Баяндауыш, жасалуы, түрлері

Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін, және басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. Бұл жазылған тұрлаулы мүшелердің ең негізгісі – бастауыш, бірақ сөйлемдегі қызметі жағынан бастауыштан гөрі баяндауыштың синтаксистік қызметі анағұрлым басым.

Баяндауыш сөйлем арқылы айтылған ойды тиянақтап, көптеген сөздерді ілестіріп барып, сөйлемді аяқтап тұрады. Бұл жағынан ол – сөйлемнің ең негізгі ұйымдастырушы мүшесі.

Жасалуы. Сөздер түбір күйінде баяндауыш бола алады. Бірқатар сөздер атау, түбір күйінде, маңында басқа сөздер болмаса да, баяндауыш қызметінде келеді. Көтеріңкі дауыспен Шық! Мақұл! Дұрыс! Масқара дегенде олар жеке тұрып-ақ баяндауыш қызметінде жұмсалады.

Дара тұрып, түбір күйінде көбірек баяндауыш болатын сөздер – етістіктер.

Есім сөздер де түбір күйінде ешқандай баяндауыштық жалғау жалғанбай-ақ баяндауыш бола береді. Бірақ ол үшін бастауыш пен баяндауыш қатар айтылуы керек: Жамал отызда. Ол тәртіпті. Сапар – доктор, т.б.п

Етістіктің кел, ал, бер, отыр сияқты түбір күйі де сол қалпында, жіктік жалғауынсыз-ақ, сөйлемде тұрған орнына қарай баяндауыш болады. Бірақ олар ІІ жақтық мағынада айтылып қалыптасқандықтан, кейде бастауышсыз да жұмсалады, баяндауышпен орын ауысып та айтылады: Кел, балалар, оқылық! Тыңда, дала, Жамбылды!

Түбір етістіктердің ішінде жақтық мағынада екі түрлі болып келетіндері: тұр, отыр, жатыр, жүр. Бұлар осы қалпында дара тұрып ІІ жақтық та, ІІІ жақтық та баяндауыш болуы мүмкін. М:

Сен орындыққа отыр (келер шақ).

Ол орындықта отыр (осы шақ).

Сөздердің грамматикалық тұлғалар арқылы баяндауыш болуы.

Баяндауыш қызметі жіктік жалғаулардай болмағанмен, көбінесе баяндауыш болған сөзге жалғанатын қосымшаның бірі –дікі, -нікі (ның-кі). Ол тұлғадағы есімдердің қазақ тіліндегі предикаттық мағынасы басқа түркі тілдеріндегідей деуге болады. Ол қосымша жалғанған баяндауыштар басқа затқа меншіктелмейді, басқа затты өзіне тәуелді етіп, өзі меншік иесі болады. М: Киіз кімдікі болса, білек соныкі.

Түрлері. Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен көбінесе баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді жіктегенде, олар мынадай басты-басты негізгі екі салаға бөлінеді: етістік баяндауыштар, есім баяндауыштар. Етіс баяндауыштар да, есім баяндауыштар да дара, күрделі және ол екі түрі аралас айтылған құрама болуы мүмкін.

Етістік баяндауыштар: дара. Айттым, болды. Кестім, зілді!.. Тараңдар!.. Жүр Етістік баяндауыштар: күрделі. Кітап оқып кетіп бара жатыр едім, сүрініп кетіп жығылып қала жаздадым деген бір құрмалас сөйлемнің ішіндегі он бір сөздің кітап дегеннен басқалары – түгелімен етістіктер. Олардың алдыңғы сөйлемдегі оқып кетіп бара жатыр едім деген бесеуі біріне-бірі ұласқан бір істің жайын хабарлайтын бір мүше (баяндауыш) болып тұр. Екінші сөйлемде бес етістік бар: оның алдыңғы екеуі (сүрініп кетіп) пысықтауыш қызметінде де, соңғылары (жығылып қала жаздадым) баяндауыш қызметінде жұмсалып тұр. Соңғы үш етістік аяқталмаған қимыл процесін білдіреді. Өйткені оны жығылып қалдым, жығылдым дегендермен салыстырғанда, бұл мағына анық көрінеді.

Есім баяндауыштар. Мен студентпін

Зат есімді болған баяндауыш. Ағаш көркі – жапырақ. Мектебім – алтын бесігім.

Сапалық есімдер мен есімдіктерден болған баяндауыш.

. Ай жарық. Қар қалың. Оқушылар тәртіпті.

«Бар», «жоқ» сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Арада тау бар, тас бар, өзен бар, теңіз бар, ит мұрны өтпейтін қалың орман бар, олардан қалай өттің?

- Жоқ, жоқ! Нағыз сұлу, нағыз ақылды бала менікі еді... Сенде ол да жоқ.

Есімдерден болған күрделі баяндауыш. Күрделі есім баяндауыштың құрылысы:

Күрделі атаулар мен күделі есімдер: Екі ауданның арасы – бір жүз елу бес километр.

Изафеттік тіркесті есімдер тобы: Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.

Құрама баяндауыштар. Құрама баяндауыш есімдер мен етістіктерден құралады: Кәсібі – ағаш шабу. Құрама баяндауыштың негізгі сөзі көбінесе есім болады: Марат сөзге сараң адам екен.

«емес»: Бұл жақсы емес.

«екен»: Ол мына Итбайдың нағашысы екен.

«ет»: Жамалға бір сәуле жарқ етті.

«бол»: Балам жас еді, шаруама қиын болады.

«көрінді»: Ол үлкен адам сияқты көрінді.

Наши рекомендации