Тапсырма. Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз

Жылы ұямыз, отбасын қорғау, отбасы мүшелері, Отанды қорғау, азаматтың парызы, біріміз бәріміз үшін.

2-тапсырма. Берілген тіркестермен сөйлем құрастырыңыз.

Ықпал ету, сақтауға үйрету, құрметтей білу, көзбен ұғу, ынтамен тыңдау.

Тапсырма. Берілген мақал- мәтелдерді аударыңыз. Мағынасын айтыңыз.

1. Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт-берекең — атаң қымбат,

Аймалайтын — анаң қымбат,

Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

2. Отан оттан да ыстық,

жалыны бар шоқтан да ыстық.

3. Отаны бірдің жүрегі бір,

Жүрегі бірдің тілегі бір.

4-тапсырма.Сөздерді жұптастырыңыз.

Отбасы әзірлеу

Киім істеу

Тамақ құрастыру

Жұмыс тігу

Тапсырма. Өз отбасыңыз туралы әңгімелеңіз.

НЕКЕ    

Екі жастың бас қосып, от­ба­сын құруы — ежел­ден қалыптасқан дәстүр.

Үйлену тойы – екі жастың, олардың ата-аналарының өміріндегі қуанышты оқиға, адамдар арасындағы жұбайлық қарым-қатынасқа күдік тудырмау үшін жұртқа жария ету салтанаты.

Ойшыл А.Шопенгауэр айтпақшы: «Үйлену дегеніміз - өз құқығыңның жарымын азайтып, міндетіңді екі есе көбейту деген сөз».
Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі.

Ал, қазақта үйлену тойының өзі екі кезеңнен тұрады. Ол қалыңдықтың ұзатылу, яғни қызды шығарып салу тойы, келесісі – күйеу жігіттің ауылында болатын үйлену тойы.

Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі. Еркек пен әйелдің өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін әлеуметтік форма.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-1 Заңының 10-бабына сәйкес неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.

Некеге тұру кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.

Неке қию екі түрлі болады. Біріншісі қаладағы жас жұбайлар сарайына барып, немесе оның қызметкерлерін (ЗАГС-тің) тойға шақырып, сонда некеге отыру. Екіншісі мешітке барып, немесе молданы тойға алдыртып некесуын ішіп, некелерін қидыру.

Неке сақинасы. Этнографтардың зерттеуінше, неке сақинасын алмастыруды мысырлықтар ойлап тапқан. Сақинаның дөңгелек қалыбы (формасы) – мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты бейнелейді.

Тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

Тапсырма. Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыз.

3-тапсырма. Берілген сөйлемді сөз құрамына талдаңыздар:

Некеге тұру кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, ұлттық, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.

Тапсырма. Туынды етістіктің жасалу жолдарына мысалдар жазыңыз.

Наши рекомендации