Компанияның мақсаты мен жұмыс істеу стратегиясы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе | ||
1.1 1.2 1.3 2.1 2.2 2.3 4.1 4.2 | Негізгі бөлім "ҚОР" мұнай компаниясы АҚ "ҚОР" мұнай компаниясының құрылу тарихы Компанияның мақсаты мен жұмыс істеу стратегиясы Компанияның қазіргі жағдайы Блоктық жылыту қазандықтары Блоктық жылыту қазандықтарының классификациясы мен техникалық сипаттамасы ПП-0,63 типті жылыту қазандығының құрылысы ПП-0,63 типті жылыту қазандығының жұмыс істеу принципі Жылыту қазандықтарын пайдалану барысындағы қауіпсіздік шаралары ПП-0,63 жылыту қазандығын монтаждау Жылыту қазандығын монтаждауға дайындық Жылыту қазандығын монтаждаудағы жұмыс реттілі | |
Қорытынды | ||
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта мұнай өңдеуде, мұнайхимияда және химияда техникалық прогресстің негізгі жолдары - технологиялық қондырғылардың қуатын көбейту мен экономикалық тиімділігін көтеру, мақсатты өнімнің өзіндік құнын төмендету және тауарлы өнімнің сапасын жақсарту болып табылады.
Қазіргі уақытта елімізде қалыпты температурада тұтқырлығы жоғары немесе көп мөлшерлі парафинді болатын және соның нәтижесінде төмен температурада қатып қалатын едәуір көлемді мұнайларды өндіреді. Мұндай мұнайларды құбырлармен қалыпты тәсілмен айдау қиынға түседі. Тұтқырлығы жоғары және қатуы жоғары мұнайларды құбырлармен тасымалдау үшін келесі тәсілдер қолданады: тұтқырлы және қатуы жоғары мұнайлар мен мұнай өнімдерін тұтқырлығы аз өніммен араластырады; гидротасымалдау – сумен араластыру және айдау; қатуы жоғары парафинді мұнайларды термоөңдеу; мұнайларды газбен қанықтыру; барлық мұнайды немесе оның бөлігін деструкциялау; түйіршіктер мен контейнерлерде айдау; алдын-ала қыздырылған мұнай мен мұнай өнімдерін айдау.
Аталған тәсілдердің бірі алдын-ала қыздырылған мұнай мен мұнай өнімдерін айдау, яғни мұнайды блоктық жылыту қазандықтарында қыздырып барып айдау тәсілі Ащысай мұнай кен орнында да пайдаланылады. Жергілікті кен орнында өндіріліетін мұнай құрамының 20%-ы парафиннен тұрады, әрі тұтқырлығы жоғары.
1 "ҚОР" мұнай компаниясы АҚ
Quot;ҚОР" мұнай компаниясының құрылу тарихы
Еліміздегі алдыңғы қатарлы мұнай компаниялардың бірі "ҚОР" мұнай компаниясы акционерлік қоғамы 1995 жылы 21 ақпаннан бастап МГ№256 лицензиясы бойынша өз жұмысын атқаруда.1995 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қызылорда облысы компанияның құзіретіне Ащысай кен орнын барлаужұмыстарын жүргізу мен мұнай өнімдерін өндіруге берді. Компанияның структурасына еншілес Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан компаниялары кіреді. Компания жұмысшыларымен жұмыстың толық циклі орындалады: өндіру және тасымалдау, көмірсутекті шикізатты өңдеп ішкі нарықта сату.
Кесте - Ащысай кен орнының даму тарихы
1989 жыл | Ащысай кен орнының шығыс бөлігінің ашылуы |
1995 жыл | "ҚОР" мұнай компаниясы иелігіне өтуі |
2001 жыл | Ащысай кен орнының бірінші сынамасының өтуі |
2004 жыл | Ащысай кен орнын игерудің технологиялық схемасының құрылуы |
2006 жыл | 284000 т мұнай өндірілді |
2007 жыл | Бірінші серіктестік шартқа қол қойылды |
2009 жыл | 320000 т мұнай өндірілді |
2010 жыл | Ащысай кен орнына 15 жыл, "ҚОР" шарайнасы журналдың шығуы |
2012 жыл | 380000 т мұнай өндірілді Ащысай кен орнынан Құмкөл кен орнына дейін 40,5 км құбыр жүргізілді |
Компанияның мақсаты мен жұмыс істеу стратегиясы
Компанияның мақсаты: "табиғи ресурстарды жүйелі әрі қауіпсіз игеру, жұмысшыларды біріктіре отырып, технологиялар мен басқаруды біріктіріп Қазақстан Республикасына өз үлесін қосу".
Компанияның стратегиясы: "өндірілген көмірсутегі шикізат пен мұнай қорын өсіру, ресурсты потенциалды өсіру, жоғары білікті әрі жоғары талпынысты жұмыскерлердің бар болуы, өндірістің көлемін сақтау".
Компанияның артықшылықтары: "компанияда шетелдік акционерлер жоқ және де компанияның ұстанған позициясы Қазақстандық компания ретінде, жасалған жұмыстар тек отанымыз Қазақстан Республикасы үшін. Жұмыс орнында 100 % Қазақстан азаматтары жұмыс атқарады, оның ішінде 80 % Қызылорда облысының тұрғындары".