Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және тимді пайдалануға қол сұғатын қылмыстар
Азақстан Республикасының құрлыктық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы
Бұл қылмыс құрамы 1958 жылғы халықаралық құрлықтық шельф туралы конвенцияға сәйкес қабылданған. Қылмыстың объектісі Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфінде, айрықша экономикалық аймағында табиғи ресурстарын қорғау қатынастары болып табылады.
Құрлықтық шельфтің түсінігі және режимі Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы арнаулы заңыңда берілген.
Заңға сәйкес құрлықтық шельфке Қазақстан Республикасы аумақтық теңізінен белгілі бір қашықтыққа дейінгі жердегі теңіздің үсті және су асты аумағындағы кен байлықтары жатады.
Айрықша экономикалық аймаққа аумақтық теңізден тыс орналасқан, оларға түйісетін теңіз аудандары жатады.
Қылмыс объективтік жағынан: Казақстан Республикасының құрлықтық шельфінде заңсыз құрылыстар тұрғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағына қауіпсіздік аймақтарын заңсыз құру, сол сияқты салынған құрылыстардың және теңіздегі кеме жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету мен жою ережелерін бұзу арқылы сипатталады.
Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфінде немесе айрықша экономикалық аймағында заңсыз құрылыстар тұрғызу деп кез келген құрылыс ғимараттарын қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерге қайшы, рұқсатсыз немесе рұқсатта көрсетілген талаптардың шарттарын бұзып іске асыруды айтамыз.
Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауіпсіздік аймақтарын құру, теңіздегі кеме жүрісінің қауіпсіздігін камтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану күзеті немесе жою ережелері арнаулы заңдармен немесе құкықтық-нормативтік актілермен реттеледі. Осы көрсетілген заңдармен нормативтік актілердің талабын бүзу қылмысты іс-әрекетке ұрындырады.
Қылмыстың объективтік жағының қажетті белгілерінің бірі қылмыс жасалу орны: Қазақстан Республикасынын, құрлықтық шельфі немесе айрықша экономикалық аймағы болып табылады.
Кұрылысы жағынан бұл қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс Қылмыстық кодекстің 284-бабында тізбектелген іс-әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) істеледі.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған адам. Кейбір жағдайларда жауаптылыққа лауазым адамдары тартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының кұрлықтық шельфінің немесе Қазакстан Республикасы айрықша экономикалық аймағының табиғи байлықтарына тиісті рұқсатсыз жүргізілген зерттеу; барлау, игеру үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 284-бабының 2-тармағында көрсетілген.
Жерді бүлдіру (285-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі жерді қорғауға байланысты қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, жеке пайдаланушылардың жерлері, жер учаскелері.
Қылмыс объективті жағынан: жерді улау, ластау немесе улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштарды және өзге де қауіпті химиялык, радиоактивтік немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және көму кезінде оларды ұстау ережелерін бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен бүлдіру, адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, жердің табиғи қасиеттерінің нашарлауына әкеп соққан іс-әрекеттер арқылы сипатталады.
Сонымен бұл қылмыстың объективтік жағы негізінен мынадай 3 түрлі белгіден құралады: а) Қылмыстық кодекстің 285-бабының диспозициясында көрсетілген ережелерді бұзу; б) адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтірілу; в) іс-әрекет пен келтірілген қылмыстың зардабының арасындағы себепті байланыс.
Жерді уландыру: ластаудың немесе басқадай бүлдірудің көздері болып: тыңайтқыштар, (азот, фосфат, калий микротыңайтқыштары), өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштар (ауксиндер: гиббореминдер, цитокининдер және т.б.), улы химикаттар (пестицидтер, гербицидтер, инсектицидтер, акарицидтер, зооцитер, фунгуцидтер, бактерицидтер), тазартылмаған өндірістік-тұрмыстық қалдықтар жатады.
Көрсетілген заттарды қолданудың, сақтаудың, пайдалануДЫҢ, тасымалдаудың және көмудің тәртібін белгілейтін көптеген құқықтық-нормативтік актілер бар. Оларға жер қатынастары туралы заңдар, табиғат қорғау заңдары, қауіпті химиялық, биологиялық, радиоактивті заттарды тіркеу туралы арнаулы ережелер т.б. жатады.
Көрсетілген заң немесе басқадай нормативтік-құқықтық актілердің талабын бұзу адамның денсаулығына немесе қор-ортаға зиян келтіреді.
Адамның денсаулығына жеңіл, орта, ауыр дәрежелі жарақат келтірілуі мүмкін.
Қоршаған ортаға зиян жануарлар дүниесінің немесе ауыл шаруашылық емес өсімдіктердің, орман ағаштарының опат болуы, су объектілерінің ластануы және су биоресурстарының құруы, атмосфералық ауаның ластануы арқылы келтіріледі.
Заңның диспозициясында көрсетілген ережелерді бұзу мен орын алған зардаптың арасында себепті байланыстың болуы шарт.
Қылмыс материалдық құрамға жатады және ол заңда көрсетілген зардаптардың бірінің орын алған сәтінен бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған жай немесе лауазымды адам.
Қылмыстық кодекстің 285-бабының 3-тармағында төтенше экологиялық жағдай аумағында (ҚК-тің 281-бабының 2-тармағын қараңыз) жасалған сол әрекеттер, ал осы баптың 3-тармағында — жоғарыда көрсетілген әрекеттердің (ҚК-тің 285-бабының 1, 2-тармақтары) абайсызда кісі өліміне әкеп соққан зардап үшін жауаптылық белгіленген.
Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу (286-бап)
Қылмыстың объектісі жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану аясындағы қоғамдық қатынастар. Мұндай қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңы арқылы реттеледі.
Қылмыстық заңның диспозициясына сәйкес осы қылмыстың затына пайдалы қазбалар жатады.
Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу қылмысы объективтік жағынан: 1) пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес құрылыстарды жобалау; 2) орналастыру; 3) салу; 4) кен өндіру кәсіпорындарын пайдалануға беру; және 5) пайдалану кезінде жер қойнауын корғау және пайдалану ережелерін бұзу; 6) сондай-ақ пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға өз бетінше құрылыс салу, бұл әрекеттер едәуір зиян келтіруге әкеліп соғуы арқылы сипатталады. Жер қойнауы қорғау және пайдалану ережелері арнаулы экологиялык тау-кен зандарында белгіленген.
Осы заңдарға сәйкес жер қазба байлықтарын өндіруге, соны өткізуге лицензиясы бар мемлекеттік немесе мемлекеттік емес кәсіпорындар, жекелеген азаматтар қүқылы. Осыған орай Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңында, жер қойнауын пайдалану нұсқауларында нақты құкықтары мен міңдеттері айқындалған. Осыған орай олар кен байлығын тиімді пайдалану және қорғау; жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстарды қауіпсіз жүргізу; рұқсатсыз құрылыстарды салуды жобалауды, салуды, орналастыруды және басқа заңсыз әрекеттерді жүзеге асырмауға міндетті.
Көрсетілген ережелерді бұзу едәуір зиян келтіруге әкеліп соқса іс-әрекет қылмыс болып табылады.
Едәуір зиянға — пайдалы кен орындары кәсіпорындарын істен шығару; кен өндіру жұмысына кедергілер келтіріп жұмысты токтату; объектілерді, экологиялық жағдайын нашарлату; лицензияда көрсетілмеген кен игеру ісімен айналысу және т.б. әрекеттер жатады.
Қылмыс құрамы материалдық. Заңда көрсетілген зардап орын алған уақыттан бастап ол аяқталған деп танылады. Баптың диспозициясында көрсетілген ережелерді бұзумен келтірілген едәуір зиянның арасында себепті байланыс болуы шарт.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен де, абайсыздықпен де істеледі.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған жай немесе лауазымды адам.
Қылмыстық кодекстің 286-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі: жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында жалпы экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттер жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне, мемлекетке ірі көлемде нұқсан, халықтың денсаулығына зиян келуіне әкеп соққаны үшін жауаптылық көрсетілген, жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларындағы экологиялық талаптарды бұзуға айналаны уландыру, ластау жұмыстарын жүргізу, жер қойнауына қауіпті жарылыс Жасау, кен өндірудің қауіпсіздігін сақтамау әрекеттері жатады. Осы талаптарды сақтамау заңда көрсетілген зардапқа әкеліп соғуы шарт.
286-баптың 2-тармағында көзделген әрекеттер абайсызда адамдардың жаппай ауыруына немесе кісі өліміне әкеп соқса, онда ол үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 286-бабының 3-тармағында көзделген.