Тақырып. Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпкерлік тәуекелдер

1. Тәуекел түсінігі мен түрлері және олардың жіктелуі

2. Кәсіпкерлік тәуекелді туындататын факторлар

3. Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау әдістері

4. Тәуекелдерді темендету тәсілдері мен басқару әдістері

Қазіргі бәсекелік ортаның күшеюі және айқынсыздық жағдайында кез-келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді. Тәуекел фак­торы кәсіпкерге ресурстарды үнемдеуді, жаңа жобалардың, коммерциялық мәмілелердің және кәсіпкерлікті іске асырумен байланысты өзге де жагдайлардың тиімділігін есептеуге ерекше назар аударуды талап етеді.

Тәуекел - жоспарланған табыс көлемін ала алмау, зияндар мен жоғалтулардың туындау ықтималдылығы. Басқаша айтқанда, қолайсыз жағдайлармен, әкономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруімен байланысты күтілген табысты, ақшалай қаражаттарды, мүлікті және басқа да ресурстарды жоғалту қаупінің туындауы. Ал кәсіпкерлік тәуекел деп белгіленген іс-шаралар іске аспаған, сондай-ақ, басқару шешімдерін қабылдау кезінде қателіктер жіберілген жағдайда кәсіпкердің зиян шегу ықтималдылығын айтамыз. Ол белгілі бір уақыт кезеңі ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың айқынсыздығы түсінігімен тығыз байланысты. Тәуекел қосымша шығын шегу, жоспарланған табысты ала алмау қаупінен бастап банкротқа үшырау мүмкіндігіне дейінгі аралықты қамтиды.

Кәсіпкерлік қызметте тәуекел деп белгілі бір өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстарды жеткілікті көлемде ала алмауды немесе қосымша шығыстардың ту­ындау ын, өз ресурстарының бір болігін жоғалту ықтималдығын ай­тамыз. Тәуекел - таңдау жасау кезінде айқынсыздықты болдырмаумен байланысты қызмет, яғни айқындалған мақсаттан ауытқулар мен сәтсіздіктерді, қалаған нәтижелерге жету ықтималдылығын сандық және сапалық бағалау мүмкіндігі туындайды.

«Тәуекел» түсінігінде мынадай әлементтерді бөліп көрсетуге болады:

- анықталған мақсаттардан ауытқу мүмкіндігі;

- қалаған нәтижелерге жету ықтималдылығы;

- алға қойылған мақсатқа жетуде сенімділіктің болмауы;

- айқынсыздық жағдайында таңдалған баламаларды жүзеге асырумен байланысты материалдық және басқа да жоғалтулардың туындау мүмкіндігі.

Жоғарыда аталған әлементтердің езара байланысы тәуекелдің мәнін көрсетеді.

Кәсіпкерлік тәуекел мәселесін қарастырған кезде «тәуекел» және «айқынсыздық» түсініктерінің қарым-қатынасына назар аудару керек. Бұл түсініктердің ара-жігін ажыратып алу қажет, өйткені тәуекел белгісіз оқиғалардың туындау ықтималдылығы жоғары болған кездегі жағдайды сипаттайды және оны сандық түрде бағалауға болады. Ал, айқынсызцық мүндай оқиғалардың туындау ықтималдылыгын алдын ала бағалау мүмкін емес болтан кездегі жағдайды сипаттайды. Мысалы, форс-мажорлық міндеттемелерді айқынсыздыққа жатқызуға болады.

Айқынсыздық жағдайының туындау себептерін үш топқа бөліп қарастыруға болады:

1) білместік - бұл сыртқы кәсіпкерлік орта туралы білімдердің жеткіліксіздігі.

2) кездейсоктық - болашақтағы оқиғаны болжаудың өте күрделі екендігімен байланысты анықталады. Өйткені кейбір кезде оқиғалар ұксас жағдайларда бірдей бола бермейді. Қүрал - жабдықтың істен шыгуы, өнімге немесе қызметке сұраныстың өзгеруі, күтпеген жерден өнім өткізудің тоқтауы, жабдықтаушылардың өздерінің міндеттемелерін орындамауы кездейсоқтыққа жатқызылады, бірақ бүл кездейсоқтық қайталануы мүмкін және ол заңдылық болып табылады.

3) қарсы әрекет деп сол немесе өзге оқиғалардың кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін киындатқан кездегі жағдайды айтамыз. Мысалы, жабдықтаушы мен тапсырыс берушінің арасындағы қайшылықтар, үжымдағы еңбек қайшылықтары т.б.

4) Кәсіпкерліктің негізгі міндеті мүмкін болатын айқынсыздық себептерін «алдын ала білу», мүндай себептер тәуекелді жағдайлардың туындау көздері болып табылады.

5) Кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асыру кезінде тәуекелдің әртүрлі түрлеріне кездеседі. Тәуекелдің барлық түрлері езара бай­ланысты және кәсіпкердің қызметіне ықпалын тигізеді.

6) Тәуекелдерді жіктеу қандай да бір белгілер мен өлшемдер негізінде оның көптеген түрлерін жүйелеуді білдіреді.

Тәуекелдің мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:

1) туындау сипатына байланысты:

- субъективті тәуекел кәсіпкердің жеке қасиеттерімен бай­ланысты (тәжірибесінің аздығы, білімінің, кәсіби біліктілік деңгейінің төмендігі т.б.).

- объективті тәуекел әртүрлі сыртқы факторлармен және бірқатар ішкі факторлармен байланысты (ақпараттардың жеткіліксіздігі, нарық конъюнктурасының кездейсоқ өзгеруі т.б.) .

2) пайда болу сферасына байланысты:

- ішкітәуекел тиімсіз менеджментке, дұрыс емес маркетингтік саясатты жүргізуге, кәсіпкердің өзінің құзыретсіздігіне (компетентсіздігіне) байланысты пайда болады.

- сыртқы тәуекел сыртқы ортаның ықпалынан туындайды. Кәсіпкер оған ықпал ете алмайды, оны тек қана алдын ала болжауы және өз қызметінде ескеруі мүмкін. Оған әкономикалық саясаттағы күтпеген езгерістерді, саяси жағдайдың бірден нашарлауы, төтенше жағдайлардың туындауы және т.с.с. жатқызылады.

3) таралу дәрежесіне байланысты:

- жергілікті (локальды) тәуекел (жекелеген кәсіпорын деңгейінде болады);

- жаһандық (глобалды) тәуекел (мемлекет деңгейіндегі тәуекел);

- салалық тәуекел (белгілі бір салада болады);

- аймақтық тәуекел (аймақ, өңір деңгейінде болады);

- халықаралық тәуекел (әлемдік нарық деңгейіндегі тәуекел).

4) сақтандыру мүмкіндігі бойынша:

- сақтандырылатын тәуекел, яғни сақтанушының тәуекелін өзіне алатын сақтандыру үйымдарында сақтандыруга және сандық анықтауға бейімделген тәуекел;

- сақтандырылмайтын тәуекел - масштабы мен деңгейін бағалау мүмкін емес және сақтанушының тәуекелін ешкім өзіне ала алмайтын тәуекел (форс-мажорлық жағдайлар).

5) кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша:

- өндірістік тәуекел ішкі және сыртқы ортаның қолайсыз әсерлері нәтижесінде енім өндіру (жүмыс орындау, қызмет корсету) бойынша өздерінің жоспарлары мен міндеттемелерінің орындалмауына байланысты туындай­ды. Яғни, өнім өндіру кезінде немесе өндірістік қызмет үрдісінде кездеседі. Өндірістік тәуекелдің себептеріне жоспарланған ондіріс колемінің төмендеуін, кәсіпкердің тапсырыс берушілермен жасалған келісім бойынша оз міндеттемелерін орындай алмау ықтималдылығын, мате- риалдық, еңбек шығындарының осімін, баға саясатындағы қателіктерді т.б. жатқызуга болады.

- коммерциялық тәуекел кәсіпкердің ондірген немесе сатып алған тауарларын (жүмыстары мен қызметтерін) сату кезінде туындайды. Басқаша айтсақ, онімді (қызметті, жүмысты) сатуга, шикізаттар мен материалдарды жогары бағаға сатып алуға т.б. байланысты орын алады. Оның негізгі себептеріне логистика жүйесіндегі кемшіліктер, шикізат тапшылығы немесе шикізаттармен, материалдармен оз уақытында және қажетті колемде қамтамасыз ете алмау, конъюнктуралық езгерістер, сатып алу бағасының жоғарылауы, айналыс шығындарының артуы т.б жатады.

- қаржылық тәуекел кәсіпкердің озінің қаржылық міндеттемелерін орындай алмауымен байланысты туындай­ды. Кәсіпкердің қаржы инситуттарымен қарым- қатынасы кезінде пайда болады және ақшалай қаражаттарды жоғалту қаупін білдіреді. Қаржылық тәуекел инфляциялық фактор- лар, банк ставкаларының осуі, бағалы қағаздар қүнының томендеуі, несиелердің қайтарылмауы, толемдердің жасалмауы т.б. себептерге байланысты пайда болады.

Жоғарыда аталған тәуекел түрлері өз ішінен тағы бірнеше түрге болінуі мүмкін.

6)тәуекел салдарларының сипаты бойынша:

- таза тәуекел кәсіпкерлік қызметте тек қана жогалтулардың немесе нолдік нәтиженің болуымен сипатталады (табиги апаттар, сотые жағдайлары, сәтсіздіктердің орын алуы, қылмыстық әрекеттер т.б.).

- спекулятивті (алып-сату) тәуекелде тек шығындар (жоғалтулар) ғана емес жоспарланбаған пайда табу мүмкіншілігі де болуы мүмкін.

7) тәуекел салдарларының масштабы бойынша:

- рұқсат етілген тәуекел - кәсіпкерлік қызметті іске асырудан немесе бизнес жобаны іске асырудан (іске асырмаудан) пайдасын толық жоғалтпайды. Мұндай тәуекел кезінде жогалтулар болады, бірақ олардың мелшері күтілетін пайдадан аз болады.

- критикалық (сыни) тәуекел - пайданы жоғалту ғана емес, сондай-ақ жоспарланған түсімді ала алмайды. Бүл жағдайда кәсіпкер барлық шығындардың көлемінде зиян шегеді, яғни, жоғалтулардың күтілетін пайдадан көп болу қаупімен сипатталады және кәсіпкердің салган барлық каражаттарының орны толмастай жоғалу қаупі туады.

- катастрофалық (апатты) тәуекел - төлем қабілетсіздіктің пайда болу тәуекелі. Мүндай тәуекел кәсіпкердің банкротқа ұшырауына алып келуі мүмкін.

8) уақыт мерзіміне байланысты:

- қысқа мерзімді тәуекел, яғни белгілі бір уақыт ішінде қауіп туғызатын тәуекелдер. Мәселен, тауарды тасымалдау және белгілнеген жерге жеткізумен байланысты тәуекелдер не­месе нақты бір мәміле бойынша толем жасамау тәуекелі т.б.

- ұзақ мерзімді (тұрақты) тәуекел, яғни әкономиканың белгілі бір секторында немесе нақты аймақтағы кәсіпкерлік қызметке үздіксіз қауіп туғызу. Мәселен, заңнамалық және қүқықтық жүйенің жетілмеуі, елдегі немесе аймақтағы табиғи-климаттық жағдайлармен байланысты орын алатын тәуекелдер.

9) шаруашылық қызмет сипатына байланысты:

- іскерлік тәуекел (бизнес жүргізу шарттарын анықтайтын факторларға байланысты тәуекел);

- операциялық тәуекел (кәсіпорынның ішкі ортасындағы жағымсыз оқиғаларга байланысты тәуекелдер);

- нарықтық тәуекел (тауар, қаржы және қор нарығындағы ставкалардың өзгеруіне байланысты тәуекелдер);

10) пайда болу факторына байланысты:

- саяси тәуекел - кәсіпкерлік қызметке әсер ететін саяси жағдайлардың өзгеруімен байланысты болып келеді

(шекараның жабылуы, тауарларды шытаруга тиым салу, ел территориясындағы әскери іс-әрекеттер).

- әкономикалық тәуекел ел әкономикасындағы қолайсыз өзгерістермен байланысты туындайды (нарық конъюнктурасындағы өзгерістер, толем міндеттемелерін оз уақытында орындаудың мүмкін еместігі, басқару деңгейіндегі өзгерістер т.б.).

2. Кәсіпкерлік тәуекелді туындататын факторлар

Кәсіпкерлік тәуекелдер кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыру нәтижесінде көптеген факторлардың әсерінен туындайды. Кәсіпкерлік тәуекелдердің пайда болуына алып келетін мынадай себептерді атап көрсетуге болады: экономикалык дағдарыс, инфляцияның жоғары қарқыны, саяси тұрақсыздық, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жауапсыздығы, кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің жиі өзгеруі, кәсіпкерлердің бір бөлігінің өз қызметіне деген жеке жауапкершілігінің болмауы, салық заңнамаларының жетілмеуі, жат пиғылды (әділетсіз) бәсекенің орын алуы, кәсіпкерлердің нарық және кәсіпкерлік мәселелері бойынша білім деңгейінің төмендігі және т.б.

Кәсіпкерліктегі тәуекел бірқатар факторлардыц болуымен байланысты, яғни жоғалтулардың туындау ықтималдылығын жоғарылата отырып, сол немесе өзге іс-әрекеттерді туғызатын шарттармен сипатталады. Мүндай шарттар кәсіпкердің өзінің белгілі бір іс-әрекеттері нәтижесінде кәсіпкерлік қүрылымдардың ішкі қызмет сферасында, сондай-ақ бизнесті коршаған ортаның, яғни мемлекеттік органдардың, жабдықтаушылардың, бәсекелестердің әрекеттерінің әсерінен туындайды.

Бірінші жағдайда кәсіпкер тәуекелдің мөлшерін төмендету мақсатында бүл факторларға белсенді түрде тікелей ықпал ете алады (ішкі факторлар), ал екінші жагдайда кәсіпкер аталған шарт- тарды өзгерте алмайды және оның деңгейіне ықпалын тигізе ал­майды (сыртқы факторлар).

Кәсіпкерлік тәуекел деңгейіне әсер ететін сыртқы факторларды 2 топқа бөліп қарастыруға болады: тікелей әсер ететін факторлар және жанама әсер ететін факторлар.

Тікелей әсер ететін факторлар тәуекел деңгейі мен кәсіпкерлік қызметнәтижелерінетікелейықпалетеді. Оғанкәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамаларды, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының күтпеген іс-әрекеттерін, салық жүйесін, әріптестермен өзара қарым-қатынасты, бәсекелестердің күтпеген іс-әрекеттерін, жемқорлық пен рейдерлікті жатқызуға болады.

Жанама әсер ететін факторлар кәсіпкерлік қызмет пен тәуекел деңгейіне тікелей ықпал ете алмайды, бірақ оның өзгерісіне әсер етуі мүмкін. Мұндай факторларға саяси ахуалды, елдегі әкономикалық жағдайды, халықаралық оқиғаларды, төтенше жагдайларды жатқызуға болады.

Кәсіпкерліктәуекелге әсер ететін ішкі факторларға кәсіпкердің өзі, оның құзыреттілігі, білімі мен біліктілігі, еңбек тәжірибесі, жеке қасиеттері, басшының немесе қызметкерлердің жіберген қателіктері, дүрыс шешім қабылдай алмауы, әріптестер қүрамы, олардың іскерлік белсенділігі, ортақ бизнеске берілгендігі, маркетингті пайдалану сапасы мен деңгейі, жалдамалы жүмыскерлер қүрамы, олардың біліктілігі, материалдық ынталандыру дәрежесі, кәсіпкерлік мәдениет деңгейі, кәсіпкерлік құпияны қорғау, кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнаманы қатаң сақтау т.б. жатқызылады.

Тәуекел факторы деп тәуекелдің себептерін айқындауға мүмкіндік беретін жағдайларды айтсақ, ал тәуекел деңгейі кәсіпкерлік әлеуеттің үлғаюының жоспарланған шамадан мүмкін болатын ауытқуын сипаттайды.

Кәсіпкерлік орта мен кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері мен өзгешеліктері кәсіпкерлік тәуекелді айқындаудың негізін құрайды. Кәсіпкерлік қызметке қатысты тәуекел туралы толық және сенімді ақпараттарды алудың мүмкін еместігіне байланысты, ең болмағанда, белгілі факторларды жинақтап, олардың пайда болу табиғатын білу қажет.

Кәсіпкер төмендегідей сұрақтарга жауап беру үшін тәуекел факторларын идентификациялайды:

- тәуекелдің негізгі факторлары қайда шоғырланған;

- тәуекел факторларының ішіндегі қайсысы таңдалған қызмет (қабылданатын шешім) үшін айтарлықтай қауіпті;

- тәуекел факторларының қайсысы басқарылады, қайсысы басқарылмайды.

Тәуекел факторларын идентификациялау тәуекелдерді келесі санаттардың біріне жатқызуды қарастырады:

- тәуекелдің қауіпті факторлары;

- қауіптілік дережесі бойынша қалыпты тәуекел факторлары;

- тәуекелдің қауіпсіз факторлары.

3. Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау әдістері

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қандай да бір та­мада тәуекелдің болатыны анық. Алайда тәуекелді бағалау мен оны төмендету әдістерін анықтауға, тәуекелді басқару жүйесін әзірлеуге баса назар аударылуы тиіс.

Тәуекелді бағалау - туындаган тәуекелді жағдайдан неме­се тәуекелді болдырмау бойынша шаралардың ез уақытында қабылданбауынан болатын белгілі бір зиянның мөлшерін немесе қосымша табыс табу мүмкіншілігін болжауға мүмкіндік беретін аналитикалық іс-шаралар жиынтығы. Қарапайым сөзбен айтсақ, тәуекелді бағалау тәуекел мөлшерін (дәрежесін) сандық және сапалық тәсілмен анықтауды білдіреді. Тәуекелді бағалаудың әмбебап әдістері жоқ. Олардың әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Тәуекелді бағалау кезінде қандайда бір әдісті таңдау нақты жағдайға байланысты болады. Кобінесе сандық және сапалық әдістер озара үйлесімде, яғни комбинирленген түрде қолданылады.

Жекелеген жағдайларда сандық және сапалық талдау ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын бағалау негізінде жүргізіледі. Мүндай әдіс сандық талдау түрғысынан айтарлықтай еңбек сыйымдылықты болып табылады, бірақ сапалық талдау кезінде өзінің жемісін беретіндігіне күмән жоқ. Осыған байланысты сандық талдау әдістерінің сипаттамасына баса назар аудару қажет.

Ықтимал жоғалтуларды мөлшеріне байланысты үш топқа белуге болады:

1) жоғалтулар мөлшері есепті пайдадан аспайтын болса қалыпты деп атауға болады;

2) жоғалтулар мөлшері есепті пайдадан асатын болса, сыни (критикалық) деп аталады және кәсіпкерлер мүндай жоғалтулардың орнын өз қалтасынан толтырады.

3) кәсіпкер озінің бүкіл мүлкінен асатын жоғалтуларға әкелуі мүмкін тәуекелге барса оны апатты (катастрофалық) деп атайды.

Егер берілген операция бойынша болуы мүмкін жоғалтуларды қандай да бір тәсілмен бағалауға, болжам жасауға қол жеткізілсе, онда тәуекелге сандық бағалау жасалды деп айтуға болады. Бо­луы мүмкін жоғалтудың абсолютті молшерін пайданың немесе шығынның есепті молшеріне болу арқылы сандық бағалаудың пайыз түріндегі салыстырмалы корінісі анықталады.

Сандық талдау тәуекелдің нақты мөлшерін сандық түрде көрсетуге, оларды талдау, сараптау және салыстыруға бағытталған. Тәуекелді сандық талдау кезінде әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін. Олардың ішінде едәуір кеңінен тарағандары келесілер:

— статистикалық әдіс;

— сараптамалық (әксперттік) бағалау әдісі;

— талдамалық (аналитикалық) әдіс.

Сапалық талдау тәуекелдің әлеуетті (потенциалды) облысын және факторларын анықтауга, оның мүмкін болатын түрлерін айқындауға мүмкіндік береді.

Тәуекелді бағалау жүйесін қүру кезінде, бірінші кезекте, шешім қабылдау үшін қажетті ақпараттарды алумен байланысты жағдайларды ескеру керек. Тәуекелді бағалау әдістерін келесі сурет ( 1 - сурет) түрінде корсетуге болады.

1- сурет - Тәуекелді бағалау әдістері

тақырып. Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпкерлік тәуекелдер - student2.ru

Кәсіпкерлік субъектісінде бар ақпараттардың толықтығына Кәсіпкерлік субъектісінде бар ақпараттардың толықтығына байланысты келесі шарттарды ескере отырып тәуекелді бағалау әдістерін үш топқа біріктіруге болады:

— айқындылық, тәуекелді жағдай туралы ақпарат толықтай жеткілікті болған кезде, мысалы бухгалтерлік баланс, табы- стар мен шығыстар туралы есеп т.б.;

— ішінара айқынсыздық, тәуекелді жағдай туралы ақпарат тәуекелді оқиғалардың көріну жиілігі түрінде болтан кезде;

— толықтай айқынсыздық, тәуекелді жағдай туралы ақпарат толығымен жоқ болған, бірақ айқынсыздықты ішінара жою үшін мамандар мен сарапшыларды тарту мүмкіндігі бар болтан кезде.

Демек кәсіпкерлік орта туралы ақпараттың азаюы алынатын нәтижелердің сенімділігінің төмендеуі мен мүмкіндіктерінің қысқаруы есебінен тәуекел дәрежесін багалау міндеттерін шешуді күрделендіреді.

Айқындылық жағдайында аналитикалық әдіс қолданылады. Бүл әдіс негізінен бухгалтерлік немесе басқарушылық есеп мәліметтері бойынша тәуекел көрсеткіштерін есептеу кезінде қолданылады. Мүндай жагдайда тәуекел көрсеткіштерінабсолютті, салыстырмалы және орташа мән түрінде корсетуге болады.

Абсолютті өлшем түріндегі корсеткіштер тәуекелді оқиғалардың салдарларын былайша түрде сипаттайды:

- тікелей қүндық (ақшалай) немесе материалдық-заттай (физикалық) көріністе (егер жоғалтуларды осындай өлшеммен өлшеуге болатын болса);

- қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін көрсететін баланстық ара-қатынас құрамы: баланс өтімділігі, материалдық айналым құралдарын қалыптастыру үшін қажетті қаражат көздерінің жеткіліктілігі т.б..

Салыстырмалы көріністе тәуекел кәсіпкерліктен күтілетін табыс не болмаса тандалған кәсіпкерлік қызметтегі ресурстардың жалпы шығындары немесе кәсіпкерлік субъектісінің мүліктік жағдайы түрінде болуы мүмкін жоғалтулардың мөлшері ретінде сипатталады.

Тәуекелдің салыстырмалы мөлшерін анықтауга арналған база ретінде мыналар қолданылады:

- негізгі және айналым қорларының қүны;

- кәсіпкерлік қызметке жүмсалған шығындар жиынтығы;

- есепті табыс (пайда).

Тәуекелдің орташа мән көрсеткіштері - кәсіпкерліктің заңдылықтары, тәуекел факторлары және іс-жүзіндегі себептері көрініс табатын жалпылама көрсеткіштер. Бірқатар маңызды белгілері бойынша кәсіпкерлік тәуекелдері туралы толық және жан-жақты түсінік болу үшін орташа мәндер жүйесін білу қажет.

Ішінара айқынсыздық жагдайында тәуекел ықтимал категория ретінде қарастырылады. Сондықтан мүндай жағдайда тәуекелді бағалаудың статистикалық әдістерін қолданған дүрыс. Статистикалық әдістің негізгі қүралдарына вариация, дисперсия және стандартты (орташаквадраттық) ауытку жатқызылады.

Вариация - нәтиженің бір нұсқасынан (вариантынан) басқасына ету кезінде сандық көрсеткіштердің өзгеруі. Дисперсия - нақты мәннің оның орташа мәнінен ауытқу шамасы.

Тәуекел дәрежесі мынадай екі көрсеткішпен өлшенеді: күтілетін орташа мән және мүмкін нәтиженің ауытқушылыгы (өзгерушілігі).

Күтілетін орташа мән анықталмаған жағдайға байланысты оқиға шамасының мәнін көрсетеді. Ол барлық мүмкін нәтижелердің орташа өлшемін білдіреді. Күтілетін нәтиженің орташа мәні мен оның ауытқуын білу сенімнің төменгі және жоғарғы шектерін қамтитын сенім интервалын анықтауға мүмкіндік берді.

Толық айқынсыздық жағдайында тәуекелді бағалаудың сараптамалық (әксперттік) әдісі пайдаланылады. Бұл әдіс өзінің табиғаты бойынша субъективті болып табылады, бірақ ол айқынсыздық дәрежесін төмендету үшін пайдалы ақпаратты үсынады және негізделген тәуекел шешімдерін қабылдауға көмектеседі. Сараптамалық (эксперттік) әдіс есептеулер немесе салыстырулар жасау үшін қажетті ақпараттар жоқ болған кезде тәуекел деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс эксперттердің сауалнамаларына негізделеді және одан кейін сауалнама нәтижелері статистикалық өңдеуден өткізіледі. Бұл әдіс әртүрлі деңгейдегі жоғалтулардың туындау ыктималдылығы бойынша кәсіби мамандардың жасаған багалауларын жинауды және зерттеуді қарастырады. Тәуекел деңгейін әксперттік бағалау - шешім емес, тек негізделген шешім қабылдауга көмектесетін пайдалы ақпарат қана болып табылады.

4. Тәуекелдерді темендету тәсілдері мен басқару әдістері

Тәуекелді басқару кәсіпорынды басқарудың маңызды ішкі жүйелерінің бірі болып табылады. Тәуекелді басқару дегеніміз тәуекел факторларын бейтараптандыру (нейтрализациялау) және талдау әдістерінің жиынтыгы. Тәуекелді басқаруды кәсіпкердің қабылдаған шешімдерін іске асыру барысында болуы мүмкін теріс салдарларды азайту және қате шешім қабылдау қаупін төмендету максатын көздейтін іс-шараларды дайындау және іске асыру үрдісі ретінде қарастыруға болады.

Тәуекелді басқару үрдісін 6 сатыға бөлуге болады:

1) мақсатты анықтау

2) тәуекелді айқындау

3) тәуекелді бағалау

4) тәуекелді басқару әдістерін таңдау

5) таңдалған әдісті қолдану

6) нәтижелерді багалау

Соңғы кездері елімізде кәсіпкерлік қызметте «тәуекел - менеджмент» термині кеңінен қолданыла бастады. Тәуекел - менеджмент - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайда болуы мүмкін тәуекел мен қаржылық қатынастарды басқару жүйесі. Ол айқынсыздық жагдайында тәуекел дәрежесін төмендету және пайданы үлғайту бойынша жүмыстар жүргізуді қамтиды. Демек нақты жағдайда мүмкін болатын жоғары пайданы қамтамасыз ету мақсатында тәуекелді басқарумен айналысады. Тәуекел-менеджментті кәсіпкерлік қызметте тәуекелді басқарудың ғылыми әдістерінің жиынтығы деп атауға да болады.

Тәуекел-менеджментте қарастырылатын негізгі мәселелер бюджетті қалыптастыруға, несиелеуге, табыстылыққа, инвес- тицияга, бәсекелік күреске байланысты шешімдер қабылдау болып табылады. Сонымен қатар нарықтық конъюнктураның өзгеруі, кәсіпорынның үйымдық қүрылымының түбегейлі қайта жасалуы, сақтандыру, дагдарыс және банкроттық жағдайында, сондай- ақ, айқынсыздық әлементтерін қамтитын басқа да жағдайларда тәуекелмен байланысты шешімдер қарастырылады.

Сарапшылардың пікірі бойынша, тәуекел-менеджмент әрбір кәсіпорынның ажырамас бөлігі болуы керек және ол мыналарды қамтуы тиіс:

- тәуекелді идентификациялау, талдау және бағалау;

- тәуекелді жағдайлардың теріс салдарларын жою бойынша іс-шаралар әзірлеу;

- кәсіпкерлік қызметтің өміршеңдік механизмін жасау;

- шығындарды төмендету;

- кәсіпорынның табысты жүмыс жасауын қамтамасыз ету;

- сақтандыру жүйесін құру;

- нарық конъюнктурасының өзгеру мүмкіндіктерін ескере отырып даму болашағын болжау т.б.

Тәуекел-менеджмент басқару жүйесі ретінде мынадай екі ішкі жүйеден түрады:

1) басқарылатын ішкі жүйе - басқару объектісі;

2) басқарушы ішкі жүйе - басқару субъектісі.

Тәуекелді істі жүзеге асыру кезінде шаруашылық субъектілер арасындағы әкономикалық қарым-қатынас пен тәуекелді капитал салымдары тәуекел-менеджменттегі басқару объектісі болып табылады. Тәуекелді басқару органы немесе субъектісі ретінде тәуекел-менеджерлерді, сақтандыру агенттері және тәуекелді басқарушы басқа да адамдарды айтуға болады.

Жоғарыда аталған ішкі жүйелерге сәйкес тәуекел-менеджменттің мынадай функцияларын бөліп көрсетуге болады:

1) басқару объектісінің функциялары:

— тәуекелге бару (бел буу);

— тәуекелді капитал салымдарын үйымдастыру;

— тәуекел мөлшерін төмендету бойынша жүмыстар жүргізу;

— тәуекелдерді сақтандыру үрдісі;

— шаруашылық үрдістегі субъектілердің арасындағы байланы- стар мен әкономикалық қарым-қатынастарды қалыптастыру.

2) басқару субъектілерінің функциялары:

— болжау;

— үйымдастыру;

— реттеу;

— үйлестіру;

— ынталандыру;

— бақылау.

Тәуекел-менеджмент жүйе ретінде басқарушылық шешімдерді дайындауды, қабылдауды және орындауды үйымдастырудың өзара байланысқан үрдістер жиынтыгын білдіреді.

Кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Сондықтан тәуекел дәрежесін төмендету және тәуекелді басқару әдістерін дүрыс қолдана білу қажет. Мүндай әдістеді 4 топқа бөліп қарастыруға болады (2 - сурет) :

1) тәуекелден бас тарту (қашу) әдісі;

2) тәуекелдерді оқшаулау әдісі;

3) тәуекелдерді әртараптандыру әдісі;

4) тәуекелдердің орнын толтыру (компенсациялау) әдісі.

тақырып. Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпкерлік тәуекелдер - student2.ru

2 - сурет - Тәуекелдерді баскару әдістерінің түрлері

2-суретте көрсетілген тәуекелді басқару әдістеріне қысқаша тоқталайық.

1) Тәуекелден бас тарту (қашу) әдісі тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістердің бірі. Тәуекелден бас тарту (қашу) әдісі деп сол немесе өзге де қолайсыз оқиғалардың әсерінен ішінара немесе толықтай қүтылуға мүмкіндік беретін іс-шаралардың жиынтығын айтамыз. Мүндай әдіс жоғары тәуекелділікпен сипатталатын іс-әрекеттер жасаудан немесе шешім қабылдаудан бас тартуды білдіреді. Оның мынадай түрлерін боліп корсетуге болады:

- сенімсіз әріптестерден бас тарту, яғни сенімді, тексерілген әріптестермен ғана жұмыс жасауға үмтылу, әріптестер то- бын кеңейтпеу;

- тәуекелі жогары жобалардан бас тарту, яғни іске асырылуы немесе тиімділігі күмән тудыратын инвестициялық және инновациялық жобалардан бас тарту;

- гаранттарды іздеу, яғни гарантты іздеудегі мақсат тәуекелдің бір бөлігін қандай да бір үшінші түлғаға ауысты- ру. Гарант функциясын әртүрлі субъектілер (әртүрлі қорлар, мемлекеттік органдар, заңды және жеке түлғалар т.б.) орын- дай алады;

- кәсіби біліктілік деңгейі мен кұзіреттілігі төмен қызметкерлерді жұмыстан босату.

2) Тәуекелдерді оқшаулау әдісі. Бұл әдіс жиі қолданылмайды, көбінесе тәуекелдер мен олардың пайда болу көздерін анық белгілеу мүмкін болған кезде ғана қолданылады. Іске асырылатын қызметтің әкономикалық тұрғыдан айтарлықтай қауіпті кезеңдерін немесе бөліктерін анықтай отырып, оларды бақылау және тәуекел деңгейін төмендету мүмкіндігі туады. Оқшаулаудың мүндай әдістеріне мыналарды жатқызуга болады:

- венчурлік кәсіпорындар кұру, яғни тәуекел деңгейі жоғары жобалар үшін дербес еншілес кәсіпорын қүру. Жобаның тәуекел деңгейі айтарлықтай жоғары бөлімі осы еншілес кәсіпорында іске асырылатын болады;

- тәуекелді жобаларды орындау үшін арнайы қүрылымдық бөлімше қүру;

- тәуекелді жобаларды іске асыру үшін бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасу (бекіту).

3) Тәуекелдерді әртараптандыру әдісі. Бүл әдіс тәуекелдерді әртүрлі бағытта бөлумен байланысты болып келеді. Оның мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:

- жобата қатысушылар арасында жауапкершілікті бөлу. Жауапкершілікті бөлу кезінде әрбір қатысушының жауапкершілігі мен қызмет сферасын, сондай-ақ жүмыстар мен жауапкершіліктің бір қатысушыдан басқасына өту шарттары анық бөліп көрсетілуі қажет. Сонымен қатар оны келісім шарт арқылы зандық түрғыда бекіткен дүрыс.

- қызмет түрлерін әртараптандыру. Ол өндірілетін өнім не­месе көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтумен, тұтынушылардың әртүрлі әлеуметтік топтарына, түрлі аймақтардағы кәсіпорындарға бағытталумен сипатталады;

- жеткізу мен өткізуді әртараптандыру. Яғни, бірмезгілде бірнеше нарықтарда жүмыс жасауды білдіреді. Бұл бір нарықтағы зиянды екінші нарықтағы пайда есебінен жабу мүмкіндігін білдіреді. Сонымен қатар шикізаттар мен материалдарды сатып алуды да әртараптандыруға болады.

Ол көптеген жабдықтаушылармен (жеткізушілермен) өзара әрекеттестікте болуды және сол арқылы қоршаған ортаға тәуелділігін төмендетуді білдіреді. Әртүрлі се- бептермен жеткізу шарты бүзылған жағдайда басқа жабдықтаушылармен жүмыс жасай береді.

4) тәуекелдердің орнын толтыру (компенсациялау) әдістері. Бүл әдіс қауіпті алдын-ала ескерту механизмін жасауға байланысты. Тәуекелдердің орнын толтыру әдістерінің еңбек сыйымдылығы жоғары және оларды тиімді қолдану үшін алдын ала талдау жүмыстарын кеңейтілген түрде жүргізуді қажет етеді. Мүндай әдістерге мыналарды жатқызуға болады:

— іс-әрекетті стратегиялық жоспарлау. Егер стратегияны әзірлеу кәсіпорын қызметінің барлық сферасын қамтитын болса стратегиялық жоспарлау тәуекелдердің орнын толты­ру әдісі ретінде оң әсер етеді.

— сыртқы жағдайды болжау, яғни әріптестердің және бәсекелестердің іс-әрекетін жалпы әкономикалық болжау, жобаға қатысушылар үшін шаруашылық жүргізу ортасының болашақтагы жағдайын бағалау және даму нүсқаларын жүйелі түрде әзірлеу;

— әлеуметтік-әкономикалық және нормативтік-құқықтық орталарға мониторинг жасау. Ол қалыптасқан жагдай туралы ағымдағы ақпараттарга ие болуга және оларды қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Сондықтан нормативтік-анықтамалық ақпараттар жүйесін иелену және түрақты түрде жаңарту, коммерциялық ақпараттар желісіне қосылу, меншікті болжамдық-аналитикалық зерттеулер жүргізу, кеңесшілерді тарту мәселесіне көңіл бөлу қажет.

— резервтер жүйесін құру. Бұл әдіс сақтандыруға ұқсайды, бірақ кәсіпорын ішінде жасалады. Кәсіпорында шикізаттар мен материалдардың, қосалқы бұйымдардың сақтандыру қорлары, ақшалай қаражаттардың резервтік қорлары құрылады, сондай-ақ оларды дағдарысты жағдайларда қолдану жоспарлары жасалады.

Жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып тәуекел дәрежесін төмендету немесе тәуекелді басқарудың келесідей әдістері де қолданылатындығын атап өту қажет:

— әртараптандыру (диверсификация)

— лимиттеу

— хеджирлеу

— сақтандыру

— өзін - өзі сақтандыру

Әртараптандыру (диверсификация) инвестицияланатын қаражаттарды бір-бірімен өзара тікелей байланысты емес бірнеше тәуекелді операциялар бойынша бөлуді білдіреді. Әр- тараптандырудың мақсаты - сәтсіздіктің алдын-алу немесе сақтандыру. Яғни, бірмезгілде бірнеше операциялар бойынша сәтсіздікке қарағанда, бір операция бойынша сәтсіздіктің ық- тималдылығы және одан болатын жоғалтулар әлдеқайда томен болады. Әртараптандырудың мысалы ретінде әртүрлі валютада салынған депозиттік салымдарды айтуға болады.

Лимиттеу тәуекелді операцияларда пайдаланылатын ресурстардың мөлшеріне шектеу қоюды білдіреді. Осылайша кәсіпкерлік қызметте тәуекелден болатын қауіпті зияндардан сақтанады. Мәселен, несиеге берілетін қаражаттар көлемін шектеу, менеджерлерге белгіленген мөлшерден жоғары қаражаттарға иелік етуге тиым салу т.б..

Хеджирлеуді әртүрлі аспектіде қарастыруға болады. Тауарлар нарығындағы хеджирлеу деп болашақтағы бағалар бойынша сатуға немесе сатып алуға тиіс тауарларға нарықтық бағалардың қолайсыз өзгерістеріне байланысты жоғалтулардан болатын тәуекелді төмендету.

Хеджирлеуді валюта немесе пайыздық бағамның өзгеруі барысында туындайтын шығындарды болдырмай, тәуекелдерді жоюға септігін тигізетін құрал ретінде де қарастыруға болады.

Хеджирлеу кезінде тауарды сатушы (сатып алушы) оны сатуға (сатып алуға) келісім жасайды және сонымен бірмезгілде қарама қарсы сипаттағы фьючерстік мәмілені жүзеге асырады. Мүндай жағдайда бағаның кез-келген өзгерісі сатушыға (сатып алушыга) бір келісім-шарт бойынша үтылысқа алып келсе, басқасы бойынша үтуға мүмкіндік береді.

Фьючерстік (жедел) мәміле - тауар және қор биржасындағы айтарлықтай кеңінен тараған операциялардың бірі, тауарды (қызметтерді), бағалы қағаздарды мәміле жасалғаннан кейін келісімшартта көрсетілген бағамен сатып алу немесе сату жөніндегі биржа мәмілесі. Мүндай мәмілелер хеджирлеу мақсатында жасалады, яғни нарықтық бағалардың өзгеру нәтижесінде болуы мүмкін жоғалтулардан тауарды сақтандыру мәмілесі.

Сацтандыру тәуекелді төмендетудің негізгі әдістерінің бірі. Ол тәуекелге байланысты зиян шеккен жағдайда, жеке немесе заңды түлғаның мүліктік мүдделерін қорғауды білдіреді. Мүнда зиян шеккен түлғаға алдын-ала енгізген ақшалай жарналары есебінен толем жасау жүзеге асырылады. Сақтандыру осы мақсатта арнайы қүрылған кәсіби үйымға тәуекелдің бір бөлігін беру арқылы тәуекел дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді.

Өзін-өзі сақтандыру деп тәуекелді операциялардан болуы мүмкін зияндарды жабу үшін кәсіпкерлер өздерінің меншікті резервтік қорларын қүруын айтамыз. Мүндай қорлардың болуы тәуекелдің теріс салдарларын тез арада жоюға мүмкіндік береді. Өзін-өзі сақтандыру мынадай жағдайларда қажетті:

— тәуекелді төмендету әдістерінің басқа түрлерімен салыстырғанда, оны пайдаланудан болатын әкономикалық пайда күмәнсіз болса;

— тәуекелді басқарудың басқа әдістерінің шеңберінде тәуекелдерді жабу немесе төмендетуді қамтамасыз ету мүмкін емес болса.

Өзін-өзі сақтандыру мынадай нысандарда іске асырылады:

а) резервтік қорды қалыптастыру. Ол кәсіпорын жаргысына және заңнамалық талаптарға сәйкес қүрылады. Оны қүрудың мақсаты пайда көлемі жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акциялар бойынша дивидентер төлеу және облигациялар бойынша пайыздарды өтеу, күтпеген шығыстарды, кредиторлық берешекті, шаруашылық субъектіні тарату шыгыстарын жабу.

ә) мақсатты резервтік қорлар құру. Мысалы, баға тәуекелін сақтандыру қоры, күмәнді дебиторлық берешектерді жабу қоры т.б. Мүндай қорлардың тізімі, олардың қалыптасу көздері, аударымдар мөлшері жарғыға және басқа да ішкі нормативтерге сәйкес анықталады.

б) материалдық және қаржылық ресурстардың сақтандыру қорлары (запастары) жүйесін қалыптастыру. Яғни, дайын өнімдер, шикізаттар, материалдар, ақша қаражаттары бойынша сақтандыру қорлары құрылады. Олардың мөлшері нормалау кезінде белгіленеді.

в) есепті кезеңде алынған пайданың бөлінбеген бөлігі. Ол құрылтайшылар шешімімен бөлінгенге дейін жекелеген тәуекелдердің теріс салдарларын жоюға бағытталатын қаржылық ресурстар резерві ретінде карастырылады.

Ішкі кәсіпкерлік тәуекелдерді төмендету үшін бизнестегі әріптестерді және қызметкерлерді тандауда мүқият болу қажет. Американдық кәсіпкерлер әріптестің төлем қабілеттілігін тексеру үшін 5 «С» моделін жиі қолданады:

1) әріптестің (қарыз алушының) жеке түлғасы (character) - оның репутациясы, жауапкершілік дәрежесі;

2) қаржылық мүмкіндіктері (capacity) - активтерді сатудан түскен қаражаттар немесе ағымдагы түсімдер есебінен алынған қарызды жабу қабілеті;

3) мүлік (capital) - меншікті (акционерлік) капиталдың мө- шері мен қүрылымы;

4) қамтамасыз ету (collateral) - кепілге ұсынылган активтердің түрі мен қүны;

5) жалпы жағдайлар (шарттар) (conditions) - жалпы әкономикалық жағдай және басқа да факторлар.

Тәуекелді басқару кезінде мынадай ережелерді немесе қағидаларды есте сақтау қажет:

1)меншікті капитал мүмкіндік беретіннен артық көлемде тәуекелге баруға болмайды. Тәуекелді капитал салымы туралы шешім қабылдамас бүрын тәуекел-менеджер немесе қаржы менеджері мынадай мәселелерге көңіл бөлу қажет:

— осы тәуекел бойынша болуы мүмкін зиянның максималды көлемін анықтауы тиіс;

— оны салынатын капитал көлемімен салыстыру керек;

оныбарлықменшіктікаржылықресурстарыменсалыстыруы керек және салынған капиталдың жоғалуы инвестордың банкротқа үшырауына алып келмейтіндігін анықтау қажет. Болуы мүмкін зиянның максималды көлемінің инвестордың меншікті қаржылық ресурстар көлеміне қатынасы банкроттыққа алып келетін тәуекел дәрежесін көрсетеді. Мүны формаула түрінде көрсетсек,

К = 3 / МҚ. (1)

Мұндағы,

К - тәуекел коэффициенті 3-болуы мүмкін зиянның максималды көлемі;

МҚ - меншікті қаржылық ресурстар көлемі.

Зерттеулер көрсеткендей, бүл коэффициенттің оңтайлы мөлшері 0,3, ал банкротқа ұшырауына алып келуі мүмкін тәуекел коэффициенті 0,7 және одан жоғары.

2) тәуекел салдарлары туралы ойлану қажет. Тәуекел менеджер болуы мүмкін зиянның максималды көлемін біле отырып тәуекелді төмендету жолдарын, оның теріс салдарларын азайту мүмкіндіктерін қарастыру қажет.

3) аз пайда үшін көп салыммен тәуекелге баруға болмайды. Бұл ереже сақтандыру кезінде анық көрініс табады. Мұндай жағдай тәуекел менеджердің сақтандыру жарнасы мен сақтандыру сомасының үтымды ара қатынасын анықтауы және таңдауы қажет. Егер зиянның мөлшері сақтандыру жарнасын үнемдеуден болатын пайдамен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болса, инвестор тәуекелді өзіне алмауы керек.

4) әрқашан да бір ғана шешім бар деп ойлауға болмайды. Басқа да шешімдер болуы мүмкін. Бір ғана шешім бар деген ойдан арылып баска да шешімдерді табуға ұмтылу қажет. Шын мәнінде өзге де ұтымды шешімдер болуы мүмкін.

 

Наши рекомендации