ЖапонияныҢ мемлекеттік ҚҰрылымы

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІ

Факультет: Шығыстану

Кафедра: Әлемдік тілдер және өркениет

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі: Есеркепова Ж.О.

Жоба жұмысы

Жоба тақырыбы: Қытай мен Жапония елдерінің мемлекеттік құрылымы мен құқығы

Мамандық бойынша 050209 – Шығыстанушы

Орындаушы: Райымбеков Ұ.Н., Нұрғазы Д.Т.

Ғылыми консультант: Кағазбаева Э.

Алматы 2013

Жоба тақырыбы:Қытай мен Жапония елдерінің мемлекеттік құрылымы мен құқығы

· Жобаның басты мәселесі:Қытай мен Жапония елдерінің мемлекеттік құрылымымен құқықтарының ұқсастығы.

· Жобаның басты ойы:Қытай мен Жапония елдерінің құрылымымен құқықтарының ұқсастығын салыстыру

· Жобаның мақсаты:Қытай мен Жапония елдерінің құрылымын салыстыру

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

I. Мемлекет жəне құқық теориясына жалпы сипаттама

1.1 Мемлекеттің пайда болуы

1.2 Құқықтың пайда болуы

II.Қытай мен Жапония елдерінің мемлекеттік құрылымы мен құқығы

2.1 Жапония елінің мемлекеттік құрылымы мен құқығы

2.2 Қытай елінің мемлекеттік құрылымы мен құқығы

2.3 Қытай мен Жапония елдерінің мемлекеттік құрылымы мен құқығы

Орытынды

Олданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мемлекет жəне құқық теориясы – заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пəндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абстрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен – қолданыстағы заңнамамен, заң тəжірибесімен, мемлекет жəне құқықтың тарихы-мен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мəселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген.

Мемлекет жəне құқық теориясы студенттерде мемлекет жəне құқық, құқықтық жəне саяси мəдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың əртүрлі тарихи ке-зеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жəрдемдеседі. Алайда, жалпы тарихи білімердің барлығын толық меңгеру мем-лекет жəне құқықтың жалпы теориясы бойынша оқулықтар мен мақалалармен дербес, өз бетімен жан-жақты жұмыс істеудің нəти-жесінде ғана жүзеге асуы мүмкін.

Мемлекет жəне құқық теориясы бойынша бұл оқу құралы өзінің қысқа мазмұны бойынша жалпы теориялық əдебиеттердің барлы-ғының орнын толтыра алмағанымен, жалпы теориялық мəселелер-мен танысуда өзінше бір жол көрсетушінің ролін атқаруға, сту-денттерді əрбір тақырып бойынша мейлінше маңызды теориялық ережелермен, заң ғылымының ерекше тілімен, арнайы заң түсінік-терімен таныстыруға бағытталған. Бұл құралды қалған материал-дарды меңгеру үшін ақпараттық-əдістемелік негізді құрайтын не-гізгі заң түсініктері мен санаттарының кеңейтілген сөздігі деп те атауға болады.

Мемлекеттік құрылым - кең мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын, яғни мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін, оның азаматтарының құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік аймақтық құрылысын, мемлекеттік органдар жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада: мемлекеттік биліктің аумақтарға немесе ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет аумағының ішкі бөлінісі. Ішкі бөлініс сипатына қарай мемлекеттер унитарлық, федеративтік және конфедеративті болып жіктеледі. Унитарлық мемлекет әкімшілік аймақтарға ғана бөлініп, бүкіл ел бір орталықтан жергілікті органдар арқылы басқарылады. Конституциясы, ел басшысы, үкіметі біреу болады. Бірақ унитарлық мемлекетте де автономиялық мемлекеттік құрылым мәртебесіндегі аймақ болуы мүмкін. Федерация - бірнеше бәлек мемлекеттерден құрылған одақ. Одақтың ортақ конституциясы, басшысы, органдары, әскері болады. Федерация ұлттық, аумақтық не аралас (ұлттық - аумақтық) негізде құрылады. Конфедерация - екі немесе одан да көп мемлекеттердің өз саяси тәуелсіздіктерін сақтай отырып, қандай да бір (мысалы, экономикалық) мақсаттарды көздей отырып, мерзімді шарт бойынша одақтасуы. Конфедерация мүшесінің кез келген уақытта одақтан шығуға құқы бар. Мемлекеттік шешімдер кез-келген мемлекеттің қызметінде маңызды орынды алады. Мемлекеттік шешімдер бұл мемлекеттің мақсатын көрсететін шаралардың бірі. Шешім қабылдағанда мемлекет өз тұрғандарының мүддесін қарастыру керек. Мемлекеттің басты байлығы бұл – халық. Мемлекеттің шешімдердің барлығы сол халықтың мұқтаждықтарын, мүддесін қарастыру үшін шығарылуы керек.

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы ретінде «Жапониядағы мемлекеттік басқару шешімдерін қабылдаудың технологияларын талдау» деп таңдағанымның себебі, әлемдегі екінші экономикалық держава болып табылатын Жапония мемлекетінің мемлекеттік шешімдерін қабылдауы мен оларды қабылдайтын органдардың, аппараттарының ерекшеліктеріне, жүйесіне талдау жасау болды. Жапония бүкіл әлемді өзінің аз уақытта ғана экономикалық қарқында дамуының тенденциясымен таң қалдырып келеді. Осындай экономикалық жүйені мемлекеттік басқару аппараты реттеу ерекшеліктері және мемлекеттік шешімдерді қабылдайтын органдардың құрылымын қарастырамыз.

· Бірінші бөлімде, Жапония мемлекетінің құрылымын және оның ерекшеліктеріне тоқталамыз. Жапония өзінің басқару формасы бойынша конституциялық монархия болып табылады. Жапония конституциясы әлемдегі ең тұрақты конституциялардың қатарында. Ол қабылданған уақытынан бастап, әлі күнге дейін бір де бір рет өзгертілмеген. Және осы бөлімде елді басқаруда монархтың рөліне толығымен тоқталып, оның мемлекеттік шешімдерді қабылдауға қатысу процесіне талдау жасаймыз.

· Екінші бөлімде, мемлекеттік шемідерді қабылдайтын аппараттар мен органдардың рөліне тоқталамыз. Конституцияны негізге алған мемлекеттік басқаруда мемлекеттік шешімдердің барлығы да конституцияға негізделеді. Жапонияда заң шығарушы орган болып Парламент саналады. Оның қызметі мен құзіреттілігі осы бөлімнің екінші бөлімшесінде баяндалған. Атқарушы орган – Жапония Үкіметі. Оны премьер-министр басқарады. Мемлекеттік биліктің тиімділігін арттыру үшін жергілікті жерлерде өзіндік функциясалары белгіленген жергілікті атқарушы органдар қызмет етеді. Осы бөлімде және де Жапонияның мемлекеттік басқару тәжериебесін Қазақстан басқару жүйесімен салыстыру, ұқсас жақтарын қарастыру, тәжериебелік ұстанымдарын қолдану сұрақтары да қарастырылады.

· Үшінші бөлімде, қазіргі кездегі жапон қоғамында қозғалып отырған әлеуметтік, саяси-экономикалық мәселелері қарастырылады. Жалпы, қалыптасқан стереотиптерге сай дамыған елдерде қиындықтар жоқ дегенге келеді. Бірақ, оларда да, өзіндік шешуді талап ететін мәселелері өте көп. Жапон халқы ежелден өзінің еңбекқорлығымен және іскерлігімен ерекшеленеді. Туындаған қиындықтарды олар осы қасиеттерінің арқасында жеңіп шығады деген үміттеміз.

Осы тақырыпты қарастыру кезінде қызықты мәліметтерге толы ақпаратпен таныстым. Тақырыпты толығымен аштым деген ойдамын.

Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама

1. Мемлекет жəне құқық теориясының анықтамасы.Мемлекет жəне құқық теориясы – бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мəні, мақсаты жəне қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.

2. Ғылым ретіндегі мемлекет жəне құқық теориясының ерекшеліктері мынада:

Біріншіден, ол қоғамдық ғылым болып табылады, оның пəнін қоғамдық құбылыстар – мемлекет пен құқық құрайды. Бұл ерек-шелігі арқылы мемлекет жəне құқық теориясы бірқатар басқа ғылымдардан (жаратылыстану, техникалық жəне т.б.) ерекшеленеді. Екіншіден, ол саяси-заңды ғылым бола тұрып, мемлекеттің биліктік қызметі, саясаты саласымен тікелей қатысты қоғамдық құбылыстарды зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет жəне құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық құрылымды тікелей зерттемейтін басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді. Үшіншіден, ол жалпы теориялық ғылым бола тұрып, мемлекет пен құқықтың негізгі жəне жалпы заңдылықтары мен сипаттарын зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы ол арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді. Төртіншіден, ол əдістемелік сипаттағы ғылым болып табылады. Мемлекеттік-құқықтық құрылымның жалпы заңдылықтарын көрсете отырып, ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды меңгеру əдісі мəселесін қарастырады.

3. Мемлекет жəне құқық теориясының функциялары.Мем-лекет жəне құқық теориясының үш негізгі функциясы бар:

1. Теориялық - танымдық функция – мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тек сыртқы, техникалық - заңды жағынан ғана емес, сонымен қатар, олардың заңдылықтары, терең, мəндік белгілері тұрғысынан да ғылыми түсіндіруге негізделген. Бұл, өз кезегінде, ғылыми болжамдау міндеттерін шешуді, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен бағыттары туралы ғылыми болжамдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

2. Тəжірибелік - қолданбалы функция. Мемлекет жəне құқық теориясы, басқа да заң ғылымдары сияқты, мемлекеттің қызметін жетілдіруге, заңнама мен оны қолдану тəжірибесін жақсартуға жəне дамытуға бағытталаған ұсыныстар жасауға қызмет етеді.

3. Тəрбиелік функция. Мемлекет жəне құқық теориясы құқықтық тəрбиелеу мəселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тəртіп жəне т.б. күрделі мəселелерге қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың қалыптасуына жəрдемдесуі қажет.

Мемлекеттің пайда болуы

1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік билікке жалпы сипаттама.Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:

- ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді жəне қандық туыстыққа негізделді;

- тікелей қоғамдық болып табылды, алғашқы қауымдық демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасты;

- бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар, əскербасылары жəне т.б. қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мəселелерін шешіп отырды.

2. Мемлекеттің пайда болу себептері.Мемлекеттің пайда бо-луы туралы мəселе даулы болып табылады, себебі, этнография жəне тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мəліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері тура-лы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар табылады:

1. Діни теория – мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын–абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни жəне əкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі – Фома Аквинский.

2. Патриархалды теория – мемлекеттің пайда болуын отбасымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы əке билігінен туындатады. Бұл теория патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы əкенің, патриархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің еңбектерінен тапты.

3. Шартты теория – ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев орын алды. Мысалы, А.Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген жəне оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сəйкес, мем-лекет шарт нəтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостан-дықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.

4. Күштеу теориясы – мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу əрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы ХІХ ғасырда пайда болды, оның өкілдері – Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг.

5. Психологиялық теория – мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тəуелділікті сезінумен, белгілі бір əрекет түрлерінің əділдігін түсінумен жəне т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қата-рынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады.

6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г.Спенсер, Вормс, Х.Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Оның бөліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет – биология-лық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын əлеуметтік даму өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы (басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық) болады.

7. Ирригациялық теорияға сəйкес мемлекеттердің алғашқы қа-наушы нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақтардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К.-А.Виттфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.

8. Материалистік теория – мемлекеттің пайда болуын əлеумет-тік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері – К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин –мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау жəне бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.

Құқықтың пайда болуы

1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі нормаларға жалпы сипаттама.Мемлекетке дейінгі əлеуметтік нормалардың ерекшелігі болып олардың адамдардың күнделікті өміріне сіңе отырып рудың, тайпаның əлеуметтік-экономикалық біртұтастығын көрсетуі жəне қамтамасыз етуі табылды. Бұл еңбек құралдарының жетілме-гендігімен, оның өндіру деңгейінің төмендігімен байланысты болды. Осыдан барып бірлесіп өмір сүру, қоғамдық меншікті қалыптастыру, өнімдерді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындады, ал бұл жағдай, өз кезегінде, алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғатына əсерін тигізді.

Мемлекетке дейінгі кезеңде болған нормалардың белгілері:

1) алғашқы қауымдық қоғамдағы қарым-қатынастар ең алды-мен əдет-ғұрып нормаларымен, яғни, ұзақ уақыт бойы қолдану нəтижесінде əдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелерімен реттелген;

2) жазбаша нысандағы көрінісі болмастан, адамдардың жүріс-тұрысы мен санасында өмір сүрген;

3) əдеттің, сонымен қатар, сендіру жəне мəжбүрлеу (рудан қуу) шараларымен қамтамасыз етілген;

4) оларда негізгі реттеу тəсілі болып тыйым (табулар жүйесі, құқықтар мен міндеттердің болмауы) табылған;

5) олар ру мен тайпаның барлық мүшелерінің мүдделерін білдірген.

2. Құқықтың пайда болуының ерекшеліктері.Құқық əлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірге пайда болады, себебі, көп жағдайда олар бір-бірінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің құқықсыз өмір сүре алмайтыны секілді, құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды: құқық мемлекеттегі саяси билікті ұйымдастырса, мемлекет заң нормаларын орнықтырады, қолданады жəне оларға кепілдік береді.

Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен, экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдірді. Егер əдет-ғұрыптар адамдардың санасы мен жүріс-тұрысында бекітілсе, құқықтық нормалар жалпыға мəлім болу мақсатында жазбаша рəсімделе басталды. Құқықтың пайда болуы – əлеуметтік байланыстардың күрделенуінің, қоғамдағы қарама-қайшылықтардың таралуын əлеуметтік нормалардың реттей алмауының салдары.

Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:

1) мононормалардың (алғашқы қауымдық əдет-ғұрыптардың) əдет құқығының нормаларына айналуы жəне осыған байланысты оларды мемлекеттің санкциялауы;

2) құқық нормаларынан құралған арнайы құжаттарды – норма-тивтік актілерді – шығарудан көрініс тапқан мемлекеттің құқық-шығармашылық қызметі;

3) сот жəне əкімшілік органдарымен қабылданатын нақты шешімдерден құралған жəне басқа да ұқсас істерді шешуде үлгілік сипатты иеленетін прецеденттік құқық.

ЖАПОНИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ

Жапонияның саяси жүйесі

Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде елде американдық әскери администрация билік етті, сондықтан демократияландыру және тәуелсіздендіру шаралары көптеп жүргізілді. Осы процестер шарасында 1946 жылы қазанда Жапонияда жаңа конституция қабылданды.

Ел тарихында осы конституция алғашқы рет ұлттық суверенитет және негізгі демократиялық бостандықтарды, жалпыға сайлау құқығын қарастырды. Осы конституцияға сәйкес мемлекеттік басқарудың негізгі концепциясы ретінде құқықтық мемлекет және классикалық демократия принциптері, яғни, биліктің бөлу принципі: заң шығарушы, атқарушы және сот негізге алынды.

Конституцияда ерекше қабылданған 9-бап болды. Онда елдің сыртқы сұрақтарын шешуден соғыстан және соғыс құралдарынан толықтай бас тарту туралы жазылған.

Жапонияның негізгі заңының жасалуына американдық мамандар да қатысқандықтан оған американдық басқару нормалары, АҚШ конституциясының ұқсастықтары табылады. Сонымен қатар, жапондық басқарудың дәстүрлік ерекшеліктері де қарастырылады. Конституция құқық пен мемлекеттік басқару қарым-қатынастарын түбірімен өзгертті.

Елде бірінші рет формальды парламент заңдарына негізделген мемлекеттік басқару жүйесі пайда болды. Парламент «жоғары мемлекеттік билік органы» деп жарияланды. Конституция өз тарапынан жоғарғы өкілдік органды заңшығару саласында нақты қызметтерін жүктеді. Көптеген дамыған елдердегі сияқты Жапонияда да заңдық негізде парламент пен үкіметтің теңдігі сақталуда.

Елдегі ең жоғарғы билік органы болып, конституцияға сәйкес, парламент болып табылады. Ол екі палатадан: өкілдер палатасынан және кеңесшілер палатасынан тұрады. Өкілдер палатасы 4 жылға сайланатын 480 депутаттан тұрады, ал кеңесшілер палатасы – 6 жылға сайланатын 252 депутаттан тұрады. Кеңесшілер палатасының жартысы 3 жылда бір рет жаңарып отырады. Конституцияға сәйкес, парламент толығымен заң шығарушы орган деп танылады және қаржылық құралдарды жұмсауды қарастырады. Жапонияда жалпыға сайлау құқығы іске асырылады. Жасы 20-ға толған елдің азаматтары дауыс білдіруге құқылы. Екі палатаға да сайлау жасырын дауыс беру арқылы жүреді.

Жапонияда екі негізгі партия қызмет етеді. 2009 жылы 54 жыл билік басында болып келген консервативті либерал - демократиялық партияны басып озып, Жапонияның социал - либералды демократиялық партиясы парламентке көп орынға ие болды.

Жоғары атқарушы орган болып – Үкімет танылады. Оны премьер-министр басқарады. Бұл өкілеттілікті парламенттің ұсынуымен император тағайындайды. 2010 жылдың 4-ші шілдесінен бастап премьер-министр – Наото Кан.

Жапонияның сот жүйесі романдық - германдық құқықтық модельге, негізінен Францияның, Германияның құқықтық жүйелеріне негізделген. Мысалы, 1896 жылы жапон үкіметі Германдық жүйеге сүйене отырып азаматтық кодекс жасады. Жаңа заң күшіне тек императордың бекітуімен ғана енеді.

Сот жүйесі негізгі төрт деңгейден құрылған: жоғарғы сот, апелляциялық, негізгі және тәртіптік соттардан. Жоғарғы сот, басқа елдердегі конституциялық соттар сияқты, заңдардың конституцияға сәйкестігін тексере алады. Жоғарғы соттарды парламенттің ұсынуымен император тағайындайды, ал басқа соттарды Жоғарғы соттың ұсынуымен министрлер кабинеті тағайындайды.

Жапония АҚШ-пен жақын экономикалық - әскери қарым-қатынаста. Ол АҚШ және Жапонияның қорғаныс және бірлескен әрекет туралы келісіміне негізделген. 1956 жылдан бері БҰҰ-ға мүше, сонымен қатар БҰҰ-ның қауіпсіздігінің кеңесінің мүшесі. Үлкен сегіздік мүшесі ретінде өзінің әлемдік қарым-қатынастарын реттеуде үлкен мүмкіндікке ие.

Жапониядағы монархтың рөлі

Жаңадан қабылданған конституция мемлекеттік құрылымда монархтың рөлін толығымен өзгертті. «Қасиетті және қол тигізбес» тұлғадан ол «мемлекеттілік және ұлт бірлігі символына» айналды. Бірақ та, конституцияда императорлық биліктің құрылуы туралы көрсетілмеген, сондықтан дәстүр бойынша императорлық билік әкеден балаға беріліп отырады. Осыған байланысты жапондық және шетелдік мамандар арасында пікір-талас туындауда. Біреулері, Жапонияны парламенттік монархия деп таниды, себебі император титулымен асыл текті монарх бар. Екіншілері, Жапонияда монархия жоқ, елді монархиялық атрибуттары бар республика деп таниды.

Конституцияда нақты ел басы туралы көрсетілмеген. Соның салдарынан император мемлекет басшысы ма, жоқ па деген сұрақтар туындай бастады. Кейбір теорияларда император – мемлекет басшысы, кейбірінде император делінеді.

Кең тараған теорияға сәйкес, Жапонияда парламенттік монархия және император мемлекет басшысы емес, ол монархия символы болып табылады.

Жапонияның құрылуын алып қарасақ, онда монархиялық та, республикалық та негіздерді көре аламыз. Конституцияға сәйкес, император «халықтың атынан» парламентті шақыра алады, кіші палатаны таратуы мүмкін (парламенттің ұсынуымен ғана); жарлықтарды, заңдарды, конституциялық заңдарды бекітеді; парламенттің ұсынуымен премьер-министрді тағайындайды; ордендермен марапаттайды, халықаралық дипломатия өкілдерін қабылдайды және салтанаттарды өткізеді, салтанатты рәміздерді орындайды. Императорды берілген құзыреттермен қамтамасыз ету формальды жүзеге асады, оның инициативасы қарастырылмайды.

Жапониядағы мемлекеттік шешімдерді шығаруда мемлекеттік басқару аппараттарының рөлі

Жапония Үкіметі

Биліктің ең жоғары атқарушы органы болып үкімет танылады. Жапонияда бұл орган министрлер кабиеті деп аталады. Оның қызметі Конституциямен және «Министрлер кабинеті туралы» (1947 ж.) заңмен, «Мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы» (1948 ж.) заңмен реттеледі.

Премьер-министр басқаратын миинистрлер кабинеті құрамына премьердің орынбасары, министрлер (әртүрлі министрліктердің басшылары), кабинеттің бас секретарі және заңдық бюроның басшысы, мемлекеттік министрлер (портфельсіз министрлер) кіреді. Азаматтық кабинет принципі конституциямен анықталады және кабинет мүшелері азамматтығы бар тұлғалар болу керек. Кабинетте әскери және әскери-теңіздік министрлік, сонымен қатар ішкі істер министрлігі қызметтері жоқ. Кабинет келесідей құрылады. Басында парламент палаталары әртүрлі отырыста көпшіліктің дауысымен кандидаттар премьер-министрге кандидаттар таңдап алынады. Таңдап алынған кандидат мператордың қарауына ұсынылады және оның қолдауымен өз қызметіне тағайындалады. Көптеген министрлер парламент депутаттары да болуы керек. Министр өз қызметінде жүргенде премьер-министрдің келісімінсіз соттық жауапкершілікке тартылмайды.

Егер премьер-министр өз қызметін атқармай, орнынан босап қалса, онда конституцияға сәйкесінше онымен бірге барлық министрлер де босатылады. Прмьер-министр уақытша өз қызметін атқара алмайтын жағдайларда, оның орнына уақытша алдын ала кабинет басшысы өзі белгілеп кеткен министрлердің біреуі бұл құзіретті жүзеге асыра алады. Премьер-министр кез-келген министрдің қызметін өз жауапкершілігіне ала алады, сәйкесінше оны кез-келген басқа министрге жүктеуі мүмкін.

Конституцияға сәйкес, министрлер кабинеті өзіне тән атқарушылық функцияларымен қатар, келесі қызметтерді де атқарады: мемлкеттік істерге заңдармен қызмет ету; ішкі саясатқа басшылық, келісім-шарттарға отыру (бұл кезде туындаған жағдайға қарамастан парламенттің келісімімен ғана); азаматтық қызметтерді жасау және басқару; бюджеттік жобаларды жасау және оны парламенттің қарауына ұсыну; конституцияның және заңдардың орындалуы үшін атқарушылық жарлықтар шығару; жеке және жалпы амнистияларды, жеңілдіктерді және жазалауды тоқтата тұру туралы, құқықтың қалпына келтірілуі туралы шешімдерді шығару.

Министрлер кабинеті, сонымен қатар, келесідей маңызды құзіреттіліктерге ие: мемлекеттік істерге байланысты шешім қабылдауда императорға кеңес беру, сол шешімдерге жауапкершілікте болу; Жоғарғы соттың Басты сотынан басқа соттарын, төмен инстанция соттарын тағайындайды; парламент сессиясының төтенше шақырылуына шешім шығарады, резервтік фондтың шығындалуына жауапкершілікте және бюджеттік жетіспеушілікті осы фондтан парламенттің келісімімен жабуды қарастырады. Министрлер кабинеті жыл сайын парламентке мемлекеттік шығындар және кірістер туралы қорытынды есеп беруі керек және парламент пен халыққа мемлекеттік қаржының ағымдағы жағдайын таныстыру керек. Сонымен қатар, министрлер кабинеті заң шығарушылық иницативалық құқыққа ие, яғни көптеген заң жобаларын парламенттің қарауына ұсына алады.

Қорытынды

Жоба жұмысты қорытындылай келе біз Жапония мемлекетінің қазіргі заманауи экономикалық дамуға икемді бейімделгендігінде көз жеткіздім. Конституциялық монархия бола тұра олар өздерінің салт-дәстүрлерінен алыстамай заңға негізделген басқару жүйесін оратқаны таң қаларлық жағдай. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің экономикалық дамуының қарқындығымен қазіргі таңда екінші әлемдік экономика болып танылатын бұл мемлекет өзінің экономикалық бостандығымен ерекшеленеді. Мемлекетте жеке кәсіпкерлікті дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасалған. Жапондық тауарлар әлемде өзінің жоғары сапалылығымен ерекшеленеді.

Мемлекетті басқару органдары да жоғары ұйымдастырушылық белгілерімен құрылған. Басқару органдар жүйесі біздің елдің билік органдарына ұқсас болып келеді және ерекшеліктері де бар. Барлық билік органдары Конституцияға негізделіп қызмет атқарады. Жапония Конституциясы Америкалық белгілерді де, жапондық салт-дәстүрлерді де қамти отырып құрылғандықтан әлі күнге дейін заман талабына сай елге игілікті қызмет атқарып келеді. Және елдегі барлық органдар, заңдар, мемлекеттік шешімдер, жарлықтар тек Конституцияға сәйкестендіріліп жасалады.

Елдің экономикалық дамуы жер көлеміне, ресурстардың болуына, халық санына, өмір сүру ұзақтығына байланысты емес деген қорытындыға келуге болады. Бұл ойды Жапония мемлекеті өзінің даму тарихымен дәлелдеп бергендей. Бұл елдің қарқынды дамуының басты көзі – халық. Халықтың еңбек сүйгіштігі, іскерлігі және бірлігі, отанға деген махаббаты. Халықтың өзіне сай мемлекеттік билік құрылымын құруы. Кез-келген мемлекеттің басқару аппараты халық игілігі үшін қызмет атқарған кезде ғана тиімді қызмет атқара алады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Булгакова Д. А.МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ ББК 67.99(2К)я7

2. Подписание акта о капитуляции Японии, Известия (2 сентября 1945). Проверено 21 января 2010.

3. Joseph Coleman '52 coup plot bid to rearm Japan: CIA (англ.). The Japan Times (6 марта 2007). Проверено 21 января 2010.

4. Japan scraps zero interest rates (англ.), BBC News Online (14 июля 2006). Проверено 21 января 2010.

5. Большая советская энциклопедия: Япония. Яндекс.Словари. Проверено 21 января 2010.

6. ↑ Japanese Civil Code (англ.). Encyclopædia Britannica (2010). Проверено 21 января 2010.

Наши рекомендации