімге...»... сәйкес препараттармен жүргізу ұсынылады.

Алма жеміс жемірі – Laspeyresia pomonella L. (Lepidoptera отряды, Tortricidae тұқымдасы). Алманы, алмұртты, өрікті, алқорыны, шабдалыны және басқа тектес өсімдіктерді зақымдайды.

тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru


Көбелек қанатын жайғанда 18-22 мм жетеді, алдыңғы қанаттары көптеген көлденең жолақтары бар қара-сұр түсті, қанатының басында қола түстес жылтырмен шағылысатын ірі қоңыр дақ («айна») бар; артқы қанаттары қоңырқай сұр, ашық түсті шашақпен жиектелген. Жұлдызқұрттың ұзындығы 18-22 мм болатын ашық-қоңыр басты қызғылт түсті болып келеді.

Соңғы жастағы жұлдызқұрттар өспей қалған қабық астындағы өрмек пілләларында, қабық жарықшаларында, ескі ыдыстағы топырақтың жоғары қабатында қыстайды. Көктемде олар қуыршақтанады, ал алма гүлдеп болғанда, көбелектер ұшып шығады. Ұрғашылары дөңгелек жұмыртқаларын

бастапқыда жапырақтарға, кейін жемістерге салады. 10-12 күннен кейін од

құрттар шығады. Олар жеміс жұмсағына еніп, тұқым қалтасына дейінгі жолды кеміріп, тұқымдарды жеп қояды. Бір жұлдызқұрт 2-4 жеміске дейін зақымдай алады. Зақымданған жемістер түсіп қалады, нашар сақталады. Дамыған жұлдызқұрттар қуыршақтанады. Жазғы кезеңде зиянкес 1-3 ұрпаққа дейін береді.

Күресу шаралары. Ағаш түптерінің шеңберлерін қазу. Ағаш діңдерін тазарту. Тосқауыл белдіктер орнату. Жарық және еліктіргіш торлар ілу. Үзіліп түскен жемістерді жинау. Пайдалы энтомофагтарды қорғау. Егер аптасына торға қыстап шыққан ұрпақтан 5 еркек жәндік және жазғы ұрпақтан 3-4 еркек жәндік түссе немесе 100 ц/га жоспарланған түсімде зақымданған жемістер мөлшері 2% болса, онда мұндай жағдайда түсімділікті белсенді түрде қорғау қажеттілігі туындайды. Өңдеулерді Â«Тізімге...» сәйкес инсектицидтермен жүргізу ұсынылады.

тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Жасыл алма бітесі – Aphis pomi Deg. (Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Шекілдеуікті жемістер тұқымдастарын зақымдайды.

Қанатсыз ұрғашы жәндіктің ұзындығы 1,5-2 мм, ақшыл-жасыл қара-қоңыр басы және шырынды түтікшелері бар. Еркек жәндіктер ұрғашыларынан кішірек болып келеді. Баланқұрттары 0,5-1,5 мм, ашық немесе қара-жасыл түсті, қызыл көздері бар.

Жұмыртқалар бүршіктерінің басында немесе бір жылдық өркендерде қыстайды. Баланқұрттары бүршік жарғанда жұмыртқадан шыға бастайды. Олар өсімдік шырынымен қоректенеді және 12-15 күннен соң ұрықтанбай-ақ баланқұрттар пайда болатын қанатсыз негіз салушы ұрғашы жәндіктерге айналады. Бітелердің екінші ұрпағында басқа ағаштардың жас өркендеріне ұшып келетін қанатты көшпелі ұрғашы жәндіктер пайда болады. Күзде бітелер тобында еркек және ұрғашы жәндіктер пайда болады. Жұптасудан кейін ұрғашы жәндіктер қыстауға қалатын 5 жұмыртқадан салады. Климаттық жағдайларға қарай жазғы мезгілде біте 10-15 ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Шыбықтар мен тамыр шыбықтарын кесу. Бүршік жарғанға дейін 0,5 метрлік төрт бұтақта 30 астам жұмыртқа болса, ал вегетация кезеңінде 100 жапырақта 15 бітелер тобы байқалса, Â«Тізім...» регламенті бойынша инсектицидтермен өңдеу жүргізу қажет.

Алма бүргешіркейі – Psylla mali Forst. (Homoptera отряды, Psyllidae тұқымдасы). Ересек жәндік сарғыш-жасыл түсті, күзге қарай қоңырқай түске енеді, денесінің ұзындығы 2-3 мм. Баланқұрты жалпақ, қызғылт-сары, көздері қызыл, аз қозғалады.

тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Жұмыртқалары қабықжарықшаларында, жеміс бүршіктерінің ұшында және өркендердің басында қыстайды. Көктемде шыққан баланқұрттар жарылған бүршіктерге еніп, оларды зақымдайды. Бұдан кейін бүргешіркейлер жапырақ сағағында, гүл шанақтарында қоректенеді, оларды тәтті сұйықтықпен жауып, оларға күйе саңырауқұлақтары орнығады. Нәтижесінде жапырақтары бүрісіп қалады, гүлдері мен гүл шанақтары қурайды, түйіндері үзіледі, жемістерінің формалары өзгереді, дәмдік сапасын жоғалтады, түсім төмендейді. Алма гүлдегеннен кейін екі апта өткен соң пайда болатын ересек дарақтар бақша ішіне тарайды. Күзге қарай бүргешіркейлер алма ағашына қайтып келіп, қызғылт сары жұмыртқалар салады.

Күресу шаралары. Ағаштарды ескі қабықтардан тазарту. Түскен жапырақтарды жинап, жою. Топырақты күзгі қазу. Зиянкестер көп болған жағдайда Â«Тізімге...» сәйкес препараттармен химиялық өңдеу жүргізу ұсынылады.

Долана көбелек – Aporia crataegi L. (Lepidoptera отряды, Pieridae тұқымдасы). Алманы, өрікті, алмұртты, шабдалыны, мойылды, долананы және басқа тұқымдастарды зақымдайды.

Көбелек қанатын жайғанда 50-65 мм жетеді, қанаттары ақ, қара тарамыстары бар, кеудесі мен құрсағы қара. Жұлдызқұрттардың ұзындығы 45 мм, қысқа қалың түктермен қапталған, денесі сұр түсті, арқасында үш қара, ал олардың арасында екі қоңыр-қызғылт сары жолақтары бар.

Екінші-үшінші ұрпақ жұлдызқұрттары өрмек ұяларда қыстайды. Қысқы ұя 1-2 жапырақтан тұрады және өрмекте бұтаққа ілінген. Ұяның ішінде 20-70 жұлдызқұрттан келеді, оның әрбіреуі жеке пілләда орналасады. Алма ағашы бүршік жарған кезде жұлдызқұрттар ұяларынан шығады, олар тобымен жүріп бүршіктерді кеміріп тастайды. 30-45 күннен кейін жұлдызқұрттар қуыршақтанады. Қуыршақтың дамуы шамамен екі аптаға созылады. Көбелектердің ұшуы маусым-шілде айларында байқалады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын жапырақтарға тобымен 30-150 данадан салады. Олардың дамуы 10-15 күнге созылады. Пайда болған жұлдызқұрттар топтасып жүреді және көрші жапырақтарда қоректеніп, олардың қаңқасын ғана қалдырады. Күзге қарай олар қысқы ұяларын жасайды. Долана көбелегі бір ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Қысқы ұяларды күзде жапырақ түскеннен кейін немесе қыста жинау және жағып жіберу. 2 метрлік төрт бұтақты сілкігенде 8-10% зақымданған дегелек немесе 8 жұлдызқұрт анықталған жағдайда Â«Тізім...» регламенті бойынша препараттармен өңдеу жүргізу ұсынылады.

Сақиналы жібек көбелек – Malasoma neustria L. (Lepidoptera отряды, Lasiocampidae тұқымдасы). Барлық жеміс дақылдарын және кейбір орман жапырақты ағаш тұқымдарын зақымдайды.

Көбелек қанатын жайғанда 32-42 мм жетеді, алдыңғы қанаттары қызғылт-қоңыр түсті, тым қара көлденең жолақтары бар, артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда ақшыл. Жұлдызқұрт көгілдір-сұр түсті, қалың түктермен қапталған, ұзындығы 55 мм дейін. Жетілген жұлдызқұрттар жұмыртқа қабығының ішінде қыстайды. Көктемде пайда болатын жұлдызқұрттар жапырақтарды, гүл шанақтары мен гүлдерді жейді. Бұтақ аралықтарында олар өрмек ұяларын салып, күндіз сонда тығылады. Ересек жұлдызқұрттар жорғалап, жеке өмір сүреді. Тығыз өрмектелген пілләларда қуыршақтанады. Көбелектер жаздың ортасында пайда болады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын ілкен топтармен бір жылдық және екі жылдық өркендердің айналасындағы сұр шеңберлер түрінде салады.

Күресу шаралары. Жұлдызқұрттар орналасқан өрмек ұялар мен жұмыртқалар қоймасын қолмен жинап, жою. 3 м3 бөрікбаста 2 жұмыртқа қоймасы анықталған жағдайда ағаштарға бастапқы бүршік жару кезеңінде Â«Тізімге...» сәйкес препараттармен бүрку жүргізеді.

Теңсіз (жұпсыз) көбелек - Ocneria dispar L. (Lepidoptera отряды, Orgyidae тұқымдасы). Барлық жеміс және орман жапырақты ағаш тұқымдарын зақымдайды.


тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Ұрғашы көбелек қанатын жазғанда 80 мм, еркек жәндік – 45 мм дейін жетеді. Қанаттары кіршең ақ түсті, көлденең толқынды жолақтары бар. Жұлдызқұртының ұзындығы 75 мм, ақшыл-сұр түсті, қара-қоңыр түктермен қапталған, арқасында бес жұп көк және алты жұп қызыл сүйел болады. Жұлдызқұрттар жұмыртқа қабығының астында қыстайды. Олар бүршік жарған кезде шығады, бастапқы кезде тобымен жүреді, кейін бұтақтарға өрмелеп шығып, жапырақтарды жеп қояды. Жаздың басында қабық жарықшаларында жұмсақ пәллаларда қуыршақтанады. Тамыз айында қуыршақтардан көбелектер ұшып шығады. Ұрғашылары жұмыртқаларын ағаш діңінің астына және діңгектерге үлкен кесектермен салады және оларды қоңыр жүн түріндегі түктермен жауып тастайды. Жыл бойы бір ғана ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Жұмыртқа қоймаларын діңдер мен бұтақтарынан қырып алады немесе оларды соляр майымен, контактылы инсектицидтер қосылған жағармаймен сылап тастайды. Пайдалануға рұқсат етілген жағдайда (ЭЗШ саны бір ағашта екі жұмыртқа қоймасы) инсектицидтермен өңдейді.

Жемістің қоңыр кенесі – Bryobia redikorzevi Reck. (Arachnoidea класы, Acariformes отряды, Bryobiidae тұқымдасы). Жеміс ағаштарының түрлі тұқымдарын, әсіресе алманы, өрікті, алмұртты, алшаны қатты зақымдайды.

Ұрғашысы қызыл-қоңыр түсті үлкен сопақша формалы, ұзындығы 0,6 мм; еркек жәндігі ұзын- сопақша формалы, ұзындығы 0,3 мм.

Өркендердің қабығына салынған жұмыртқалар көбінесе бүршіктердің басында қыстайды. Жұмыртқалар көп болған жағдайда қабығы қызғылт түске айналады. Көктемде бүршік жарғанда, жұмыртқалардан құрттар шығып, жапырақ шырынымен қоректенеді. Кененің қоректенуі нәтижесінде жапырақтары кіршең-сары түске енеді, дамымайды, түсімділік пен ағаштардың аязға төзімділігі төмендейді. Жыл бойы 4-5 ұрпақ дамиды.

Күресу шаралары. Қатты зақымданған бұтақтарды кесу және жағып жіберу. Ерте көктемде немесе күзде діңдер мен қаңқасы қалған бұтақтарды қурап қалған қабығынан тазартады. Экономикалық зияндылық шегі болып 10 см бұтақтардың 20 кесіндісіне 200 жұмыртқадан келуі саналады. Акарицидтермен өңдеуді Â«Тізім...» ережесі бойынша жүргізу ұсынылады.

Қарақаттың мөлдір қанат көбелегі - Sunanthedon tipuliformis Cl. (Sessiidae отряды, Lepidoptera тұқымдасы). Қарақат пен қарлығанның кең таралған зиянкесі.

Көбелектер жұмыртқаларын бір-бірден, көбінесе бұтақ қабықтарындағы түрлі жарықшаларының маңайына салады. Оларда жұмсақ қара қабырғалы жұлдызқұрт тескен жолдар жасайды.

Көктем мен жаз бойы жұлдызқұрттар бұтақтарға жайлап өрмелеп, олардың бас жағын зақымдайды. Күзде олар 2,0- 2,5 см дейін жетеді және екінші рет бұтақтардың ішінде қыстап шығады. Екінші рет қыстағаннан кейін көктемде жұлдызқұрттар бұтақтар ішін тесіп, сонда қуыршақтанады. Жұлдызқұрттармен зақымданған бұтақтар көбінесе өліп қалады.

Күресу шаралары. Жидек ағаштарын гүлдегеннен кейін инсектицидтермен бүрку. Екпе ағаштарын жақсылап күту бұтақтардың зақымдануын тоқтатады. Ерте көктемде түптерді жұлдызқұрттарымен зақымданған бұтақтарды кесу және бірден жою маңызды. Кесу кезінде түбірін қалдырмаған жөн; ірі кесінділерге бақ нұмын жағу. Сонымен қатар көктем мен жаз бойы өсімдікті мұқият тексеріп, мөлдір қанат көбелекпен зақымданған бұтақтарын сау жеріне дейін кесіп тастау қажет.

Қарлыған қанкөбелегі - Zophodia convolutella Zell. (Lepidoptera отряды, Piralididae тұқымдасы). Бұл қарақат пен қарлығанның ең қауіпті зиянкестерінің бірі. Қанкөбелек жұлдызқұртымен зақымданған жидектер қурап қалады. Өрмекке оралған олар сау жидектердің ортасында байқалады.

Қуыршақтары топырақтың жоғарғы қабатында қарақат пен қарлыған түптерінің астында өрмек пілләларында қыстайды. Көктемде жидек ағашы гүлдеу алдында қуыршақтар көбелектерге айналады. Олар жұмыртқаларын қарақат пен қарлыған гүлдеріне салады. Жұмыртқадан шыққан көбелек құрттар түйіндерге еніп, оларды жей бастайды. Бір жидектен екіншісіне көшкен жұлдызқұрттар оларды өрмекпен орап алады. Бір ай шамасында зақымдайды. Ересек құрттардың ұзындығы 1,8 см дейін жетеді.

Күресу шаралары. Қанкөбелек құрттары көбейіп кеткен жағдайда инсектицидтердің ерітіндісін бүрку қажет. Бүркуді қарақат пен қарлыған гүлдегеннен кейін бірден жүргізеді.

Топырақты өңдеу қуыршақтың біршама бөлігін жояды. Кішігірім бақтарда жұлдызқұрттарды зақымданған жидектермен қоса қолмен жинау ұсынылады.

Бүлдірген кенесі - Tarsonomus pallidus Banns. (Arachnoidea класы, Acariformes отряды, Tarsonemidae тұқымдасы). Денесі ұзын сопақша ақшыл-сары, ұзындығы 0,2 мм. Баланқұрттары тым ақшыл, ұзынша формалы.

тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru


Ұрғашы жәндіктер жапырақтардың басында қыстайды. Көктемде олар жас жапырақтарға жұмыртқа салады да, 8-10 күннен кейін жапырақ шырынымен қоректенетін баланқұрттар пайда болады. Нәтижесінде жапырақтары бүрісіп,

майлы жылтыр сары түске айналады. Тіршілік кезеңінде кененің 4-5 ұрпағына дейін дамиды.

Күресу шаралары. Бүлдіргеннің сау көшетін отырғызу. Екпе материалды 45-46 Â°С температурадағы суға 15 минут салу арқылы залалсыздандырады. Өсімдіктерді мұқият қарау. Жидектерді жинап алған соң зақымданған учаскеде дегелектерді зақымдамай, жапырақтарды қырқиды, одан кейін Â«Тізіммен...» рұқсат етілген препараттармен өңдейді.

Шие бізтұмсығы – Rhynchites auratus L. (Coleoptera отряды, Attelabidae тұқымдасы). Шиені, қызыл шиені, өрікті, шабдалы мен басқа тұрлерді зақымдайды.

Қоңыздар металды таңқурай құлпырған алтын түстес болып келеді. Денесі қалың ақшыл түктермен қапталған, ұзындығы 6,5-9 мм.Еркек жәндіктің бас түтігі иілген, ал ұрғашысынікі түзу болып келеді. Дернәсілдеры кіршең ақ түсті, иілген, басы қара түстес, ұзындығы 6-8 мм.

Қоңыздар топырақта 2-15 см тереңдікте қыстайды. Көктемде қоңыздар шие бүршік жарғанда топырақ бетіне шығады. Қоңыздар бүршіктермен, шанақтармен, жапырақтармен, одан кейін піспеген жемістермен қоректенеді. Жемістер түйіндене бастаған кезде ұрғашылары жемістің бір бүйірін сүйегіне дейін тесіп, жұмыртқа салады. Шамамен бір апта өткен соң жұмыртқадан дернәсілдер шығады, ол әлі қатпаған сүйекке еніп, өзегін жеп қояды. Дернәсілдер даму кезеңі шамамен бір айға созылады. Дамуын аяқтаған құрт зақымданған жемістен шығады да, топыраққа 5-10 см тереңдікке еніп, сонда қуыршақтанады. Күзде бұл қуыршақтардан қоңыздар шығады, олар келесі жылдың көктеміне дейін топырақта қалады.

Күресу шаралары. Күзде бақта топырақты қопсытады. Көктемде таңертеңгілікте қоңыздарды өсімдік қалдықтарынан сілкіп, жояды. Инсектицидтерді қолдану Â«Тізімге...» сәйкес жүзеге асырылады.

Бүлдірген-таңқурай бізтұмсығы - Anthonomus rubi Hrbst. (Coleoptera отряды, Curculionidae тұқымдасы). Бүлдірген мен таңқурайдың жапырақтары мен шанақтарын, сондай-ақ қожақатты, итмұрынды және басқа өсімдіктерді зақымдайды.

Қоңыздары сұрғылт-қара түсті, ұзындығы 3 мм дейін.

тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru тақырып - кӨкӨніс жӘне баҚша даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері - student2.ru

Құрты ақ түсті, Қоңыр басты, С-түріндегі формада, ұзындығы 3,5 мм дейін.

Жыныстық жетілмеген қоңыздар өсімдік қалдықтары мен топырақ үйінділерінің астында қыстайды. Көктемде, бүлдірген қайта көктей бастағанда қоңыздар егіс алқабында пайда болады. Ересек дарақтар жапырақтармен, сағақтармен қоректенеді, сондай-ақ шанақ тозаңдықтарын жей алады. Ұрғашылары бүлдірген шанақтарының ішіне бір жұмыртқадан салады және гүл сағағын кеміріп тастайды. 6-8 күннен соң жұмыртқадан құрт шығады да, шанақтың солып, шіріп бара жатқан ұлпаларымен қоректенеді. Осы жерде дернәсілдер қуыршақтанып, 8-10 күннен соң жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады. Олар жапырақтарда кішігірім тесіктер жасап, сонымен қоректенеді. Қоңыздар таңқурайға ұшып барып, оның шанақтарын зақымдауы мүмкін. Жылына бір ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Бүлдірген алқабы таңқураймен қатар болмағаны жөн. Өсімдік қалдықтарын жинау және жою. Өсімдіктерді мұқият қарау. Шанақтау кезінде және жидектерді жинап алғаннан кейін қоңыздар жаппай байқалған жағдайда Â«Тізімге...» сәйкес инсектицидтермен өңдеу жүргізіледі. Шиенің шырынды егеуіші – Caliroa limacina Retz. (Hymenoptera отряды, Tenthredinidae тұқымдасы). Шиенің, қызыл шиенің, сирек жағдайда өріктің, алмұрттың, қара жемісті шетеннің жапырақтарын зақымдайды.

Ересек жәндік қара түсті, қанаттары мөлдір, 4-6 мм. Жалған жұлдызқұрт денесінің алдыңғы жағы тым жуан, жасыл-сары түсті, қара жылтыр

кілегеймен қапталған, ұзындығы 11 мм дейін. Ересек жұлдызқұрттар піллаларда топырақта 5-10 см тереңдікте қыстайды. Көктемде құрттар қуыршақтанып, мамыр-шілде айларында ересек дарақтар пайда болады. Ұрғашылары жұмыртқа қорымен жапырақтардың төменгі қабығын тесіп, соның ішіне бір-бірден жұмыртқа салады. Жұмыртқаның дамуы екі апта шамасында созылады. Жұмыртқадан шыққан құрттар 15-20 күн бойы жапырақ жұмсағымен қоректеніп, жапырақтың төменгі бетіндегі мөлдір қабығы мен тарамысын ғана қалдырады. Қоректеніп болған құрттар бүршікке түсіп, пілләлар жасайды. Бір кезеңде 1-3 ұрпаққа дейін дамиды.

Күресу шаралары. Ағаш түбірінің шеңберлерін қопсыту. Дәнек жемісті дақылдарды қолдануға рұқсат етілген препараттармен (Қосымша) бүрку.

1- тапсырма. Жеміс-жидек дақылдарының сорғыш зиянкестерімен танысу. Өсімдіктердің жасыл алма бітесімен, алманың бүргешіркейімен, жемістің қоңыр кенесімен зақымдағанын қарастыру және суреттеу.

2- тапсырма. Жәндіктерді зақымдау кезеңіне немесе ересек дарақтар және зақымдануына қарай анықтау. Анықтау барысын 17-кестеге жазу.

17-кесте. Жеміс және жидек дақылдарындағы зиянкестердің сипаттамасы.

Анықтау кестесіндегі тармақ нөмірі Зиянкес атауы және оның жүйелі орны (класы, отряды, тұқымдасы) Зақымданған дақылдар Зақымдау кезеңінің сипаттамасы Зақымдау типі Қыстау кезеңі Ұрпақ саны Ұсынылатын күресу шаралары
Жәндік фазасы (құртының типін көрсету) Ауыз аппаратының типі Сипаттау (мөлшерін, түсін)
                   

3- тапсырма. Жасыл алма бітесі, алма жемірі, шиенің шырынды егеуішісі, бүлдірген-таңқурай бізтұмсығы үшін фенологиялық даму күнтізбесін жасау.

Бақылау сұрақтары.

1. Қандай сорғыш зиянкестер жеміс дақылдарын зақымдайды? Аса қауіпті түрлеріне сипаттама беру.

2. Қандай жапырақ кеміргіш жәндіктер жеміс дақылдарына зиян келтіреді? Аса қауіпті түрлеріне сипаттама беру.

3. Бүршіктердегі, гүлдер мен жемістердегі қандай зиянкестер Солтүстік Қазақстан аймағында таралған? Бұл зиянкестердің дамуының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Олармен күресудің аса тиімді шаралары.

4. Жидек дақылдарындағы зиянкестерге морфологиялық және биологиялық сипаттама беру.

5. Жеміс-жидек дақылдарындағы зиянкестердің экономикалық зияндылық

Наши рекомендации