Останай облысы қоңыржай құрғақ даласының климаттық шарттарының ерекшеліктері
Климат.Қостанай облысы – Қазақстанның ең ірі аграрлы облыстарының бірі болып табылады. Ол Обаған мен Тобыл өзендерінің бассейндарында, Орталық Қазақстан мен Батыс Сібір, Орал тоғысында яғни республикамыздың солтүстік батысында орналасқан. Оның ауданы 19 млн. 600 мың 100 га.
Қостанай облысының климаты жиі қайталанатын құрғақшылық пен шұғыл континетальдығымен ерекшеленеді. Суық және аз қарлы қыс мезгілі, құрғақ және ыстық жаз мезгілімен ауысады. Ауа райы температурасының жылдық амплитудасы орташа есеппен 750 С, ал кейбір жылдары 880 С-қа дейін барады. Ауа райының ең төменгі температурасы қыс мезгілінде -35 – 400 С – қа дейін түседі, ал абсолютті минимумы -50 – 530 С. Абсолютті максималды температурасы 41 – 430 С –қа тең. Шілде айының ең жылы ауа райы температурасы 19 – 240 С, ал қаңтар айының ең суық температурасы – 16 -190С аяз. Жылы кезеңдер орташа күндік температурасы 00С 7-12 сәуірден 19 – 28 қазанға дейін, яғни 192-215 күн болады. 130 күннен 108 күнге дейін аязсыз кезеңдер болады. 166 - дан 174 күнге дейін Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы солтүстіктен оңтүстікке дейін ұлғаяды. 350-300- ден 200- 170 мм- ге дейін жылдық жауын – шашынның мөлшері азаяды. Жылы кезеңнің жауын – шашын басымдылығы (жылдық соммадан 70-80 %) климаттың континентальдығының белгісінің сипаты болып табылады. Негізінде олар біркелкі емес түседі. [124]
Көктем. Түнгі және күндізгі температураның жоғары контрастылығымен және жылудың қарқынды көтерілуімен ерекшеленеді. Мамырдың 10-24 аралығында суық (заморозки) аяқталады, бирақ кейде маусымның бірінші және екінші онкүндігінде (30 % ) байқалады. Сәуірдің 24 мен мамырдың 9 аралығында тұрақты орташа күндік температурасы 100 С–тан жоғары болады. Құрғақ күндердің орташа саны мамырда 10-15 күн (салыстырмалы ауа ылғалдылығы 30 %); олардың максималды саны 25-28 күнге дейін барады. Көктем желдің ең үлкен жылдамдылығымен (5- 6 м/с) ерекшеленеді, соның салдарынан топырақтың шамадан тыс құрғап кетуі болады. Жеңіл топырақтар үшін Солтүстік Қазақстанның аудандары бойынша мамыр, маусым жіне қыркүйекте жел эрозиялы ауа райы орташа 21 – 36 күн байқалады. Сәуірде жауын – шашын мөлшері 13-21, ал мамыр айында 22-37 мм болады.
Жаз мезгілі ыстық ашық ауа райымен ерекшеленеді. 13 сағатта орташа ауа температурасы маусым мен тамыз айларында 21 – 270С болады. Ал кейбір ыстық күндері 40-420 С-қа дейін көтеріледі. Ауаның тәуліктік температурасы 100 С – тан жоғары 2100-ден 31000С аралығында құбылады. Жаздың жылы кезеңінің жауын – шашын түсу мөлшері оңтүстікте 100 мм-ден солтүстікте 200 мм және т.б дейін барады. Маусым – тамыз айларында жылдық жауын – шашын түсу мөлшерінің 30-40 % шамасында түседі. Бір айда салыстырмалы ылғалдылығы 30 % болатын, облысымыздың солтүстік аудандарында 6-7 , ал оңтүстік аудандарында 15-20 құрғақ (жауын- шашынсыз) күндер саны болады. Желдің орташа айлық жылдамдығы 3,5 – 4,5 м/с. Бір айда 2 - 6 күн шаңды дауылдар байқалады.
Күз мезгілі біртіндеп салқындаумен сипатталады. Қыркүйек 11 – 150 , қазан 2 – 60, қараша -4 – 70С айларының орташа температуралары.13-24 қыркүйекте ең алғашқы аяз түседі. Жауын – шашынның орташа мөлшері қыркүйекте 15-35, қазанда 19 – 32, ал қарашада 10 – 25 мм болады. Жел ұлғаяды.
Қыс мезгілі суық және бұлтты, дүркін – дүркін, қатты желді және боранды (көбінесе оңтүстік – батысты ) болып келеді. Қаңтар айының орташа температурасы -17 – 180 С. Қыстың ең қатты, аязды кезеңдерінде ауа – райы температурасы -45 – 49 0 С – қа дейін төмендейді. Осындай температураның төмендеуі нәтижесінде топырақтың 1 метрге дейін тоңуы байқалады.
3 кесте
Вегетациялық кезеңдегі орташа тәуліктік ауа температурасы, 0С және айлық жауын-шашын мөлшері, мм («Қарабалық АШТС» метеостанциясының мәліметтері бойынша)
Көрсеткіштер | Айлар | ||||
Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | |
Көп жылдық орташа нормадағы жылулық, 0С | 13,0 | 18,3 | 20,2 | 17,8 | 11,9 |
Көп жылдық орташа нормадағы жауын-шашын мөлшері, мм | 31,0 | 45,0 | 50,0 | 30,0 | 30,0 |
Қазан айының соңында қар жамылғысы байқалады да, ол орта есеппен облысымыздың солтүстік 5 ай, ал оңтүстік аудандарында 4 ай бойы байқалады. Қар жамылғысының максималды биіктігі ашық жерлерде 1 – 36 см және желден қорғалған жерлерде 50 – 60 см болады. Қар жамылғысының еруі сәуір айының бірінші онкүндігінен басталып, айдың соңына дейін жалғасады.
Қостанай облысында ауыл шаруашылығымен айналысуға ең қолайсыз факторы болып ылал қорының жеткіліксіздігі болып табылады. Облысымыздың солтүстік аудандарында жаңбырсыз кезең 30 күнге дейін, ал оңтүстікте 70 күнге дейін барады. Құрғақшылықтың жалпы қайталануы Солтүстік Қазақстанның қара топырақ аймағында 10 – 30 % жыл, ал қоңыр топырақты аймақта 30 – 50 % жыл болып табылады [18, 23 б] .
Біздің зерттеуіміздің нәтижесінде ауа райы элементтерінің тұрақсыздығы Қостанай облысында байқалды (3 кесте).
Топырақ қалыптасу шарттары. Қостанай облысының көпшілік ауданы Торғай жерінде жатыр. Ол өзіне Торғай үстірті мен Батыс Сібір ойпатындағы Торғай жазығына көшуін қамтиды. А.А.Бобоедова (1971) облыста 4 морфологиялық ауданды белгілейді: Торғай жырасын, Солтүстік Торғай, немесе Қостанай жазығын, Адай–Үлкенаяқ және Шығыс Торғай үстірті. Солтүстік – шығыс бөліктің науасын Солтүстік Торғай жазығын алады және ол Батыс – Сібір ойпатына өтеді. Тегіс - жазықты немес нашар толқынды бедер. Бедерді Тобыл өзені қиылысады, өзен алқабы 60 – 70 метрге Қостанай қаласының жанындағы суайрыққа қарағанда төмен. Мұнда «Қостанай белесі» көтерілісі байқалады, ол Науырызым жағына созылады және 100 мың км2 аумақты алады. Бедердің көтерілуі себебінен Тобыл, Обаған, Есіл өзендері солтүстікке , ал Торғай, Ырғыз, Ұлы- Жиланшик, Үлкенаяқ өзендері – оңтүстікке қарай ағады.
Негізгі топырақ түзуші болып лесс (сарғыш топырақ) және лесс (сарғыш топырақ ) тәрізді түрлер, қоңыр мен қызыл – қоңыр ауыр балшықты топырақ, сыртовойлы балшық, оның құрамында 5 % -ға дейін карбонат пен жеңіл еритін тұздар болады, түпкі түрі (әктас) және түпкі мен шөгінді жыныстарды құртатын өнімдер.
Тобыл мен Торғай өзенінің жайылымы мен жайылым асты террассалары мен олардың салалары аллювиальды және олармен байланысы аллювиальды көл түзеді. Қызыл және қара топырақ үшін топырақ түзуші түр ретінде қызмет етеді, олар құмм , құмайт, лесс тәрізді (сарғыш топырақты) балшық топырақты жер ртінде келтірілген.
Қостанай облысы бедерінің жазықты және құрғақшыл климаты өзен торабтарының әлсіз дамуына әкеліп соқтырады, олар маңызды ирригациялық мән береді. Облысымыздың солтүстігі мен оңтүстігінде ғана өзен торабтары жақсы дамыған. Солтүстікте ол далалы Обаған, Шортаңды, Синташты, Аят, Тоғызақ және Үй өзендерінен тұрады. Ал оңтүстікте Торғай, Ұлы – Жиланшик пен Қараторғай өзендерінен тұрады. Олардың бәрінің қуат көзі - қар. Жаңбыр тұнбасы мен жерасты суларының рөлі үлкен емес және сабада ғана білінеді. Қалған басқа өзендер үшін орташа жылдық шығын мен әр түрлі сулы жылдар арасындағы күрт тербелісі. Көктемгі айларға (сәуір-мамыр) жылдық суағардың (сток) 80-90 пайызы жатады.
Реттелген тәртіп жағдайында науа шекарасының негізгі бөлігі судың ығысуы мен су қоймасының фильтрінің жоюының нәтижесінде қалыптасады. Өзен торабтарының шығынының 70 % шамасы су қоймаларын шоғырландырады. Тобыл өзенінің науасының нормасы реттеуге дейінге дейін 16,2 м3/с болды, қазіргі уақытта 5,6 м3/с –қа дейін төмендеп қалды. науаның көлемді түрде азаюының себетері: қар тоқтату мен жерді айдау, шаруашылыққа, техникалық және т.б қажеттіліктерге қарқынды су алу болып саналады. Суландырудың өзіне ғана барлық норманың 30 % - і пайдаланылады. Жыл бойы тек Тобыл мен Торғай өзендерінде тұщы су, ал қалғандарында ащы су болады. Соңғы жылдары су қорының лайлығы мен таяздығы себебінен су қоймасындағы судың көлемі біршама азайды, ол өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен қаланы сумен қамтамасыз етуге үрейлендіреді.
Торғай ойпатының жер асты сулары су қоймаларының жыныстарына орайластырылған, олар гидрохимиялық құраммен орынның әр түрлі тереңдіктеріктерде болады. Олардың минерализациялары 2 -3 г/л борлы жыныстардан 21 г/л палеозойлық шөгінділерге дейін. Торғай алды жазықтары мен Торғайдың солтүстік үстірттерінің жер асты сулары қатты минерализацияланған және олар 10 м тереңдікте жатыр.
Облысымыздың барлық территориясында жер асты сулары таралды, үшінші жыныстарын толтырады (құмдақшөп, кремнийлі жыныс - опоканы). Олар әдетте ащы және әлсіз минерализацияланған, ауыл шаруашылық пен өнеркәсіпте кең пайдаланылады. Тобыл – Обаған өзендерінің арасындағы кеңістігі мен облысымыздың оңтүстігі Торғай үстіртінде жер асты сулары неогенді, майда түйірлі құмдарда ашылады. Минерализация мен химиялық құрамы жағынан олар шұбар ала. Тобыл – Обаған өзендерінің суайрығы ащы, ал Амангелді мен Жангелді ауданында жоғары минерализацияланған.
Құмайт топырақарының шөгінділерінің жоғарғы жер асты сулары 5 – 10 метрге жаппай ашылады. Минерализация дәрежесі бойынша шұбар ала түсті – ащыдан тұздалғанға дейін. Әулиекөл ауданының эолдық шөгінділерінің 4 – тен 1 бөлігінде, Тобыл, Ұлы - Жиланшик өзендерінің террасаларында 2-3 метр тереңдіктік ащы қалқыма сулар қалыптасады.
Өсімдік жамылғысы. Топырақ түзу күрделі үрдісіндегі өсімділігіктің рөлі маңызды. В.В.Докучаевтың айтуы бойынша, таза дала жағдайында, топырақ пен өсімдік жамылғысының арасындағы байланыстың сәйкестілігі байқалады, негізгі жер үсті табиғи ландшафтының компоненттері ретінде.
Қостанай облысы зоволож – қазақстандық, селеулі – бетегелі далалы аймақта орналасқан. Аймақтық өсімділіктің жалпы белгілері болып, ылғалдылық тапшылығын көрсететін флористикалық құрамның біркелкілігі, ксерофиттіктің бірден байқалуы болып табылады.
Әртүрлі шөпті, қызыл бетегелі далалы оңтүстік қара топырағының аймағы пішешіні ксерофильді титен (селеу, бетеге және т.б ), бұршақ (сары жоңышқа, ақтаспа және т.б.), сонымен қатар жалбыз, жусан, сібірлік гүлкекіре, әрем мен тырнашөптен жасалған әр түрлі шөптерден тұрады (1 сурет). Өнімнің құрғақ массасы 1 га – дан 5 – 10 ц.
Құмды – далалы жайылым мен шабындықтағы пішеннің құрамында бетеге, айрауық, арамшағыр, арпадан және т.б тұрады. Далалы аймақтың қасында құрғақ жайылым, өсімдіктермен жоғарытылған суайрық кеңістігі, әдеттегі құрғақ мекен ортасы үшін , алқаптық және лимандық шабындықтар кездеседі, олардың өсімдіктері шабындық пен ылғыл сүйгіш дақылдардың, әр түрлі шөпті, шалғынмен араласқаннан тұрады.
4 кесте
Қостанай облысының қара топырағының климаттық көрсеткіші (орташа, көпжылдық
Топырақ аймағы, әкімшілік аудандар | Кезең ұзақтығы, күндер | Жауын – шашын мөлшері, мм | Гидротермиялық коэфициент, (ГТК) | |||||
Аязсыз | Тұрақты қарлы бет | Ауа райы температурасы 00С-тан жоғары | Ауа райы температурасы 100С – тан жоғары | Жылына | Көктемде | жазда | ||
Кәдімгі қара топырақ аймағы | ||||||||
Ұзынкөл | 1,2 | |||||||
Федоров | 1,0 | |||||||
Қарабалық | 1,0 |
5 кесте
Әкімшілік аудандар бойынша егістік астындағы Қостанай облысы қара топырақтының мінездемесе, мың.га
Аудан аты | Жалпы көлемі | Механикалық құрылымы | Мелиоративті топтар | ||||||||||||
Ауыр | Орташа | Жеңіл | I.Асқынбаған теріс белгілер | II.Ұсақ тасты | III. Тұздалған | IV. Сортаңдалған | V. Жуылған | VI. Азған | |||||||
Кәдімгі қара топырақ аймағы | |||||||||||||||
Алтынсарин | 35,3 | 33,9 | 0,4 | 33,9 | 0,7 | ||||||||||
Қарабалық | 292,9 | 292,9 | 14,4 | 239,9 | 0,1 | 0,7 | 43,3 | 0,9 | |||||||
Қостанай | 41,1 | 41,1 | 5,5 | 0,2 | 35,7 | 7,1 | 3,4 | 0,2 | |||||||
Меңдіқара | 321,7 | 321,7 | 97,3 | 46,4 | 255,7 | 0,2 | 1,6 | 60,4 | 1,4 | 0,5 | |||||
Сарыкөл | 292,4 | 292,4 | 3,8 | 0,7 | 221,9 | 1,8 | 59,4 | 0,1 | |||||||
Ұзынкөл | 318,2 | 273,6 | 38,9 | 5,7 | 262,6 | 7,7 | 42,1 | 1,2 | |||||||
Федоров | 280,4 | 21,3 | 15,3 | 288,1 | 5,2 | 19,5 | 0,1 | ||||||||
Барлығы | 1618,6 | 1321,7 | 213,8 | 83,1 | 1337,8 | 0,3 | 5,8 | 228,8 | 3,9 | 0,5 | |||||
Біздің облысымыздың 7 әкімшілік ауданында кәдімгі қара топырақтар кездеседі. № 3 кестеде топырақтың жіктелген агроөндірістік мәліметтер келтірілген. Асқынбаған теріс белгілер мелиоративтік топқа топырақ мәліметтерінің 82.7 % - ы барлық егіс алқабының аңызы жатады.