Батыс Қазақстан табиғат ресурстары

Р-ның аумағында табиғат ресурстарын зерттеу.

Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік - аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.

Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ-конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ газ конденсаты кен орны). Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар. Осы күнге дейін Батыс Қазақстаннан шығарылатын мұнай көптеген салаларға жұмсалынып отыр, өйткені мұнай өндіруден алғашқы орынға ие. Алайда көптеген есептеулер бойынша мұнайымыздың кені болашақта сарқылып кетуі мүмкін жағдайға теңеп отыр.

Орталық Қазақстанның табиғат ресурстары.

Орталық Қазақстан - республикамыздағы су жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден қашық жатуымен бірге ірі езендері де жоктың қасы. Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың бірі. Сарыарқа жері пайдалы казбалардың көмбесі десе де болады. Мұнда- көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс, мұнай жөне т.б. пайдалы қазбалар кездеседі. Орталық Қазақстанды минералды ресурстардың қазынасы десек те болады. Бұл ауданда пайдалы казбалардың алуан түрі және үлкен қоры шоғырланған. Жер койнауындағы көмірдің мол қоры Қарағанды көмір алабында орналасқан. Сонымен бірге 100% кокстелетін көмір де осында. Мыс кен орындары Балқаш маңы мен Жезказғанда, марганецтің 100%-ы Атасу жөнө Жезді кен орындарында шоғырланған. Сонымен бірге мұнда сирек металдар да кездеседі. Вольфрам мен молибденнің негізгі кен орындары Жоғары Қайрақты, Көктенкөл, Солтүстік Қатпар,Қараоба және Оңтүстік Жауырда орналасқан. Оңтүстік Торғай мұнай газ алабында мұнай мен газдың 3 кен орны анықталып, барлау жұмыстары жүргізілді. Соныменбірге кенсіз пайдалы қазбалардың қоры анықталып, әсіресе құрылыс материалдары көптеп шоғырланған. Аудан жеріндегі пайдалы қазбалардың ерекшелігі - олардың бір-біріне жақын орналасуында.

Оңтүстік Қазақстан табиғат ресурстары.

Ол Аралдан шығыстағы шекараға дейін 2000 км-ге, Балқаш көлімен, Бетпақдаладан оңтүстік шекараға дейін 700 км-ге созылып жатыр. Оңтүстік шығысында қөптеген өзендер бастау алатын Солтүстік Тянь-Шань жоталары орналаскан. Оңтүстік Қазақстан аумағы бойынша Батыс Қазақстаннан кейінгі екінші экономикалық аудан (елдің жалпы аумағының 27%-ы).

Табиғат ресурстары. Шығыс және Орталық Қазақстанмен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан минералдық қорларға аса бай емес. Дегенмен, мұнда да түсті металл кендерінің: корғасынның, іші ванадийдің, вольфрамның әдеуір мол қорлары бар. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ірі тас көмір кен орындары анықталған. Қаратау жотасында фосфориттің, Мойынқұмда (Амангелді) табиғи газдың орасан мол ресурстары барланған. Минералдық тұздар (ас тұзы), әктас (Састөбе), гипс (Тараз ) кездеседі.

Солтүстік Қазақстан табиғат ресурстары.

Солтүстік ауданның табиғат жағдайы колайлы. Жер бедері, негізінен жазық болып келеді. Солтүстік Қазақстан минералды ресурстарға бай. Сондықтан да өнеркәсіпті дамытуға мүмкіншілігі бар.

Көмір-Екібастұз, Майкүбі, Обаған алаптарында, темір кені шикізатының 83%-ы Қостанай мен Лисаков алаптарында шоғырланған. Ауданда Қазақстандағы ірі алтын кен орындарынаВасилков, Жолымбет, Бестөбе, Ақбейіт (Ақмола облысы), Майқайың (Павлодар облысы) жатады. Боксит-Амангелді мен Қызыл Октябрь кен орындарында, мыс - Бозшакөлде, асбест - Жітіқарада, ас тұзы -Коряков, Тобылжан, Қалқаман кенінде, Солтүстік Қазақстан облысындаОбухов титан кен орны зерттелініп, игеруге дайындауда. Солтүстік Қазақстанның барлық жерінде құрылыс материалдары кездеседі -тас, саз, кварц құмы, отқа төзімді саз, әктас (Керегетас). Солтүстік Қазақстан сонымен бірге жер ресурсына бай аймақтың бірі. Жалпы жер ресурсының 90%-ы ауыл шаруашылығына қолайлы жерге жатса, оның 61%-ы жайылым; 37%-ы егіншілікке пайдаланылады. Табиғат жағдайынын, қолайлылығы аумағының барлық жерінде егіншілікпен және мал шаруашылығымен шұғылдануға мүмкіншілік береді.

Шығыс Қазақстан табиғат ресурстары.

Пайдалы қазбалары. Шығыс Қазақстан жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме,темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, ниобий, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, көмір, жанғыш тақтатас, сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар.

Кенді Алтай өңірі жер беті суларына бай. Олар Ертіс өзені мен Балқаш – Алакөл алаптарына жатады және негізінен өзендерден тұрады.

Наши рекомендации