Көп кестелі деректер қорын құру
Зертханалық жұмыс
MS Access. Кесте аралық байланыс. Сүзгі және сұрыптау.
Ысқаша теориялық мағлұмат
Microsoft Access бағдарламасын іске қосқаннан кейін ашылған терезеден Новая база данных командасын таңдап ОК батырмасын басу керек. Одан кейін Фал новой базы данных терезесі пайда болады. Пайда болған терезеде жаңа базаның атын беріп сақталу орнын көрсету қажет. Одан кейін экранда ДҚ-ның объеквтілері көрсетілген терезе пайда болады, олар: кесте, сұраныс, форма, есеп, макростар, модульдер.
ДҚ жоспарлау.
ДҚ құрудан бұрын келесі сұрақтарды міндетті түрде қарастырған жөн:
1. ДҚ-да қандай мәліметтер сақталады және оларды қалай ұйымдастырамыз? Бұл қандай кестелер қажет екенін және олардың арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді.
2. ДҚ-мен қандай әрекеттер жасау керек екенін?- бұл қандай формалар форма құру қажеттігін анықтайды.
3. Қандай құжаттарды баспаға шығару қажет ? – бұл қандай есептер құру қажеттігін анықтайды.
Кестелер мен олардың арасындағы байланыс ДҚ негізі болып табылатын мәліметтер моделін көрсетеді.
ДҚ-ның кестелерін жобалаған кезде:
1. Ақпараттар қайталанбау керек. Егер қайталанатынжағдай болса, онда оны екі ке,стеге бөліп, кілттік өрісін анықтап, осы кілттік өрістер арқылы өзара байланыстыру керек.
2. Қайталанатын топтар болмауы керек.
Қайталатын топтар – бұл бір жолдың бойында бірнеше рет қайталатын бағандар.
Мысалы, фирмалар мен мекемелердің аты жазылған 10 бағаннан тұратын кесте делік. Бірақ мекемелердің аты 10 –нан кем сондықтан бұл кестедегі өрістердің көбі бос болады.
3. Әрбір кесте нақты әлемнің мәнін сипаттау керек. Мысалы, бір кестеге фирма қызметкерлері мен олармен келісім шарттары туралы мәліметтер сақтауға болмайды.
4. Мүмкін болған жағдайда бірінші кілтті қолданған жөн. Бірінші кілттер кестелерді байланыстыруға мүмкіндік береді.
5. Анықтамалық ақпараттарды бөлек кестеге орналастырған дұрыс.
Access –те кесте құру.
Кесте- дқ-ның негізі болып табылады. Кесте құру үшін ДҚ терезесін ашып, Кестелер-ҚҰРУ командасын беру қажет . Жаңа кесте сұхбаттық терезесі көрінеді. Онда кесте құрудың 3 режимі бар:
-кесте режімі
- кестелер шебері
- конструктор.
Кестелер конструкторы.
Кесте конструкторын түрлі әрекеттер үшін пайдалануға болады:
- өріс атауын өзгерті; өріс типін өзгерту;
- өріс өлшемі мен форматын қайта орнату;
- жаңа өріс қосу;өрісті кілтті ету;
- жаңа кесте құру; өрісті индексті ету және т.б.
- Кестенің өріс типін өзгерту үшін осы терезенің «Деректертипі» бағанынан өріс қатарында орналасқан ұяшықты таңдау қажет. Оның оң жағында тілсызық түймесі пада болады. Оны шертіп ашылған тізімнен қажетті типті таңдаса болғаны.
Өрісті кілтті ету үшін көрсеткішті атауының үстіне әкеліп, тышқанның оң түймесін шерту керек. Көрінген жанама мәзірден Кілтті өріс қатарын шерту жеткілікті.
Кестелерді байланыстыру
1. Аспаптар панелінің Деректер схемасы түймесін шертіп не Сервис-деректер схемасы командасын беріп, осы атаулы терезесін ашу.
2. Мәзір арқылы Байланыстыру- Кестені қосу командасын беріп не аспаптар панелінің «Кестені қосу» түймесін шертіп, кесте атауларының тіімі енгізілген «кестені қосу» терезесін шығару.
3. Соңғы терезеден байланыстырылатын кесте атауларын таңдап, «Қосу» түймесін шерту. Таңдалған кестелер Деректер схемасы терезесіне кірістіріліп қойылады.
4. «Кестені қосу» терезесін жабу.
5. Жылжыту және қалдыру әдісі бойынша байланыстыру.
6. Пайда болған «Байланыстар» атаулы терезенің «берілгендер тұтастығын қамтамасыз ету» ауыстырып қосқышын орнатып, «біріктіру» түймесін шерту керек.
Формалар.
Форма- берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады.
Форма құрудың 3 тәсілі бар:
- автоформа
- формалар шебері
- қолдан құру.
Автоформа- кестені автоматты түрде форма түрінде көрсетудің қарапайым түрі.
Форма шебері арқылы құру 4 қадамнан тұрады.
Бірінші қадам терезесінде өрістерді «таңдалған өрістер» бөліміне көшіру.
Екінші қадам терезесінде Бір бағанға, Таспалық, Кестелік , Тцраланған атаулы ауыстырып қосқыштар көрінеді. Олардың бірін таңдау керек.
Соңғы терезеде жаңа формаға ат беріп, Дайын түймесін шерту.
Есептер.
Есеп – кесте не сұраныстың басып шығаруға дайындалған түрі. Формадан айырмашылығы – ол деректер енгізу үшін емес, тек шығару үшін құрылады.
Автоесеп – есепті автоматты түрде құрудың қарапайым тәсілі. Оны екі түрде құру мүмкін: бағандық және таспалық. Олар форма типтеріне ұқсас.
Есептер шебері формалар шебері сияқты программа, оның алты қадамдық сұхбаттық терезесі бар.
Конструктор терезесі арқылы Автоесеп пен Есептер шеберін пайдаланып құрылған есеп элементттерінің орналасу форматын қолдан өзгертуге болады.
Тапсырма
1. Деректер қорының кестесін құру.
Сендертің топтарындағы студеттер туралы мәліметтері бар деректер базасын құрайық. Ол үшін келесі әрекеттерді орындайық:
1. MS Access бағдарламасыфн іске қос
2. Ашылған терезеден новая база данных командасын таңда.
3. Жаңа деректер қорының файлын ДЕКАНАТ_ДК деп сақтаңыз.
4. Ашылған ДҚ терезесінен таблица қалташасын таңдап, создать командасын орындаңыз.
5. Конструктор көмегімен кесте құрыңыз.
6. Келесі кестеге сәйкес кестенің өрістерін құрыңыз:
Өріс | Өріс типі | Өріс өлшемі |
Номері | Счетчик | |
Фамилия | Текстік | |
Аты | Текстік | |
Әкесінің аты | Текстік | |
Туғанжылы | Дата | Қысқа формат |
Топ атауы | Текстік | |
Адрес | Текстік |
7. Өрістің типін анықтау үшін, тип данных бағанына апарып контексті меню белгісін қолданыныз
8. Кестенің біріншілік кілтін анықтаңыз. Берілген кестеде кілтті өріс номер болады. Оны кілтті ету үшін Правка – ключевое поле командасын орындаңыз.
9. Кестені Студент атымен сақтаңыз.
Деректерді енгізу және редактрлеу.
10. Деректер қорында пайда болған кестені толтыру үшін открыть командасы арқылы ашу керек.
11. Кестеге 6-7 жазба енгізу керек. Топ атауы өрісіне 56,57,58 нөмерлерін енгізіңіз. Енгізілген жазбаларды редактрлеңіз.:екінші жазбадағы фамилияны ауыстырыңыз.
12. Туған жылы өрісіндегі беренші жазбаны өзгертіңіз.
13. Кестедднгі соңғы жазбаны жойыңыз.
14. Тағы да екі жазба енгізіңіз.
15. Кестені сақтап, жабыңыз.
Көп кестелі деректер қорын құру.
1. Студенты кестесін құрғандағы технологияны пайдалаып, СЕССИЯ және СТИПЕНДИЯ кестелерін құрыңыз.
СЕССИЯ
Кілт | Өріс | Өріс типі | Өріс өлшемі |
Ключ | Номер | Текстік | |
1 баға | Текстік | Фиксированный | |
2 баға | Текстік | Фиксированный | |
3 баға | Текстік | Фиксированный | |
4 баға | Текстік | Фиксированный | |
Қорытынды | Текстік |
СТИПЕНДИЯ
Кілті | Өріс | Өріс типі | Өріс өлшемі |
Кілт | Қорытынды | Текстік | |
Пайыз | Сандық | Пайыздық |
2. Кестені деректермен толтырыңыз.
Қанағат. | Жақсы. | Жақсы1 | өте жақсы |
2 және 3 | Екі 4 және оданда көп | 5 5 5 4 | 5 5 5 5 |
3. Осы кестеге сүйеніп Қорытынды өрісін толтырыңыз.
4. Келесі кестеге сәйкес процент кестесін толтырыңыз:
Қорытынды | пайыз |
Қанағат. | 0,00% |
Жақсы. | 100,00% |
Жақсы1. | 200,00% |
өте жақсы. | 300,00% |
5. Кестені сақтаңыз.
Кестелер арасында байланыс орнату.
6. Деканат ДҚ студент, стипендия, сессия кестелері болуы қажет. Сервис - Схема данных арқылы байланыс орнатыңыз.
7. Ашылған терезеге 3 кестені де қосыңыз.
8. Сессия және студент кестелері арасына байланыс орнатыңыз. Ол үшін Студент кестесінің номер өрісін Сессия кестесінің номер өрісіне апарыңыз.
9. Ашылған Связи терезесінен обеспечение целостности данных, каскадное обновление полей, каскадное удаление связанных полей белгілерін екпінді етіңіз. Создать батырмасын басыңыз.
10. Стипендия , Сессия кестелерін байланыстырыңыз.
11. Схема данных терезесін жабыңыз.
Өздік жұмысына арналған тапсырма:
1. Деканат ДҚ-на жаңа факультет кестесін қосыңыз:
Мамандық шифрі | Мамандық атауы | Факультет атауы |
«Менеджмент» | экономикалық | |
«Маркетинг» | экономикалық | |
«Юриспруденция» | Заңгерлік | |
«Правоведение» | Заңгерлік | |
«Таможенное дело» | Заңгерлік |
2. Студент кестесіне мамандық шифрі өрісін қосып, факультет кестесімен байланыстырыңыз.
Іздеу, сұрыптау, саралау
1. Студент кестесін форма режімінде ашыңыз.
2. Фамилия бойынша іздеу жүргізіңіз.
3. Правка- найти командын қолданыңыз.
4. Форманы жабыңыз.
5. Студент кестесін ашыңыз.
6. Жазбаларды алфовит бойынша сұрыптаңыз.
7. Фильтр арқылы 57 топтағы студенттерді шығарыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Access – тің негізгі элементтерін атаңыз
2. ДҚ-ның негізгі объектілерінатаңыз
3. Кестемен жұмыс істеудің қандай режимдерін білесіз?
4. Access ДҚ-да конструктор дегеніміз не?
5. Кілттік өріс не үшін қолданылады?
6. Не үшін ДҚ-да кестелерді өзара байланыстыру қажет?
7. Кестелер арасындағы байланыс түрдерін атаңыз.
8. Кестелер байланысы 0андай шартқа сәйкес орындалады?
9. «Бір-біріне», «Бірдің көпке», «көптің-көпке» қатынастарын қалай түсінесіз?
10. деректер біртұтастығы дегенді қалай түсінесіз?
11. Форма не үшін қолданылады?
12. Форманың қандай түрлерін білесіз? Әртүрлі кестедегі өрістер бойынша форма құруға бола ма?
13. Есептер құру жолдары? Есептер не үшін қолданылады?
14. Форма құру жолының есеп құру жолынан айырмашылығы?