Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері
ҚР-дағы адвокатураадамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР-ның Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.
Адвокат – жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР-ның азаматы. Заң көмегін көрсете отырып адвокаттар: 1) шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді; 2) талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды; 3) анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады.
ҚРдағы нотариат құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай ақ Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.
Нотариус мынадай нотариаттық іс әрекеттер жасайды: 1) мәмілелерді куәландырады; 2) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландырады; 3) мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындайды; 4) мұраға құқық туралы куәліктер береді; 5) ерлі зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді; 6) мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымда алып тастайды; 7) құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады; 8) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады; 9) құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады; 10) азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады; 11) азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады; 12) құжаттардың берілген уақытын куәландырады; 13) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға береді; 14) ақшаны депозитке қабылдайды; 15) вексель наразылықтарын жасайды; 16) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды; 17) теңіз наразылықтарын жасайды; 18) дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.
14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары –республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде жеке адамның және қоғамның қауіпсіздігін, елдің конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге арналған ҚР-ның Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдігі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де бірлестіктер қызметінен тәуелсіздік қағидаттарына сәйкес құрылады және атқарылады.
ҚР-ның ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесін ҚР-ның ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның ведомстволары, ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық және өзге де органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскерлері, арнаулы мақсаттағы бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттері: 1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу; 2) ҚР-ның мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу; 3) шетел мемлекеттері арнайы қызметтері мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың ҚР-ның қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметін анықтау, алдын алу және тыю; 4) ҚР-ның конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметті анықтау, алдын алу және тыю; 5) заңмен ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының жүргізуіне жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу; 6) ҚР-ның Президентін, ҚРның мемлекеттік органдарын, Қарулы күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларын бейбіт кезде және соғыс уақытында үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету; 7) ҚР-ның мемлекеттік органдарында, ұйымдарында, Қарулы күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шифрлау жұмысын ұйымдастыру; 8) ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзетуді және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.