Экономикалық өсудің сипаты мен көздері. Р.Солоудың экономикалық өсу моделі
Экономикалық өсу-барлық әлем мемлекеттері үшін орталық экономикалық мәселе болып табылады, сонымен қатар э-қ өсудің элементтері мен факторларының өзара әрекеттесуі мен қалпына келу жүйесі. Сонда экономикалық өсу дегеніміз белгілі кезең аралығында нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы. Бұл ұзақ мерзімді құбылыс. ЖҰӨ немесе ЖІӨ елдің тұтасында экономикалық өсу деңгейін сипаттайды. Эк-қ өсу көздері келесідей: қолданылатын ресурстар (еңбек,капитал,шикізат,жер) мөлшерін арттыру .,жаңа тиімдірек өндіріс тәсілдерін шығару.
Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі 6 факторға тәуелді. Олар:
1) табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі
2) еңбек ресурстарының сапасы мен саны
3) негізгі капитал қорының көлемі
4) технология
Экономиканың өсуіне әсер ететін осы 4 факторды ұсыныс факторлары деп атайды. Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және технологиялық әлеует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне ісер ететін тағы 2 фактор бар:
1) сұраныс факторы
2) бөлу, тарату факторы
Өндіріс әлеуетін дұрыс пайдалану үшін,өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сату да маңызды. Экономиканың өсуіне әсер ететін cұраныс және ұсыныс факторлары бір-бірімен тығыз байланысты.
Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады.
Экономикада нақты пайданың өсуі «экономикалық өсу» деп түсіндіріледі және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу себебі болып табылады. Сонд.экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолд. Мыс: немесе
Солоудың неоклассикалық өсу үлгісі. Р.Солоу өзінің үлгісінде Кобб-Дуглас өндіріс функц.қолданды. Бұл функцияда өнд.факторларының бірін-бірі алмастыратындығы белгілі. Солоу үлгісінің алғышарттары:
- капиталдың кемімелі шекті өнімділігі
- масштаб әсерінің тұрақтылығы
- ығысудың тұрақты нормасы
- инвестициялық лагтардың болмауы.
Y=F(K,L) , z>0 , zF(K,L)=F(zK,zL) , z=1/L , Y/L=F(K/L,1) , Y/L=y , K/L=k , y=f(k)
Y=i+с , c=(1-s)y , y=c+i=(1-s)y+i , i=s*y мұнда с-1жұмысбастылының басына шаққандағы тұтыну, i-жұмысталы адам басына шаққандағы инвестиция, s-қор жинағы.
f(k)=c+i , f(k)=i/s , y=f(k) , i=sf(k)
d-ығыстру немесе амортизация нормасы
Δk=i-dk ,Δk=sf(k)-dk бұл Солоу моделінің басты теңдеуі.
Р.Солоудың экономикалық өсу моделі
Өндіріс көлемі У капитал қорларымен К, еңбек мөлшерімен L және қолданылатын технологиямен анықталады:
Ү - Ғ(К,L).
Біржүмысшыга шащандагы шыгарылым ныц түтыну мен қорлануга бөліиуі
Мысалы µ- амортизация нормасы болсын. Ол тозу себебінен жыл сайьш шығарылатъш капитал үлесі. Жыл сайын К капитал запасы I инвестидиялар көлеміне үлғаяды да, µК тозу мөлшеріне азаяды, яғни капитал запасының өзгеруі тең:ΔK=I-µK.