Кімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері
Әкімшілік-құқықтық қатынастар — бұл мемлекеттік басқару аясында калыптасатын және әкімшілік-құқық нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қогамдық бірлестіктер, кәсіпорындары, мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Құқық субъектілерінің арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу —құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады. Оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына карай өкімшілік-құқықтық қатынастар тік (тетелей) және көлбеу болып белінеді. Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне бағынышты болса (мысалы, облыстың әкімі мен аудан әкімі), онда олардың арасында тік (төтелей) қатынастар туындайды. Көлбеу құқықтық қатынастарға қатысушылар ұйымдық жағынан бір-біріне бағынышты болмайды (мысалы, атқару билігі органы мен азамат). Әкімшілік-кұкықтық қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері бар: әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік органы немесе оның лауазым иесі болып табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші бір азаматтан белгілі бір мінез-құлық ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық қатынастар осы азаматтар арасында емес, құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын мемлекет органы арасында туындайды; әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің бастамасы бойынша туындауы мүмкін және бұл жағдайда екінші тараптың келісімі міндетті шарт болып табылмайды. Олар екінші тараптың қажет етуіне не келісіміне қарамай-ақ туындауы мүмкін; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушы тараптарға олардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен, яғни соған өкілеттік берілген атқарушы билік органдары және олардың лауазым иелері арқылы шешіледі. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару қызметінің барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің берік режімін орнату және оларды қамтамасыз ету мүдделеріне қызмет етеді. Жекелеген азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар болмайды. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір жағы міндетті түрде мемлекеттік басқару органы болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады. Соның өзінде өкімшілік-құкыктьщ нормалар көбінесе атқарушы билік аясында туындайтын қатынастарды реттеп отырады
73.Қаржы құқығы - құқық қайнар көзі ретінде
Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міндетті жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.
Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі ідстерпдің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.
Ал, керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардың жеке заңды тұлғаларының, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалй қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.
Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінгі қардыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады.
Қаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады: 1) бақлыау субъектісі; 2) бақылау объектісі; 3) бақылау заты (тақырыбы); 4) бақылаудың максаты; 5) бақылауды іске асырудың әдістері.
Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзіреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ: 1) мемлекеттік органдар; 2) мемлекеттік заңды тұлғалар; 3) мемлелкеттік емес заңды тұлғалар; 4)азаматтар жатады.
Бюджеттік құқық негіздері
Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет дегеніміз мемлелкеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі төмендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттердің түрлеріне: 1) түзетілген бюджет; 2)бекітілген бюджет; 3) нақтыланған бюджет; 4) мемлекеттік бюджет; 5)жергілікті бюджеттер жатады.
74.Жарамсыз мәмілелер
Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық құқық теория-сында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді:
а) субъект қүрамының ақауы болатын мәміле;
ә) ерікке қатысты ақауы бар мәміле;
б) нысанның ақауы бар мәміле;
в) мазмұнының ақауы бар мәміле. Азаматтық кодексте мазмұны заң талаптарымен сәйкес келмейтін кез келген мәміле жарамсыз болатындығы жөнінде жалпы норма бар (АК-тің 158-бабы).
Субъектілік құрамының ақауы бар мәміле екі топқа бөлінеді. Оның біріншісі азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен, екінші — занды тұлғалардың арнайы қүқық қабілеттілігімен немесе олардың органдарының мәртебесімен байланысты болады.
Қатысушылардың жасы мен психикалық жағдайынан туындаған әрекеттер мәміленің жарамсыз болуына басты негіз болып есептеледі.
Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:
а) Азаматтық кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелерді қоспағанда, он терт жасқа толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады (АК-тің 159-бабының 3-тармағы);
ә) он терт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойьшша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының 4-тармағы);
б) есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле жарамсыз болады. Кейіннен әрекет қабілеттілігі жоқ деп табылған азамат жасасқан мәміле (АК-тің 26-бабы), егер мәмілені жасау кезінің өзінде-ақ бұл азаматтьщ психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмілені жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының 5-тармағы);
в) сот әрекет қабілеттілігін шектеген адам жасасқан мәмілені сот оның қамқоршысының талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының 6-тармағы);
г) әрекет қабілеттілігі болғанымен, мәміле жасаған кезде өз әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 154-бабының 7-тармағы).
Жоғарыда аталған мәмілелер бойынша әрекет қабілеттілігі бар тарап жарамсыз мәміленің Азаматтық кодекстің 157-бабының 3-6-тармақтарында көзделген салдармен қоса, екінші тараптың залалын оның пайдасына өндіріп беруі мүмкін. Мүндай міндет әрекет қабілеттілігі бар жаққа, егер ол екінші жақтың әрекет қабілеттілігі жоқ екендігін білсе, не білуге тиісті болса ғана жүктеледі.
75.Қылмыстық жаза жүйесі және түрлері
Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері : белгілі бір лауазым атықарыу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығыннан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3. Соттталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзету жұмыстары, айыппұл мүлікті тәркілеу;
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке – дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар қолданылады:
a) Айыппұл салу;
b) Белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір – қызметпен айналасу құқығынан айыру;
c) Қоғамдық жұмыстарға тарту;
d) Түзеу жұмыстары;
e) Әскери қызмет бойынша шектеу;
f) Бас бостандығына шектеу;
g) Қамау;
h) Тәртіптілік әскери бөлімде ұстау;
i) Бас бостандығынан айыру;
j) Өлім жазасы қолданылуы мүмкін;
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдану» 24 маусым 1993 жылғы №3 қаулысының 16 – тармағында «Соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне басты назар аударғаны жөн. Өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу оны даралай көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі», - делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстың заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған жазаны қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жеке – дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады. Сотталғандарға негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар:
a) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, биліктік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
b) мүлкін тәлкілеу қолданылуы мүмкін (39-бап , 2 -бөлігі)
Үшінші топқа негізгі де, қосымшада жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады.
Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру. Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні әртүрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану - қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шартты болып табылады. Енді осы жазаның жекелеген түрлеріне сипаттама берейік.
76. Қаржылық бақылау түсінігі және түрлері
Мемлекет пен муниципалдық кұрылымдардың қаржылык қызметінің ажырағысыз кұрамды бөлігі каржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау - каржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрыкшалык кызмет жэне каржыны баскарудың функциялык элементтерінің бірі. Ол баскарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты жэне бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі каржыға бақылау функциясының тэн болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функ- ция арқылы каржы бөлудің калыптасып отырған үйлесімдері, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп оты- рады. Қаржының бақылау функциясы материалдык игіліктерді өндіру, айырбас- тау, бөлу және тұтыну үдерісіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық катынастарда ғана адамдардың катысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын күсрғанда; оларды білікті мамандармен толыктырғанда; бұл органдардың құқыктарын регламенттегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бакылаудың кұралы ретінде пайда- лану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде колдану коғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистің қатынастарын, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, каржыны басқарү элементтерінің (жоспарлау, есеп жэне талдаумен катар) бірі ретіндегі каржылық бакылау кондырмалық категория болып табыла- ды. Практикада каржының бақылау функциясы қаржылык бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бацылау функ- циясы - каржының ішкі касиеті, ал қаржылық бақылау каржыға тэн объективті мазмұн ретіндегі бакылау функциясын практикалық қолдану болып табылады. Қаржылык бакылау жеке емес, баска функциялармен етене байланысты іс-әрекет етеді.
Ғылыми негізделген қаржылык саясатты, тиімді каржылық механизмді калыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бакылаудың көмегімен каржы жоспарларының орындалуы, каржылык- шаруашылык қызметтің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдала- нылады.
Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешелігі - оның ақшалай нысанда жүзеге асырылатындығында. Оның объекті қаржылық ресурстарды, соның ішінде ұлтт>Л{Лхіаруашылыктың барлық деңгейлері мен буындарында табыстар мен қорланымдарды калыптастыру үдерістері, акшалай қорларды жасау жэне пайда- лану болып табылады.
Алайда қаржылык бакылаудың объекті тек ақшалай каражаттарды ғана тек- кең тоЬына таралады, өйткені қаржы басқа құндық категориялармен: еңбекке ақы төлеумен, өнімнің өзіндік құнымен, табыспен, пайдамен, өндірістік корлармен (негізгі, айналым қорларымен), күрделі жұмсалымдармен, инвестициялармен тығыз байланысты. Ал мекемелер мен ұйымдардың бюджеттік қаражаттарды дұрыс пайдалануын бақылау олардың қызметінің барлык жақтарын - желілер мен контингенттердіңтолымдылығын, каржаттарды жұмсаудың белгіленген нормала- рын сақтауды шалады. Түпкі корытындыда қазіргі жағдайларда өндіру мен бөлу үдерісі ақшалай катынастармен ортақтастырылатындықтан ол елдің материалдық, еңбек, табиғи жэне басқа ресурстарын пайдалануды бақылауды білдіреді.
Қаржылық бакылау іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкшиіілік, цүцықтыц, длеуметтік, техникалыц,саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржылық жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан каржылық бақылауды шаруашылықтық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржылық операциялардың көбінде шаруашылық кызметтің баска үдерістері бей- нелеп көрсетіледі.
77.Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары
Алименттік қатынастар және оның түрлері Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен — "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттықтәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:
• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;
• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мөнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;
• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (косу) жүзеге асырылады.
Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:
• субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);
• заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);
• тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірш алу жөніндегі шешімі.
Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:
• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;
• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;
• ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.
Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы Алименттік міндеттемелер мына жағдайларда тоқтатылады. Егер алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған болса, онда ол баланың кәмелетке толуына байланысты тоқтатылады. Егер кәмелетке толмаған бала некеге тұрса, онда алименттікке міндеттемелер де тоқтайды.
Алименттер төлеу, сондай-ақ асырапбағу үтттін сот тәртібімен алименттер өндіріліп алынған, бала асырап алынған жағдайда тоқтатылады.
Бұрынғы жұбайлардың алименттік қатынастары алимент алатын жұбайының жаңадан некеге тұруына байланысты тоқтатылады.
Бұрынғы жұбайының еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенде немесе оның алименттік көмекке мұқтаждығы тоқтаған жағдайда алименттік қатынастар тоқтатылады.
Алименттік қатынастар алимент алушы адамның немесе оны телеуге міндетті адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады.
Егерде алименттік міндеттемелер тараптардың алименттер төлеу женіндегі келісімімен белгіленген болса, онда ол тараптардың біреуі қайтыс болған жағдайда не келісім мерзімі өткен жағдайда, не алименттер төлеу жөніндегі келісімде көзделген негіздерге байланысты болады.
Сонымен, алименттер дегеніміз — заңда белгіленген жағдайларда отбасының бір мүшелерінің оның екінші бір мүшелері пайдасына телеуге тиісті белгілі бір ақшалай қаражаттары. Алименттік міндеттемелердің негізі — отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке жарамсыз және мұктаж мүшелерін асырап-бағу. Алименттер сот шешімі бойынша (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімі бойынша (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттік міндеттеме — бұл сот шешімі немесе тараптардың келісімі негізінде туындайтын кұқықтық қатынастар. Оған байланысты алименттік міндеті бар адам (төлеуші) басқа адамға (алимент алушыға) оны асырап-бағуға қажетті қаржы төлеп тұруға міндеттенеді, ал алушының талап етуге қақысы бар.
78.Іс жүргізу құқығы
іс жүргізу құқығы — азаматтық істерді сотта қараудың және шешудің тәртібін, сондай-ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай-ақ, олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін лгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды. Материалдық құқық— құқықтық нормаларды белгілейтін заңды түсінік, соның көмегімен мемлекет қоғамдық қатынастарға тікелей, тура құқықтық реттеумен ықпал етуді жүзеге асырады.
Материалдық құқықтың нормалары меншік нысандарын мүліктер мен адамдардың заңдық жағдайларын бекітеді, мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен құрылын айқындайды, азаматтардың құқықтық мәртебесін, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік негіздері мен шектерін белгілейді. Сонымен, мүліктік еңбек, отбасы және өзге де қатынастар — материалдық құқықтың объектілері.
Іс жүргізу құқығының өзі— бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тығыз байланысты, өйткені оны жүзеге асыру мен қорғау қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді. Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады — азаматтық іс жургізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу құқығы. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін қарастырайык.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нормаларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық істерді қарау және шешу барысында, сондай-ақ сот шешімдерін орындауға байланысты сот пен процеске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды құрайды. Мұндай қатынастарды реттеу тәсілі императивті диспозитивтік деп аталады.
Императивтік (императив — «өкімет», «үзілді-кесілді талап» заң — таңдауға жол бермейтін) деген соттың мемлекеттікбилік органы екендігін және биліктік өкілеттіктер берілгенін білдіреді.
Соттың және судьяның талаптары, тапсырмалары, шақырулары және басқа да өтініштері, сот отырысының төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Сот төрелік етуді жүзеге асыру мақсатында процеске қатысушыларға мәжбүрлеу шараларымен (мысалы, сот отырысынан тәртіп бұзушыларды шығарып жіберу, мәжбүрлеп алып келуді жүзеге асыру), айыппұл салуға құқылы. Сондықтан азаматтық жүргізу қатынастарын билік және бағыныштылық қатынастары ретінде сипаттайды.
Диспозитивтік азаматтық құқық субъектілерінің осындай құқық объектілеріне билік етуге бағытталған әрекеттерді жасауға толықтай ие екендіктерін білдіреді.
Өйткені, әдетте, азаматтық құқық мүдделі адамдардың талап-арызбен (өтінішпен) жолдануларына байланысты пайда болады. Соттың азаматтық істерді өз бетінше қозғауына құқығы жоқ, азаматтық процестің дамуы құқық туралы даудың субъектілерінің ерік білдірулеріне тәуелді болады.
79.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету жолдары
Күнделікті өмірде өр түрлі жағдайларға байланысты міндеттемелерді дер кезінде орындау қиындык тудырып жатады. Сондықтан да осындай жағдайлар болып қалғанда міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдістер болады. Оларға заңдар мен шарттарда көзделген айып төлеу, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілақы, кепіл, т.б. жататындағы көрсетілген. Бұл өдістердің басты мақсаты — борышқордың өзінің міндеттемесін тиісті дөрежеде орындауына түрткі болу.
° Айып төлеу (айыппүл, өсім) — міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін көп жағдайда міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда борышқордың несие берушіге заңмен немесе шартпен белгіленген ақша сомасын төлеу.
Өсім — міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған жағдайда қолданылатын пайыздық қатынаспен анықталатын шара (көп жағдайда өткізіп алынған бір күн үшін белгіленеді). Өсім ұзақ мерзімді айып төлеу болып есептеледі, оны есептеу төленген сомадан алынып тасталады.
Айыппүлдың өсімнен ерекшелігі айыппүл заңда немесе шартта көрсетілген сомада алынады.
Тәжірибеде көп жағдайда кез келген айып төлеуде «айыппұл санкциясы» термині қолданылады.
Айып төлеу заңды айып төлеу және шартты айып төлеу дпген түрлерге бөлінеді. Заңды айып төлеу — міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда заңмен немесе басқа да қүқықтық нормалар актісімен белгіленеді. Несие беруші тараптардың келісімінде айып төлеу міндеті көзделген-көзделмегеніне қарамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді талап етуге құқығы бар. Заңдарда тыйым салынбаса, тараптардың келісімімен заңды айып төлеу мөлшерін көбейтуге болады. Ал шартты айып төлеу міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда төленетін сома тараптардың келісімімен белгіленеді.
Несие берушінің шеккен залалдарына байланысты айып төлеудің есептік, айыппулдық, ерекіие баламалық деген түрлерін ажыратуға болады. Есептік айыппүл — келтірілген залалды өндіріп алудың ішіне кіргізіледі. Айыппұлдықта — айыппұл да, залал да өндіріледі, ал тек айыпты өндірумен шектелетін айып төлеудің түрі ерекше айып төлеуге жатады. Не айыпты, не залалды өндіріп алу баламалы айып төлеу көрсетеді.
°Кепілақы — бір тараптың екінші тарапқа міндеттемені орыидауды қамтамасыз ету үшін белгілі бір ақша сомасын оның еімішотына беруі.
Кепілақының көптеген қызметі бар: төлемнің бір бөлігі, шартты жасаудың дәлелі, міндеттемені орындауды қамтамасыз етеді. Кепілақыны борышқор төлейді.
Егер Міндеттемені орындамағаны үшін кепілақы берген таран жауапты болса, онда кепілақты екінші тарапта қалады, ал егер кепілақты алған тарап кінөлі болса, онда ол екінші таранқа екі еселенген мөлшерде қайтаруы тиіс.
° Кепілдік — негізі міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын тұлға мен міндеттемені қамтамасыз ететін несие беруші арасындағы тағайындалған құқықтық қатынас.
Кепіл болушылық. Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жактың (борышқордың) несие берушісі алдында сол жактың міндеттемесін толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара орындауы үшін жауап беруге міндеттенеді. Кепіл мен кепіл болушыльщтың бүзылмайтын жазбаша түрі болады. Егер жазбаша шартболмаса шарт жарамсыз болып есептеледі.
° Кепіл — бұл несие берушінің борышқор өз міндетін орындамаған жағдайда кепілге алынған мүліктің құнын төлеуге мүмкіндік алатын міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету өдісі.
80.ҚР атқарушы билікті ұйымдастыру жүйесі
Атқарушы билік — заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктің өкілеттілігін, әртүрлі бақылау түрлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығын білдіреді.
Атқарушы биліктің мақсаты:
1) Азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) Азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қалыпты өмір сүруіне ықпал ететін жағдайларды туғызу;
3) Азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін, қоғам ерікті, саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірлері үшін жағдай туғызу;
Атқарушы биліктің белгілері:
1) Жан – жақтылығы (адамдар ұжымының қызмет ететін жерлердің барлығында және үздіксіз болуы);
2) мәжбүрлеушілігі (күшке сүйенуі – ықпал ету шараларын жеке, дербес жүзеге асыру мүмкіндігі);
3) құралдылығы (құқықтық, ақпараттық, техникалық, ұйымдық қорларының (ресурстарының) болуы);
4) ұйымдастырушылық сипатта болуы.
Атқарушы билік органы – мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылатын, өз құрылымы, құзырылығы бар, заңнамаға сәйкес құрылған, мемлекеттік тапсырмасы бойынша қатысуға құқық берілген, шаруашылық, әлеуметтік – мәдени, әкімшілік – саяси сфераларға күнделікті жетекшілікті атқарушы және бұйырушы қызмет тәртібінде жүзеге асыруға арналған, сала аралық басқарумен шұғылданатын ұйым.
Атқарушы билік органдарына тән белгілер:
1) атқарушы – бұйырушы қызметті жүзеге асыруы;
2) шаруашылық дербестілік берілген;
3) ереже бойынша, тұрақты штаттары бар;
4) жоғарғы органдармен құрылады;
5) атқарушы билік органдарына есеп береді және бақылауында болады.
ҚР атқарушы билік органдарының жүйесі мына схема бойынша құрылады: Үкімет -Үкіметтің құрамына кіретін ҚР атқарушы билігінің орталық органдары: министрліктер, агенттіктер, комитеттер -Үкіметтің құрамына кірмейтін атқарушы биліктің орталық органдары-Атқарушы биліктің жергілікті органдары: облыстардың, қалалардың, аудандардың, ауылдық жерлердің әкімшіліктері.
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі.
ҚР мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық және жергілікті;
ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі.
Мемлекеттің қызметтің қағидалары – мемлекеттік қызметтің негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, басшылыққа алынатын бастамалар.
Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіпте республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР азаматы.
Мемлекеттік қызметшілердің екі түрі бар:
1) Мемлекеттік әкімшілік қызметші;
2) Мемлекеттік саяси қызметші.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаты белгіленген.
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі – мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының, міндеттерінің және шектеулердің жиынтығы;
Мемлекеттік қызметті өткеру элементтері:
1) мемлекеттік қызметке кіру;
2) мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау;
3) қызметті ауыстыру;
4) қызметті атқару кезінде берілетін жеңілдіктер және ынталандырулар;
5) мемлекеттік қызметшінің жауаптылығы;
6) мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы.
Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай – ақ ҚР заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асырылады
81.Конституцияның заңдық қасиеттері
Конституцияны түрлі негіздермен жіктеуге болады. Олар өзгерістер және түзетулер енгізу тәсілі бойынша қатаң және өзгермелі болып бөлінеді. Қатаң конституциялар референдум жолымен жаппай дауыс беру немесе арнаулы конституциялық іс-шаралар арқылы, болмаса Парламентпен қабылданады.
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бірінші Конституциясы қабылданды. Ол құқықтық мемлекет құру, оның мемлекеттілігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын тарихи ҚР Конституциясы болды. Алайда, қоғам дамуының қажеттілігі негізінде жаңа Конституция жобасы жасалды.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен Конституция қабылданды. Осы Конституцияға конституциялық реформалар нәтижесінде екі рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Алғашқысы 1998 жылдың 7 қазанында, екіншісі 2007 жылдың 21 мамырында болды.
Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата Заң қабылданған күн демалыс, мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.
Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Мұның өзі конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтік-құқықтық актілердің нормаларынан үстем екендігін көрсетеді. Кейінгі екі Конституцияның алдыңғы екеуінен елеулі айырмашылығы сол – бұлар тұңғыш рет мемлекетіміздегі тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырды.
Жаңа Ата Заңды құқықтық мемлекеттің қалыптасқан бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты еркіндігі, идеологиялық және саяси әр алуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бірлестігін құру еркіндігі), халық билігін жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сәйкестендірілген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейімделіп тұжырымдалған.
ҚР-ның Конституциясы барлық заң салдарының негізі болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.
Бірнеше ғасырлар бұрын ру-тайпаға бөлініп, қоғамдасып өмір сүрген адамдардың да өз тәртіптері мен жазылмаған заңдарының болғандығы тарихтан мәлім. Өткен ғасырлардың данышпандары өздерінің шешендік, білгірлік қасиеттерімен елеулі орнын қалдыра білді. «Елу жылда ел жаңа» дегендей, арада қаншама жыл-ғасырлар өтіп, Кеңес Одағы тарағаннан кейін, екі жыл өткен соң, 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің он екінші сайланған тоғызыншы сессиясында еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды. Заман өзгерген сайын, қолданыстағы заңнамаларға да өзгерістер енгізілуі мемлекетіміздің өркендегенінің белгісі.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру барысында Конституциямыздың тарихы негіз болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихын атай отырып, республикамыздың демократиялық және құқықтық жолында көптеген дәрежеге қол жеткізгенін байқаймыз. Конституцияға сәйкес, қос палаталы Парламент еліміздің заң шығарушы билігін иеленді. Конституция оған ел бюджетін бекітуге, оның орындалуын қадағалауға мүмкіндік береді. Үкімет мүшелері Парламент палаталары алдында тұрақты есеп береді. Әрине жоғары жақтың құрылымдық кестесімен қатар, атқарушы билік жүйесін реттеу және тиімділігін арттыруға бағытталған мәселе де аз емес. Қазір жергілікті атқарушы билік халықпен кездесіп, есеп беруде. Бұл билік пен халықты біртұтас етуге сеп, сондай-ақ, әкімшілік реформаларды тереңдетуге негіз жасады.
Қазақстан халқының тәуелсіздікті ту етіп, қабылдаған Конституциясы қазір қол сұғылмас қасиетке, жоғары заңдық қана емес, рухани адамгершілік сипатқа ие болды. Конституциялық құрылысты бекітуде алдымызда күрделі әрі жауапты міндет тұрғанын ұмытуға болмайды. Ол – мемлекетімізді мемлекеттік билік пен басқарудың барлық жүйесін жан-жақты нығайту қажеттілігі. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматы болашағы зор мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосулары тиіс екенін түсіну керек.
82. Құқық нормасы түсінігі және құрылымы
Қоғамдағы көптеген негізгі құрал – әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады. Әлеуметтік нормалардың негізгі түрі ретінде құқық нормасы – мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған және оны бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қарастырылған жалпыға міндетті, формальды анықталған мінез – құлық ережесі; Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі – құқықтық нормалар. Әлеуметтік норманың барлық сапаларын иемдене отырып, олар мемлекетпен ажырағысыз байланысы арқылы анықталатын арнаулы ерекшеліктерімен де сипатталады: көрініс табуының, бұзудан қорғаудың үлгісі ерекше болады. Құқықтық норма бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған әрекет тәртібі. Құқықтық норма – әлеуметтік құрылым ретіндегі құқықтың бастапқы элементі, бүкіл құқықтық жүйенің негізгі түсінігі. Құқықтық норманың салыстырмалы толық түсінігін анықтау үшін, оның құрулы процесін, негізделуін, табиғатын, қасиеттерін, әлеуметтік ролін ұғыну керек.
Құқық нормасы туралы мәселе заң ғылымында даулы сұрақтардың бірі. Аталмыш дипломдық жұмыста зерттеудің мақсаты: құқық нормасының мазмұнын, оның құрылымдық сипаты мен құрылымдық бөліктерін жан – жақты қарастыру. Жұмыстың мақсатынан кейін, оның негізгі шешуші жолдары ретінде мынадай міндеттер қойылады:
- құқық нормасының түсінігін анықтау;
- құқық нормасының мәні мен маңызын қарастыру;
- құқық нормасын жіктеу;
- құқық нормасының құрылымын талдау;
- құқық нормасының элементтерін зерттеу;
83. Табиғатты пайдалану құқығы
Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік ету құқығы.
Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі болып табылады.
Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Билік ету құқығы табиғат объектілерініңзаңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей байланысты болады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:
- меншік құқығын беру;
- еншік құқығын басқаға беру;
- меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде көшуі.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды:
1. мемлекеттік органдардың актілері;
2. азаматтық-құқықтық мәмілелер;
3. ҚР-ның заңында көзделген өзге де негіздерде.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1. меншік иесінің табиғат объектілерін басқа ададарға иеліктен шығаруы;
2. меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы;
3. ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында.
Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.
Меншік құқығының объектілеріне жер, орман, су, жер қойнауы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.
Табиғи ресурстарды пайдалану – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.
Қазақстан Республикасының «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңында «табиғи ресурстарды пайдалану – бұл адамдардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы» деген анықтама берілген.
Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Субъективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл нақты табиғи ресурстарды пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы.
Табиғи ресурстарды пайдалану табиғатты жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
Табиғатты жалпы пайдалану – бұл адамдардың күнделікті өмірі мен денсаулығы, мәдени – эстетикалық қажеттіктерін табиғат объектілері есебінен тегін қанағаттандыру.
Табиғатты арнайы пайдалану – мұнда табиғи ресурстар пайдаланушыларға белгіленген тәртіппен беріледі.
Табиғатты пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік болып бөлінеді.
Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстандық заңды тұлғалар, оның ішінде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға – шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.
Табиғат пайдаланушылар тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді.
Тұрақтысы- бұл табиғатты пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады.
Уақытша- мұнда табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектеледі.
84. ҚР бюджет жүйесі