Айналым қаражатында тұтынылатындар және оларды қаржыландыру көздері

Айналым капиталының мәні және құрылымы

Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының (айналым капиталы) болуы. Айналым қаражаттары - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процестерге бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзініңқұнын тікелей дайын өнімге апарады.

Өндірістік айналым қоры -бұл еңбек заттары мен еңбек құралдарының арзан бағалы және тез тозатын заттарды есепке алғандағы заттық мазмұны. Мұның экономикалық мәні - өздерінің толық құнын дайын өнімге түгелдей көшірілуімен сипатталады.

Айналыс қоры -өндірістік процеске тікелей қатынаспайды, алайда өндіріс және айналыс бірлестіктерін қамтамасыз ету үшін қажет.

Өндірістік айналым қоры мен айналыс қоры ауыспалы айналым қаражаттарын үздіксіз қамтамасыз етуде тұрақты қозғалыста болуы тиіс. Осыдан авансты құнының тұрақты және заңды аусым нысаны пайда болады:

· Ақшалайдан тауарларға;

· Одан кейін өндірісте;

· Қайтадан тауарлы және ақшалай;

Қорытындысында айналым қаражаттарын береді.

Айналым қаражаты -өнім өндіру мен оны сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға алдын-ала берілетін ақшалай қражаттың жиынтығы. Айналым қаражатының қызметі өнімді өндіру және сату кезеңдерінде төлем-есеп айырысу жұмыстарынан тұрады. Міне бұл жағдайда өндірістік айналым қорының қозғалысы дер кезінде материалдық факторлардың айналымын қалпына келтіруге, ал айналым қаражатының қозғалысы - ақша, төлем айналымына жалғасады.

Айналым қаражатыауыспалы айналым процестеріне қарай:

· өндірістік айналым қоры;

· айналыс қоры;

қалыптастыру көздеріне қарай:

· меншіктік;

· қарыз;

жоспарлау ерекшеліктеріне қарай:

· мөлшерлеу;

· мөлшерлемеу болып бөлінеді.

Кәсіпорын жарғылық қорын анықтағаннан кейін, дербес өндірістік қызметінің мүмкіндіктеріне қарай айналым қаражатының мөлшерін белгілейді.

Ауыспалы айналым үш кезеңнен тұрады:

· Бірінші кезеңде кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын, яғни шикізатты сатып алуға жұмсайды. Ақша қаражаты ақшалай нысаннан тауарлы нысанға, ақша қаражаты айналыстан өндіріске өтеді.

· Екінші кезеңде өндірістік қор мен жартылай фабрикаттар айналысының нәтижесінде дайын өнім пайда болады.

· Үшінші кезеңде дайын өнім сатылады, айналым қор өндірістен айналысқа көшеді және қайтадан ақшалай нысанға айналады.

Айналым қаражатында тұтынылатындар және оларды қаржыландыру көздері

Айналым қаражатында тұтынылатындарды анықтағанда негізінен үш әдіс қолданылады:

1. Талдамалы әдісбойынша өндіріс көлемінің өсуіне байланысты айналым қаражатында тұтынылатындардың орташа нақты қалдықтарының мөлшері анықталады. Бұл - әдіс айналым қаражатының жалпы сoммасында үлес салмағы жоғары кәсіпорында қолданылады.

2. Коэффициентті әдістіқолданғанда запастар мен шығындар, өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей әсер ететін (шикізат, материал, аяқталмаған өндіріс, қоймадағы дайын өнім) және оған әсер етпейтін (қосалқы бөлшектер, арзан бағалы және тез тозатын заттар, болашақтағы шығындар) болып екіге бөлінетінін ескеру қажет.

Бірінші топ бойынша айналым қаражатында тұтынылатындардың алдағы жылдағы мөлшері мен өткен жылдағы өнім шығындарының өсу қарқыны анықталады.

Екінші топ бойынша тұтынылатындар орташа нақты қалдықтар деңгейіне қарай қарастырылады.

3. Тікелей есептеу әдісікәсіпорындағы ұйымдық техникалық даму деңгейіндегі әрбір айналым қаражаты элементтерінің барлық өзгерістерін есепке ала отырып, тауарлы материалдық құндылықтарды тасымалдау және кәсіпорындар арасындағы тәжірибелі есеп айырысу жұмыстарын атқаруға қолданылады. Бұл әдіс кәсіп орында өндірлетін өнімнің болашақта еңбек сыйымдылығын неғұрлым азайтуға бағытталған. Ол кәсіп орынның жабдықтау, заң, өнім өткіз, өндірістік бөлімдерінде, сондай ақ есептеу және басқада ішкі құрылымдарында жұмыс істейтін кадрлардың аса біліктілігін талап етеді.

Айналым қаражатының мөлшері бірнеше бөліктен тұрады:

· Көлік қоры, жүк пен құжаттардың айналым уақыттары арасындағы айырмашылық (құжат айналымы есеп айырысу құжаттарын банктерге тапсыру уақыты, банктегі құжаттарды өңдеу уақыты, құжаттардың почта аралығында жүру уақыты);

· Қоймаға жүк түсіру, қабылдау және өңдеу уақыттары, нақты түскен материалдар негізінде анықталады;

· Материалға талдау жасау, хронометраж арқылы жүргізіледі;

· Материалды өндіріске дайындау уақыты;

· Қоймадағы запас, ол өндіріс процесінің үздіксіз жұмыс істеу үшін қажет;

· Кепілдіктегі (сақтандыру) запасы, ұдайы қалыпты жағдайдағы қажеттілік, ол ағымдағы запастың 50% мөлшерінде белгіленеді.

Кәсіпорынның айналым қаражатын қаржыландыру көздері:

· Тұрақты пассивтер;

· Несиелік қарыз;

· Банк және басқа да несие бере алатын субьектілер.

Тұрақты пассивтер:

Жалақы және әлеуметтік сақтандыру аударымдары, зейнетақы қоры, жұмыспен қамту қоры және т.б. ауыспалы қарыздар:

· Резерв бойынша алдағы шығындар мен төлемдерді өтеу жөніндегі ең аз қарыздар;

· Фактураланбаған жеткізілім мен акцептелген есеп айырысу құжаттары бойынша төлем мерзімі басталмаған жеткізушінің қарыздары;

· Тапсырыс берушінің өнімдерді алдын ала немесе бөліп төлейтін қарыздары;

· Салық түрлері және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке түсетін қарыздар.

Несиелік қарыз уақытша айналымда жүрген кәсіпорын иелігінде жоқ қаражаттар, олар қалыпты есеп айырысу ерекшеліктеріне байланысты дамитын және қалыпты емес, яғни тауарды сатып алушының есеп айырысу құжаттарын төлеу мерзімі бұзылуының нәтижесінде қайта жасалатын болып екіге бөлінеді.

Наши рекомендации