Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет
Атмосфераға немесе жергілікті жерге ҚӘУЗ жайылғанын байқағаннан бастап:
· қауіпті аймақта болуы мүмкін барлық адамдарға тез арада хабарлау;
· қажет болған жағдайда ҚӘУЗ бұлтының буы қозғалып бара жатқан аймаққа тап болдырмау есебімен оларды жедел көшіружүргізіледі;
· көмекті қажет ететін зардап шеккендерді сонымен қатар құрылыс қирандыларының немесе ғимарат бөлшектерінің астында қалып қалғандарды іздеудіұйымдастыру қажет;
· қандай да бір себеппен қауіпті аймақтан шыға алмайтын барлық тұлғалар қажетті ЖҚҚкамтамасыз етілулері керек;
· ҚӘУЗ – дің одан ары төгілуін тоқтату үшін зақымданған участкелер өшіріледі,бекіткіш құрылғылар жабылады;
· зақымданған сиымдылықтың төңірегіне, егер солай істеу қажет болса, топырақ үйінділеріжасалады немесе шұңқырларқазылады;
· жағдайды болжау және ҚӘУЗ буымен зақымданған ауаның қозғалыс бағытын анықтау мақсатында үздіксіз метеорологиялық бақылау жасауғаерекше көңіл аударылады.
ҚӘУЗ зақымданған аймақта химиялық барлауұйымдастырылады. Ол объектідегі ЖҚҚ тарта отырып, химиялық барлау аспаптарымен қамтамасыз етілген, зақымданған ошақты тексеруден бастайды және оған ҚӘУЗ – дың қаншалықты бар екендігі мен олардың ауадағы концентрациясын және топырақ сынамасының сұрыпталуын анықтау кіреді.
Зақымданған ошақта химиялық барлау жүргізу кезінде, ҚӘУЗ бары әрбір ғимараттарда 20-30 м кейін, үлкен ғимараттарда 10-15 м кейін аныкқталады. ҚӘУ3 жиналуы мүмкін участкелерге (жер төле ғимараттарына, нашар желдетілетін жерлерге) ерекше көңіл аударылады. Ауаның сынамасын ҚӘУ3 анықталған жерлерден, ҚӘУЗ сынамасын сұйық түрде олардың тамған жерлерінен алады. Авария болған объекті аумағынан топырақтың сынамасы алынады.
Зін өзі тексеру сұрақтары
1. Қатты әсер ететін химиялық заттар
2. Химиялық зақымдану ошағына сипаттама
3. Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет
Дәріс №7. Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдай
Билогоиялық қару, эпидемия, жұқпалы аурулар
Жалпы сұрақтар
1. Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия.
2. Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.
3. Эпизоотия, Эпифитотия.
4. Жұқпалы аурулардан сақтандыру.
Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия. Биологиялық қару –бұл биологиялық заттарменжабдықталған, жеткізіп беретін құралы бар, арнайы оқ-дәрі мен әскери құралдар. Ол қарсыластың жаппай тірі күшін, ауылшаруашылық малдары, ауылшаруашылық дәнді дақылдарын себуді, кейбір жағдайда материалдарды бұзу үшін, қарулануға, әскери техникаға және жабдықтауға арналған.
Әскери іс - әрекетте биологиялық қаруды қолдану енгізілсе, оны биологиялық соғыс деп атауға болады.
Биологиялық қарудың талқандағыш әрекеті, олардың тіршілігіне әрекет ететін патогенді микробтардың ауру таратқыш қасиетін және уытты азық түлікті қолдануға негізделген.
Биологиялық қарудың негізгі талқандағыш іс-әрекетін, биологиялық құрал құрайды – адамдардың ағзасына, малдарға, өсімдіктерге енген жағдайда, ауыр жұқпалы ауруды (улану) тудыруға қабілетті, әскери пайдалану үшін, арнайы таңдап алынған биологиялық уәкілдер.
Патогенді микроағзаға – жұқпалы ауруды қоздырғыштар, мөлшері аз, түсі, иісі, дәмі жоқ болғандықтан, адамның сезім мүшелерімен анықталмайды.
Жұқпа ауруын қоздыратын микробтар:
Бактерия – бұл бір клеткалы микроағзалар, ол тікелей түскен күн сәулесінен, жоғары температурадан, дезинфекциялық заттардан жылдам жойылады;
Риккетсиялар – бұл бір клеткалы талшық тәріздес микроағзаға, олар тірі ұлпалардың ішінде ғана көбейеді. Олар құрғақшылыққа, үсікке төзімді.
Вирустар – қарапайым микроскопқа түспейтін өте майда микроағзалар. Тек тірі ұлпада дамиды және көбейеді.
Биологиялық заттарды қолдану тәсілі: аэрозольді, трансмиссивті, диверсиялық.
Биологиялық, (биологиялық - әлеуметті) төтенше жагдай - белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметті төтенше жағдай көзі шығуы салдарынан адамдардың өмір сүру мен қызмет жағдайы, ауылшаруашылық малдарының тіршілік етуі мен өсімдіктердің өсу жағдайы өзгеретін қалып және бұл жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді, инфекциялық аурулардың кеңінен таралып және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің шығынға ұшырау қауіпі төнеді.
Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдайдың шығу көздері - адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктердің аса қауіпті немесе кең таралған ауруларға шалдығуы, соның салдарынан белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметтік төтенше жағдайдың тууы немесе пайда болу мүмкіндігі.
Биологиялық қауіп – адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, қоршаған табиғи ортаның биологиялық төтенше жағдай көзі тудыратын немесе тудырған қауіптен қорғаныс жағдайы.
Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – құқықтық нормалардың сақталуы, санитарлы – гигиеналық және санитарлы – эпидемологиялық ережелердің, технологиялық және ұйымдастыру – техникалық талаптардың орындалуы, сондай – ақ адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің инфекциялық аурулармен зақымдалуын болдырмауға, әлсіретуге және жоюға бағытталған тиісті құқықтық, санитарлы – гигиеналық, санитарлы – эпидемологиялық, ұйымдастыру және техникалық іс – шаралардың жүргізілуі.
Аса қауіпті инфекция - уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін және адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына ауыр зардап келтіретін, не өлімге алып келетін инфекциялық ауру түрінде көрінетін адамдардың немесе жануарлар ағзасының зақымдалу жағдайы.
Инфекциялық аурудың қоздырғышы – адамның немесе жануардың ағзасында паразиттенуге эвалюциялы бейімделген және инфекциялық ауруға шалдығуды тудыруға қабілетті патогенді микро ағза.
Инфекциялық ауру қоздыргыштарының көзі — табиғи сақталу және көбею процесі жүріп және сыртқы ортаға инфекциялық аурудың қоздырғыштары бөлініп жатқан зақымдалған адамның немесе жануардың ағзасы.
Эпидемия. Эпидемия– нақты бір аймақтағы ауру – сырқаудың саны әдеттегі тіркелетін деңгейінен біршама асатын, уақыт пен кеңістікте күшейетүсетін белгілі бір аймақта адамдардың жаппай инфекциялық ауруының таралуы.Эпидемия, ТЖ ретінде, зақымдалу ошағы мен инфекциялық аурумен ауырған адамдардың белгілі бір уақыт шегінде немесе территорияда тұруы, адамдар мен ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауру қоздырғыштарымен зақымдану мүмкіндігі. Эпидемияның әлеуметтік және биологиялық факторлармен келісілген негізінде эпидемиялық процесс жатыр, яғни инфекция коздырғышының үзіліссіз берілу процесі және дамитын және өзара байланысты инфекциялық қалыптың үзілмейтін тізбегі.
Кейде аурудың таралуы пандемиясипатын алады, яғни белгілі бір табиғи немесе әлеуметтік – гигиеналық жағдайда бірнеше мемлекеттің немесе құрлықтың аумағын қамту. Салыстырмалы түрде ауруға шалдығудың жоғары деңгейі белгілі бір жерде ұзақ уақыт бойы тіркелуі мүмкін. Эпидемияның тууы мен ағымына табиғи жағдайдағы өтетін процестермен (табиғи ошақтық, эпизоотиялар және т.б.) қатар, ең басты әлеуметтік факторлар (коммуналды жабдықталу, тұрмыстық жағдай, денсауық сақтау және т.б.) әсер етеді.
Эпидемия кезіндегі аурудың сипатына байланысты инфекцияның таралу жолдары мынадай болуы мүмкін:
· сужәне асарқылы, мысалы, дизентерия және іш сүзегі кезінде;
· ауа – тамшылы (тұмау кезінде);
· трансмиссивті– безгек пен бөртпе сүзек кезіңде;
Эпидемия – адам үшін аса жойқын табиғи құбылыстардың бірі.