Ылмыстық іс бойынша прокурорлық қадағалау
ҚР ҚПК 58-бабына сәйкес “ Прокурор - өз құзыреті шегінде жедел – іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық қудалауды іске асыратын лауазымды адам.
Қылмыстық іс қозғау қылмыстық сот ісін жүргізудің жауапты сатысы болып тұрады.Белгіленген уақытынта қылмыстық істі қозғау және толық ашылуы қалай болса, онын толық, объективті және жан-жақты тергеуінің де солай кепілі болады. Керісінше, заңсыз, негізсіз, кешіктіріп қылмыстық іс қозғау дәлелдердің жойылып, соңында-қылмыскерлер жазаға тартылмай қалуына әкеп соғады.
Қылмыстық іс қозғау кылмыстық сот ісін жүргізудің дербес сатысы болып тұрады. Процестің осы сатысына қылмыстық іс жүргізу кодексінің арнайы, 23-ші тарау арналған. Оның ішінде жеке 190 бап Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы өкiлеттiктерiне арналған.
Қылмыстық процессуалдық кодекстің 8-тарауында қылмыстық іс қозғау субъектілерінің қылмыстық тізімін белгілейді. Солай етіп, онда қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар ретінде прокурор (58-бабы),тергеу бөлімінің бастығы (59-бап), тергеуші (60-бап), анықтау органы (61-бап), анықтау органының бастығы (62-бап), анықтаушы (63-бап) көрсетілген.
Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер ретінде заңда мыналар көрсетілген: 1) азаматтың арыздары; 2) кінәсін мойындап келу; 3)мемлекеттік орган лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның; 4)бұқаралык ақпарат құралдарындағы хабар; 5)лауазымды адамдардың жәнеқылмыстық іс қозғауға құқық берілген органдардың қылмысы туралы мәліметтерді анықтайды.
Әрине, негіздер мен себептер іс қозғау кезінде дұрыс бағалануы тиіс, яғни, бағалау барысында істі қозғау туралы қаулы шығарған кезде актіде мыналар міндетті түрде болу тиіс:
· толықтығы, яғни, онда қылмыстың жері, уақыты, баска да мән-жайлары көрсетілуі тиіс;
· негізділігі, яғни, қылмысты нақты адаммен жасалғаны туралы нақты мәліметтер тиіс;
· анықтығы, яғни, жасалған қылмыс туралы жорамал емес,бәлкім нақты қорытынды шығарылу тиіс (яғни, ол тоқталу, дайындалу сатысында болуы);
· зандылығы, яғни, материалдық пен іс жүргізу зандардың нақты нормаларын қамтуы тиіс. Пікірімізше, іс осы талаптарға жауап беретін негіздер бойынша болса, онда негізді іс қозғау фактілері кемейген болар еді.
Егер жетерлі негіз болмаса, іс қозғаудың субъектісі іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығаруы тиіс. Бұл қаулы да жоғарыда қойылган талаптарға сәйкес болуы керек. Бұндайнәтиже туралы арызбен келген адамдарға хабарлау керек.
Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық бақылау қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық бақылау қылмыстық сот ісін жүргізуде заңдылықтың келілі болып, тұлға қол сұғылмаушылық құқығын, айыпсыздықтың презумпциясын т.б. қамтамасыз етеді.
Қылмыстық іс қозғау сатысындағы прокурорлық бақылау екі бағытта жүзеге асырылады:
· қылмыстык іс козгау жоніндегі каулылардын заңдылыгы мен негізділігін пркурормен тексеру;
· кылмыстык іс козгаудан бас тарту туралы каулылардын зандылығын прокурормен тексеру.
Бірінші бағыттағы бақылаудың мүмкіншілігін қылмыстық іс қозғау туралы қаулы прокурорға дереу жіберілуі туралы нормамен қамтамасыз етіледі. Қаулымен танысу ісінде прокурор оның заңдылығы мен негізділігін тексеруді ғана емес, бәлкім тергеу заңдарының әрекетіне дұрыс бағыт беруді қамтамасыз етеді.
Егер іс қозғауды негізсіз деп тапса, прокурор өзінің қаулысымен тергеу қаулысынын күшін жояды.
Прокурорлық бақылаудың екінші бағыты бойынша прокурор қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға негіз болып барлық іс-жүргізу әрекеттердің заңдылығын тексереді. Әдеттегі кағидалар бойынша іс қозғаудан бас тарту материалдары прокурормен 1 айда тексерілуі тиіс. Егер прокурор іс қозғаудан бас тарту туралы заңсыз немесе негізсіз деп тапса, оныосы каулылардын күшін жояды және іс жүргізуді қосымшатексеру арқылы жалғастыруды талап етеді.
Прокуратура қылмыстық істі жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүйесіне кіре отырып, прокурорлық қадағалаудың функционалдық бағыттарына қатысты бір қатар өзгешелік жақтарын иеленеді.
Прокуратура құқық бұзушыларға жаза қолданбайды, оның қызметі құқық бұзушылықты анықтауға, заң бұзушылықты қалпына келтіруге және кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тартуға бағытталған.
Прокурордың құқықтық мәртебесі өз қызметін іске асыру кезінде прокуратура органдары шешетін міндеттердің жүйесімен тығыз байланысты. Осындай міндеттердің қатарына:
1) әрбір істі жан - жақты, толық және объективті тергеу және қарау үшін заңда көзделген шараларды қабылдау.
2) сотталушының жеке және мүліктік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету.
3) әр бір жасалған қылмыстың заңды және әділ жазаға тартылуына ешқандай кінәсіз адамдардың жаза тартылмауына байланысты қылмыстың қудалаудың мақсатына жету;
4) азаматтардың құқықтарын, мекемелер мен заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерін сот қорғауын қамтамасыз ету .
Осыған байланысты, қылмыстық іс жүргізу қатынастары жүйесінде прокурор мәртебесінің маңызы оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығына қатысты мынадай кезеңдермен анықтайды, яғни прокурор қылмыстық іс бойынша өндірісті аяқтау үшін шешім қабылдауға құқылы.
Кейбір жағдайларда прокурор белгілі бір мүддені ескере отырып, сол мүдде сот әділдігі міндеттерінің шегінен шықпайды және егер сот тергеу барысыныда адамның кінәсіз екендігі туралы анықталса, мемлекеттік айыптауды қолдаудан прокурордың бас тартуы кезінде де байқалады. Осы бас тарту прокурордың құқығы емес, міндеті болып табылады. Сондай – ақ ҚПК 337 б. 6 т. былай көрсетілген:
Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және істің барлық жағдайларын қарау нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі көзқарасын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалу құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады. Прокурор егер айыптау сот талқылауында таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға міндетті. Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуі немесе сот жарыссөзі кезінде жол беріледі.
Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбірленуші де бас тартса, сот өз қаулысымен істі қысқартады. Ал егер жәбірленуші айыптауды талап етсе, сот істі талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртіппен шешеді. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрі қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбірленушінің өзі немесе өкілі арқылы қолдайды. Жәбірленушінің өтініші бойынша сот оған өкіл шақыру үшін уақыт беруге тиіс. Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан ішінара бас тартқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлігінде істі қысқартады, айыптаудың қалған бөлігіндегі іс жалпы тәртіппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбірленуші бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот істі жаңа айыптау бойынша қарайды.
Прокурор процестің жеке сатыларында істі шешу бойынша ешқандай құқықтарға, сондай-ақ соңғысы қадағалау қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне іс жүргізу мүддесіне ие болмайды.
Прокурордың апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау кезінде қатысуы іс бойынша өз көз – қарасын баяндаумен және қосымша материалдарды берумен шектеледі. Қадағалау тәртібінде прокурордың жоғары сотқа қатысу сипаттамасы өзінің наразылығын баяндаумен шектеледі. Қадағалау қызметінің нысандары процеске қатысушылардың белгілі функцияларымен қайта баяндалып қаралады.
Істің мән – жайын тергеу функциясы тергеушіге немесе анықтауды жүргізуші адамға жүктеледі. Прокурор қылмыстық қудалауды іске асыра отырып, сонымен бірге екі аралас функцияны жүзеге асырады:
Прокурордың өз құзыреті шегіндегі нұсқаулықтары жазбаша түрде беріледі және анықтама мен тергеу жүргізуші адамдар үшін міндетті болып табылады. Демек, прокурор қылмыстық істі қозғау құқығына ие бола отырып, қылмыстық іс қозғау заңдылығын қадағалауды іске асырады. Прокурордың құқықты әрекеттерінің сынаушысы заң болып табылады. Олардың қабылдаған шешімдерінің негізділігі мен заңдылығы сотта істі қарау кезінде немесе алдын ала тергеу процесінде бағалануы мүмкін.
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі прокурордың рөлі жан – жақты: прокурор айыпталушыға қатысы бойынша айыпталушының өтініш, шағым, арыз жасай алатын сатысы болып табылады, дегенменде, сол бір айыпталушыға қатысты сотта прокурор мемлекеттік айыптаушы болуы мүмкін.
Прокурордың белгіленген құқықтары мен міндеттерін толық түрде орындалуына оның процеске қатысуынан бас тарту негіздерінің есептері ҚР ҚПК 88 т. сәйкес:
· егер прокурор жеке, тікелей немесе жанама осы іске мүдделі болса;
· егер қылмыстық істі қарайтын соттың құрамына туыстық байланысты болса;
· егер ол іс бойынша жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе оның туысқаны, айыпталушының немесе оның заңды өкілінің, айыптаушысының, қорғаушысының, тергеушінің немесе анықтауды жүргізуші адамдардың, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мүдделі өкілдерінің, қорғаушыларының, тергеушілер мен айыптаушыларының туысы болса.
· егер ол іске судья ретінде қатысса, оның қарсылық білдіруіне негіз болады.
ҚР ҚПК 88 – бабына сай:
1. Прокурор аталған кодекстiң 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде қылмыстық процеске қатыса алмайды.
2. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысуы, сол сияқты оның сотта айыптауды қолдауы оның осы қылмыстық iске одан әрi қатысуына кедергi болып табылмайды.
3. Сотқа дейiнгі тергеп-тексеру кезiнде прокурорға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi – жоғары тұрған прокурор, ал сотта iс жүргiзу кезiнде iстi қараушы сот шешедi.
Сотқа қылмыстык істердің қарауына прокурор қатысуының мәні мен міндеттері:
-прокурордың сот ісін қарауда қатысуы істерді жан-жакты, толық және объективті қарау - туралы талаптардың орындалуына, азаматардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, заң мен сот алдында азаматтардың теңдігі сақталуына, әр бір қылмыстық бойынша занды, негізді және әділ шешім шығарылуына бағыныштылығынан болады. ,
- сот отырысына қатыса отырып, прокурор сотқа дәлелдерді жан-жақты, толық және обективті зерттеуге, айыпталушы тұлғаның кінәсін анықтап, ол жасаған қылмысқа дұрыс баға беріп, сонымен сәйкес әділ және заңға негізделген жазаны ұсыну арқылы соттың шешімдерінің аппеляциялық сатысындағы заңдылығын тексеруге прокурордың қатысуы соттардың шешімдері заңды күшіне енбей тұрып түзетуге мүмкіндік береді.
Прокурорлық бақылау өндіріс сатысында қатысуы қылмыстық істер бойынша аппеляциялық сатыға түзетілмеген қателерді түзетуге мүмкіндік береді.
Прокурор істі сотта қарау нәтижесінде прокурор сот тергеуінің деректері бойынша қойылған айыпты растай алмай жатыр деген сенімге келсе, ол тыйым салудан бас тартып, себептерін сотқа түсіндіруге міндетті. Аталған ереже бойынша прокурордың соттағы тәуелсіздігі мен объективтілігінің кепілі .
Прокурор қылмыстық істердің сот қарауына қатысуы: қылмыстық іс қараумен заң шығару прокрорлардың сот карауына кaтыcуы міндетті деп танылған қылмыстық істерді алдын ала ескерген жок. Оның қатысуы міндетті деп сот бүл жөнде жеке үйғарым шығарады, және ол прокурормен талқылауы міндетгі болады. Бүдан басқа прокрор өзі де, істі сотка асырған қылмыстық айыптауды қолдау үшін қатысуын міндетті деп тапса, процеске катыса алады.
Мемлекеттік айыптауды колдай отырып, прокурор сонымен бірге бұзылған азаматтар құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мүдделерін қорғау шараларын жүзеге асырып, қалпына келтіруге, келтірілген зиянда етеуге көмектеседі
Бұл кезде прокурордың аса жоғару біліктілік және мамандык талап сот отырысының дайындық бөлігінде прокурор катысушылармен шығарылған өкімдер, мәселелер бойынша өз қорытындысын беріп отырады, шешімдерін айтады, және сот отырысына түлғалар келмеуіне байланысты қарауды жүргізу екендігі туралы өз пікірін айтады.
Прокурор қорытындысы ауызша нысанда жасалады, онын негізгі мазмұны отырысы хаттамасында бекітіледі.
Бұл сот отырысы кейінге қалдырылуы туралы шешім кабылданса куәлердің кайсы бірі келмеуіне байланысты), сот келген куәлардан, Міндетті, тараптың бірінен (егер ол ғана келсе) жауап алуы мүмкін. Бұл, сот құрамы өзгеріссіз болса, осы қатысушылар қайтарылмайды.
Сот шешімі зақды және негізді шығарылуында прокурордың рөлі өте үлкен. Ол сот құрамымен іс бойынша маңызы бар барлық дәлелдерді тікелей қабыдауын қамтамасыз етеді. Ол дәлелдеудің негізін белгілейді, және іске қатыс жоқ фактілерді зерттеуге жол бермеуі тиіс.
Прокурор дәлелдерді зерттеудің дүрыс тәртібін үсынуы тиіс. Бүл тәртіпке тек процесс қатысушыларынан жауап алу тәртібін анықтау ғана емес, бәлкім бүл -жүйелік пен жүзеге асырылатын қылмысқа тиесілі барлық мән-жайлардың тіркеуі болады. Бұл кезде прокурор сотталушыдан, жәбірленушіден, куәлерден жауап алуға, сарапшылар мен мамандардың қорытындыларын, айғақты заттардың істелуіне белсенді қатысуы қажет. Жауап алу кезінде прокурор ауырлататын мән-жайлар анықталуына қалай болса, сондай-ақ мән-жайларды анықтауға да қатысуы керек.
Сот тергеуі аяқталып сот жарыс сөздері басталады. Іске катысушы прокурор, басқа да қатысушылар өз сөзінде дәлелдер зерттелуіне және тексерілуіне баға беріп, қорытындысын айтады. Жарыс сөздер кезіндегі прокурордың айыптау сөзінен соң сот қарауға қатысуына нүкте қойылады. Бүл сөзде прокурор сотқа занды және негізді үкім шығаруға көмектеседі. Бүл сөз заңдық жағынан негізді болуы үшін прокурор сот тергеуінде зерттелген дәлелдерді қатаң және түсінілті жүйеге келтіруі тиіс. Оны қүрған кезде прокурор үкім қай мәселелерді шешуін ескереді, олардың тиісті тізбегіне негізделеді. Тәжірибемен сыналған айыртау сөздің құрылымы төмендегі элементтерді қамтиды:
1.қылмыстың әлеуметтік-қоғамдық бағалауы;
2.дәлелдемелердің таңдауы мен бағалауы;
3.қылмыстың алдын алу бойынша ұсыныстар;
4.қылмыстың заңды бағалауы;
5.соталушы тұлғаның сипаттамасы;
6.жаза туралы ұсыныстар;
7.материалдық зиянды өтеу бойынша пікірлер;
8.айғақты заттардың тағдыры туралы ұсыныстар.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қылмыстық іс-жүргізудегі прокурордың мәні қандай?
2. Қандай жағдайда прокурор қылмыстық іс-жүргізуге қатыспайды?
3. Прокурор құқықтық мәртебесі іске асыру барысында қандай міндеттерді негізге алады?