Алдын ала тергеу мен анықтаудағы прокурорлық қадағалау

Алдын ала тергеу мен анықтау кезіндегі қадағалау адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерлеу және оларды қылмыстық жауаптылыққа тарту, соттың әділ талқылауы мен қылмыстық заңды дұрыс қолдану жөніндегі қылмыстық іс жүргізу заңнама міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейтуге, қылмыстың алдын алуға, құқыққа құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыруға көмектесу болып табылады.

Демек, анықтама, тергеу және жедел-іздестіру іс-әрекетті жүзеге асыру тәртібі қылмыстык іс жүргізу кодексінде, жедел-іздестіру кызмет туралы Заңда, сондай-ақ ҚР-сы Жоғары Сот Пленумдарынын қаулыларымен белгіленеді. Олардың талаптарын сақтауды қадағалау нақты істер бойынша айыпкерлер табылуына, олар қылмысына сәйкес келетін әділ жаза алуына, сот ісін жүргізу толық, жан-жақты және объективті болуына өзінің үлкен үлесін қосады. Дегенмен, кадағалау алдындап бұларға қосымша екінші міндеті де бар. Сот ісін жүргізу кезінде азаматтардың ешбір құқығы, бостандығы бұзылмауы да толық қамтамасыз етілуі керек.

Қорыта айтқанда, анықтаманың, тергеудің және жедел-іздестіру іс-әрекетпен бақылауын жүзеге асырған кезде прокуратура органдары төмендегілерді камтамассыз етуі тиіс:

· ешбір қылмыс ашылмай қалмауын және ешбір қылмысты жасаған адам заңға белгіленген жауапкершіліктен құтылмауын;

· қылмыс жасауда күдік бойынша азаматарды қамауда ұстау тек заңда белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша ендірілуін ;

· ешкім негізсіз немесе заңсыз қылмыстык жауапкершіліке тартылмауын немесе өзге де заңсыз құқықтары шектелмеуін;

· ешкім сот шешімінсіз немесе прокурордың санкциясыз камауға алынбауын;

· қылмыстық істерді қозғау мен тергеу тәртібі, мерзімдері, қылмыстық сот ісін жүргізу катысушыларымен басқа да азаматтар құқықтары сақталуын;

· қылмысты ашу езінде қылмыстық процессуалдық кодекстің істің барлық мән-жайлары объективті зерттелуі туралы талапптары дәл сақталуын, айыпкер туралы тек ауырлататын ғана емес, бәлкім оның жауапкершілігін жеңілдететін де мән- жайлар анықталатыны;

· қылмыс жасалуының себептері мен оларға көмектесуші шарттарды аныктау мен оларды жоюды.

Қылмыстық істі қозғау, айыптау қорытындысын ұсыну бұлтартпау шараларын талдау, жекелеген тергеу әрекеттерді өткізу тәртібі заңмен белгіленеді, оларды атқаратын орындаушыны өз бастамашылығыннан, творчестволық мүмкіндіктеріннен айырмайды. Заңды дұрыс қолданылу тек іс бойынша жүргізілетін өндірістің тиімділігін қамтамасыз етеді, сондай-ак орындаушыларды заңдылықты бұзуға әкеп соқтыратын қателерді жіберуден сақтайды, яғни, процесс барысында басқа тұлғалардың, азаматтардың құқықтары мен мүдделері сақталуын кепілдейді. Өйткені, дәл осы талаптар орындалуы қылмыстар ашылмай қалуына, айыпсыз адамдар кылмыстық жауакершілікке заңсыз тартылып, шынайы қылмыскерлер кылмыстарын жасыра беруіне әкеп соғады.

Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығына қадағалау жүргізген кезде прокуратура органдары қызметінің басымдық бағыттары:

· қылмыстық іс жүргізуде адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау;

· "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" ҚР- Заңының қолданылуын қадағалау;

· жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, есепке алу, тіркеу, шешу кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалау;

· есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған заңнаманың қолданылуын қадағалау;

· экономика және қаржы саласындағы қылмыстарға қарсы күреске бағытталған заңдардың қолданылуын қадағалау;

· қылмыстылықтың ұйымдасқан нысандарына, терроризм мен экстремизмге қарсы күреске бағытталған заңдардың қолданылуын қадағалау;

· қылмыстылыққа қарсы күресті күшейту және қылмыс жасауға мүмкіндік туғызатын жағдайлар мен себептерді жою жөнінде ұсыныстар дайындау арқылы қылмыстың және қылмыстардың ашылу жағдайын зерттеу болып белгіленеді.

Прокурор өз өндірісіндегі істер мен материалдардың мән-жайы туралы қандай да болмасын түсініктеме беруге, сондай-ақ, белгіленген жағдайлар мен тәртіптен басқа, оларды кімге болса да танысу үшін ұсынуға міндетті емес. Прокурордың өндірісіндегі істер мен тексеріс аяқталғанға дейін, олардың материалдарын жариялауға ешкімнің құқығы жоқ.

Алдын ала тергеуді, қамауды, алдын ала тергеу мен айыптыларды қамауда ұстаудың мерзімдерін ұзартуды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың әрекеттерін санкциялау туралы алдын ала тергеу органдары құқық қорғау ведомстволарының орталық аппараттарының қаулылары жөнінде Департаментке үш тәулік ішінде хабарлайды. Қылмыстық қудалауда, сотқа тартылуда, өндірісі аяқталған істі сотқа жолдауда артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдарға қатысты тергеу әрекеттерін санкциялау мәселелері ҚР- Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес негізделеді.

Қадағалауды жүзеге асыру алдын ала тергеу және анықтау органдары қабылдаған іс жүргізу шешімдерінің, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз ететіндей ұйымдастырады. Қадағалау қылмыстық қудалау органына жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы ақпараттың келіп түсуінен қылмыстық істің сотқа жолдануына дейін - сотқа дейінгі өндірістің барлық сатыларында жүзеге асырылады.

Осы бағытта қадағалауды жүзеге асыру кезінде қылмыстылықтың, ашылудың, тергеу жұмысы мен анықтаудың көрсеткіштерінің жағдайы туралы статистикалық мәліметтердің, алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын прокурорлық қадағалау туралы мәліметтердің шүбәсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тергеу және анықтау органдары қылмыстық істі қозғау, қысқарту немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған кезде статистикалық карточкаларға кідіріссіз қол қойып, осы шешімдер заңсыз болған жағдайда статистикалық құжаттарға белгі қоюмен қатар шешімдерді бұзу және айыпты адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстарды есепке ала отырып, оларға қорытынды мен қолданылатын шаралар бойынша есеп бере отырып, сол бойынша әр шығарылған қаулы бойынша қылмыстық іс қозғаудың заңдылығы тексереді. Қылмыстық іс қозғау туралы заңсыз қаулыны бұзу, ереже бойынша, қаулы шығарылған күннен 10 тәулікке дейінгі мерзім ішінде жүргізеді.

Прокурорлар қозғаған және сотқа жолданған қылмыстық істер туралы мәліметтерді бақылауға тапсырғаннан кейін дәлелсіз талап етуге болмайды. Алдын ала тергеу және анықтау органдарының жергілікті орындарына барып, қылмыстық істер мен тергеуге дейінгі тексеріс материалдарын зерделенгеннен кейін ұсыныстармен бірге тексерістің қорытындылары туралы анықтама жасайды.

Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қабылданған шешіммен келісімі жөнінде жазбаша қарап, өндірісті қысқартумен немесе тоқтатумен келіскен кезде прокурор дәлелденген қорытынды жазып, ал тергеушілер мен анықтаушылардың заңсыз қаулыларын бұзу жолы арқылы, кінәлі адамдардың жауаптылығы жөнінде мәселені көтерумен қатар заңсыз жолмен табылған дәлелдерді мүмкін емес деп тану жолы арқылы анықталған заңдылықтың бұзушылықтары жоюға жатады. Егер хабар-ошарсыз кеткен азаматтар мен жасырынған айыптыларды іздестіру кезінде алдын ала тергеу және анықтау органдарының қызметінде белгіленген мерзім орындауға жататын тергеу-жедел іс-шаралардың заңдылығын сақталуына ерекше мән беріледі.

Яғни, қылмыстық іс жүргізуде азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыруда прокуратура органдары қызметкерлерінің ең маңызды міндеті азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады. Прокурорлар азаматтарды қамауға алу жөнінде санкция беру кезінде міндетті түрде іс материалдарымен мұқият танысып, күдіктілер мен айыптылардан жеке өздері жауап алады. Жауап алу хаттамасы қылмыстық іске тіркеліп тігіледі де, ондағы мәліметтер дәлел ретінде пайдаланылады. Азаматтарды қамауға алу санкциялары жеке журналға есепке алынады, олар прокурордың сейфінде сақталады. Журналда қылмыстық істің нөмірі, қозғалған күні, тергеу жүргізетін орган және адам, күдіктінің немесе айыптының тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен орны, азаматтығы, мекен-жайы мен жұмыс орны, айыптаудың не күдіктіліктің бабы, ұсталған күні, қамауға санкция берген адамның лауазымы мен аты-жөні, қамауға санкция берілген тәртіптің ҚР ҚПК бабы ( 139 , 147 , 292 ), қамауға алынған күн, қамау мерзімін ұзарту күні, тергеудің және үкімнің күшіне енгені туралы белгі қоюмен бірге істің сотта қаралуының қорытындылары жазылады.

Ерекше жағдайда ғана күдіктілерге қатысты қамауға алу қолданылады, яғни кәмелетке толмағандарға қатысты басқа бұлтартпау шарасын қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана қамауға алынады. Прокуратура органдарының қызметкерлері қамауға алу туралы мәселенің дәлелді және дер кезінде шешілуі үшін, сондай-ақ санкция беруден дәлелсіз бас тартқаны үшін жеке жауаптылыққа алады және тартуы жөнінде жазбаша жоғары тұрған прокурорға бір тәулік ішінде мәлімдеп, қаулының көшірмесі мен түсіндірме жазбалары жіберіледі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Алдын ала тергеу және анықтау кезде прокуратура органдарының негізгі бағыттары қандай?

2. Қандай жағдайда күдіктілер қамауға алынады?

3. Прокурордың әрекеттерінің заңдылығын тексеру өндірісінің мерзімі қандай?

Наши рекомендации