Екінші деңгейлі банктердің депозиттік саясаты
Ғылыми жұмыста банктің депозиттік саясаты салымшылар мен басқа да кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді жолын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс банк ресурстарының тиімді, оң әрекетті анықтауды болжайды. Банктің депозиттік саясатын жетілдіру - бұл күрделі көп факторлы міндет. Сондықтан тиімді депозиттік саясат, ең алдымен, банктердің мүдделерін қолдауды көздейді. Бұдан басқа, депозиттік саясат-коммерциялық банктің несиелік саясатының бір бөлігі ретінде, несиелік саясат үшін тиімді және оның барлық талабына бағынады- бұл өтімділік, табыстылық және тәуекелдің арасындағы байланыс болып табылады.
Банктердің депозиттік саясатының мақсаты - олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.
Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:
- халықтың қысқа мерзімді депозиттеріне қарағанда ұзақ мерзімді депозиттерді дамыту және осының негізінде қаражаттардың тұрақты көздерін қалыптастыру;
- талап еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде пластикалық карточкалық шоттарды кезеңдер бойынша көбейту;
- клиенттерге көрсетілетін депозиттік және онымен байланысты банктік қызметтер ауқымын кеңейту;
- қаржылық және қаржылық емес салалардың клиенттерінің депозиттерін арттыру.
Банктердің депозиттік саясаты олардың тарифтік, мүдделік саясаттарымен өзара байланысты болады және келесі мәселелерді шешуге бағытталады:
- барынша аз қаржылық шығындарды жұмсап, жеке және заңды тұлғалардың бос ақшалай қаражаттарын тарту;
- ақшалай қаражаттарды шоғырландыру үшін депозиттердің жаңа түрлерін дайындау және енгізу;
- инвестицияны қаржыландыру мен несиелеу үшін депозиттердің жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
- депозиттерге қызмет көрсету бойынша банктің шығындарын азайту және т.б.
Бүгінгі таңда Қазақстанда қолданыстағы депозиттік саясаттың қағидалары:
- ақшалай қаражаттарды депозиттерге орналастырудың еріктілігі және оларды қабылданған номиналдары бойынша қайтарымдылығы;
- нарықтық конъюктура тұрғысынан қарағанда депозиттік өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі;
- жинақтарды жинақтау үшін депозиттік шарттардың қолайлылығы.
Депозиттік саясат жинақтарды тарту тәсілдерін, депозиттерді сақтау мерзімдерін ыңғайластыру, депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын, қызмет корсету саласын кеңейтуді, клиенттерге қызмет көрсетудің технологиялық үрдісін өзгертуді ыңғайлы реттеу жолымен жүзеге асырылады.
Банктің депозиттік портфелінің оңтайлылығы және диверсификациясы өтімділікті ойдағыдай басқаруға қажетті шарт болып табылады. Банктің негізделген және заңды клиенттерінің қажеттіліктерінің қабілетсіздігі тиімді келісім-шарттардың тез арада жоғарылауына, оның бәсекелік позициясының әлсіздігіне және ақырында, нарықтық қатынастың өміршең қабілетті субъектісі ретінде банктің күйреуіне әкеледі. Банк қызметінің мақсаты (басқа да экономикалық қызметтер сияқты) – минималды тәуекелділікте максималды мүмкін пайда (табыс) алу. Басқаша айтқанда, бұл анықтама –тәуекелдің табысқа немесе табыстың тәуекелге қатынасы. Табыстылық пен тәуекелдің оңтайлы комбинациясы тәуекелдің табысқа қатынасы үшін минимумға жету немесе эквивалентті бөлу табыстың тәуекелге қатынасы үшін максимумға жету болып табылады. Табыстылық пен тәуекелдің оптималды комбинациясын Морковиц-Шарп моделіндегі бағалы қағаздар портфелінің оңтайлы бір уақытта ұштастырылуы мынадай екі шартты орындайды: бұдан басқа ешбір табыстылық пен тәуекелдің бұдан басқа ешбір комбинациясы берілген табыстылықтың көп немесе тәуекелдің аз деңгейінде қамтамасыз етілмейді; табыстылық пен тәуекелдің бұдан басқа ешбір комбинациясы берілген аз немесе табыстылықтың жоғары деңгейінде қамтамасыз етіле алмайды.
Мұндай комбинация тәуекелдің бір түрін ғана қабылданғанда және табыс көздерінің баламасыздығы тек біреу ғана болған кезде қалыптасады. Көп қабылданған тәуекел және сараланған табыс көздерін қолдану кезінде мұндай оптимумдар бірнешеу болуы мүмкін, ол тәжірибеде ереже болып табылады. Бұндай жағдайда табыстылық пен тәуекелдің ара қатынасының оңтайлылығын іздеу кезеңі бойынша өткізіледі. Дегенмен, саналы тәуекелді қабылдаудан басқа, оны минимизациялауды банк өзінің қызметін мыныдый түрде: минимумды жоғарылытуды өзіне анықталған табысты қамтамасыз етуде іске асыру керек. Мұндай минималды табыс деңгейі деп табыстылықтың жеткіліктілігін айтамыз. Онда табыстылықтың тәуекелділігін бірнеше аймаққа бөлуге болады, оның әрқайсысы қызметтің айрықша жағдайымен сипатталады.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын өңдеуде нарықтың ерекшеліктерін ескере отырып, талдауға сүйенеді, сондай-ақ банктің ресурстарының тиімді көздерінің санаттарына сүйене отырып, негізгі талаптарын жасауға болады. Сонымен қатар дара, таңдаулы банктің депозиттік саясатының ерекшелігі айырықша көрініс табады және барлық банктер үшін бір қалыпты жалпыға ортақ санаттары болуы тиіс.
Қазақстан банктерінің депозиттік саясатының жалпы тиімді көздерінің санаттарына мыналарды жатқызуға болады:
- банктің қаржылық тұрақтылығы, оның сенімділігі, тұрақтылықты ұстап тұру үшін қажетті банктің депозиттік, несиелік және басқа да операцияларының өзара қатынасы. Жекелей алғанда, активтер мен пассивтердің сомасы, мерзімі, өтімділігі, тәуекелдік және табыстылық дәрежесі бойынша келісуі қажет, яғни банктің депозиттік саясатты жүргізгенде депозиттер портфелінің тиімділігін банкке деген заңды және жеке тұлғалардың талабының жиынтығы ретінде ең артынан қарауының, өтімділіктің және табыстылықтың, тәуекелдің дәрежесін анықтайтын сананттардың несиелік ұйымның берілген ресурс түрінің айналымы мен мерзімі, талап ету дәрежесіне, проценттік ставка деңгейі негізінде жіктеліуінің қалыптасуына үлкен мән беру керек.
- банк ресурсының тәуекелдігін минимизациялау мақсатында диверсификациялау;
- клиент, өнім және нарық бойынша депозиттік портфельді сегменттеу;
- әр түрлі клиенттер тобына талдау сараптамасын (тұрғындардың жоғарғы депозитіндегілер, халықтың әлеуметтік топтарына байланысты әр түрлі өнімді жинақтау) жасау;
- банктің өнімі және қызмет көрсетуі басқа бәсекелес банктің өнімінен, соның ішінде сапасы, бағасы бойынша және т.б.;
- жоғары тәуекел жағдайында банктің депозиттік портфеліндегі тұрақты ресурстарының үлесі жоғарылағанда тұрақты және өзгермелі ресурстардың тиімді үйлесуін қамтамасыз етуде ресурстардың тиімді бағытының қажеттігі;
- депозиттік портфель мен салымдардың гаммасын тұтасымен қалыптастыру үрдісінде өміршендік кезеңде есепке алу тұжырымдамасын жетілдіру [4].
Депозиттік саясаттың тиімді көздерінің ерекшелігі әр банкте өздігінше, жеке-жеке анықталады (атап айтсақ, банктің мөлшеріне, оның қызметкерлердің біліктілігіне, олардың орындаған операциялары және қызмет көрсетулерінің өзіндік құнына және т.б.) Мысалы, халықтың тұрмысы төмен топтары үшін; VIP-клиенттер үшін; халықтың тұрмысы жағдайы жақсы клиенттер үшін әлеуметтік бағытталған саясатты жүргізуде нақты өңірде өзінің операцияларын дамыта отырып немесе операцияларымен қызмет көрсетудің анықталған түрлеріне арналған нарықтық стратегияны банк өзі таңдайды.
Банк қызметінің басты мақсатының бірі депозитке қаражаттарды тарту, бұл – салымдар гаммасының кеңеюіне алып келеді. Осы жағдайды нақтылау үшін депозиттер нарығының қазіргі жағдайымен Қазақстандағы банктердің салымдар жүйесін зерттеу өте маңызды.
Халықтың ақшалай жинақтары әр елде түрлі деңгейде. Мысалы, Ресей жинақтау жүйесі басты үш элементтен қалыптасқанын көрсетеді, олар банк шотында салым түріндегі жинақ ақша қаражаттары, сақтандыру полюсі түріндегі қаражаттар және бағалы қағаздар түріндегі қаражаттар жинақтары. Бұның ішіндегі маңызды рөлді банк шотындағы салым түріндегі жинақ ақша қаражаттары алады.
Салымдар бойынша операциялар несиелік айналымның және халықтың жинақ ақшаларын оңтайлы ұымдастыру мәселесіне тікелей байланысына қарамастан, осы уақытқа дейін «депозит» жинақ ісінің теориясы мен тәжірибесінде «салым» түсінігінің біржақты анықтамасы жоқ.
Осы зерттеу жұмысында депозиттер қаражаты келісім шарт бойынша, банкке белгіленген талабының бар екенін куәләндыратын, банк кітабындағы тіркеу ретінде қарастырылады. Сондықтан оларға құнды қағаздарды жатқызуға болады және клиенттердің ақшалай қаражаттарын тартуға банктер қызмет көрсетеді. Негізінен салымдарды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Бағалы қағаздарды жіктеу мәселесі экономикалық әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде зерттеліп қарастырылған, бірақ салымдардың жіктелуі әлі де болса мамандардың арасында пікірталас тудырып отырған мәселенің бірі болып табылады.
Кез келген банк депозиттік операцияларды жүргізген кезде бекітілген депозиттік саясатты ұстанады. Оның ережелері келесідей:
1) депозиттік операциялар банктің табыс алуына немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға әсер етуге болатындай етіп ұйымдастырылады;
2) ұйымдастыру үрдісінде депозиттік операциялар субъектілерінің әр түрлілігімен әр формадағы депозиттердің сәйкестігін қаматамасыз ету керек;
3) банктік операцияларды жүзеге асырған кезде депозиттік операциялар және несие салымдарының пайыздық сомалары мен мерзімдері бойынша қарыздарды беру операциялары және депозиттік операциялар арасындағы өзара байланыспен өзара қарыс қатынасты қамтамсыз ету қажет;
4) депозиттік операцияларды ұйымдастыру үрдісінде банк балансының өтімділігін сақтауды ең жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін мерзімді депозиттерге арнайы көңіл бөлінеді;
5) депозиттік операцияларды ұйымдастыру кезінде банк депозиттік шоттардағы қаражаттардың резервтері минималды болуына талпыну қажет.
6) банк көрсететін қызметтерді дамыта отырып және клиенттерге қызмет ету этикасы мен сапасын арттыру шараларын пайдалану керек. Бұл депозиттерді мол тартуға септігін тигізеді.
Сонымен депозиттік саясаттың маңызды тетігі – банктің салымшыларына тартылатын ресурстар үшін төлейтін пайыздық мөлшерлемесі. Депозиттер бойынша пайызды орнатуға әсер ететін бірқатар факторлар бар. Шартты түрде оларды сыртқы (олар объективті және банктің қызметінен тәуелді емес) және ішкі (олар банктің ішкі саясатының әсерінен қалыптасады) деп бөледі.
Сыртқы объективті факторлар:
- елдің орталық банк анықтайтын пайыздық есептік мөлшерлемесі;
- қорлану мөлшері;
- мәліметтер деңгейі;
- банктік қызмет нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасы;
- әлемдік қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлеме деңгейі.
Ішкі факторлар:
- Аталған операцияның мазмұны, яғни депозиттің түрі, мерзімі, сомасы және т.с.с.
- Салымшының сипаттамасы;
- Банкте қолданылытын баға белгілеудің әдістері неғұрлым экономикалық мазмұны бойынша әр түрлі болса, соғұрлым ол әр түрлі пайыздық ставкалар орнатылады. Банкттердегі депозиттің түрлері бойынша операцияларынан кірістер мен шығыстары сәйкесінше әр түрлі болып келеді.
Ең арзан депозиттер- бұл чектік депозиттер, соның ішінде кәдімгі пайысыз мерзімді депозиттер. Чектерді жасау мен есептуге байланысты шығындар, шығындардың ең үлкен бабын құрап тұрғанмен, кәдімгі чектік депозиттер бойынша салымшылар шамалы пайыздық табыс алады, бұл банктің қаражаттарының басқа көздеріне қарағанда шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Ал коммерциялық фирмалар үшін ашылатын чектік шоттар орташа мәнде азаматтарға ұсынылатын чектік шоттар сияқты банктер үшін онша қымбат емес. Коммерциялық фирмалардың депозиттеріне түсетін қаражаттардың долларға кететін щығындары азаматтардың чектік шоттарды жүргізуімен байланысты шығындарының жартысынан аз бөлігін құрады. Жеке чектік шоттың орташа мөлшері коммерциялық шоттың орташа мөлшерінің 1/3 бөлігінен аспайды, сондықтан банк өзі инвестициялайтын қаражаттардың ең көп бөлігін коммерциялық салымдардан алады.
Мерзімді депозиттер (әсіресе ақшалай нарықтық шоттар) мен жинақ салымдары маңызы бойынша жалпы талап еткенге дейінгі депозиттерден кейін жүреді. Жинақ салымдары банк үшін проценттік ставкасына байланысты, ал көп жағдайда салымшылар үшін шоттардан айлық көшірмесінің жоқтығына байланысты операциялардың үлкен саны жүргізіледі, көптеген салымшылар оларды чектік шоттар ретінде қолданады. Көптеген банктер өз жинақ депозиттерінің ағымдылығын болдырмау үшін шоттардан қаражаттарды алуға шектеулер қояды және қызметтері үшін төлем мөлшерін орнатады.
Жалпы мерзімді депозиттер, депозиттік сертификаттардан және ақшалай шоттардан қаражаттарды салу және алуды жүргізу тұрғысынан жинақ шоттарына қарағанда қозғалмалылығы шамалы болып келеді. Мерзімді депозиттер мен ақшалай нарықтағы шоттардың пайыздық есептік мөлшерлемесі, жинақ салымдарымен салыстырғанда олардың артықшылығы аздау. Шағын банктердің ірі банктерге қарағанда жинақ депозиттері мен ақшалай нарықтық шоттарға қызмет ету бойынша көбінесе шығындары жоғары болады, бірақ олардың басқа банктерге қарағанда мерзімді депозиттер бойынша шығындары орташа төмендеу келеді. Сонда да ірі банктер депозиттердің орташа мөлшерінің көптігіне байланысты чектік және жинақ депозиттері операцияларынан ең жоғары мөлшерде пайда алып отырады.
Депозиттерді ұстау бойынша қызметтердің бағаларына қатысты мәселелерді шешкенде банктің басқармасы ескі дилеммаға тап болады. Банктер клиенттердің салымдарын тарту мен сақтау үшін жеткілікті мөлшерде жоғары проценттік табыстарды қамтамасыз ету керек, бірақ депозиттерден алынатын қаражаттарды пайдаланудан алатын пайдадан асатын шектен тыс проценттік ставкалардан жалтару керек. Депозиттер үшін қатаң бәсекелестік күрес бұл мәселенің шешуін күрделіндіреді, себебі бәсеке депозиттер бойынша проценттік шығыстардың өсуіне әкеледі және бір уақытта тартылған қаражаттар айналымынан күтілетін пайдаларды төмендетеді.
Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына себеп болатын жинақтаулар ерекше рөлге ие. Салымдардың экономикалық сипаты жағынан мәні қайта бөлу қызметі арқылы іске асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және сондай-ақ олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында одан әрі пайдалануы жүзеге асады.
Экономикалық әдебиеттерде «жинақтау» түсінігінің көптеген анықтамалары кездеседі. Олардың біріне тоқталып өтетін болсақ, жинақтаулар – бұл «жаратудан бас тарту», яғни капитал иелерінің ақша қаражаттары түріндегі жинауларының нәтижесі деп түсіндіріледі.
Жинақтаулар бұл келесідей екі түрлі жағдайда дамитын экономикалық құбылыс:
- пайда алудың қандайда бір кезеңділігін, жалақы және бағалардың деңгейін белгілейтін, экономикалық құбылыс;
- ағымдық табыстың бір бөлігін бірінші кезекте негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бөлуге итермелейтін физиологиялық құбылыс.
Сонымен өз кезегінде жинақтаулар өндірістік қатынастардың дамуына әсер ететін қоғамдағы айырбас қатынастардың дамуының белгілі бір түрі болып табылады. Қорытындылай келе, жинақтаулар дегеніміз тұрғындардың қандайда бір тұтынушылық мақсаттарға қол жеткізуін қалыптастыратын ақшалай қор жинағы. Бұл ақшалай қордың арнайы пайда болу механизмі, өзіндік даму логикасы мен әрекет ету формасы болады.
Салымдардың кез келген түрлері жинақтаулар болып табылады. Депозиттер – бұл осы жинақтауларды сақтау формаларының бірі. Депозиттің экономикалық категориясы жинақтаулар категориясының құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда, егер жинақтаулар жалпылама табыстар мен жинақтаулардың бөлінуі және қайта бөлінуімен байланысты болса, онда депозиттер тек қайта бөлу қатынастарының саласын қамтиды.
Депозиттің экономикалық категориясының айрықшылығын сипаттайтын келесі қасиеттерді бөліп көрсетуге болады:
- Депозиттер салынған салымның қайтару мерзімі келген мезетте салынған ақша қаражаттарының қайтарылуын белгілейтін банкттердегі ақшалай қайта бөлулер үрдісін қарастырады.
- Депозиттер жеке табыс бөлігі ретінде капитал мен тығыз байланысты. Мұндай қайта бөлу қатынастарының пайда болу қайтару мерзімінде салым төленген пайызбен берілетіндіктен, депозиттің табыс алып кететіндігімен белгіленеді.
- Депозиттер қайтару мерзімдері бойынша көптүрлілігімен сипатталады. Бұл мерзімді салымдар, ұзақ мерзімді салымдар да болуы мүмкін.
Депозиттік нарықтың қызмет ету механизмінде депозиттік нарықтың негізгі субъектілері ретінде банктер ерекше рөл атқарады. Ақшалай табыстар мен тұрғындар жинақтауларының аккумуляциясы – банктердің әдеттегі қызметі. Банктер тұрғындардың салымдары мен жинақтауларын, уақытша бос пайдаланылмайтын ақшалай табыстарын аккумуляциялайды. Тұрғындар үшін ақшалай жинақтаулары мен салымдарды банкте сақтау тиімді,сонымен қатар мемлекет үшін де тиімді боып келеді. Себебі салымшыларға пайыз немесе ұтыстар түріндегі табыс төленеді.
Кез келген нарықтағы сияқты депозиттік нарықта да қажетті операцияларды жүзеге асыратын өзінің қатысушылары мен құралдары болады. Депозиттік нарықтағы әрбір субъектінің қызметі көрсетіледі. Депозиттік нарықтың келесідей субъектілерін бөліп көрсету болады:
- депозиттер тартуды жүзеге асыратын – екінші деңгейлі банктер түріндегі банктік жүйе;
- депозиттер салатын – жеке және заңды тұлғалар түріндегі салымшылар;
- реттеуші және бақылаушы орган – ҚР Ұлттық банк түріндегі мемлекет.
Депозиттік нарық дамуындағы объективті факторлардың бірі – белгілі бір себептерге байланысты қаражаттарды депозиттерге тарту бойынша тиімді банк іс-әрекетін және оларды тиімді басқаруды жүзеге асыруда үлкен маңызы бар оңтайлы депозиттік саясаттың өмірге келтірілуі болып табылады.
Сонымен қорытындылай келе, депозиттік саясат түсінігіне келесідей анықта беруге болады, ол ары қарай пайданы әрі белсенді пайдалану мақсатында заңды және жеке тұлғалардың депозиттер түріндегі бос ақша қаражаттарын мобилизациялауға бағытталған шаралар жүйесін білдіреді. Алдын-ала белгіленген пайыздық мөлшерлеменің қосылуымен берілген соманы номиналды түрде қайтару талабымен бір тұлғадан екіншісіне берілетін ақшалай қаражаттар сыйақы алатындықтан, салымшылар үшін ғана емес, қаржылық делдалдар үшін де табысты құрал ретінде көрініс табады. Көптеген депозиттер кейіннен экономиканың кез келген салаларында табысты талаптар бойынша орналастырылатын несиелік капиталды қалыптастыра алады.
Жалпы банктің депозиттік саясатын тиімді қалыптастыру салымшыларды тартуға, олардың сенімділігін арттыруға, банктің тартылған қаражатын ұлғайтуға, клиенттерге қызмет көрсету сапасын жетілдіру бойынша шаралар кешенін жетілдіруге өз әсерін тигізеді.