Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары

Кәсіпорын құрылымы – бұл бүтін шаруашылық объектіні құрайтын ішкі буындардың: цехтар, учаскелер, бөлімдер, лабораториялар және басқа да бөлімшелердің құрамы мен ара-қатынастары. Оның жалпы, өндірістік және ұйымдық құрылымы болады.

Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы – бұл басқару аппараты бөлімшелері және олардың өзара байланыстары мен өзара бағыныштылығының құрамы.

Кәсіпорынның басқару аппараты – басқарушылық шешімдерді дайындауға және оны жүзеге асыруға жауапкершілік жүктелген басшылар мен мамандар тобы. Басқару аппаратының ұйымдық құрылымы бірнеше буын сандарымен сипатталады, көбіне үш буынды жүйе қолданылады: президент (директор, басқарушы) – цех (бөлім) басшысы – мастер (бригадир). Әрқайсы өзіне жүктелген жұмыс учаскесіне жауапты болады.

Басқару құрылымының түрлері: сызықты, функционалды, сызықты-функционалды, сызықты-штабты, өнімдік, дивизионалды, жобалық, матрицалық, бағдарламалы-мақсатты, бригадалық, төңкерілген пирамида түріндегі басқару құрылымдары болады.

Сызықты басқару құрылымы ең қарапайым болып саналады және де ол екі деңгейлі еңбек бөлінісін көрсетеді: басшы-орындаушы.

 
  кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары - student2.ru

Сурет 1 – Басқарудың сызықтық құрылымы

Функционалды ұйымдық құрылым көп жағдайда дәстүрлі немесе классикалық деп те атайды. Осы құрылымдағы бөлімшелер қызметінің нақты сипаттамалары ұйым қызметінің басты бағыттарын қамтиды. Ұйым қызметінің дәстүрлі функционалды зоналарына (аймақтарына) маркетинг, өндіріс және қаржы бөлімшелері жатады. Бұл ұйымдық құрылымның негізгі идеясы мамандандыру артықшылықтарын толықтай пайдалану және басшылықтың шамадан артық болмауын қадағалайды.

 
  кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары - student2.ru

 
  кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары - student2.ru

кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары - student2.ru Сурет 2 – Басқарудың функционалдық құрылымы: - функционалдық басшылар (бөлімшелердің); - орындаушылар

Дивизионалдық құрылымда ұйымды құрылымдық бөлімшелер мен элементтерге бөлу товарлар мен қызмет түрлері бойынша, сатып алушылар топтары немесе географиялық аймақтар бойынша жүргізіледі. Бұл құрылымдарды сәйкесінше келесідей атайды: өнімдік құрылым, сатып алушыға бағытталған құрылым, аймақтық құрылым.

Көлденең еңбек бөлінісіне негізделген функционалды және дивизионалды құрылымдармен салыстырғанда сызықтық құрылымның элементтері тік сызық бойынша бағынышты иерархиясы болады.

Сызықтық құрылым көп үлкен емес ұйымдар үшін тиімді. Ұйымның өсуіне байланысты басқарудың түрлі деңгейлеріне маманадар мен эксперттерді тартудың қажеттілігі туындайды. Бұл жағдайда құрылым сызықты-штабтық деп аталады. Ұйымның функционалды күрделілігінің және орындалатын жұмыстарының артуы жағдайында сызықты-штабтық құрылымды пайдаланады.

Жұмыстардың жобалық ұйымы өзінің мәні бойынша нақты мәселені (міндетті) шешу үшін құрылатын уақыттық құрылым болып табылады. Осы жұмыстар ұйымының мәні мынада: күрделі жобаны белгіленген уақытқа және белгіленген сапаға сәйкес орындау үшін ұйымның біліктілігі жоғары қызметкерлерінен бір команданы (топты) құру. Команда жоба аяқталғанға дейін бірге жұмыс жасайды.

Матрицалық құрылымдағы жоба басшылары толықтай нақты жоба бойынша қызметтің барлық түрлері мен ресурстарын интеграциялауға жауапты. Оларға қажетті барлық материалды және қаржы ресурстары бөлінеді. Жоба басшысында жобалық өкілеттік болады. Мұндай өкілеттіктер компаниядағы жұмыстарды ұйымдастыруда кең көлемде өзгеруі мүмкін.

Кәсіпорынның ішкі ортасы оның миссиясы мен мақсаттарына байланысты қалыптасады, ал олар өз алдына көп жағдайда сыртқы ортамен анықталады. Кәсіпорынның ішкі ортасы құрамына адамдар, техника, технология, ақпараттар, өндірісті ұйымдастыру мен басқару және т.б. енеді. Оны бірнеше негізгі кіші жүйелер арқылы көрсетуге болады:

· әлеуметтік;

· технологиялық;

· өндірістік-техникалық;

· экономикалық;

· ақпараттық;

· ұйымдастырушылық;

· қаржылық;

· маркетингтік;

· ғылыми-инновациялық;

· коммерциялық және т.б.

Кәсіпорынның ішкі орта құраушыларының маңызы өте зор, сонымен қатар кәсіпорын – бұл онда қызмет ететін адамдар ұжымы, оның басты байлығы. Олардың қабілеттері, білімдері, біліктілігі, тәжірибесі, еңбекке деген қатынасы нәтижесінде фирманың имиджіне, мәртебесіне, өнім сапасына, кәсіпорын жұмысының нәтижесіне үлкен үлес қосады. Кез-келген кәсіпорын – түрлі кіші жүйелерден құралып бір әлеуметтік-экономика-техникалық кешен құратын күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе. Сондықтан барлық кіші жүйелер бір-бірімен байланысқан және бір-бірін толықтырады.

Сыртқы орта – кәсіпорын аумағында әрекет ететін және оның түрлі қызмет аясына әсер ететін белсенді шаруашылық субъектілер, экономикалық, қоғамдық және табиғи жағдайлар, ұлттық және мемлекет аралық институционалды құрылымдар мен басқа да сыртқы жағдайлар мен факторлардың жиынтығы. Сыртқы ортаны екіге бөледі:

· микроорта – кәсіпорынға тікелей әсер ету ортасы, оған материалды-техникалық ресурстармен жабдықтаушылар, кәсіпорын өнімін (қызметін) тұтынушылар, сауда және маркетингтік делдалдар, бәсекелестер, мемлекеттік органдар, қаржы-несие мекемелері, сақтандыру компаниялары мен басқа да байланыс аудиториялары;

· макроорта, кәсіпорынға және оның микроортасына әсер етеді. Оның құрамына табиғи, демографиялық, ғылыми-техникалық, экономикалық, экологиялық, саяси және халықаралық орта жатады.

Атқаратын қызметіне, өндіріс жағдайына, алдына қойған мақсатына байланысты кәсіпорындар әрқилы болады. Әрекет етушілердің жұмысына тереңірек талдау жасау үшін атқаратын қызметінің түрі мен мәніне, меншік түріне, салым иесі мен қадағалауына, құқықтық жағдайларға байланысты кәсіпорындар жіктеледі.

Нарықтық экономикада иелік етуге байланысты екі топтағы кәсіпорын болады. Бірі – жекеменшік, екіншісі – қоғамдық.

Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық формалары бар:

· мемлекеттік кәсіпорын;

· серіктестік: толық серіктестік, аралас серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

· акционерлік қоғам.

Мемлекеттік кәсіпорындар 3 топқа бөлінеді:

1. Бюджеттік кәсіпорындар. Бұл топқа заңды, шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар енеді. Өз жағдайына қарай олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді, тікелей тұрғыдан бір министрлікке немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Олар пайдадан салық төлемейді, олардың бүкіл табысы мен шығысы мемлекеттік бюджет арқылы өтеді. Олар сыртқы қаржы көздерін пайдаланбайды, мемлекеттік қазына есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорын басшыларын мемлекеттік органдар тағайындайды. Бюджеттік кәсіпорындарға байланыс жүйесі, верфтер т.б. жатады.

2. Мемлекеттік корпорациялар. Бұл кеңінен тараған ұйымдық формадағы мемлекеттік кәсіпорындар. Олар белгілі бір құқық субъектілері және өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Мемлекеттік корпорациялар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам формасында да құрылуы мүмкін. Мемлекеттік корпорацияларкәсіпкерлік қызметті коммерциялық негізде тиісті министрліктер мен ведомстволардың бекіткен жоспарына сай жүргізеді. Мұндай қызметтің экономикалық негізін мемлекеттік қорлар есебінен құралатын өзіндік капиталы, акционерлік капитал және капиталистік пайда құрайды.

3. Аралас компаниялар. Олар АҚ және ЖШС формасында құрылады, акциялары мемлекет пен жеке салымшылардың қолында болады. АҚ-р туралы заңға сәйкес аралас компаниялар заңды иегер коммерциялық жеке фирмалармен салыстырғанда бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланады. Атап айтқанда, мемлекеттік несие мен қосымша қаражатты пайдалану, импорттық лицензияларды жеңілдік тәртіппен алу, сыртқы дотация т.б. жеңілдіктер.

Кәсіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. Қазақстанда «Меншік туралы» заңға байланысты мемлекеттік меншіктегі, жеке меншіктегі және аралас меншіктегі кәсіпорындар құрыла алады. Кәсіпорынның саралануына тоқталсақ нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде кәсіпкерлік қызметті жүргізуде, капиталды тарту және пайдалануды қамтитын әртүрлі нысандары мен тәсілдері бар. Кәсіпорын келесі нышандары: шаруашылық қызметтің түрі, меншік нысаны, сандық көрсеткіштер, маңызы және аумақтық орналасуы, ұйымдық- құқықтық түрлері және басқа да нышандары бойынша сараланады.

Меншік нысандары бойынша кәсіпорын түрлері кәсіпорындар түрлі белгілеріне қарай бөлінеді:

· сала түріне байланысты;

· шаруашылық іс-әрекетінің түріне байланысты;

· құқықтық жағдайына байланысты;

· меншік жағдайына байланысты.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес коммерциялық ұйымдар тек келесідей түрлері құрылуы мүмкін:

· шаруашылық серіктестіктер;

· акционерлік қоғамдар;

· өндірістік кооперативтер;

· мемлекеттік кәсіпорынлар.

Коммерциялық емес ұйымдар заң актілерімен қаралған діни бірлестіктерден, қоғамдық қорлардан, тұтыну кооперативтерінен, акционерлік қоғамдардан, қоғамдық бірлестіктерден және тағы басқа ұйымдық нысандарынан кұрылуы мүмкін.

Кесте 2 – Коммерциялық заңды тұлғалар

Жеке сектор бөлімдері Қысқаша сипаттамасы Ерекшелігі
Толық серіктестік (ТС) Өзінің қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда соның міндеттемелері бойынша өздеріне тиселі барлық мүлікпен біріккен жауапкершілікте болатын серіктестік толық деп аталады · адамзат тек бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады; · толық серіктестікке қатысушының қалған қатысушылардың келісімінсіз өз атынан және өз мүддесін кғөздеумен немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде серіктестік қызметінің тақырыбын құрайтын мәмілелерді жасауға құқы жоқ; · қатысушы өз үлесін (үлесінің бір бөлігін) өзге қатысушыларға немесе үшінші тұлғаларға тек қалған қатысушылардың келісуімен ғана бере алады; · толық серіктестің қатысушысы серіктестіктен шығатыны туралы қалған қатысушыларды заңнамалық актілермен немесе құрылтай келісімшартпен ескерілген мерзімінен кем болмайтын мерзімнен бұрынескертумен содан соң ке келген уақытта шығып кете алады.
Коммандиттік серіктестік (КС) Коммандиттік серіктестік деп өзінің құрамына толық жауапкершілікке ие (оларды толық жолдастар деп атайды) қатысушылар, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі қатысушылар (салымшылар) кіретін серіктестік танылады. Салымшылардың жауапкершілігі енгізген салымның сомасымен шектеледі және олар серіктестіктің кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыруына қатыспайды. · азамат тек бір ғана коммандиттік серіктестіктің толық жолдасы бола алады; · коммандиттік серіктестіктегі толық жолдас толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды; · коммандиттік серіктестіктің салымшысы құрылтай құжаттарымен ескерілген өлшемде, әдіс пен тәртіп бойынша бастапқы салым мен қосымша жарналарды (салымдарды) салымдап отыруға міндетті.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп бір немесе бірнеше тұлғаның құрған серіктестігі танылады. ЖШС-нің қатысушылары соның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды және қызметімен байланысты болатын залалдардың тәуекелін солардың қосқан салымдарының құны шегінде арқалайды. ЖШС-тің құрылтайшылары, сондай-ақ ол құрылғаннан кейін серіктестік мүлкінен үлеске құқық алған адамдар оның қатысушылары болып табылады. · жарғылық капиталдың алғашқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасынан кем емес және серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейнгі айлық есептік көрсеткішінің 100 еселік өлшеміне теңестірілді. Бұл жарғылық капиталының ең төмен мөлшері 100 теңгеден кем болмауы тиіс шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып танылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қолданылмайтынын ескереміз; · ЖШС-нің жалғыз қатысушысы ретінде бір тұлғадан тұратын өзге шаруашылық серіктестігі болуы мүмкін емес; · мекемелер, егер заңнамалық актілерде өзгерісі ескерілмесе, меншіктенушінің рұқсаты бойынша ғана ЖШС-нің қатысушылары бола алады; · ЖШС өзге түрдегі шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам немесе өндірістік кооперативі ретінде қайта құрылуға құқылы
Қосымша жауапкершілікке ие серіктестік (ҚСЖ) Қосымша жауапкершілікке ие серіктестік деп өзінің қатысушылары соның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салған салымдары бойынша жауап беретін, ал ол сомалар жеткіліксіз болған жағдайда соған қосымша түрде тиесілі болып келетін мүлік бойынша солар салымдаған еселі көлемде жауап беретін серіктестік танылады · қосымша жауапкершілікке ие қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының АК, ҚР 1995 жылдың 2 мамырындағы №2255 «Шарашылық серіктестіктер» туралы заңына, ҚР 1998 ж №220-1 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікке ие серіктестіктер туралы» заңымен реттеліп отырады; · қосымша жауапкершілікке ие серіктестікке арнап жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ережелер қолданылады.
Акционерлік қоғам (АҚ) Акцонерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзгег асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акциялар шығарып отыратын заңды тұлға танылады. · акционерлік қоғамның акционерлері соның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды және заңнамалық актілерде ескерілген жағдайларды санамағанда, соларға тиселі акциялардың құны шегінде қоғамның қызметімен байланысты залалдардың тәуекелін арқаламайды; · акционерлік қоғам өз қатысушыларының мүлкінен бөлектенген мүлікке ие, өз мүлкі шегінде өз міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды.
Өндірістік кооператив(ӨК) Өндіріс кооперативі деп азаматтардың солардың жеке еңбектік қатысуына және соның мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруге негізделген мүшелік негізіндегі ерікті түрде бірлесуі танылады. · кооператив мүшелерінің саны екеуден кем болмауы тиіс; · кооператив мүшелері кооперативтің міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиарлық) жауапкершілікте болады; · кооператив мүшесінің кооперативтің міндеттемелері бойынша (субсидиарлық) жауапкершілігінің шекті көлемі құрылтай құжаттарымен белгіленеді, алайда ол кооператив мүшесі пайының бағасының көлемінен кем болмауы тиіс;

Мемлекеттік кәсіпорындар – бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылады. Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттік болса, ол мемлекеттік бюджеттен қаржылындырылады. Ал, егер кәсіпорын мемлекеттік ұйымдардың қарамағында болса, ол кәсіпорын қазыналық болып есептелінеді.

Мемлекеттік кәсіпорындарға жататындар:

· шаруашылықты жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын. Ол өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді, бірақ мемлекет міндеттемелері үшін жауапты болмайды;

· оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) мемлекеттік кәсіпорын.

Мемлекеттік кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді және оның салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлер арасында бөлуге болмайды. Мемлекеттік кәсіпорын уәкілдік берілген мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді.

Қазыналық кәсіпорын – оралымды басқару құқығымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын. Қазыналық кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқару органының шешімімен құрылады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның Жарғысында көрсетілген (белгіленген) мақсаттармен және міндеттермен анықталады. Қазақстан Республикасы немесе жергілікті әкімшілік-аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауаптылығын өз мойнына алады.

Кәсіпорынға қажетті заттар:

· материал, шикізат;

· қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтар, есептеу құралдары, аппарат, отын, отын-энергия, жер ресурстары, ғимараттар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтар, ақша қаражаттары.

 
  кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары - student2.ru
Қазақстан Республикасы экономикасының ұйымдық-құқықтық нысанға байланысты кәсіпорындар сыныптамасының негізгі сызбасы  

Сурет 3 - Қазақстан Республикасында кәсіпорын типтеріне байланысты сыныптауы (классификация)

Кәсіпорынның шығаратын заттары:

· белгілі бір ассортименттегі, номенклатурадағы, көлемдегі дайын өнім;

· өндіріс қалдықтары;

· өндіріс шығындары;

· ақша қаражаттары.

Кәсіпорынның құрылымы:

· негізгі өндіріс;

· көмекші өндіріс;

· қызмет етуші және қосалқы бөлімдер.

Кәсіпорын жүргізетін процестер:

· ғылыми зерттеулер;

· проект (жобалау) конструкциялау;

· дайындау;

· жөндеу;

· бақылау;

· қызмет ету, сақтау, тасымалдау, түптеу, орау, басқару.

Кәсіпорынның басқару функциялары:

· статистика, есеп;

· талдау;

· жоспарлау;

· шешім қабылдау;

· ынталандыру;

· бақылау;

· реттеу.

Кәсіпорындардың ұйымдастыру функциялары:

· нормалау;

· оперативтік жоспарлау;

· диспетчерлеу;

· басқару функциясын орындау;

· ресурспен қамтамасыз ету;

· жұмыс орындарын жоспарлау;

· ыңғайлы жұмыс жағдайларын жасау;

· дайын өнімді сату.

Наши рекомендации