Антикалық философиядағы саясат табиғаты мен мемлекет мәні
Жаңа дәуірдің саяси теориялары.
Жаңа замандағы саяси ойларға келетін болсақ,оның басты ерекшелігі бұған дейінгі саяси ойшылдар сияқты “жақсы өмірді,, аңсаумен, тұлғаның сыртқы күштерге деген тәуелділігі емес керісінше, олардың зерттеу объектісіне мемлекет пен оның пайда болу мәселесі қатты қызықтырды. Жаңа заман дәуіріндегі реформалық үрдістердің нәтижесінде әлеуметтік мәдениеттің жаңаша үлгілері жасалды, олар өз заманындағы дамыған бүкіл өркениеттік құндылықтар қатарына енді. Бұл заманның ойшылдары өздерінің мемлекет, құқық, заң сияқты түсініктерін қалыптастыруда антикалық өркениеттің рухани мұраларына сүйенеді. Азаматтық концепцияны зерделей келе оныРенессанс деп қарастыруымызға негіз бар. Бұл мәдени құбылыс тұлғаны қайта қарауға мүмкіндік жасады, Саясаттағы азаматтық концепция идеясын одан әрі жалғастырушы ойшылдардың бір ағылшын ғалымы — Томас Гоббс.(1588-1679) Ол өз ой-тұжырымдарын ,,Левиафан, немесе материя,форма және мемлекет билігі,, деген ғылыми еңбегінде тұжырымдады. Жаңа заман ойшылдарының келесі бір өкілі ағылшын философы Джон Локк (1632-1704). Ол өз заманында азаматтық концепция идеясын өте нақты жеткізе білген ойшыл. Локк саяси ойлар тарихында либерализмнің негізін қалаушы. Ол алғаш рет төмендегідей ұғымдарға анықтама берген: тұлға, мемлекет, қоғам . Гоббс сияқты Локкта мемлекеттің пайда болуын қоғамның қалыпты жағдайы деп түсіндіреді. Бірақта ол Гоббс айтқандай мемлекет хаостан пайда болған жоқ, қайта ол реттелген, қалыпты жағдайда пайда болды деп түсіндіреді. Осы заманның көрнекті өкілдерінің бірі француз ағартушы ғалымы-Шарль Луи Монтескье (1689-1755). Ол саяси ойлар тарихында өзінше таңба қалдырған ғұлама-ғалым.Монтескье ,,Заң рухы,, еңбегінде екі ол екі мәселеге ерекше назар аударады. Сондай-ақ заңдардың характері оның басқау формасына тікелей байланысты екенін атап көрсетеді. Француз ағартушысы, ұсақ буржуазияның идеологы Жан Жак Руссоға келетін болсақ, ең алдымен оның азаматтық концепциясын алуға болады. Оның саяси теориясындағы негізгі мәселе –халық егемендігі. Сонымен қатар Руссо мемлекетті басқару ісінде демократияның көне түрі тікелей демократияны қолдаған. Азаматтық концепцияның жарқын идеяларының көрінісі -қазіргі европалық мемлекеттердегі саяси жүйенің негізін қалады.Мэдисоның тағыда бір саяси ғылымға қосқан үлесі – билік қатынастарындағы тежеу мен тепе-теңдік жүйесін қалыптастырды. Монтескье биліктің бөліну териясын жасағанмен, оның тежеу механизімін көрсете білген жоқ. Тежеу мен тепе-ттеңдік жүйесі АҚШ саяси жүйесінде әлі күнге дейін қызмет атқарып келеді.
Антикалық философиядағы саясат табиғаты мен мемлекет мәні.
Антикалык заман ойшылдары өздерінің мемлекет, құқық, заң сияқты түсініктерін қалыптастыруда антикалық өркениеттің рухани мұраларына сүйенеді. Антикалақ мұралар жаңа мемлекеттің үлгілерін іздестіруге негіз болды. Өйткен бұл үлгілер қайта өрлеу зманында өмір сүрген адамдарға жаңа мәселелерді шешу үшін қажет болды. Осы заман ойшылдары дүниені түсіндіруде адамның тағдыры, шыққан тегі, атағы, конфессиялық статусы арқылы алдын ала болжанбайды, ол адамның қажырлығы, белсенділігі, игілікті істері арқылы анықталуы тиіс деп түсіндірді. Азаматтылық, халық игілігіне риясыз қызмет ету тұлғаның-индивидтің ең басты мақсатына айналып, басты мәселесі ретінде қарастырылды. Бұл түсінік теңдік пен әділеттілік ұстанымдарына сүйенеді, жеке адамның бас бостандығының кепілі іспеттес болып, адамға тән табиғи бастамаларына сәйкес келді. «Мемлекет» термині негізінен екі мағынада түсіндіріледі. Ойдың кендігінде ол ел қоғам деп түсінуге болады. Ол оның толған бір территорияда орналысқан және жоғарғы билік мүшелерімен басқарылып отырған. Патриархалдық теория мемлекеті бір әкелік биліктің астына кіші жанұялярдың еркін жинауы осының негізінен оны үлкен жанұя деп қарастырады. Мемлекет мақсаты – “ортақ игілікке” жету, оны тек қана феодалдық сословие қамтамасыз ете алады.Аристотельді терең оқып зерттеген Ф.Аквинский әрине билік түрлерінің бәрімен таныс болған: аристократия, олигархия, демократия. XIV ғасырлық мұсылмандық саяси ойларда билеудің түрлері іріктеле басталады. Оған зор үлес қосқан ғұлама Ибн-Халдун (1332-1406). Ол өзінің «Мукаддима» (“Кіріспе”) еңбегінде мемлекеттің шығу тарихының табиғи заңдылықтарына, пайда болуы мен дамуына, құлдырауына, мемлекет «өркениеттілігінің» қалыптасуына талдау жасайды. . Әрбір мемлекет даму барысында мынадай 5 кезеңдерді бастан кешеді: 1. Ескі билеудің орнына жаңа билеу күші келуі.2.Ол бұрынғы қалған басшыларды жойып, жоғарғы билікті өз қолына алуы.3.Мемлекеттің өркендеуі, тәртіп пен тыныштық орнауы.4.Зорлық пен деспоттық әдістерге көшу.5.Мемлекеттің құлдырап жойылуы. Ислам реформациясының тағы бір беделді өкілі – Мұхаммад Рашид Рида (1865-1935). 1922 жылы жазылған әйгілі “Халифат” немесе “Ұлы имамат” деген трактаты мұсылман мемлекеттік теориясының ірге тасын салған еңбек деп те саналадыТеократиялық концепция мемлекеттің пайда болуын негізінен құдай орнатқан деп қарастырады. Мемлекет мынандай сипаттармен айқындалады:1) Бұқаралық билікті жүзеге асыратын адамдардың ұйымы, ол үшін нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды қалыптастырып отырады.2) Елдің барлық территориясын қамтитын жағдайда салықтарды алып отыратын ұйым. Мемлекет саяси билікті жүргізетін құрылым екендігі белгілі. Әр түрлі қоғамда мемлекеттің билігі де өзгеріп отырады, қызметінің түрлері де көбейіп отырады. Мемлекеттік құрылымның жүйесін айқындау екі түрлі жолмен белгіленеді: субординациялық-әкімшілік (командалық-бұйрықтық) және өкілділік-демократиялық (халықтың, өкілдердің қатысумен) жолмен. Мемлекеттік жүйелердің бірнеше типі бар: құлиеленуші, феодалдық, буржуазиялық, пролетарлық мемлекеттер. Олигархия — мемлекетті басқару тетігінің азғана топ адамның қолына көшуі. Охлократия - қара тобыр халықтың билігі.