Азаматтық істер бойынша прокурорлық қадағалау

Прокурордың азаматтық процеске кіруінің негізгі сот өндірісінде заңдылықты қамтамасыз ету, сондай – ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерін қорғау қажеттілігі болып табылады.

“Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме – дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан ҚР-ның Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.

Аталғандарға сәйкес прокуратура мемлекет атынан республиканың аумағында заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының және өзге де нормативті құқықтық актілердің дәлме – дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Жоғары қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор заңда тәуелді құықтық актілерге, оның ішінде “Прокуратура туралы” ҚР заңы мен іс жүргізу заңдары тәртібімен белгіленген сот органдарының актілеріне наразылық келтіруге және тоқтатуға құқылы.

Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы мұны өзі заңмен көзделген немесе осы іске прокурордың қатысу қажеттілігі сот таныған жағдайларда міндетті. Жаңа дәуірдегі экономисттік, мүліктік қатынасының көбеюiнe әкеп соқты. Ілгері сондай-ақ кәсіпорындарды осы шағымды адамдардың көбейіп жатыр. Мұның барлығы сенімді қатысуын талап етеді.

Сондықтан, бұл прокурорлар төмендегідей жүргізеді:

· істі қарау барлық жағдайларда толық, жасалуын қамтамасыз ету;

· істер бойынша заң: және негізгі қаулылар, бақылау;

· соттың шығарылған актілерін өз уақытын, iстің орындалуын қадағалау.

Осы міндеттерді өтеу кезінде прокурорлар заң актілерімен кепілді азаматтардың құқық қорғауға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Азаматтық істе басқаға қараған кезде, прокурор бұл актілердің заңдылығы мақсатында:

· сот ісін қарауда, аппеляциялық іс кайта қарауға қатысады, пайда болған мәселерін отырады, басқа да заңмен көзделген іс жүргізу:

· соттың заңсыз және негізсіз қаулыларына наразылықтар келтіреді;

· үкімдерді атқаруға айналдырудың заң приставының заңсыз әрекетіне наразылық келтіреді;

· азаматтық ұйғарымдардың қайта қарауы бойынша шаралар. Азаматтық істерді бақылау өндіріс сатысына қатысуы:

Азаматтық істер бойынша бақылау өндірісіндегі сот қателерін түзетуге бағытталған болатын азаматтық істерді тексеру үшін бақылау тәртіппен Істерді осылайша талап етіп алу үшін негізі болып үшінші түлғалардың, қоғамдық үжымдар өкілдері шығару кезінде кезінде заңдардың дамуы түрар жай, олардың қолданылу өрісіндегі даулар саны да артпақ мемлекеттік орган дар мен арыздар, шағымдар саны жүргізуде прокурорлар істері анық белгіленіп, жақты және объективті ұйғарымдар шығарылуын және заң талаптарына констиституциямен және басқа бостандықтарын бойынша сот үкімдерін бақылауды жүзеге асару және бақылау тәртіппен істер бойынша қорытынды әрекеттер жасап отырады. Үйғарымдарын тексереді, сот отырысыбойынша қаулылар мен түзіледі.

Прокурордың істі қарауға ерекше ие болғандықтан, бұл сатыда талап етіп алуға құқылы. тараптардың шағымдары, арыздары, БАҚ- тағы акпараттар, сот іс-әрекетін тексеру, сондай-ак прокурордын өз бастамашылығы тұрады.

Шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданса, ол туралы ұйғарымда тиісті, дәлелді қорытынды түзіліп, прокурор қол қояды және шағымданушыға бұл жөнде хабарланады. Бұл шешімге шағымдану тәртібі мен мерзімдері түсіндірілуі қажет.

Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарына және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы.

Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады. Егер талап қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талап қояды (арызды) қараусыз қалдырады.

Демек, талап қойған прокурор, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады, сонда – ақ барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Прокурпордың басқа тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін талап қобдан бас тартуы ол тұлғаны істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. ҚР қолданыстағы заңдарына сәйкес прокурорлар соттарда азаматтық істерді қарауға қатысады, сот актілеріне наразылық келтіреді, егер олар негізсіз болса, олардың орындалуын тоқтатуға құқылы.

АІЖК 44 – бабына сай іске қатысушы тараптар: даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдейтін үшінші түлғалар; даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар; прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін - өзі басқаратын органдар, ұйымдар немесе осы процеске қатысатын жекеленген азаматтар, ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып танылады.

Азаматтық іс жүргізу заңында прокурордың азматтық іс жүргізуге қатысуының 2 нысаны көзделген:

· Талап қою, сотқа арыз;

· Басқа адамдардың бастамасы бойынша басталған процеске қатысу.

“Прокурордың талап қоюы бойынша істі қозғау. Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделеріне ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талдап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады.

Прокурор нақты субъектінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы талап қойғанда заңмен көзделген талаптар сақталуға тиіс. Осымен қатар прокурордың басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін немесе мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінудің ерекшеліктері бар:

1) Покурор мемлекеттік баж және басқа да сот шығындарын төлеуден босатылады мемлекеттік баж туралы заңның 9 бабы, АІЖК 115 – б.

2) Прокурор әрекетке қабілетті болғандықтан, оған заңды түрде сотқа шағымдану және істі жүргізу өкілеттігі берілген, АІЖК 115 – бабындағы 3 және 4 – тармақшаларының прокурорларға қатысы жоқ.

3) Мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қорғау үшін прокурордың берген арызында мемлекеттік немесе қоғамдық мүдде неден тұратыны, қандай құқықтың бұзылғаны туралы негіз, сондай – ақ заң немесе басқа да нормативтік құқықтық актіге сілтеме болу керек. Прокурор азаматтардың заңды мүдделерін қорғау үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс; арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс (АІЖК 150б. 4т)

Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас таруты ол тұлғаны істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды (АІЖК 55 бап. 5т.). Мұндай жағдайда, егер талапкер талапты қарауды талап етсе және мемлекеттік бажды төлемеуден босатылмаса, жалпы тәртіппен мемлекеттік бажды төлеуге міндетті. АІЖК 55 – бабында прокурор ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы деп белгіленген.

Іс жүргізу нормаларының осы негізділігі мынадай міндеттердің күшінде кейбір сенімсіздіктерді тудырады.

Біріншіден, Прокуратура туралы заңның 28 – бабына сәйкес прокуратура ұйымдардың қызметіне араласпайды. Прокурор ұйымдардың мүдделері үшін істерді қозғауын оның қызметіне араласу ретінде қарау керек. Ұйым дербес субъект ретінде диспозитивтік қағидаттардың іс - әрекеттерін негізге ала отырып, оның дауланған немесе бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымданулары немесе шағымданбаулары туралы мәселені өзі шешуге құқықты.

Екіншіден, ұйымның оған жасаған өтініші негізінде прокурордың істі қозағуы заңсыз болар еді, өйткені прокурор АІЖК 55 – бабындағы 3 – тармағында көзделген мән – жайға сәйкес қана азаматтардың мүдделерін қорғау үшін талап қоюға құқықты. Ұйым - әрқашанда құқықты субъектілі тұлға, сондықтан сот тәртібінде ол өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қабілетті. Үшіншіден, істің прокурордың қозғауы арқылы ұйымға өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін мүмкіндік беру қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіреді, өйткені мұндай жағдайда мемлекеттік бажбен талап арыз төленбейді.

Прокурор сот талдауы барысында туындаған және тұтасымен істің мәні бойынша жеке мәселелерге қатысты қорытынды бере алады. Прокурор істі қозғау немесе қорытынды беру үшін басталған процеске қатысу жолымен соттың бірінші сатысына қатыса алады. Процеске қатысушы тұлға ретінде, прокурор іс материалдармен танысуға, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдемелерді табыс етуге, дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға, өтініш жасауға, сондай – ақ басқа іс жүргізу әрекеттерін жасауға және АІЖК 47 – бабында көзделген міндеттерді орындауға құқылы.

Соттың бірінші сатысында іс жүргізу кезінде прокурордың өкілеттілігі көлемінің айырмашылығы оның процеске нысанына байланысты. Мұндай айырмашылық, апелляциялық және қадағалау сот сатыларына оның қатысуы кезінде прокурордың құқықтары мен міндеттернің кещені үшін сипат алады. Талап қойған прокурор, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады, сондай – ақ барлық іс – жүргізу міндеттерін мойнына алады.

Егер азаматтық істі прокурор қозғаса, онда АІЖК 213 – бабына сәйкес ол осы бойынша қорытынды беруге құқықсыз. Басталған процеске қатысушы және іс бойынша және іс бойынша қорытынды беру үшін оған қатысушы прокурор іс жүргізу құқықтарын пайдалануға және АІЖК 47 – бабына сәйкес іс жүргізу іс жүргізу міндеттерін мойнына алады.

Бас прокурор, оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздернің құзыреттері шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан заңды күшіне енбеген сот шешімдері және анықтауларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді қозғай алады (АІЖК 332 б. 3т). Прокуратура туралы заңның 30 – бабындағы 2 – тармағында заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы соттың заңсыз және негізсіз шешімдеріне наразылық келтіру олардың іске қатысқанына және қатыспағанына, және іске қатысу қандай нысанда болғанына қарамастан жоғарыда аталған прокурорлардың міндеттемелерін құрайтынын нақтылайды.

Сот қадағалау органдарының заң күшіне енген сот актілерін ҚР Бас прокурор, Бас прокурордың орынбасарлары, ҚР Бас әскери прокуроры, облыс және оларға теңестірілген прокурорлар наразылық келтіруге құқылы.

Прокурордың наразылық келтіруі сот жіберген заңның бұзылуын прокурорлық реттеудің құқықтық құралы болып табылады. Егер іс наразылық келтіру бойынша қаралса, апелляциялық және қадағалау сатыларына прокурордың қатысуы міндетті болып табылады. Апелляциялық және қадағалау сот сатысының осы бөліміндегі прокурордың құқықтары бірінші сот сатысындағы прокурордың құқықтарынан ерекшеленбеу керек. Бірінші сатыдағы сотта істі қозғаған прокурор қорытынды беруге құқығы жоқ ( АІЖК 213 б.).

Прокурор істі қарауға қатыса алмайды және қарсылық білдіреді, егер ол:

· осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;

· іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінң біреуінің туысы болса;

· істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне күмән туғызатын өзге де мән – жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдіруі тиіс.

Аталған мән – жайлар болған кезде прокурор өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол негіздер бойынша іске қатысатын адамдар қарсылық білдіретінін мәлімдеуі мүмкін. Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру істің мәні бойынша қарау басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімденуге тиіс. Істі қарау барысында өздігінен бас тарту туралы мәлімдеме жасауға өздщігінен бас тарту негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі.

Прокурордың өздігінен бас тарту туралы мәселені істі қараушы сот шешеді. Осы мәселе бойынша сот шағымдануға жатпайтын анықтама шығарады. Анықтамаға келіспеушілік туралы дәлелдер апелляциялық немесе қадағалау шағымдарына, наразылық келтіруіне енгізілуі мүмкін. (АІЖК 42 – бабы).

Прокурордың осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше прокурор ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз бола алмайды ( АІЖК 41 – бабы, 3т).

Азаматтық сот ісін жүргізуде заңды дәл және біркелкі қолдануға жоғары қадағалауды мемлекеттің атынан ҚР-ның Бас Прокуроры тікелей, сондай-ақ оның бағынысындағы прокурорлар арқылы сот талқылауына қатысу және қорытынды беру, заңды күшіне енбеген және заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын тексеру және олар заңсыз болған жағдайда оларға наразылық келтіру жолымен жүзеге асырады. Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалаудың және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік етудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың конституциялық және заңмен қорғалатын өзге де құқықтарын, бостандықтары мен мүддесін қамтамасыз ету, сот төрелігін жүзеге асыру қағидаттарын бұлжытпай сақтау, заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болғандықтан, прокуратураларда жұмыс заңдылықтың жай-күйін болжамдау, азаматтық істердің өзекті санаттары бойынша прокурорлық практикаға жүйелі талдау жүргізу мақсатында олардың нәтижелерін тақырыптық жұмыс топтарында, жедел кеңестерде және алқаларда қарай отырып, жүзеге асырылатын қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдай отырып, аймақтық-тақырыптық қағидаты бойынша ұйымдастырады.
Тақырып қағидаты бойынша жұмыс азаматтық-құқықтық даулардың өзекті санаттарын айқындау және заңдылықтың жай-күйіне, прокурорлық қадағалауға жүйелі талдау жүргізетін, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, қадағалау қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу мақсатында оның нысандарын, әдістерін арттыру жөніндегі ұсыныстарды енгізетін жауапты тұлғаларды бекіту арқылы жүзеге асырады.
Тақырып бағыттарын белгілеу кезінде заңдылықтың жай-күйін және қызмет көрсетілетін өңірлердің ерекшеліктерін, таралған азаматтық-құқықтық даулардың түрлерін негізге алу керек. Прокурорлардың мамандануы прокуратура жұмысын жоспарлағанда, талдамалар мен қорытындылауларды жүргізгенде, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері ескеріледі.

Аймақтық қағидат белгіленген өңірде заңдылықтың мониторингін жүргізу және жай-күйін талдау мақсатында сот актілерінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын прокурорларға сол өңірді бекітеді. Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуына қадағалауды жүзеге асыру кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы дауларға, сондай-ақ корпоративтік дауларға негізсіз араласуға жол берілмейді (АІЖК-нің 24-бабының 2-бөлігі)

Апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібінде азаматтық сот ісін жүргізу барысында соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік етіп, прокурор ҚР-ның Конституциясына, АІЖК-не, және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес өзінің өкілеттігін жүзеге асырады. Көлік прокурорларының ведомстволығына жататын азаматтық істерді қарауды тиісті көлік прокуратуралары орналасқан жерлердегі соттарда тағайындаған кезде оларға қатысу және кейіннен қадағалау көлік прокурорларына жүктеледі.

Көлік прокурорлары көлік прокурорларының бастамасы бойынша қозғалған азаматтық істерге; даулар бойынша, тараптардың бірі темір жол, су, әуе және құбыржол көлігінің кәсіпорындары, көлік инфрақұрылымын салуды жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын, сондай-ақ көлік инфрақұрылымына қатысты даулар бойынша қозғалған азаматтық істерге қатысуды жүзеге асырады.

Соттардың орналасқан жері бойынша аумақтық прокурорлар істердің қарауға тағайындалғаны туралы көлік прокурорларына тиісінше және уақытында хабарлауды қамтамасыз етеді. Көлік прокурорларының ведомстволығына жататын істерді соттың қаралуына тағайындалуы жөнінде көлік прокуратуралары хабарланбаған жағдайда, сондай-ақ сол соттардың орналасқан жерінде көлік прокуратуралары болмаған жағдайда, қатысу мен қадағалауды жүзеге асыру тиісті аумақтық прокурорларға жүктеледі. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарға қатысуды облыстық немесе оларға теңестірілген прокуратуралардың тиісті бөлімшелерінің қызметкерлері қамтамасыз етеді. Мамандандырылған ювеналды соттарда қатысуды қамтамасыз ету басқа прокурорлардың талап арыздарын қарау жағдайларын есептемегенде, осы соттардың орналасқан жерлері бойынша орналасқан прокурорларға жүктеледі. Мамандандырылған соттарда басқа прокурорлардың талап арыздарын қарау кезінде бірінші сатыдағы істерді қарау кезінде қатысуды облыстық немесе оларға теңестірілген прокуратуралардың тиісті бөлімшелерінің қызметкерлері қамтамасыз етеді. Әскери соттарда істерді қарау кезінде қатысу осы соттардың орналасқан жерлері бойынша орналасқан әскери прокурорларға жүктеледі.

Азаматтық істер бойынша прокурорлар мынадай істер бойынша міндетті түрде процеске қатысады:

· сот немесе жоғары тұрған прокурор оны қажет деп таныса;

· мемлекеттің мүддесіне қатысты болса;

· жұмысқа қайта алу туралы;

· жалақы өндіру туралы;

· азаматты басқа тұрғын үй-жай берместен тұрғын үйден шығару туралы;

· өмірі мен денсаулыққа келтірілген зиянды өндіру туралы.

Сонымен қатар заңда прокурордың мынадай істер бойынша қатысуы қарастырылған:

· прокурордың бастамасы бойынша қозғалған;

·ата-ана құқығынан айыру, оны қалпына келтіру, шектеу туралы, бала асырап алу туралы, бала асырап алудың күшін жою туралы (АІЖК-нің 36-1 тарауы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 76, 78, 79, 87, 103, 107-баптары);

· мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы (АІЖК-нің 281-бабы);

·нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына дау келтіру туралы (АІЖК-нің 284-бабы);

·азаматтың хабар-ошарсыз кеткендігін тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы (АІЖК-нің 299-бабы);

·азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы (АІЖК-нің 306-бабы);

· кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы (АІЖК-нің 308-2-бабы);

·шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР-ның шегінен шығарып жіберу туралы (АІЖК-нің 317-14-бабы).

Егер сот қарайтын дау көптеген азаматтардың мүддесіне қатысты болатын болса, онда олардың өмірі мен денсаулығына, ҚР-ның экономикасы мен қауіпсіздігіне ауыр зардаптар әкелуі мүмкін болса, прокурорларға қорытынды беру үшін өз бастамасымен процеске қатысу қажет.
Іс бойынша тарап болып табылмайтын және АІЖК-нің 55-бабының 2 бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді (АІЖК-нің 213-бабы).
Өзге тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген прокурор сот жарыссөздерінде сөз сөйлей отырып, жарыссөздерден кейін жалпы істің мәні бойынша прокурордың қорытындысы талап етілмейді (АІЖК-нің 211-бабының 3 бөлігі).

Қалалардың, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар прокурорлардың қатысуымен қаралған азаматтық істер бойынша бірінші сатыдағы соттар шығарған сот актілерін және оларды қарау кезінде берілген, тиісті номенклатуралық істе қалыптастырылатын прокурорлардың қорытындыларын есепке алады. Азаматтық сот ісін жүргізудің барлық сатыларында процеске қатысқан прокурорлар өз бастамасы бойынша өздерінің ұстанымдарын заң талаптарына, іс материалдарына қатаң сәйкестікте белгілейді, оны дәйекті қорғайды, заңдылық, заң және сот алдында заңды тұлғалар мен азаматтардың теңдігі, тараптардың жарыспалылығы мен құқықтық теңдігін басшылыққа ала отырып, жетекшілік ететін орынбасарға баяндайды және соңғылары іс бойынша берілетін қорытындыны бекітеді.
Прокурордың қорытындысы жазбаша түрде жасалады және онда мыналар көрсетілуге тиіс:

·істің атауы;

·тараптар;

·мәлімделген талаптардың мәні;

·талапкер мен жауапкердің сілтеме жасайтын мән-жайлары;

·тараптар ұсынған дәлелдер туралы прокурордың пікірі олардың қатыстылығы, мүмкіндігі, анықтылығы және жеткіліктілігі тұрғысынан;

· қолдануға жататын материалдық және іс жүргізу құқықтарының нормалары;

·мәлімделген талаптардың мәні және сот шығындарын бөлу бойынша прокурордың тұжырымдары.

Апелляциялық, кассациялық, қадағалау тәртібінде қайта қарауға жататын іс бойынша қорытындыда қосымша төмендегідей мәліметтер болуға тиіс:

· судья (баяндамашы, алқа құрамы), қайта қарауға жататын сот актілерінің мазмұны, соттың ұстанымы;

· қатысқан прокурорлар, қорытындылардың қысқаша мазмұны;

· шағымның (өтініштің) дәлелдемелері;

· істі зерттеу қорытындысы;

· шағымның (өтініштің) негізділігі туралы тұжырымдар.

Қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалар тарапынан заңдылықты бұзу анықталған кезде, прокурор соттың алдында жеке ұйғарым шығару туралы өтініш жасайды, қосымша тексерулерді жүргізуге және кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешуге, заңды бұзуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қабылдау мақсатында ол туралы жоғары тұрған прокурордың назарына хабарлайды.
Прокурорлар мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мүдделерін олардың өкілдерінің тиісті түрде өкілдік етпеу фактілеріне табанды түрде соңғыларын және қажет кезде - бірінші басшыларды жауапкершілікке алуға міндетті.
Қызметкерлер барлық азаматтық істер бойынша өндірісті тоқтата тұру туралы сот ұйғарымының заңдылығын тұрақты түрде тексереді, заңдылықты бұзу анықталған кезде оларды жоюға шаралар қабылдай отырып, тексеру нәтижелері және қабылданған шаралар туралы мәліметтерді басшылыққа мәлімдеп отырады. Сот қарайтын дауда прокуратура органдарының мүддесін талапкер немесе жауапкер ретінде білдіретін прокурор тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін пайдаланады (АІЖКнің 55-бабының 6-бөлігі).
Прокурорлардың талап-арыздары мен арыздары негізінде қозғалған істер бойынша соттарда прокуратураның өкілдері ретінде қатысуды істі қозғаудың бастамашысы болған бөлімшелердің қызметкерлері немесе жауапкердің өкілі ретінде іске қатысуды қамтамасыз етеді. Яғни осындай дауларды қарағанда прокурордың сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды талап етілмейді (АІЖК-нің 211-бабы 3 бөлігі).

Апелляциялық сатыдағы сотта қорытынды берген кезде прокурор істің мән-жайын, сондай-ақ сотта айтылған түсіндірмелерді, сотқа қосымша ұсынылған материалдарды ескеруге міндетті. Бұл ретте прокурор наразылықтың дәлелдемелерімен байланысты болмайды және заң талаптары мен нақты деректерді негізге алып әрекет етеді.

Бірінші сатыдағы сотта баяндалған прокуратура көзқарасының, оның негізді болмауына байланысты кейін өзгеруінің әрбір жағдайы, апелляциялық (кассациялық) сатыдағы сотқа ұсынылған жаңа дәлелдер негізінде күші жойылған істерді, сот актілерін қоспағанда, негізсіз қорытындыны немесе наразылықты дайындаған қызметкерлердің жауапкершілігі туралы мәселені қарай отырып, талқылайды.

Апелляциялық наразылық АІЖК-нің 364-бабының 1-бөлігінде көзделген соттың шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болған жағдайда ескере отырып, апелляциялық наразылық келтіру құқығы бірінші сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан прокурорға тиесілі болады. Бас Прокурор мен оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқанына қарамастан, өз құзыретінің шегінде сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.
Кассациялық наразылық келтіру үшін негіз болып табылатын бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың материалдық және іс жүргізу құқықтарының нормаларын бұзу, дұрыс қолданбау АІЖК-нің 365, 366-баптарында белгіленген.

Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық наразылық келтіру құқығы осы сатыларда істі қарауға қатысқан прокурорға тиесілі. Бас Прокурор мен оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқанына қарамастан, бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулылары мен ұйғарымдарына наразылық келтіруге құқығы бар. Апелляциялық және кассациялық наразылықтар АІЖК-нің 335, 383-5-баптарының талаптарына сәйкес болады. Апелляциялық тәртіппен қаралмаған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енбеген сот шешіміне кассациялық наразылықты бірінші сатыдағы сотқа қатысуды қамтамасыз еткен прокурор келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайда наразылық келтіру жоғары тұрған прокуратураның салалық басқармасымен келісіп қаралады.

Прокурордың бастамасымен қозғалған іс бойынша, сондай-ақ прокуратура органы немесе мекемесі жауапкер ретінде тартылған іс бойынша қадағалау тәртібінде наразылық келтіру туралы өтініш, тек Жоғарғы Сот судьяларымен қадағалау iс жүргiзуiн қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда ғана Бас прокуратураға беріледі. Әрине істерді апелляциялық тәртіпте қараған кезде, аталған істер бойынша тиісті прокурорлардың қатысуын қамтамасыз етеді. Азаматтық сот ісін жүргізуде прокурорлық қадағалаудың жай-күйін бағалау өлшемі апелляциялық (кассациялық) наразылықтардың тиімділігі, апелляциялық (кассациялық) наразылықтардың қанағаттандырылуы, азаматтық істерді қарау кезінде анықталған заңдылықты бұзушылыққа шара қолдану тиімділігі, мемлекеттің мүддесін қорғау жөнінде қабылданған шаралардың нәтижелігі, мемлекеттік бюджетке және азаматтарға прокурорлық қадағалау актілерімен келтірілген залалды өндіру болады. Апелляциялық наразылық келтіру тиімділігі қадағалау жай-күйінің бағалау өлшемі ретінде көлік және өзге де мамандандырылған (әскериден басқа) прокурорларға қолданылмайды, олардың жұмысын бағалауда наразылықтардың қанағаттандырылуы негізге алынып бағаланады.

Демек, апелляциялық (кассациялық) наразылық келтіру тиімділігі көрсетілген істер жөнінде прокурордың наразылығы бойынша бұзылған сот актілерінің ара қатынасынан апелляциялық (кассациялық) тәртіпте бұзылған міндетті санаттағы істер бойынша шешімдердің жалпы санынан есептеледі.
Осы ретте, бұрын апелляциялық наразылықсыз бірінші сатыдағы соттың шешімі бұзылған іс бойынша апелляциялық қаулы (шешім) прокурордың кассациялық наразылығымен бұзылған жағдайда Бас Прокурордың 2010 жылғы 20 наурыздағы № 31 бұйрығымен бекітілген «Сот қаулылары мен атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау бойынша прокурордың жұмысы туралы» № 2 нысандағы есепте «шағым бойынша бұзылды» деген көрсеткіш азаю жағына қарай түзетіледі.

Апелляциялық наразылықтар тиімділігін есептеген кезде АІЖК-нің 345-бабының 2-бөлігіндегі тәртіппен апелляциялық сатыдағы сотқа ұсынылған жаңа дәлелдер негізінде күші жойылған шешімдер есепке алынбайды, бұл туралы апелляциялық қаулыда, шешімде тікелей көрсетілуі тиіс, сондай-ақ талап арыздан бас тартуға, тараптардың бітімгерлік келісім жасауына байланысты болады. Апелляциялық (кассациялық) сатыдағы сот наразылық келтірген тұлғаның немесе жоғары тұрған прокурордың өтінішін қанағаттандыру туралы тиісті қаулы шығарған, сондай-ақ апелляциялық (кассациялық) қаулыда (шешімде) тараптардың апелляциялық (кассациялық) шағымы бойынша істерді қарау кезінде сот наразылықты кері қайтару туралы өтінішті қабылдағаны туралы дәлелдер болған жағдайда, наразылық кері қайтарылып алынды деп есептеледі. Азаматтық істерді қарау кезінде анықталған заңдылықты бұзушылыққа шара қолданудың тиімділігі прокурорлардың өтініштері бойынша шығарылған заңдылықты бұзуға соттардың жеке ұйғарымдарының санын соттардың жеке ұйғарымдарының жалпы санына (соттарда мемлекеттің мүддесін білікті емес өкілдік етуге байланысты прокурорлардың атына жеке ұйғарымдарды қоспағанда) ара қатынасынан есептеледі. Бұл ретте жеке ұйғарымда оның прокурордың өтініші бойынша шығарылғаны тікелей көрсетіледі. Өтініш жауапты орындаушыға келіп түскен сәттен бастап 5 күннің ішінде сұратылады, осы ретте заңды күшіне енген сот актісіне кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішті қарау мерзімі АІЖК-нің 387-бабында көрсетілген тәртіппен есептеледі.
Жоғары тұрған прокурорлар төменгі тұрған прокурорларды ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы материалдармен қамтамасыз етеді, жұмыстың оң тәжірибесіне таратады. Сонымен қатар, іскерлік және құқықтық біліктілігін арттыру бойынша оқу-әдістемелік іс-шараларын тұрақты негізде өткізеді және оларды тағлымдамадан өткізеді.

Осы ретте ақпараттық хаттарды қарау бойынша прокурорлар ұқсас азаматтық-құқықтық даулар бойынша әділетсіз сот актілерін жедел анықтауға, құзыреті шегінде сот қателіктерін түзетуге шаралар қабылдауға, бұл туралы дер кезінде жоғары тұрған прокурорға хабарлайды.

Қадағалау тәртібінде наразылық келтіру туралы өтінішті қарау қажет болған кезде іс материалдарын сұратып алу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда азаматтық іс өтініш жауапты орындаушыға келіп түскен сәттен бастап 5 күннің ішінде сұратылады. Ал егер өтініш қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда белгілі талаптарға сәйкес дәлелді қорытынды жасалады және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомстволық нормативтік актілерге қарастырылып тәртіпте бекітіледі.

АІЖК-нің 388, 391-баптарының талаптарына сәйкес келмейтін қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініште, атап айтқанда:

· мерзім өткеннен кейін берілген және оны қалпына келтіру үшін дәлелді себептері жоқ;

· өтініш жасаушы тұлға, оның тұрғылықты немесе орналасқан жері және істегі іс жүргізу жағдайы көрсетілмеген;

· сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының мазмұны, іске қатысушы тұлғалардың тұрғылықты немесе орналасқан жері көрсетілмеген;

· істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда қараған соттар және олар қабылдаған шешімдердің мазмұны көрсетілмеген;

· наразылық келтіру қажет болып тұрған сот шешімі, ұйғарымы, қаулысы көрсетілмеген;

· материалдық немесе іс жүргізу құқықтары нормаларының елеулі бұзылғандығы көрсетілмеген;

· өтінім беруші тұлға немесе оның өкілі қол қоймаған;

· өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхаттың немесе құжаттың көшірмесі қоса тіркелмеген;

· іс бойынша болған сот актілері көшірмелерінің сот куәландырған көшірмелері қоса тіркелмеген жағдайларда, ол АІЖК-нің 392-бабына сәйкес өтініш берген тұлғаға қайтарылуға жатады.

Бұл ретте өтініш берушіге өтінішті қайтаруға негіз болған кемшіліктерді жойғаннан кейін, тиісті өтінішпен Бас Прокурорға не тікелей Жоғарғы Сотқа қайтадан өтініш жасау құқығы беріледі.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Азаматтық іс жүргізу барысында прокурордың азматтық іс жүргізуге қатысуының неше нысаны қарастырылған?

2. Прокурордың қорытындысын қандай нысанда жасалады және оның жүргізілу тәртібі қандай?

3. Қадағалау тәртібінде наразылық келтіру туралы өтінішті қарау мерзімі?

Наши рекомендации