Тақырып Кәсіпорынның қаржылық есептілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ретінде

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

«Қаржылық және басқарудағы талдау » кәсіпорынның қаржылық есебінің бөлігі болып табылады және қаржылық есептіліктегі талдау мәселесімен айналысады. Кәсіпорындардың бірігуі, қаржылық инструменттерді пайдалану, шетел валютасымен операцияларды жасауды зерттейді.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінің маңызды сипаты, оның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, оның жағдайын қаржылық-экономикалық жағынан талдау қажет. Қаржылық талдаудың мақсаты, тек кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және құрастыру ғана емес, сонымен қатар әрдайым кәсіпорынның жағдайын жақсарту жұмыстарын жүргізіп отыру.

Талдаудың нәтижелеріне байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайын, қызметін жақсартып отырудың негізгі әдістерінің қайсысы қолданылатыны туралы жауап береді.

Қаржылық талдау субъект қызметін қаржы-шаруашылық жағын талдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, оның кәсіпкерлік қызметін жақсартуға бағытталған тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында жорамалдау жасай алады.

Курстың негізгі мақсаты-кәсіпорынның қаржылық экономикалық талдау жүргізетін мамандарға қажетті теориялық білім мен тәжірибелік дағдылардың жиынтығын беру.

Студенттерді қаржылық есеп беруді талдаудың халықаралық тәжірибеде жалпыға бірдей және ҚР-ғы нарықтық экономиканың арнайы жағдайларына сәйкес келетін әдістемелермен қамту, бухгалтерлік баланстың экспресс-талдауын оқу және жүргізуді үйрету, оның құрлымын ашу және осының негізінде кәсіпорнының қаржылық жағдайына объективті баға беретін бірқатар негізгі параметрлерді айқындау, оның қаржылық турақтылығы мен төлем қабілетігін болжамдау, қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін анықтау.

ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Кіріспе

«Қаржылық және басқарудағы талдау» талдау мәселесімен айналысады, яғни кәсіпорындардың бірігуі, қаржылық инструменттерді пайдалану, шетел валютасымен операцияларды жасауды зерттейді. Бұл курстың негізгі мәселелері ретінде теориялық және іс-тәжрибелік білімді оқып үйрену болып табылады. Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдгі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржылық ресурстарымен қамтамассыз етілуін көрсетеді.

«Қаржылық және басқарудағы талдау» пәні ұйымдарды басқару жүйесіндегі қаржылық есеп пен аудиттің рөлін оқып білуге, есептің принциптері мен негізгі концепцияларын игеруге, ілгермелі қаржылық есептің қолдану қажеттігін және оны ақпараттардың қайдан алынғандығы жайлы түсінікпен таныстыруды көздейді.

Негізгі бөлім

Тақырып. Нарықтық экономика жағдайындағы қаржылық талдаудың мазмұны, пәні, міндеттері

1. «Қаржылық және басқарудағы талдау» пәні, мазмұны, оның мақсаттары мен міндеттері. Қаржылық талдауға қойылатын талаптар.

2. Қаржылық талдаудың ерекшеліктері, оның басқару талдауынан айырмашылығы және оны Қазақстан Республикасында қолданудың мүмкіндіктері.

3. Қаржылық талдаудың түрлері.

Тақырып. Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері

1. Қаржылық талдау әдістері

2. Қаржылық талдау тәсілдері

тақырып Кәсіпорынның қаржылық есептілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ретінде.

1. Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен құрылу принциптері

2. Ақша қаражаттары қозғалысының есеп беру мазмұны және оның басқа есеп беру нысанынан айырмашылығы.

4 тақырып. Кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымын талдау.

1. Баланс активтерінің қозғалысы мен құрылымын талдау.

2. Кәсіпорынның немесе оның жекеленген түрлерінің мүлік құнының абсолютті және салыстырмалы өсуінің (азаюының) себепері.

3. Кәсіпорын активтерінің мобильдік коэффициентерін анықтаудың әдістемесі.

4. Иммобилизацияланған қаражаттардың құрамы мен құрылымы.

Наши рекомендации